Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі «медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ» жшс



бет4/4
Дата14.07.2016
өлшемі13.62 Mb.
#197938
1   2   3   4

СЫНАМА СҰРАҚТАРЫ
1. Дені сау әйелде босану кезіндегі физиологиялық болжамды қан кетудің мөлшері:

А). дене салмағының 0,5%

В). дене салмағының 0,3%

С). 500мл-ден аспайды

D). 300мл-ден аспайды

Е). 400мл-ден аспайды


2. Ауқымды қан кету көлемі қандай:

А). 1000мл-ден аспайды

В). дене салмағының 0,5%

С). 1000мл және одан артық

D). дене салмағының 1,5%

Е). 1500мл-ден аспайды


3. Жүктілік кезіндегі айналымдағы қан көлемі нешеге тең:

А). дене салмағының 7%

В). дене салмағының 0,5%

С). 1000мл және одан артық

D). 1000мл-ден аспайды

Е). 1500мл-ден аспайды


4. Акушерлік тәжірибеде, қанша мөлшерде қан жоғалтқанда ауқымды қан кету болып саналады:

А). 1500-1800мл

В). 500-1000мл

С). 1000-1200мл

D). дене салмағының 0,6%

Е). дене салмағының 0,3%


5. Шок – жалпы ұғымы:

А). қан қысымының күрт төмендеуі

В. жүктілік кезіндегі бейімделу реакциясының бұзылуы

С). жүректің минуттық соғу көлемінің күрт төмендеуі

Д). АҚК және тамыр саңылауы көлемінің сәйкес келмеуі

Е) жоғарыда аталғандардың бәрі


6. Шок кезіндегі бейімделу әсерінің қайсысы декомпенсация болып табылады:

А). стресс гормондарының бөлінуі

В). аутогемодилюция

С). анаэробты гликолиз

D). биоактивті заттар бөлінуі

Е). тамырлар кеңеюі мен өткізгіштігінің бұзылуы


7. Қан кетуде болатын нейроэндокринді өзгерістер:

А). симпато-адреналды жүйе белсенуі

В). анаэробты гликолизге ауысу

С). жүректің соғу жиілігінің жоғарылауы

D). шеткі тамырлар кедергісінің жоғарылауы

Е). аутогемодилюция


8. Қан кетуде ацидоз не себепті дамиды:

А). шеткі тамыр кедергісінің жоғарылауы

В). ферментті жеткіліксіздік

С). метаболизмнің анаэробты гликолизге ауысуы

D). өкпе вентиляциясының бұзылуы

Е). жедел бүйрек жеткіліксіздігі есебінен


9. Акушерлік қан кетулердің ерекшеліктеріне жатпайды:

А). әдетте ауқымды болады

В). коагулопатиялық болып табылады

С). гиповолемия аясында дамиды

D). ДВС-синдром жиі дамиды

Е). клиникасы жасырын


10. Шоктық индекс (Альговер индексі) деген не:

А). САҚ/ PS

В). PS/САҚ

С). орт.пульстық қысым/ PS

D). PS/ДАҚ

Е). САҚ-ДАҚ/3


11. І дәрежелі геморрагиялық шок:

А). Нв-90г/л, Эритр 3,2-3,0х1012/л ШИ 0,9-1,2 Нt-32%

В). Нв-80г/л, Эритр 3,0-2,5х1012/л ШИ 1,3-1,5 Нt-23%

С). Нв<50г/л, Эритр 2,5-2,0х1012/л ШИ 1,5-2 Нt-23%

D). Нв<50г/л, Эритр 1,5х1012/л ШИ >2 Нt-15%

Е). Нв-120г/л, Эритр 4,0-3,5х1012/л ШИ 0,5 Нt-36%


12. ІІ дәрежелі геморрагиялық шок:

А). Нв-90г/л, Эритр 3,2-3,0х1012/л ШИ 0,9-1,2 Нt-32%

В). Нв<50г/л, Эритр 2,5-2,0х1012/л ШИ 1,5-2 Нt-23%

С). Нв-80г/л, Эритр 3,0-2,5х1012/л ШИ 1,3-1,5 Нt-23%

D). Нв<50г/л, Эритр 1,5х1012/л ШИ >2 Нt-15%

Е). Нв-120г/л, Эритр 4,0-3,5х1012/л ШИ 0,5 Нt-36%


13. ІІІ дәрежелі геморрагиялық шок:

А). Нв<50г/л, Эритр 2,5-2,0х1012/л ШИ 1,5-2 Нt-23%

В). Нв-90г/л, Эритр 3,2-3,0х1012/л ШИ 0,9-1,2 Нt-32%

С). Нв-80г/л, Эритр 3,0-2,5х1012/л ШИ 1,3-1,5 Нt-23%

D). Нв<50г/л, Эритр 1,5х1012/л ШИ >2 Нt-15%

Е). Нв-120г/л, Эритр 4,0-3,5х1012/л ШИ 0,5 Нt-36%


14. ІV дәрежелі геморрагиялық шок:

А). Нв-90г/л, Эритр 3,2-3,0х1012/л ШИ 0,9-1,2 Нt-32%

В). Нв-80г/л, Эритр 3,0-2,5х1012/л ШИ 1,3-1,5 Нt-23%

С). Нв<50г/л, Эритр 2,5-2,0х1012/л ШИ 1,5-2 Нt-23%

D). Нв<50г/л, Эритр 1,5х1012/л ШИ >2 Нt-15%

Е). Нв-120г/л, Эритр 4,0-3,5х1012/л ШИ 0,5 Нt-36%


15. Қан кету диагностикасының клиникалық әдістеріне жатпайтыны:

А). АҚ және PS

В). «ақ дақ» симптомы

С). ОВҚ


D). сағат сайынғы диурез

Е). қандағы тромбоциттер саны


16. Қалыпты жағдайда жүктілік кезіндегі Ht деңгейі:

А). 33-38%

В). 36-40%

С). 40-45%

D). 32-44%

Е). 20-30%


17. Босанудан кейінгі кезеңдегі қан кетулерге жатпайтыны:

А). плацентаның бітісіп өсуі

В). плацентаның ажырау патологиясы

С). жатыр атониясы

D). босану жолдарының жарақаттары

Е). ҚОПМБС


18. Өздігінен болған түсік кезінде инфузиялық емге көрсеткішті ата:

А). Нв>80г/л

В). қан қысымы 90/60мм с.б.

С). Ht 36-40%

D). үлкен мерзімдегі түсік

Е). ауруханадан тыс болған түсік


19. Өздігінен болған түсіктің мүмкін емес себебі:

А). гормональді жеткіліксіздік

В). инфекциялық-қабынулық фактор

С). созылмалы анемия

D). иммунологиялық қайшылық

Е). хромосомды патология


20. Қазіргі көзқарастарға сәйкес өздігінен болған түсіктің қай кезеңінде ем көрсетілмейді:

А). қауіп төнген түсік

В). басталған түсік

С). үдемелі түсік

D). толық өздігінен болған түсік

Е). жартылай өздігінен болған түсік


21. Үдемелі түсік критерийлеріне жатпайды:

А). жыныс жолдарынан қанды бөліністер

В). жатыр көлемі етеккір кідіру мерзіміне сай келеді

С). жатыр мойнының буылтықтанып кеңеюі

D). іштің төменгі бөлімінің ауырсынуы

Е). етеккірдің кідіруі


22. Үдемелі эктопиялық жүктіліктің диагностикалық әдістеріне жатпайды:

А). қандағы АХГ

В). УДЗ

С). бимануальді зерттеу



D). жатыр қосалқыларының бір жақты ұлғаюы

Е). Папаниколау бойынша жұғынды алу


23. ҚОПМБС клиникалық көрінісі болып саналмайды:

А). жатырдың ауырсынуы

В). АҚ төмендеуі PS жиілеуі

С). жыныс жолдарынан ауырсынусыз қан кету

D). ұрықтың әлсіз немесе белсенді қозғалуы

Е). ұрықтың жүрек қағысының жиілеуі немесе сиреуі


24. ҚОПМБС кезіндегі емі:

А). ананың жағдайын қолдай отырып, шұғыл түрдегі кесар тілігі

В). ұрықтың жағдайына қарай консервативті немесе оперативті ем

С). қан кету шамалы болып, жүктілік мерзімі 36аптаға толмаса, консервативті ем

D). қан кету шамалы болып, жүктілік мерзімі 36-37аптадан асса, оперативті тактика

Е). ұрық жағдайы қанағат болып, жүктілік 36 аптаға толмаса, консервативті ем


25. Плацентаның алда жатуының клиникалық көрінісі болып саналмайды:

А). АҚ төмендеуі PS жиілеуі

В). жатырдың ауырсынуы

С). ұрықтың әлсіз немесе белсенді қозғалуы

D). ұрықтың жүрек қағысының жиілеуі немесе сиреуі

Е). жыныс жолдарынан ауырсынусыз қан кету


26. Плацентаның алда жатуы кезіндегі қан кету жүктіліктің қай мерзімінде аса жиі байқалады:

А). 30аптаға дейін

В). 36аптаға дейін

С). 33-34апта

D). 28аптадан бастап

Е). 37-38апта


27. Қазіргі кезде босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу тактикасына жатпайтыны:

А). утеротониялық препараттарды ерте енгізу

В). кіндік бауын ерте қысу

С). кіндік бауы арқылы тарту

D). жатыр денесін қасаға үстінен ұстау

Е). плацента бөлінуін 30мин күту


28. Босанғаннан кейінгі қан кету кезіндегі консервативті емге кірмейтіні:

А). жатыр қуысын қолмен тексеру

В). утеротониктер тамыр ішілік енгізу

С). жатырға бимануальді ішкі-сыртқы массаж жасау

D). жатыр ампутациясы

Е). жатыр мойнына қысқыштар салу


29. Акушерлік қан кету кезінде волемиялық коэфициенті жоғары ертінділерді құю немен қауіпті болады:

А). жүктілерде интерстициальді сұйқтық депосы қантамырлар арнасына жылдам өтіп, айқын гемодилюция тудырады

В). ми ісінуімен қауіптенеді

С). өкпе сусіңділенуімен қауіптенеді

D). айқын гиповолемия аясында,жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін

Е). осмостық қысымы жоғары сұйықтық ақзадан жылдам шығарылып кетеді


30. Геморрагиялық шоктың сатылары:

А) 1,2,3,4

В). 1,3,5,7

С). 2,3,5,6

D). 3,4,5,7

Е). 1,2,4,5

ЖАУАПТАР ЭТАЛОНДАРЫ


1 – А.

2 – D.


3 – A.

4 – В.


5 – Е.

6 – Е.


7 – A.

8 – С.


9 – Е.

10 – В.


11 – A.

12 – С.


13 – A.

14 – D.


15 – Е.

16 – В.


17 – Е.

18 – A.


19 – С.

20 – A.


21 – В.

22 – Е.


23 – С.

24 – A.


25 – В.

26 – С.


27 – Е.

28 – D.


29 – A.

30 – А.



Қосымша

13 кесте



Босанудан кейінгі қан кетулердің этиотропты терапиясы

Тонус

Тін

Травма

Тромбин

  • Жатырға массаж жасау

  • Утеротониктер

  • Жатырдың бимануальді компрессиясы

  • Босану жолдарын айнамен қарау

  • Жұмсақ тіндердің жыртылуларын тігу

  • Жатыр жыртылуы кезінде лапаротомия

  • Жатырдың теріс айналып шығуын орнына келтіру

  • Қан ұю факторларын толықтыру (ЖМП, криопреципитат, тромбомасса)

  • антифибринолитиктер

14 кесте



Утеротониктерді қолдану ережелері

Параметрлер

1-ші кезекте

Окситоцин

2-ші кезекте

Метилэргометрин

3-ші кезекте

Простагландин F2α

Бастапқы доза және енгізу әдісі

10 Бірлік бұлшықетке/

5 Бірлік тамыр ішіне баяу енгізу



0,2мг бұлшықетке не тамыр ішіне, баяу енгізу

0,25мг бұлшықетке не жатыр мойнына енгізу

Қайталап енгізу дозасы

20 Бірлік тамыр ішіне тамшылатып, 1л ертіндіге ерітіп 60там/мин жылдамдықпен

0,2мг бұлшықетке не тамыр ішіне әрбір 15мин сайын немсе 4сағ сайын, баяу енгізу

0,25мг әрбір 15мин енгізу

Максимальді дозасы

Окситоцин ерітілген 3л ертінді

5 доза (1,0мг)

8 доза (2мг)

Қауіпті жағымсыз әсерлер

Тамыр қабырғаларының кеңеюі, ШТК төмендеуі

Шеткі вазоконстрикция (гипертензия, инсульт, бронхоспазм), жатырдың тоникалық жиырылуы

Гипотония, тахикардия, тыныстың жиілеуі, лоқсу, құсу, бас ауырсынуы, гипертониялық криз түріндегі парадоксальді реакция

Қарсы көрсеткіштер, ескертулер

-

Преэклампсия, гипертензия, жүрек аурулары

Тамыр ішіне енгізуге болмайды. Бронх демікпесі



Орындау техникасы:

  1. Стерильді қолғапты киіп, оң қолды қынапқа енгізіп, жұдырықтап қысады;

  2. Енгізілген жұдырықты қынаптың алдыңғы күмбезіне орналастырып, онымен жатырдың алдыңғы қабырғасын қысады;

  3. Екінші қолмен іштің алдыңғы қабырғасы арқылы жатырдың артқы қабырғасын алға қарай қысады;

  4. Жатырды екі қолдың арасында, жатыр толық жиырылғанша

қысады.

Сурет 1. Жатырдың бимануальді компрессиясы

Алдыңғы іш қабырғасы арқылы кіндік үстінен және шамалы солға қарай жұдырықпен басады. Екінші қолмен сан артериясындағы тамыр соғысын бақылап отырады: қолқа дұрыс қысылғанда, тамыр соғысы сезілмейді.



Сурет 2. Қолқаның құрсақ бөлімін қысу




Сурет 3. Лапаротомия, Б-Линч (B-Lynch) әдісі бойынша компрессиялық тігіс салу

Жатыр және аналық без Ішкі мықын артериясын байлау

артерияларын байлау




Сурет 4. Қан тамырларды байлау

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Чернуха Е. А. Родовой блок: Руководство для врачей/Е.А. Чернуха.-3-е изд., перераб., испр.и доп.-М.:Триада-Х,2005.-709с.

  2. Айламазян Э.К. Акушерство:Учебник для мед. вузов/Э.К.Айламазян.-3-е изд., перераб.-СПб.:СпецЛит,2002.-536с.

  3. Акунц, К.Б. Атлас по акушерству:Рук. для практ. и будущих врачей/К.Б.Акунц.-М.: Мед. информ. агенство,1998.-216с.

  4. Бодяжина В.И. Акушерство:Учеб. для студ. мед. ин-тов/В.И. Бодяжина, К.Н.Жмакин, А.П.Кирющенков.-4-е изд., перераб. и доп.-М. Ростов-н/Д.:Лит-ра, Феникс,1998.-496с.

  5. Дуда В.И. Физиологическое акушерство: Учеб. пос /В.И.Дуда, Вл.И.Дуда, И.В.Дуда.-Мн.:Выш. шк.,2000.-447c.:ил.

  6. Клинические лекции по акушерству и гинекологии/Под ред. А.Н.Стрижакова, А.И.Давыдова, Л.Д.Белоцерковцевой.-М.:Медицина,2000-380с.

  7. Справочник по акушерству и гинекологии/ Под ред. Г.М. Савельевой.-2-е изд.,перераб. и доп.-М.:Медицина,1996.-384с.

  8. Акушерство и гинекология: Пер. с англ. доп./Под. ред. Г.М. Савельевой.- М.:ГЭОТАР МЕДИЦИНА,1998,1997.-720с.

  9. Смирнова Л.М. Акушерство и гинекология: Учеб. для мед.уч-щ/Л.М.Смирнова, Р.А.Саидова, С.Г.Брагинская.-М.:Медицина,1999.-368с.

  10. Норвитц Э.Р., Эррол Р. Наглядные акушерство и гинекология:[Учеб. пособие]. Пер.с англ./Э.Р.Норвитц, Д.О.Шордж.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2003.- 144с.:ил.

  11. Женская консультация. Организация лечебной и профилактиче­ской работы: Учеб.пос./Р.Т.Полянская, В.Б.Цхай, О.В.Кузнецова и др.- Ростов н/Д: Красноярск: Феникс: Издательские проекты,2006.-91с.

  12. Руководство к практическим занятиям по акушерству: Учеб. пос. для медвузов/Под ред.В.Е.Радзинского.-М.: Мединформагенство,2004.-575с.

  13. Серов В.Н. Практическое акушерство: Руково­дство для врачей/В.Н.Серов, А.Н.Стрижаков, С.А.Маркин.-М.:Медицина/1989.-511 с.

  14. Серов В. Н. Руководство по практическому акушерству/В.Н. Серов, А.Н.Стрижаков, С.А.Маркин.-М.: ООО"Медицинское информацион­ное агенство", 1997.-440с

  15. Укыбасова Т.М. Новые подходы к лечению массивных акушерских кровотечений. Методические рекомендации, Актобе, 2006 – 50 с.

  16. Мамедалиева Н.М. Актуальные вопросы акушерства, гинекологии и перинатологии. Сборник материалов научно-практической конференции, Алматы, 2005.

  17. Аledort L.M/ It,s thrombogenicity. Thromb Hemostas 2000; 84: 522 – 33.

  18. Bouwmeester F., Jonkhoff A., Obstetrix and gynaecology – 2003. vol 101 – 1174-1176p

  19. Franchini M. LippiG//Obstetr.Gynaecol. – 2007 – Vol114 – 8-15p.

  20. Goodnough L.T. Treatment of critical bleeding in the future intensive Care unf. Intensive Care Med 2002. 28: S1171- 3.

  21. Price G. Caplan J/Anaesthesiology/ 2004. – vol.93 N2.-298-300p.

20. 11. 2009ж. басуға қол қойылды

Көлемі 2,3 есепті-баспа табағы

100 дана


ҚММУ-баспаханасында басып шығарылды

Қарағанды қаласы. Гоголь көшесі,40







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет