Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет40/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
МК-Лекция

4. Алгоритмнің негізгі құрылымдары
Кез-келген алгоритмді мынадай үш базалық алгоритмдік структуралар арқылы құруға болады: сызықты, тармақталушы және қайталану (циклдік).
1. Сызықтық алгоритмдер деп – бір сериялы жай командалардан құралған алгоритмдерді атайды.
2. Тармақталушы алгоритмдерде алдымен қандайда бір шарт тексеріледі және шарттың орындалуына немесе орындалмауына сәйкес есептеу процесінің бірі орындалады.
3. Циклдік алгоритмдерде параметрдің әр жаңа мәні үшін есептеу процесінің кейбір қадамдар тізбегі қайталанады. Алгоритмдерде циклдік структуралардың цикл-дейін және цикл-әзір деп аталатын екі түрі қолданылады.
Цикл - дейін – қандай бір болмасын есептеулерді қойылған шарт тексерілгенге дейін орындалатын кездерде қолданылады. Аталған циклдің
ерекшелігі шарт тексерілгенге дейін цикл денесінің ең болмағанда бір рет орындалатындығы және көрсетілген шарт сақталудан қалғанша қанша рет керек болса, сонша рет орындалады. Соңғы келтірілген цикл-әзірдің ерекшелігі: егер шарт басынан бастап орындалмайтын болса, онда серия бірде- бір рет орындалмайды. Циклдің шарты серияны орындар алдында тексеріледі.
Қолданылған әдебиеттер
[4], [7], [25], [34], [33].


Бақылау сұрақтары:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмнің қызметші сөздерін атаңыз.
3. Алгоритм командасы дегеніміз не?
4. Алгоритмнің формальды атқарылуы дегенді қалай түсінесіз?
5. Блок схема дегеніміз не?
6. Алгоритм командаларының блок схемасын графиктік түрде бейнелеңіз және мысал келтіріңіз.
7. Трансляторлар дегеніміз не, қандай түрлері бар?


Глоссарий
Алгоритм – берілген есепті шешуге арналған, қатаң анықталған әрекеттер тізбегі немесе есепті шешу әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет