Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


  Әр түрлі мөлшерде жазылған екі немесе көп ингредиентті



Pdf көрінісі
бет73/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

 


117 
Әр түрлі мөлшерде жазылған екі немесе көп ингредиентті 
ұнтақтар технологиясы 
Есептеулер: 
Rp.: Papaverіnі hydrochlorіdі 0,02
0,02 x 10 = 0,2 
Salsolіnі hydrochlorіdі 0,03 
 
 
 
0,03 x 10 = 0,3 
 
Themіsalі 0,3 
 
 
 
 
 
0,3 x 10 = 3,0
 

Mіsce fіat pulvіs.
0,2 + 0,3 + 3,0 = 3,5  

Da tales doses № 10 іn oblatіs.
m
1 ұнт.
= 0,35:10 = 0,35 

Sіgna. 1 облаткадан күніне 2 рет. 
Бөлінген тәсілмен ішуге арналған күрделі ұнтақ берілген. Барлық 
ингредиенттер бір-бірімен сыйымды. Күшті әсер ететін дәрілік заттардың 
дозалары аспаған. Ұнтақ № 4 келіде дайындалады. 
Б.П. 
Themіsalі 3,0 
Papaverіnі hydrochlorіdі 0,2
Salsolіnі hydrochlorіdі 0,3 
m
ж
=3,5; m
1 ұнт.
= 0,35; № 10 
Технологиясы: Рецептіде берілген заттардың мөлшері әртүрлі. Ұнтақты 
“Алтын ережені” пайдаланып дайындау керек. Алдын-ала келінің 
саңылауларын көп мөлшерде берілген затпен бітеп алу қажет. Сондықтан
темисалдан бастау керек, бірақ, ол жеңіл тозаңданатын зат, келінің 
саңылауларын бітеу үшін темисалдың барлығын емес, шамамен 0,5 г 
қолданады. Содан кейін 0,2 г папаверин гидрохлоридін және 0,3 г сальсолин 
гидрохлоридін салып, ұнтақтап, темисалдың қалған мөлшерін қосып, ұнтақты 
біртекті масса болғанша араластырады. Ұнтақталу дәрежесін және 
біртектілігін тексеріп, ВР-5 қол таразысымен 0,35 г-нан өлшеп, қабықшада 
(облаткада) босатады. Ішуге арналған дәрі ретінде безендіреді. 
Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтар технологиясы 
Құрамында улы немесе күшті әсер ететін заттары бар рецептілерді 
қабылдаған кезде, фармацевт пациенттің жасын ескере отырып, жазылған 
ингредиенттердің сыйымдылығын, дозасының дұрыстығын тексеріп, улы 
заттардың астын қызыл қарындашпен сызуы керек. 
Есірткі және естен тандыратын дәрілік заттарға рецептіні мемлекеттік 
денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін дәрігерлерге жазуға рұқсат 
етіледі. 
Улы және есірткі дәрілік заттардың атаулары рецептіде бірінші кезекте, 
әрі қарай басқа дәрілер жазылады. 
Рецептіге денсаулық сақтау ұйымының басқарушысы немесе оның 
орынбасары қол қойып, денсаулық сақтау ұйымының (елтаңба) мөрімен 
расталады. 
Сонымен бірге құрамында улы дәрлік заттары бар рецептіде дәрігердің 
қолы мен мөрі және мекеменің «Рецепт үшін» мөрі қойылады. 


118 
Рецептіде улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың дозасы жоғары 
реттік дозадан жоғары мөлшерде жазылса, дәрігер ол дозаны жазумен жазып 
леп белгісін қоюы тиіс. Дұрыс рәсімделмеген рецептімен дәрі босатылмайды.
Дәрілік түрдің құрамына кіретін улы және есірткі заттарды ассистенттің 
қатысында фармацевт-технолог өлшеп беріледі, содан соң, штанглас тез арада 
сақталатын шкафқа қайта салынуы тиіс. Рецептінің кері бетінде және тіркеу 
журналында улы және есірткі заттарды фармацевт-технолог босатқаны 
туралы, ал фармацевт улы затты көрсетілген мөлшерде қабылдап алғаны 
туралы қол қояды және күні көрсетіледі.
Улы зат тез арада дәрілік түрді дайындауға қолданылады. Дайын дәрілік 
түр безендіріліп, сүргіленеді және босатқанға дейін жабылатын шкафта 
сақталады. 
Рецептідегі улы, есірткі және күшті әсер ететін заттарды басқа 
ингредиенттерден бөлек босатуға болмайды. 
Егер дәрігер рецептіде улы, есірткі немесе күшті әсер ететін дәрілік 
заттардың дозасы, арнайы тиісті рәсімделусіз, жоғары реттік дозасынан артық 
мөлшерде көрсетілсе, онда фармацевт нормативті құжатта жоғары реттік 
дозасы деп белгіленген дозаның 50% мөлшерінде босата алады. 
Құрамында есірткі дәрілік заттары бар (этилморфин гидрохлориді
кодеин, кодеин фосфаты, этаминал натрий, барбамил) дәрілік препараттар 
арнайы рецептуралық бланкіде жазылып, аймақтық емдеу-профилактикалық 
ұйымдарымен бекітілген дәріханалардан босатылады. 
Құрамында улы, есіркі заттары бар дәрілерді дәріханадан босатқанда 
науқасқа рецепт орнына сигнатура ( рецепт көшірмесі) беріледі. 
Құрамында күшті әсер ететін заттары бар күрделі ұнтақ дайындау. 
Rp.: Dimedroli 0,05


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет