КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Электр Станциялары, Тораптары мен Жүйелері Кафедрасы
ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА ПӘНІ
ЭЛЕКТРЛІК СТАНЦИЯЛАРЫ БӨЛІМІ
ЕСЕПТЕУ-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Нұсқа-83
Мамандық: Электр энергетикасы
Орындаған: Болек М.А Тобы: Эк-12-02
Тексерген: Айкимбаева Д.Д.
_________________________ «___» ________________ 2014ж
Алматы 2014ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе...........................................................................................................................3
Есептеу-графикалық жұмыстың мақсаты және мәселелері....................................4
Станцияның құрылымдықсұлбасы............................................................................4
ЕГЖ-ның берілген мәндері........................................................................................5
Қалыпты режимде 1-ші нұсқа үшін жүктемелердің балансын құрастыру..........6
1-ші нұсқа үшін қуат баллансы кестесі.....................................................................9
Қалыпты режимде 2-ші нұсқа үшін жүктемелердің балансын құрастыру.........10
2-ші нұсқа үшін қуат баллансы................................................................................13
Қорытынды.................................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................15
Кіріспе
Электр станциясы деп – электр энергияны өндіруге арналған кәсіпорын немесе фабрика болып табылады. Электр станцияларымен қатар электр энергияны түрлендіруде және таратуда басты рольді электр тораптары мен жүйелері атқарады.
Энергожүйенің проектін жасаудағы есебі болып, энергияны аз мөлшерде жұмсап, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін электр станцияларында және электр тораптарында керек жабдықтарды технико-экономикалық жағынан тиімді таңдап алу болып табылады.
Есептеу графикалық жұмыста электр станцияның барлық құрылғыларын есептеп, таңдап алу мүмкін емес. Сол себепті бұл жұмыста проектілетін станция жұмыс істейтіндей және қажетті құрылғылары тексеріле алатын электр жүйенің параметрлері ескеріледі.
1. Есептеу-графикалық жұмыстың мақсаты және мәселелері
Жұмыстың мақсаты, студенттерге қойылған тапсырмаларды өз бетімен шешім шығаруын дамыту, теориялық білімдерін баянды ету, техникалық әдебиеттерден алынған ақпараттарды тәжірибемен ұштастыра отырып электрлік станциялардың құрылымдық сұлбаларын таңдау және жүктемелердің баллансын құрастыру.
Есептеу графикалық жұмыс, бұл типтік есеп, оған кіретін мәселелер:
генераторлардың түрін және олардың қоздыру жүйесін таңдау;
станциялардың құрылымдық сұлбаларын таңдау;
қалыпты режимде жүктемелердің баллансын құрастыру.
. Есептеу – графикалық жұмыстың мазмұны
- станцияның және отынның түрі;
- станциядағы генераторлардың қуаты мен саны;
- электрлік жүктемелер, олардың кернеуі және қуаты;
- энерго жүйе мен станцияны байланыстыратын электр беру желілерінің саны және кернеуі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |