Айқын. – 2015. №77. 29 сәуір Тәжиева Г. Мақсат – білікті маман дайындау



Дата26.02.2016
өлшемі40.5 Kb.
#26326
Айқын. – 2015. - № 77.- 29 сәуір

Тәжиева Г.



Мақсат – білікті маман дайындау
Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжінің 70 жылдығына орай студенттердің «ХХІ ғасырдағы ғылым және жаңа ұрпақ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Колледж директоры Зулфухар Гаипов конференция қонақтары мен қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде колледж мерейтойы алдында конференцияның өткізілуі маңызды шара екендігіне тоқталды. Конференцияның мақсаты – студенттердің ғылыми-техникалық әрекетін дамыту, ел экономикасы үшін білікті және сұранысқа ие мамандарды дайындау, талантты және дарынды студенттерді анықтау, сонымен қатар ғылыми - зерттеушілік жұмыс аясындағы халықаралық қызметтестікті нығайту болды.

Колледж директоры Зулфухар Гаипов конференция қонақтары мен қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде колледж мерей - тойы алдында конференцияның өткізілуі маңызды шара екендігіне тоқталды. Конференцияның мақсаты – студенттердің ғылыми-техникалық әрекетін дамыту, ел экономикасы үшін білікті және сұранысқа ие мамандарды дайындау, талантты және дарынды студенттерді анықтау, сонымен қатар ғылыми-зерттеушілік жұмыс аясындағы халықаралық қызметтестікті нығайту болды.

ҚР БҒМ ТКБ әрекетін реттеу басқармасының жетекшісі Ғалия Дәулетова және Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Бағлан Жүкенова қонақтарға құттықтау сөздерін арнады. Пленарлық мәжілісте Ресейдің Новосiбiр қаласында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жеңімпаздары Әсел Қожағұлова және Олег Вильчинскийдің баяндамалары тыңдалды. Конференция жұмысына Ресей мен Беларусьтің техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері белсене қатысты. Конференция жұмысы алты секция бойынша ұйымдастырылып, онда 67 баяндама тыңдалды.

Конференцияға әлеуметтік серіктестер, Энергетика министрлігінің, «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ, «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ, «Көліктің ғылыми-зерттеушілік институты» ЖШС, «Астана қалалықжарық » ЖШС , Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің және «Тұран-Астана» университетінің өкілдері эксперт санатында қатысып, үлкен қолдау көрсетті. Новосiбiр темір жол көлігі техникумының өкілі Наталья Титкова конференция жұмысына алғыс сөзін арнады.



Шараға қатысушылардың бәріне сертификаттар табыс етілді. Үздік баяндамалар Астана қаласы Білім басқармасы дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар сарапшылар, Білім басқармасының әдіскері конференцияның жоғары деңгейде өткенін және педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігін атап өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет