Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі КӘсіби педагогика


– клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан  кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны.  Резидентура тыңдаушысы –



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата20.06.2023
өлшемі1 Mb.
#475260
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Кәсіби педагогика

клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан 
кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны. 
Резидентура тыңдаушысыклиникалық мамандықтар бойынша 
жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің 
білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман. 
Рухани (діни) білім беру ұйымдарыдін қызметшілерін 
даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары
Стипендиябілім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне 
және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара 
жабу үшін берілетін ақша сомасы. 
Стипендиялық бағдарламаларқазақстандық жоғары және 


94 
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шетел-
діктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып 
табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін және мем-
лекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар. 
Студенттехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және 
жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымында оқитын адам. 
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақ-
ханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс – 
мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты, студенттер
магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардан жаңа орындар 
беруді қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай 
төлемдер. 
Сынып жетекшілігіпедагог жұмыскерге сыныпта білім 
алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру 
бойынша жүктелген функция. 
Танылған аккредиттеу органдарының тізілімібілім беру сала-
сындағы уәкілетті орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақ-
тастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккре-
диттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына 
кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі. 
Тәлімгерөндіріс немесе қызметтер көрсету саласы техно-
логияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға 
басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті 
жұмыскері. 
Техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар 
мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру. 
Тыңдаушыбілім беру ұйымында қосымша білімнің және 
дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып 
жатқан адам. 
Тiрек мектеп (ресурс орталығы)шағын жинақталған мектеп 
оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету 
мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық 
сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн таяу 
маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары 
оның базасында шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы. 
Университет – әртүрлі салалар бойынша Ғылыми-педагогикалық 
қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы 


95 
ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-
әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы. 
Училищемәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта
техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім 
беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны. 
Ұлттық бірыңғай тестілеужоғары және (немесе) жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу 
емтихандарының бір нысаны. 
Ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
беру ұйымы – ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымы. 
Ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі бар зерттеу уни-
верситеті. 
Философия докторы (РhD)Қазақстан Республикасында немесе 
одан тысқары жерлерде Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 
докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация 
қорғаған 
адамдарға 
берілетін, 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже. 
Халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім 
беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат 
Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институ-
ционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны. 
Шағын жинақты мектепбілім алушылар контингенті шағын, 
сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдас-
тырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп. 
Эксперименттік алаңжаңа педагогикалық технологиялар мен 
білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент 
режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымы. 
Экстернатбілім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім 
беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысан-
дарының бірі. 
Элиталық білім – дарынды адамдарға арналған маманданды-
рылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған 
жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша 
алынатын білім. 


96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет