ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі
Менеджмент кафедрасы
ЭССЕ
Тақырыбы:Мен білетін Менеджер
Оқытушы:Жумагазиева А.Г
Студент:Балабек Ж.Ә
Мамандығы:Менеджмент
Алматы, 2023 ж.
Мен білетін менеджерді жазбастан бұрын жалпы Менеджер ұғымы қандай мағынаны білдіреді және ол қандай қызмет көрсетеді сол жайлы айтатын болсақ Менеджер (ағылшынша manager – басқарушы) жалдамалы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман дегенді білдіреді.
Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді.
Менеджер жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі керек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар мен өнімді сатып алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді анықтап отырады. Мен өзімнің жасаған жұмысымда америкалық менеджер десекте болады ол Билл Гейтс.
Билл Гейтс кім ол қандай салада жұмыс істеді қандай оқу орнын бітірді өзі жайлы айта кететін болсам Билл Гейтс — Forbes журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. Долларға дейін жеткен. АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрынғы президенті, негізгі акционері. 2008 жыл маусым айына дейін оның басқарушысы болған, ал одан бері директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы лауазымында.Ол осындай үлкен жетістікке табандылықтың жауапкершіліктің арқасында жетті. Ең басты айта кететін маңызды дүние ол осындай жетістік жалғыз өзі жеткен жоқ я ол бала кезінен өте зерек болды түрлі нәрселерді ойлап тапты үздік оқушы болды. Дегенменде осыншалықты әлемдегі екінші бай адам болу үшін жалғыз өзінің күші жеткен жоқ сол себептіде ол мықты команда құра алды. Мықты команданың арқасында осындай жетістікке жете алды. Билл Гейтстің бойында жалпы адамдардың басын біріктіре алу ұйымдастыра алу қасиеттері өте мықты болған ол өз командасын өзінің ұлы мақсаттарына жұмыс істете алған мықты Менеджер десекте болады. Жалпы Билл Гейтс секілді білікті менеджер болу үшін көбірек үйренуге деген құштарлық болуы тиіс. Ақпараттардың айдынында еркін жүзіп, келешекке болжам жасауыңыз керек. Тұтынушының ойына сәйкес адам бола білуіңіз керек. Кез келген қиындықта жол таба алатын, тез шешім қабылдайтын қасиет артық етпейді.Ал, кез келген қиындықтан шығар жол таппай, күйзеліске ұшырайтын әрі айқай-шусыз іс бітірмейтін менеджер қол астындағы қызметкерлерді де, басшылықты да мезі етеді. Өзіне деген сенімділік. Өзінің әр әрекетіне жауап беру көп адамның қолынан келе бермейді. Ал, менеджер сол қасиетті бойына сіңіруі тиіс.Білікті менеджер өз жұмысына қатысты бар ақпараттан хабардар, өз ойын дұрыс жеткізе алатын, дұрыс сұрақ қойып, орынды жауап қататын адам. Осы жоғарыда айтылған барлық қасиеттер Билл Гейтсттің бойында болғанының арқасын үлкен жетістіктерге жете білді. Мықты менеджер болам деген жастарға Билл Гейсттен үйреніңіздер дер едім және де мен жоғарыда жазып кеткен дүниелерді өз бойына сіңіре алса Білікті Менеджер болуға болады. Соңында айтарым Билл Гейтс секілді Білікті Менеджерлер көбейсе Қазақстанымыз дамып өркендеп, әлемдегі дамыған елдер қатарына қосыларымыз анық.
Пайдаланылған әдебиеттер
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/naty-ylymdar/47951/
https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%BB%D0%BB_%D0%93%D 0%B5%D0%B9%D1%82%D1%81
Достарыңызбен бөлісу: |