Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



Дата12.07.2016
өлшемі315.01 Kb.
#195685

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

қарағанды мемлекеттік медицина академиясы









Темірқұлов Олжас Жанғабыл ұлы

Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар


Оқу-әдістемелік құрал
















Қарағанды 2007

УДК 329

ББК 66.6 Я7

т 33


Оқу-әдістемелік құрал-тақырыбы “Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар.”

Медициналық жоғары оқу орындары, барлық мамандықтарының 1 және 2 курс студенттеріне арналған.


Оқу-әдістемелік құрал-саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар. Құрастырған-Темірқұлов О.Ж. Қарағанды мемлекеттік медицина академисы, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы.

Пікір берушілер:

Султанов А.К.- ҚММА әлеуметтік медицина курсынын менгерушісі. м.ғ.к., доцент.

Нұрмаханова Н.Ж.- ҚММА Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

Мырзабекова А.Ш. – «Болашақ» маңызды білім беретін институтының “Қазақстан тарихы және жалпы білім пәндер” кафедрасының менгерушісі, ф.ғ.к., доцент.



ҚММА Әдістемелік Кеңесінде мақұлданды және талданды.

«___03_»____05_____________200 ж. Хаттама №__9____

ҚММА Ғылыми Кеңесінде басылымға бекітілген және ұсынылған

«__31__»___мая______________200 7ж. Хаттама №___11___

Алғы сөз
Берілген оқу-әдістемелік құралы саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың пайда болу тарихын қамтиды. Саяси партиялар мемлекеттің негізгі саяси институттары болып табылады. Қазақстан жас мемлекетболғандықтан саяси жүйенің дамуы мен пайда болу процессі біздің көз алдымыздан өтті.

Оқу құралында төрт сұрақ қарастырылады. Бірінші бөлімінде оқу құралы саясипартиялардың калыптасуы мен даму тарихын қарастырады.

Ал екінші сұрақ партиялардың жіктелу мәселесіне арналған.

Үшінші сұрақ тікелей Қазақстандағы саяси партияларға арналған.

Оқу құралы семинар сабақтары мен студенттердің өзіндік жұмысын жүргізуде қолдануға ұсынылады. Ұсынып отырған оқу кұралы қазіргі қоғамдағысаяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстарды жете түсініп, ұғынуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар қазіргі Қазақстандағы саяси жүйені жүйелі жүргізуде үлкен роль атқарады.

Оқу құралының мақсаты студенттерге тақырып бойынша кең түрде мағлұматтар беру. Осы мағлұматтар студенттерге тақырып бойынша семинарлық сабаққа дайындалуға және олардың көзқарастарың калыптастыруына, олардың ой-өрісін дамытуына көмектесу. Сонымен бірге болашақ дәрігерлердің қогамымызда болып жатқан әлеуметтік өзгерістер, құбылыстарды, процестерді сараптай білуге де өзінің үлесін қосары сөзсіз.



1.Тақырыбы: Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар

2. Оқу сағат саны: 90 минут


3. Тақырып өзектілігі: Саяси плюрализм. Көппартиялық-саяси жүйесінің қалыпты қызмет етуіне қажетті жағдай. Саяси ұйымдар және партиялар: әлеуметтік негізі және құрамы, саяси бағыты, идеологиялық бағдары, ұйымдастыру негізі. Қазіргі партиялардың негізгі түрлері: консервативті, либералды, фашистік, социал-демократиялық, социалистік. Қазіргі әлемдегі, соның ішінде ТМД-дағы саяси партиялардың әртүрлілігі. Қазақстанның социалистік партиясы, «Алаш», «Отан», «Азамат», «Желтоқсан» және басқалар.
4.Сабақтың мақсаты: Қазақстанның партиялық жүйесі мен саяси партияларының қалыптасуын көрсету. Қазіргі Қазақстанның көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін шығару. Қазақстанның негізгі саяси партиялары және оларді сипаттау. Қазақстандағы саяси партиялар қалыптасуының тарихи перспективалары

Студент білуге тиіс:

  • Саяси партиялар және партиялық жүйелерді.

  • Саяси партиялардың мәнін,оның негізгі функцияларын.

  • Саяси партиялардың генезисі мен түрлерін.

  • Партиялық жүйелердің ұғымы мен түрлерін.

  • Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуын.

Студент істей алуға тиіс:

  • Көппартиялықтың қалыптасу тарихына сараптама жасай алуға тиіс.

  • Қазақстанның партиялық жүйелері туралы өздерінін ой-пікірлерін жеткізе алуға тиіс.

  • Саяси партиялардың генезисіне талдау жасай алуға тиіс.

  • Тақырыпқа сай әдебиеттерімен өзбетінше жұмыс істей алуға тиіс



5.Сабаққа дайындалу сұрақтары:

А) Негізгі білім бойынша

  1. Қазақстанның партиялық жүйесі мен саяси партияларының қалыптасуы.

  2. Қазіргі Қазақстанның көппартиялық жүйесі ерекшеліктері.

  3. Қазақстанның негізгі саяси партиялары және оларға сипаттама.

  4. Қазақстандағы саяси партиялардың қалыптасуының тарихи перспективалары



Б) Осы сабақ тақырыбы бойынша.

  1. Саяси жүйедегі партияның орны, оның түрлері мен қызметтері.

  2. Қоғамдық ұйымдар және қозғалыстар, әлеуметтік талаптар мен тілектерді білдіруші және қоғамдық қатынастардың формасы ретінде

  3. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың түрлері мен қызметтері.
  4. Қазақстандағы партиялық жүйе


6.Ақпаратты – дидактикалық блок.

(2-ші қосымшаны пайдаланыңыз)

7. Сабақтың жоспары:

1. қосымша: Бастапқы білім деңгейін бағалау тест сұрақтары:


1. Бұқаралық саяси партиялар қашан қалыптасты:

A) антикалық қоғамда

B) қайта өрлеу дәуірінде

C) ерте буржуазиялық революция кезеңінде

D) 19 ғ екінші жартысында

E) 20 ғ басында


2. Бұқаралық партиялардың пайда болуына ықпал еткен негізгі фактор:

А) білім деңгейінің көтерілуі

В) әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы

С) әлемдегі ұлт-азаттық көтерілістердің өрістеуі

Д) жалпылық сайлау құқығының енгізілуі

Е) таптар арасындағы антогонизм


3. Саяси партиялардың басты мақсаты:

А) мемлекеттік билікке ықпал ету

В) мемлекеттік билікке қол жеткізу

С) қоғамдағы әртекті мүдделерді сәйкестендіру

Д) бұқараны саяси тәрбиелеу және болашақ элитаны қалыптастыру

Е) белгілі бір таптың мүддесін қорғау


4. Саяси партияларды ішкі құрылымына қарай кадрлық және бұқаралық деп бөлген:

А) Дж. Сартори

В) Ч. Мериам

С) М. Дюверже

Д) М. Вебер

Е) Г. Моска


5. Саяси режим, яғни билік толығымен қоғамның бай бөлігіне тиесілі:

A) Плутократия

B) Геронтократия

C) Полиархия

D) Харизма

E) Олигархия

6. Қоғамдағы саяси қатынастар қандай курста оқытылады:

A) саяси психология

B) саяси философия

C) саяси социология

D) саяси тарих

E) саяси экономика


7. Партиялардың билікті жүзеге асыруына қарай бөлінуі

А) заңды және заңсыз

В) заңды және оппозициялық

С) билеуші және заңсыз

D)билеуші және оппозициялық

Е)оңшыл және солшыл


8. Саяси партиялар не үшін қажет?

A) билікті бекіту үшін

B) билікке ықпал ету үшін

C) билікке ие болу үшін

D) билікпен бірігу үшін

E) барлық варианттар дұрыс


9. Саяси партияларды ішкі құрылымына қарай кадрлық және бұқаралық деп бөлген

А) Дж. Сартори


В) Ч. Мериам

С) М. Дюверже

Д) М. Вебер

Е) Г. Моска


10. Партиялардың билікті жүзеге асыруына қарай бөлінуі:

А) заңды және заңсыз

В) заңды және оппозициялық

С) билеуші және заңсыз

D)билеуші және оппозициялық

Е)оңшыл және солшыл


11 Қоғамдық саяси ұйым

A) Конгресс

B) Коалиция

C) Меморандум

D) Ассамблея

E) Ассоциация


12. Саяси партиялар туралы” ҚР екінші Заңы қай жылы қабылданды:

A) 2002 ж

B) 2004 ж

C) 2000 ж

D) 2005 ж

E) 1996 ж


13. Алғашқы жаппай саяси партия қайда пайда болды:

A) Англия

B) Германия

C) Италия

D) Франция

E) Россия


14. ҚР “Саяси партия жөніндегі” заңында, партияның басты қаржыландыру көзі болып саналады.

A) мүшелік жарна

B) коммерциялық қызмет

C) баспа сөз қызметі

D) спонсорлық

E) шетел мемлекеттерінің көмегі


15. Қандай партиялық жүйе бәсекелестікке қабілетсіз.

A) Екі партияның болуы

B) “екі жарым” партияның болуы

C) гегемондық партия

D) доминанттық партия

E) Атоминизаровалық



2.Қосымша : Ақпаратты – дидактикалық блок:

Тақырыбы: Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар


1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері

Саяси жүйеге мемлекетпен катар саяси партиялар да кіреді. «Партия» деген сөз латын тілінен шыкқан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.

Тарихқа белгілі алғашкы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді үйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, иеленушілердін әр түрлі ағымдарының мүдделерін корғады. Мүңдай партиялар феодалдык қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса, экономикалық бытыраңкылық пен рухапи езгінің астында еді. Сондыктан олардың саяси партиялар құруга мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.

Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIXғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің үйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау күқығының еңгізілуі бұкара халыктың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.

Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жок. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялык үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.

Саяси клубтардың аристократиялык үйірмелерден айырмашылығы — олар ең алдымен буржуазияның мүдлесің білдірді (Ал аристократиялык үйірмелер жер иелерінің мақсатын корғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жумысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.

Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі – олар жүмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен катар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылык, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.

Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырган партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.

Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 ж. Англияда либералдық партия кұрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы козғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жүмысшы партиясы болып 1863 ж. Жалпы Гермапияның Жұмысшы Одағы (Ф.Лассальдың басшылығымен) кұрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жакын көпшілік партиялар пайда болды. Мүндай партиялар баска континенттерде де құрыла бастады.

Американың бслгілі саясаттанушысы Дж.Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия — адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттын біріктіретін үйым; 3) партияның мақсаты – билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалтциялық жолмен жасалады); 4) әр партия өзіне халыктың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Оның белгілі бір идеояогиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық кұрылысы мен практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағ-дарламалары мен жарғыларында айқындалады.

Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттігінен шығады.

Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:

а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;

б) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

в) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

г) саяси жүйелерді, оның жалпы принииптерін, элементтерін, құрылымдарын калыптастыруға қатысу.

д) мемлекетге билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;

е) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

ж) қоғамдык пікірді қалыптастыру;

и) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;

к) мемлекеттің, кәсіподақтардың, коғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну.

Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті — азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметгік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамңың саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлык өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.

Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, одан ұзақ уакыт колдау тапса, сол топ партиянын әлеумет негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сезінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық-демократиялық партияларды орта жіктегі кызметкерлер, интеллигенция, ұсақ кәсіпкерлер және тағы басқалар. Колдайтын Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бір бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек, солардың мүддесін де көздейді.

Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолга немесе билікті жүргізуге қатынасуға багытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар кұруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.



2. Саяси партиялардын жіктелуі

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, ииституциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыкка алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса, таптык белгілеріне айрықша мән береді.

Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М.Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды). Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10%-інен кемі ғана болатын мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында каралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халык партиясы, Англия консерваторлар партиясы, Германия Федеративті Республикасының Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, мұндайларға Америка Құрама Штаттардың республикалық және демократиялық партиялары, Англня лейбористер партиясы т. т. жатады.

60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан баска әмбебап партиялар (универсалдық немесе сайлаушылар партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі — партияның мүше санын емес сайлаушылар санын көбейтуге тырысуында. Онда әлеуметтік, этникалық, діни өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка елдерінде тез етек алуда.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады:

1. Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы.

2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.т. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, Америка Құрама Штатындағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат «Мен демократиялық партияның мүшесімін» дейді.

3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.

4. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына карай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға «Жасылдар» партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды қорғау партиялары, соғысқа, ядролык қаруға қарсы қозғалыстар жатады.

Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.



  1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар К. Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз , тапсыз қоғам құрға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауды керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы Қенестік Социалистік Республикалар Одағы. Батыста мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.

  2. Социал-демократиялық (немесе социалистік , лейбористік) партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Оған жататындар: Австрияның, Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және тағы басқалар.

Қазіргі кезде адамзатты айнала қоршаған орта күннен –күнге нашарлап, азып-тозып бара жатқаны баршаға аян. Сондықтан Еуропада социал-демократтардың әлеуметтік және экологиялық жағынан жаңарған индустриялық мәдениеттілік орнатпақ ойлары бар.

  1. Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Олар ХIX ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынандай принциптерді басшылыққа алады; қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес журуі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партия (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозициялық жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және тағы басқалар.

  2. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, азаматтық және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның Христиандық - әлеуметтік одағы мен Христиандық – демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы.

  3. Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң орталықтандырылуды, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және тағы басқаларда жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.



3. Қазіргі Қазақстанның көппартиялық жүйесінің ерекшеліктері.

ХХ ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің қадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А.Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық агралық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А.Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.

Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 ж, шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.

1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда теңдік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мелекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.

1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпықазақтың съезді шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А.Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскердің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.

«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда «Үш жүз» деген партия құрылды. Оның басышысы К.Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.

1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.

Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жалғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрыңғы Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып «орталықтың» отаршыл саясаты мен әкімшілік-әміршіл жүйесіне ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды. 1987 жылы шілдеде Кенес Одағының Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің қазақ халқын ұлтшыл деп кінәлаған қаулысы жағдайды одан әр асқындарып жіберді. Қазақтың ұлттық санасын дамыту кекректігін дәлелдеп, алға тарқан бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген «Желтоқсан» қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990ж. мамырда) соның негізінде осы аттас партия құрылды.

Қазіргі кездегі негізгі мәселе – республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме, әлде ақырын, бірте-бірте ме немесе тағы басқа ма?

Сонымен қатар республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдармаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды.

Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол – көптеген партиялардың мүше саны аз, олар саяси процеске шын мәнінде араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Олар халыққа онша таныс емес, көбіне формальды түрде есептеледі. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық туралы айту әлі ерте сияқты.

Қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңыды көрсеткіші болып саналады.



4. Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда, саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.

Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1)жеке адам өз ойын көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтастады; 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жаңа Өзендегі (1989ж.) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол уақытта «Пара-сат» деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» партиялары солай туған болатын.

Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар консер-вативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлінеді. Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты.

Саяси қозғалыстар бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы.

Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір топтың мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік саясатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.


  1. Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірестіктер, шығармашылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қорғаныс және тағы басқалар) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне қарай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.

2. Экономикалық мүддесіне қарай құрылған үйымдар.

3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).

4. Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни).

Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні – кәсіподақтар. Кәсіподақ – бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет қәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIIIғ басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған елдерде пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі – «Халық майдандары». Олар жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктерге жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатал айқындалған ұйымның түрі мен мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Халық майдандарының мынадай түрлері болады:

1. Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаттық алу барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін әлеуметтік топтардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының өзгерту барысында басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.

2. Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, оған 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық майдандарын жатқызуға болады.

3. Соғысқа, фашизмге қарсы демократияны қорғау үшін интернационалдық негізінде қалыптасқан халық майдандары. Олар осы ғасырдың 30 жылдарында капиталистік елдерде пайда болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарады. Мысалы, Франция халық майдандары 1936 жылдың көктемінде парламент сайлауында және оған сүйенген үкімет бұл елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936-1939 жылдары оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмылдырды. Жалпы, екінші дүниежүзілік соғыс жалдарында фашизм мен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдандары асқан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айына Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүкілшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді.

Бейресми бірлестіктер жастардың, студенттердің арасында да кең орын алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс-әрекеті мен тұрақтылығы ,оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан.

3. қосымша : Қорытынды білім деңгейін бағалау тест сұрақтары:

1. Бұқаралық партиялардың пайда болуына ықпал еткен негізгі фактор

А) білім деңгейінің көтерілуі

В) әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы

С) әлемдегі ұлт-азаттық көтерілістердің өрістеуі

Д) жалпылық сайлау құқығының енгізілуі


2. Саяси партиялардың басты мақсаты

А) мемлекеттік билікке ықпал ету

В) мемлекеттік билікке қол жеткізу

С) қоғамдағы әртекті мүдделерді сәйкестендіру

Д) бұқараны саяси тәрбиелеу және болашақ элитаны қалыптастыру

Е) белгілі бір таптың мүддесін қорғау


3. Саяси партияларды ішкі құрылымына қарай кадрлық және бұқаралық деп бөлген

А) Дж. Сартори

В) Ч. Мериам

С) М. Дюверже

Д) М. Вебер

Е) Г. Моска


4. Саяси партия – бұл

А) билікке ықпал ететін, бірақ оны қолға алуға ұмтылмайтын ұйымдасқан топтар

В) әлеуметтік қауымдастықтардың, қабаттардың мүддесін қорғау үшін биліктің атқарушы және заң шығарушы органдары аясында құрылатын қысым топтарының бір түрі

С) топтардың, партиялардың, индивидтердің саяси билік арқылы бәріне ортақ мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған қызметі

D) бір идеология аясында біріккен, билікті қолға алуға және бекітуге ұмтылатын адамдардың ерікті одағы

Е) маңызды шешімдер қабылдайтын, ерекше әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайымен ерекшеленетін адамдар тобы


5. Саяси партиялар туралы” ҚР екінші Заңы қай жылы қабылданды:

A) 2002 ж

B) 2004 ж

C) 2000 ж

D) 2005 ж

E) 1996 ж


6. Алғашқы жаппай саяси партия қайда пайда болды:

A) Англия

B) Германия

C) Италия

D) Франция

E) Россия


7. ҚР “Саяси партия жөніндегі” заңында, партияның басты қаржыландыру көзі болып саналады.

A) мүшелік жарна

B) коммерциялық қызмет

C) баспа сөз қызметі

D) спонсорлық

E) шетел мемлекеттерінің көмегі


8. Қандай партиялық жүйе бәсекелестікке қабілетсіз.

A) Екі партияның болуы

B) “екі жарым” партияның болуы

C) гегемондық партия

D) доминанттық партия

E) Атоминизаровалық


9. Партия “қағып ол – барлығын” терминін енгізген:

A) Д. Сартори

B) Д. Ла Паломбара

C) Дюверже

D) Л. Сани Стебан

E) Ч. Мерлам


10. Саяси партияларды жіктелген:

A) Моска


B) Алманд

C) Локк


D) Сартори

E) Аристотель


11. Партия “қағып ол – барлығын” терминін енгізген:

A) Д. Сартори

B) Д. Ла Паломбара

C) Дюверже

D) Л. Сани Стебан

E) Ч. Мерлам


12. Саяси партияларды жіктеген:

A) Моска


B) Алманд

C) Локк


D) Сартори

E) Аристотель


13. Бұқаралық саяси партиялар қашан қалыптасты:

A) антикалық қоғамда

B) қайта өрлеу дәуірінде

C) ерте буржуазиялық ревалюция кезеңінде

D) 19 ғ екінші жартысында

E) 20 ғ басында


14. Бұқаралық партиялардың пайда болуына ықпал еткен негізгі фактор

А) білім деңгейінің көтерілуі


В) әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы

С) әлемдегі ұлт-азаттық көтерілістердің өрістеуі

Д) жалпылық сайлау құқығының енгізілуі

Е) таптар арасындағы антогонизм


15. Саяси партиялардың басты мақсаты

А) мемлекеттік билікке ықпал ету

В) мемлекеттік билікке қол жеткізу

С) қоғамдағы әртекті мүдделерді сәйкестендіру

Д) бұқараны саяси тәрбиелеу және болашақ элитаны қалыптастыру

Е) белгілі бір таптың мүддесін қорғау


Бастапқы білім деңгейін бағалау тест сұрақтары сұрақтарының жауаптары:

1.D 6.C 11. A

2.D 7.D 12. A.

3.B 8.C 13. A

4.C 9.С 14. A

5.A 10.D 15. E
Қорытынды білім деңгейін бағалау тест сұрақтарының жауаптары:

1.D 6.A 11. B

2.B 7.A 12. D

3.C 8.C 13. D

4.D 9.B 14. D

5.A 10.D 15. B


8.Ұсынылатын әдебиет:

А) Негізгі:
1. Антонович И.И. Общественные движения и проблемы власти // Социально-политические науки.-1991.-№4., с33
2. Бабакумаров Е.Ж. Казахстан: политическое измерение социальной стратификации общества. / Институт развития Казахстана.-Алматы, 1994, с46
3. Бабакумаров Е.Ж. Динамика партийной системы в Казахстане в 1985-1994 годах.-Алматы, 1994., с.26
4. Балгимбаев А. С. Проблемы формирования партийной системы в РК // Демократическая модернизация Казахстана: стратегия развития в XXI веке: Доклады и выступления "Республиканских политических чтений" Алматы: Казак университеты, 1999., с.56
5. Вятр Е. Социология политических отношений. М.,1994., с.320
6. Дьяченко С.А. Политические партии "власть в условиях трансформ-ции казахстанского общества // Государства и политические партии ис-тория и современность: Материалы республиканской научно-практиче-ской конференции. Алматы 27 апреля 1998 г. ПНЕК, КИСИ. 1998 . с.72.
7 . Конституция РК (с изменениями и дополнениями, внесеный законом РК от 7 октября 1998 г).
8. Саясаттану. Оқу құралы – Алматы, 1996., с.75
9. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері – Алматы, Жеті жарғы, 2000., с.89

Б) Қосымша

1. Назарбаев Н.А. На пороге XXI Века. -Алматы: Онер 1996., с. 35

2. Политические партии современной России. М., 1993, с.99

3. Партии и власть // В кн.: Философия власти. Под ред. В.В. Ильина, -М.,1993., с.56

4. Перуашев А.Т. Институциализация политической партии: опыт ГПК. – Алматы, 2002., с. 122

5. Программные документы политических партий Казахстана (краткий справочник) Алматы, 1994., с.36

6. Сатпаев Д.А. Лоббизм: тайные рычаги власти. – Алматы, 2000., с.100

7. Шварценберг Р.Ж. Политическая социология. -М.,1992., с.131

ҚММА-баспахасында басып шығарылды

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі -40






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет