Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім



бет1/7
Дата04.05.2023
өлшемі207.5 Kb.
#473189
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
ГЕОГРАФИЯ ЕМН ОГН каз 150


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу № _____________


«____»__________2020 жыл
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


ГЕОГРАФИЯ
(жаратылыстану-математикалық бағыт/ қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
негізгі орта білім базасында

Нұр-Сұлтан 2020


Бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағытындағы
жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінде
қаралды және ұсынылды
Хаттама № 2 « 03 » шілде 20 20 жыл
Бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды
Хаттама № 1 « 15 » шілде 20 20 жыл

Мазмұны





Атауы




Беті


1


Түсіндірме жазба





4


2


Пәннің тақырыптық жоспары





5


3


Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері





6


4


Әдебиеттер мен оқу құралдарының тізімі



20




1.Түсіндірме жазба
Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
Мақсаты: білім алушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
1) білім алушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет пен тілді дамыту;
2) геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдардың түсінуін дамыту;
3) білім алушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;
4) білім алушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін ісәрекеттер арқылы зерттеп-тану барысында құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
География пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік бағдарламасына жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «География» пәнінің мазмұны енгізілген.
Жаратылыстану-математика бағытына арналған география пәнінің үлгілік бағдарламасында 7 бөлім қарастырылған. Олар: «Географиялық зерттеу әдістері», «Картография және геоинформатика», «Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану», «Адамзаттың ғаламдық проблемалары».
География пәнінің жұмыс бағдарламасының жалпы сағат көлемі - 150 сағатты құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:

  • оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу процесін бақылау түрлерін таңдауға;

  • оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);

  • оқу бағдарламасын оқуда оның ретін негіздеп өзгертуге.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет