Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі155.36 Kb.
#5475
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 7 желтоқсандағы № 1822 Қаулысы

(2004.10.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:



ҚР Үкіметінің 2004.10.11. № 1175 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қоса беріліп отырған:

Коммуналдық қызмет көрсетулерді ұсыну ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ.Тоқаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2000 жылғы 7 желтоқсандағы

1822 қаулысымен



Қаулысымен'>Бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2004.10.11. № 1175 Қаулысымен ереже алып тасталды  (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасы



Yкіметінiң

2000 жылғы 7 желтоқсандағы

1822 қаулысымен



Бекiтiлген

ҚР Үкіметінің 2004.10.11. № 1175 Қаулысымен ереже алып тасталды  (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінiң

2000 жылғы 7 желтоқсандағы

1822 қаулысымен



бекітілген

Коммуналдық қызмет көрсету ережелерi

ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 568 қаулысымен мәтін бойынша "газбен жабдықтау", "газбен жабдықтаумен", "газ", "газды", "газдың" деген сөздер алынып тасталды

1. Жалпы ереже

1. Осы ЕРЕЖЕ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жасалды және коммуналдық қызмет көрсету тәртібін, шарттары мен коммуналдық қызмет көрсету (бұдан былай - қызмет көрсету) ақысын белгiлейдi, сондай-ақ қызмет берушiлер мен тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.

2. Осы Ережелерде мынадай анықтамалар қолданылады:

коммуналдық қызмет көрсету - электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализациялау (бұдан былай - электрмен жабдықтау), сондай-ақ пәтерлерде, жеке тұрғын үйлердегi азаматтарға, сондай-ақ үй-жай маңайындағы, гараждар мұқтаждықтары үшiн жекелеген кәсiпкерлiкпен айналысатын азаматтарға тұратын жерлерi бойынша, кондоминиум объектiлерiне қоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсету;

қызмет көрсетудi берушi - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен (бұдан былай энергиямен жабдықтайтын ұйым) айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету мен лифт бойынша қызмет көрсету, абоненттерi мен кондоминиум объектiлерiне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу болып табылады.

тұтынушы - коммуналдық қызметтi пайдаланатын азамат,

қызмет көрсетудi беру режимi - көрсетiлетiн қызметтiң әрбiр тұрпаты үшiн белгiленген мiндеттi нормалар жүйесi;

энергиямен жабдықтау - тұтынушыларға электр энергиясын, жылу энергиясын, су (бұдан былай - энергия) жеткiзу және сату;

энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр энергиясын, жылу энергиясын, суды тұтынушыларға жеткiзудi (өз бетімен немесе энергияны берушi ұйыммен жасалған шарт бойынша) және сатуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;

энергия берушi ұйым - энергия берудi және (немесе) бөлудi жүзеге асыратын ұйым;

энергия - электр және жылу энергиясы, электр рыногында тауар болып табылатын су.

3. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау және қоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсетумен байланысты осы Ережелерде жазылмаған мәселелер Электр энергиясын пайдалану ережелермен және қолданылып жүрген заңдармен реттеледi.



ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 568 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтердің көрсетiлуімен байланысты мәселелер жекелеген нормативтiк құқықтық кесімдермен реттеледi.



2. Қызмет көрсетудi ұсыну тәртібі және шарттары

4. Қызмет көрсетудi беру Қызмет көрсетудi беруші мен Тұтынушы арасындағы жеке шарттың (бұдан былай - Шарт) негiзiнде жүргізiледi.

Тұтынушылар ПМК басқармасына немесе жеке немесе заңды тұлғаға шарт жасасу жөнiндегі өз құқықтарын заңдарда белгiленген тәртiппен табыстауға құқылы.

Шарт осы Ережеге қайшы келмеуi, ал оның мәтiнi аумақтық монополияға қарсы органдармен келісілуi тиiс.

Шарт айқын емес мерзiмге жасалған деп есептеледi (егер тараптардың келісімiмен басқаша көзделмесе) және осы Ережелердiң 35 және 38-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 568 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді

5. Қызмет көрсетудi беру тұтынушылық сипаты мен режимi нормативтiк-техникалық құжаттармен белгiленген талаптарға:

1) жылумен жабдықтау бойынша - тұрғын бөлмелердегi жылыту маусымы бойы тәулiктiк ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға;

2) электрмен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк қолданылып жүрген стандарттар жөніндегі электр энергиясының параметрлерiне;

3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша жыл бойы тәулiктiк берiлетiн судың құрамы, қасиетi мен ысытылу температурасы жөнiнде гигиеналық талаптарға, сондай-ақ тарату нүктесіндегі судың есептелген шығынына;

4) канализация бойынша - жыл бойы ағынды судың толық ағып кетуiн қамтамасыз етуге;



5) газбен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк берiлетiн газдың қысымына және жылу техникалық сипаттарына арналған нормативтiк-техникалық құжаттар арқылы белгiленетiн параметрлерге;

6) лифтiмен қызмет көрсету бойынша - жыл бойы тәуліктiк немесе шарттың негізiнде лифтінi қауiпсiз пайдалануға;

7) қоқыс шығару жөнiнде - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретiндей қоқыстың толықтай шығарылуына сәйкес келуi тиiс.

6. Коммуналдық мақсаттағы негiзгi қорлардың қуатын, құрамын, төзiмдiлiгiн, климаттық және басқа да жергiлiктi жағдайлары ескерiле отырып қызмет көрсетулердi беру режимi мен тұтынудың кепiлдi деңгейi Шартпен белгiленедi.

7. Қызмет көрсетудi ұсыну режимiнен мүмкiн деген ауытқулар мiндеттi тәртiппен шартта көзделуi тиiс.

3. Тараптардың жауапкершiлiгi

8. Жалпы үйлiк энергия желiлерiнiң, сондай-ақ есепке алу құралдарын техникалық жағдайда ұстау және қауiпсiздiгін қамтамасыз ету энергиямен жабдықтаушы ұйымның мiндетi болып табылады және ПМК-мен немесе Тұтынушының өкiлеттi тұлғасымен жасалған жекелеген шарт негізiнде жүзеге асырылады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйым қызмет көрсетудi өз алдына жеке және (немесе) энергия берушi немесе осындай қызмет түрiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргiзе алады. Мамандандырылған ұйымдарды тарту тендерлiк негiзде жүргiзiледi.

Пәтерлердегi, жекелеген үйлердегi, үй-жайлардағы, гараждардағы және сол сияқты жерлердегi труба құбырларының, энергия өткiзгіштердiң, энергия жабдықтарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшiн, сондай-ақ энергияны пайдалану кезіндегі техника қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк тұтынушыға жүктеледi.

9. Есепке алу құралдарын қондыру мiндеттемелерi энергия берушi ұйымға жүктеледi.

Есепке алу құралдарын қондыруды қаржыландыру энергия берушi ұйымның жеке немесе қарызға алған қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Тұтынушы энергия берушi ұйымның сатып алынған және қондырылған есепке алу құралы үшiн кеткен шығынын энергиямен жабдықтауға жасалған шарт бойынша энергияға белгiленген тариф арқылы толтырады.

10. Тұтынушы жеке есепке алу құралдарын өз бетiмен сатып алуға және орнатуға құқылы. Мұндай тұтынушылар үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың шығындарын тариф арқылы өтеу шартқа сәйкес есептеу құралдарын орнату үшiн ғана жүргізіледі.

11. Есепке алу құралдары баспалдақтағы торларға, үйлердiң дәлiздерi мен жекеленген пәтерлерге орнатылады.

Есепке алу құралдарына өту еркін болуы тиiс.

12. Тұтынушы өзiнiң пәтерiнде немесе жеке үйiнде орнатылған есепке алу құралының сақталуына және бүтiндiгiне жауап бередi. Баспалдақтағы торларға тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) есепке алу құралдарын орнату кезіндегі олардың сақталуы мен бүтiндiгi үшiн қарамағына сол үй кiретiн ПМК жауапкершiлiк арқалайды.

13. Тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) баспалдақ торларында орнатылған есепке алу құралдарын белгiсiз бiреулер ұрлап немесе сындырып кеткен жағдайда тұтынушы немесе сол үй кiретін ПМК бiр ай мерзiм iшiнде, егер де тараптардың келісімiнде басқаша көзделмесе, қалпына келтiруi тиiс. Есепке алу құралы қалпына келтiрiлгенге дейiн тұтынушы (пәтер иесi) оны энергия желісіне қосуды талап етуге құқылы. Мұндай уақытша қосу үшiн ақы алынбайды.

14. Тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы желiлердiң тиiстi түрi үшiн былайша айқындалады:

1) жылу - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;

2) ыстық сумен жабдықтау - ыстық сумен жабдықтау жүйесiнiң соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;

3) суық сумен жабдықтау - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;

4) канализациялау - тұтынушы қосылатын жердегi құдық көшедегi канализациялық желi шекарасы болып табылады, ал ауладағы канализация шекарасы - ғимараттан желiге қосылатын құдық;

5) электр энергиясы - ғимаратқа кiретiн сым ұшында.

15. Мiндеттемелер орындалмаса немесе орындалуы ойдағыдай болмай шықса, шарт бойынша қызмет берушi мен тұтынушы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 9-бабының 4-тармағына сәйкес келтiрiлген нақты зиянның орнын толтыруы тиiс.

16. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушының алдында энергия жеткiзушi параметрлерiнiң және форс-мажорлық жағдайлардан (стихиялық құбылыстар, әскери iс-қимылдар және т.с.с.) туындайтын энергияның жетiспеушiлiгi үшiн тұтынушы алдында материалдық жауапкершiлiк алмайды.



4. Көрсетiлген қызмет ақысын төлеу тәртібі

17. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттеуге жататын қызмет көрсету ақысын төлеу белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.

18. Тұтынушы төлемдi есептiк айдан 25 жұлдызынан кешiктiрмей немесе Тұтынушы мен Қызмет көрсетушi арасындағы келісім бойынша Шартта ескерiлген мерзiмде жасауы тиiс.

19. Төлем мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда Тұтынушы шартпен белгiленген айыппұлды төлейдi.

20. Егер Тұтынушы пайдаланылған энергияға төлем жасамағаны үшiн белгiленген тәртiппен ағытылған болса, онда оны қайта қосу борыш өтелгеннен жүргiзiледi. Бiрнеше рет ағыту кезiнде оны қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшiн төлем жасағаннан кейiн жүргiзiледi, қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша тарифi белгiленген тәртiппен аумақтық монополияға қарсы органдармен келісіледi.

21. Жұмсалған энергия үшiн есеп айырысу есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшi негiзiнде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жазып берген есеп бойынша жүргiзiледi.

22. Есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшiн алу мен энергия үшiн есептеулердi жазуды пәтерлерге бару кезiнде қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге мiндеттi энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкiлдерi жүргiзедi.

Есеп Тұтынушыға, ал ол болмай қалған жағдайда онымен бiр пәтерде тұратын тұтынушы отбасының кәмелеттiк жасқа толған мүшесiне тапсырылады.

Екi есептiк кезең iшiнде Тұтынушының кiнәсiнен пәтердегi немесе жеке үйдегi есептеу құралдарының көрсеткiштерiн алу мүмкiн болмаған кезде, Тұтынушының өзi энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзiнiң жұмсаған энергиясының саны туралы мәлiмет бермесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым белгiленген тәртiппен оның берiлуiн тоқтатуға құқылы.

23. Тараптардың келiсуi бойынша есептеу құралдарынан көрсеткiштi алу мен төлем құжаттарын толтыру кезiнде Тұтынушыға өзiне өзi қызмет көрсетуiне жол берiледi. Бұл кезде төлем құжатын жазуды және төлеудi Тұтынушының өзi жүргiзедi. Төлем құжаттарын жазу және төлеу кезiнде Тұтынушының жiберген қателерi талаптардың ескiру мерзiмi шегiнде олардың анықталу шамасына қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымда есепке алынады.

24. Абоненттiң кiнәсi бойынша болмаған есептiң уақытша бұзылуы кезiнде электр энергиясы үшiн есеп айырысу егер шартта электр энергиясының аз саны көрсетiлмесе, алдыңғы есептiк кезеңнiң орта тәулiктiк шығысы бойынша жүргiзiледi.

Электр энергиясының орта тәулiктiк есептiк кезеңi бiр айдан, бұл кезде есеп айырысу есебi толық көлемде қалпына келтiрiлуi керек, аспауы тиiс.

Егер есеп айырысу есебiн көрсетiлген мерзiмде қалпына келтiру мүмкiн болмаса, абонентке босатылған электр энергиясына есеп айырысу және есепке алу тәртібін қалпына келтiру тәртібі абоненттiң және энергиямен жабдықтаушы ұйымның келісімiмен белгiленуi тиiс.

25. Тұтынушының есептеу аспабының сызбасына өзгерiс енгiзгенi, оның бүлiнгенi, пломбасының жұлынуы, дискiнiң жасанды тоқтатылуы және басқа бұзылушылықтар ашылған кезде немесе егер Тұтынушы энергияны қымқыру мақсатында жасырын сым өткiзгенiн немесе есептеу құралының көрсеткiшiн бұрмалайтын тетiк орнатқанын энергиямен жабдықтаушы органның өкiлдерi бұрынғы баруларында табуға мүмкiн болмаған жағдайда Тұтынушыға энергиямен жабдықтаушы ұйым белгiленген тәртiппен соңғы тексеру өткiзiлген сәттен бастап, алайда энергияны пайдаланғаны үшiн талаптың ескiру мерзiмiнен аспайтын қайта есептеудi жүргiзедi.

Қайта есептеу:

1) жарықтандырғыш ток қабылдағыштардың қуаты және олардың пайдалану сағаттарының саны бойынша;

2) Тұтынушыда штепсельдi розеткалар болған жағдайда (олардың санына қарамастан) - бiр розетканың 600 Вт қуаттың тәулiгiне 24 сағат пайдалануы есебiнен, ал 600 Вт қуаттан артық жылыту құралдары немесе басқа электр жабдықтары табылған жағдайда - Тұтынушының пайдалануындағы жабдықтың оның нақты қуатының тәулiгiне 24 сағат пайдалануы есебiнен жүргiзiледi.

26. Өтінiш берiлген және растайтын құжатты (емдеу мекемесiнен, жұмыс орнынан анықтама, санаторий жолдамасының түбiршегi, уақытша тұрған жерi бойынша тiркеулi туралы анықтама, қонақ үйде тұрғаны үшiн төлемi туралы түбiршек, және т.б.) ұсынған кезде пәтерде тұратын адамдардың (бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң) уақытша кетуi, есептеу құралдары жоқ жағдайда бiр адамға есептелiнген қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеу олардың болмаған уақытына жүргізiлмейдi.

Төлемдi қайта есептеуге әкелiп соққан барлық өзгерістер Тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйымға өтiнiш берген сәтiнен бастап жүзеге асырылады.

27. Есептеу құралдары уақытша болмаған жағдайда бiр адамға есептелiнетiн қызмет көрсетулер үшiн төлемдер тұрушылардың нақты саны бойынша алынады.

28. Кондоминиум (МПК) объектілерiн басқаратын органдар жалпы үйлерін мұқтаждарына жұмсалатын энергия үшiн белгіленген тәртiппен бекітілген тариф бойынша, пайдалану жауапкершiлiгі шекарасында орнатылған есептеу құралдары бойынша есеп айырысады.

29. Есептеу құралдарын тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiнiң бөлiну шекарасынан тыс жерде орнатылуы кезiнде, бөлiну шекарасынан бастап есептеу құралдарын орнату орындарына дейiн желi учаскесiндегі шығындар көрсетiлген желi учаскесi баланста тұрған иесiне шарт негiзiнде жатқызылады.

30. Лифтiнi пайдаланғаны үшiн төлем 1-шi және 2-шi қабаттағы тұрғындардан басқаларының бәрiнен алынады.

31. Жылумен қамтамасыз еткенi үшiн төлем Қызмет көрсетушi Тұтынушымен келiсуi бойынша жыл iшiнде бiрқалыпты не осы қызмет түрiн ұсыну кезеңiнде жүргiзiледi және Шартпен анықталады.

32. Қызмет көрсетушi мен Тұтынушы арасындағы төленбеген қарыздарға байланысты барлық даулы мәселелер сотта шешiледi.

5. Тұтынушының құқығы мен мiндеттерi

33. Тұтынушының:

1) оның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн белгiленген сапада қызмет көрсетудi алуға;

2) қызмет көрсетулерге бағаларды (тарифтердi) бекіту тәртібі туралы осы көрсеткiштердi бақылауды жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттік органдардан ақпараттар алуға;

3) егер Қызмет көрсетушi белгiленген тәртiппен есеп ұсынбаса, алған қызметi үшiн төлем жасамауға;

4) қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірiлген шығындар мен зияндарды толық өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды толық өтеудi Қызмет көрсетушiден талап етуге;

5) шартпен бекітілген артық үзiлiстер уақыты үшiн қызмет көрсетуге төлем жасамауға;

6) энергиямен жабдықтаушы ұйымға талап қоюға және белгiленген нормалар мен стандарттарға (нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына) сәйкес келмеген уақыттар кезеңіндегі (Шартта белгiленгеннен артық) қызмет көрсетулерге төлемеуге;

7) дер уақытында төлем жүргiзген жағдайда оған қажеттi мөлшерде энергияны пайдалануға;

8) бiржақты тәртiппен шартты бұзуға, бұл туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымды хабардар еткен және пайдаланған энергияға толық өтемақы төлеген жағдайда құқығы бар.

34. Тұтынушы:

1) Қызмет керсетушiмен жеке шарт жасасуға;

2) қызметтердi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;

3) аварияларды жою, есептеу және бақылау құралдарын қарау үшін электр, жылу, сумен жабдықтау, канализация қондырғыларымен жұмыс істеуге құқығы бар қызмет көрсетушілердің немесе арнайы кәсіпорындардың өкілдеріне мүмкіндікті қамтамасыз етуге;

4) белгіленген мерзімде ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергияға дер кезінде ақы төлеуге;

5) пәтерден, жеке үйден кету кезінде пайдаланылған қызметтер үшін кететін күнге дейін есеп айырысуға міндетті.

35. Тұтынушыға:

1) Қызмет көрсетушінің келісімінсіз пәтер ішіндегі желілерді, инженерлік жабдықтау мен құрылғыларды қайта жарақтандыруға;

2) Қызмет көрсетушінің келісімінсіз қуаты үйішілік желі мүмкіндіктерінен асып түсетін тұрмыстық электр құралдары мен машиналарды, үш фазалық ток қабылдағыштарды, жылу құралдарының қосымша секцияларын орнатуға, қосуға және пайдалануға, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздігінің талаптарына және санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай келмейтін тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды қосуға және пайдалануға;

3) энергия есебін жүргізудің қолда бар сызбасын бұзуға;

4) жылу жүйелерінде жылу тасымалдағыштарды тікелей мақсаттан тыс пайдалануға (жүйеден және жылыту құралдарынан су ағызу) тыйым салынады.

6. Қызмет көрсетушінің құқықтары мен міндеттері

36. Қызмет көрсетушінің:

1) ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергия үшін дер кезінде және толық көлемде төлем алуға;

2) энергияның жұмсалуы мен төленуіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;

3) біржақты тәртіппен Шартпен белгіленген мерзімдерде ескерту жасаған жағдайда, пайдаланылған энергияға Тұтынушының төлем жасамауына байланысты Шартты тоқтата тұруға;

4) Тұтынушы қызмет көрсетуге алдын ала төлем жасаған жағдайда, белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифтен жеңілдіктер жасауға құқығы бар.

37. Қызмет көрсетуші:

1) Тұтынушыға қызметтердің тарифі, төлем жағдайлары, қызмет көрсетуді берудің режимі, олардың тұтынушылық ерекшеліктері, сертификаттарының (сертификаттауға жататын қызметтерге қатысты) бар-жоғы туралы ақпарат беріп отыруға;

2) Тұтынушымен қызметтер көрсетуді беруге арналған жеке шарт жасасуға;

3) Тұтынушыға нормативтік-техникалық құжаттардың міндетті талаптарына сапасы бойынша тиісті энергия мен қызметтер ұсынуға;

4) жеткізілген энергияның сапасы мен санынан есеп жүргізу және бақылау жасауға, Шартта белгіленген мерзімдерінде Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер сапасының бұзылуының алдын алу және жою бойынша дер кезінде шаралар қабылдауға;

5) Тұтынушы қызмет көрсетудің сапасының төмендегені туралы арыз берген күннен бастап үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру және қайта есептеуді орындау жөніндегі барлық шараларды қабылдауға;

6) Тұтынушыға қызмет көрсетудің сапасы мен оларға төлем мөлшерінің өзгергені туралы 10 күннен кешіктірмей хабарлауға;

7) Тұтынушыға ай сайын көрсетілген қызмет пен энергия үшін есепті ұсынуға міндетті.

38. Қызмет көрсетушіге:

1) басқа тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себептері бойынша қызмет көрсетулерді алуда Тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартуға немесе шектеуге;

2) шарттағыдан жоғарылатылған параметрмен босатылған энергияға Тұтынушыдан қосымша ақы алуға;

3) ай сайынғы қызмет көрсету есебін берместен, Тұтынушыдан төлем талап етуіне тыйым салынады;

4) 23-тармаққа сәйкес өзіне-өзі қызмет көрсетуге көшірілген Тұтынушы электрмен жабдықтаушы ұйымның өкілі есептеу құралының көрсеткішін алдына-ала түсіруінсіз ақы төлемегені үшін ағытып тастауына тыйым салынады.

7. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі

39. Қызмет көрсетулерді берудің тоқтатылған уақыты, сондай-ақ олардың сапасының нормативтік-техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес келмеуі Қызмет көрсетушінің диспетчерлік қызмет журналында қажетті (тиісті) сапамен қызмет көрсетуді қалпына келтіру уақыты (күні, сағаты) кейін белгіленуі тиіс.

40. Қызмет көрсетілмеген, қызмет көрсету тиісті сапада немесе толық көлемде болмаған жағдайда Тұтынушы бұл туралы Қызмет көрсетушіге Тұтынушының өзі (арызбен) немесе телефонограммамен міндетті түрде оның берілу уақытын, күнін және берген және оны қабылдаған адамның тегін көрсету арқылы хабардар етуі тиіс. Телефонограммада: қызмет көрсетудің нашарлауының (болмауының) басталу уақыты, нашарлау сипаты және Қызмет көрсетуші өкілінің болу қажеттігі (егер қызмет көрсетудің нашарлауы немесе оның тоқтатылуы Қызмет көрсетушінің журналында тіркелмесе) көрсетіледі.

Тұтынушының өзі келген жағдайда өтініш көшірмесі болуы тиіс, онда оның келіп түскендігі тіркеу сәтінде тіркеу нөмірі, өтініштің берілген күні және уақыты, оны қабылдаған Қызмет көрсетуші өкілінің қолы қойылады. Қызмет көрсетуші журналдағы қызмет көрсету сапасының өтініште (телефонограммада) көрсетілген нормадан ауытқу (үзілісі) белгілерін салыстырады және келіспеушілік болмаған жағдайда оның нақты тұтылуына сәйкес қызмет көрсетудің құнына қайта есептеуді орындайды.

41. Қызмет көрсетуші қызмет көрсетпегені немесе төмен сапалы қызмет көрсеткені туралы фактіні растаудан бас тартқан жағдайда Тұтынушы:

1) қызмет көрсетуден бас тартуының (ағытып тастау) немесе оның сапасыз жеткізілуінің басталу уақыты;

2) қызмет көрсету сапасының нашарлау сипаты;

3) өтініштің берілу уақыты мен тіркеу нөмірі (Қызмет көрсетушінің журналы бойынша);

4) қызмет көрсетудің қалпына келтірілген (оның сапасының қалыпқа келуі) уақыты;

5) қызмет көрсетудің (сапасы нашарлауының) болмау кезеңін көрсете отырып жазбаша өтініш жазуға құқылы.

Актіге Тұтынушы, қызмет көрсетуші ұйымның меншік пәтер (үйлер) кооперативінің уәкілетті мүшесі не тәуелсіз екі куәлер қол қояды және Қызмет көрсетушіге жіберіледі. Тараптардың келісімі бойынша дау реттелмеген жағдайда Тұтынушы 10-күндік мерзім ішінде сотқа талап арыз түсіреді.

42. Қызмет көрсетулер кезінде Тұтынушының жіберген бұзушылықтары Қызмет көрсетуші мен Тұтынушы уәкілдерінің екі жақты актісімен екі данада ресімделіп, оның біреуі Тұтынушыға тапсырылады.

Акті Тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да, бірақ оны Қызмет көрсетушінің комиссиясы немесе құрамында кем дегенде үш адамы бар кондоминиум объектілерін басқару органдары ресімдеген жағдайда, күші бар деп есептелінеді.

43. Акті негізінде Қызмет көрсетуші есептелінбеген энергияның санын анықтайды және Тұтынушыға қосымша төлем сомасы негізімен сотқа дейінгі талапты жібереді.



Тараптардың келісімі бойынша даулардың реттелмеуі жағдайында Қызмет көрсетуші 10 күндік мерзім ішінде сотқа Тұтынушыдан берілген соманы мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алу туралы талап арыз береді және белгіленген тәртіппен шарттың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.

8. Осы Ережелердің орындалуын бақылау құқығы

44. Осы Ережелердің орындалуын бақылауды мемлекеттік басқару және қадағалау орындары өз құзыреттерінің шегінде жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет