ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
В.Н.Приз, Ж.Ж.Жарылкасын, Ж.К.Шайхина
ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ КӘСІПТІК БАҒДАРДЫ ЖӘНЕ ДӘРІГЕРЛІК-КӘСІПТІК КЕҢЕСТІ ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
оқу-әдістемелік нұсқау
Қарағанды 2011
УДК 37.047:616-053.6
ББК 74. 200.52
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Л.Н.Салпынов - АҚ «Астана медицина университеті» коммуналды гигиенасы мен еңбек гигиена курсымен №1 гигиена кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор.
М.С.Шабдарбаева - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің эпидемиология және коммуналды гигиенасы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор.
С.Р.Жакенова – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасының м.ғ.к., доценті.
О -71 Приз В.Н., Жарылкасын Ж.Ж., Шайхина Ж.К.
Жасөспірімдерге кәсіптік бағдарды және дәрігерлік-кәсіптік кеңесті жүргізудің әдістемесі. – Оқу-әдістемелік нұсқау. – Қарағанды. – 2011. – 44б.
ББК 57
Қазіргі әдістемелік нұсқауда жасөспірімдерге кәсіптік бағдарды және дәрігерлік-кәсіптік кеңестері бойынша шараларды жүргізу мен ұйымдастыруына қойылатын талаптар көрсетілген. Кәсіптік бағдарлардың негізгі түсініктері көрсетілген.
Әдістемелік нұсқаулар
Әдістемелік нұсқаулар жасөспірімдердің басқа да мамандықтарына кәсіптік жарамдылығының оқытуын және тәртібін анықтайды, оның ішінде психофизиологиялық критерийі бойынша жасөспірімдердің кәсіптік жарамдылығын анықтау.
Нұсқау медико-профилактикалық және педиатрлық факультеттерінің студенттеріне, санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің дәрігерлеріне, балалар-дәрігерлеріне және мектепке дейіңгі, мектеп және жасөспірімдер мекемесінің медициналық қызметкерлеріне арналған.
ҚММУ Әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және мақұлданды
Хаттама № 9 12.05.2010ж.
ҚММУ Ғылыми Кеңесінде бекітіліп және басылымға ұсынылды
Хаттама № 10 27.05.2010ж.
© В.Н. Приз, Ж.Ж. Жарылкасын, Ж.К. Шайхина, 2011 ж.
Қысқартылған шартты тізімдер
КБ –кәсіптік бағдарлар
МСЭҚБ – мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
КЛ – кәсіптік лицей
ДККБ –дәрігерлік кәсіптік кеңес беру
МКК – медициналық кәсіптік кеңес
ҚС – қан қысымы
АЕ – аномалоскоп (аспап)
АНӘ – акцептор нәтижесінің әсері
БӘДСҰ – бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы
ӨӨС – өкпенің өмірлік сыйымдылығы
ККМҚ – кілтті кәсіптік маңызды қызметтер
КЖӨЖҚ – көру жылтылдығының өлшемдік жылдамдығымен қосылуы
ШРЕК – шектеліп – рұқсат етілген концентрация
ШРД – шектеліп – рұқсатталған деңгей
ГЦ – герц
ПТШ – кәсіптік-техникалық мектеп
ПЭЕМ – персоналды электронды-есептегіш машина
ҚОР – қозғалмалы объектіге реакция
АДП – адиспаропия
СМГ – арнайы медициналық топтар
ОТҚ – оқытудың техникалық құралдары
ТУ – техникалық жағдайлар
ОӨК – оқу-өңдірістік комбинат
ДД – дене дамуы
ЧСС – жүрек қысқаруының жылдамдығы
ЭЕМ – электронды – есептеуші машина
Мазмұны:
|
Қысқартылған шартты тізімдер
|
3
|
|
Мазмұны
|
4
|
|
Кіріспе
|
5
|
|
Жасөспірімдердің кәсіптік бағдарларының медициналық аспектілері
|
7
|
|
Жасөспірімдердің дәрігерлік-кәсіптік кеңесі мен кәсіптік бағдардың медициналық қамтамасыздануы
|
8
|
|
Денсаулық жағдайы бойынша жасөспірімдердің кәсіптік жарамдылығын анықтау мақсатында медициналық куәландырудын ерекшеліктері
|
14
|
|
Жасөспірімдерге дәрігерлік-кәсіптік кеңес беруді ұйымдастырудың тәртібі
|
18
|
|
Оқушыларға кәсіптік бағдар берудін медициналық-физиологиялық аспектілері
|
20
|
|
Тест сұрақтары
|
28
|
|
Әдебиеттер
|
32
|
|
№ 1 қосымша. Кәсіптік санитарлық сипаттамасын құрастыру схемасы
|
33
|
|
№2 қосымша. Профессиограмма (үлгі) Автомобильдердің электр жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь-электриктікі.
|
34
|
|
3 қосымша. Денсаулық жағдайына ауытқулар бар жоғарғы сынып оқушылары үшін техникумдар және ЖОО жұмысшы кәсіптер мен мамандықтарды аңықтау бойынша әдістемелік кепілдеме
|
35
|
|
4 қосымша. Локоматив машинисі кәсібіне психологиялық
кәсіптік тандау картасы
|
36
|
|
5 Қосымша. Үлгі-алгоритм. Психофизиологиялық критерилері бойынша кәсіптік жарамдылығын анықтау
|
38
|
|
6 Қосымша. Бірқатар кәсіптерді игеру үшін КПЗФ дамудың қажетті дәрежелері.
|
39
|
|
7 Қосымша. Кейбір психофизиологиялық қызметтер
|
40
|
|
8 Қосымша Кәсіптік білім беру мекемесіндегі оқуға абсолютті медициналық қарсы көрсеткіштердің тізімі
|
41
|
|
9 Қосымша. Зиянды, қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен қатынаста болатын жұмысқа өткізуге жалпы медициналық қарсы көрсеткіштердің тізімі
|
43
|
КІРІСПЕ
Оқушылардың сұраныстары жасөспірімдер «кәсіптік әлемді» аз білетінін, таңдаған қызметтің жағдайы мен сипаты туралы нашар мәлімет алатынын, денсаулық жағдайына өндіріс факторларының жағымсыз әсерін білмейтінін көрсетеді.
Кәсіпті таңдау кезінде өзі жасөспірімдер мен олардың ата-аналарыда еңбектің қызметінің процессі кезінде, денсаулық бұзылыстары мен оның нашарлауына көңіл аудармайды.
Қазіргі уақытта 9-11 сыныптар оқушыларының 80% денсаулық жағдайының ауытқуларына байланысты, кәсіпті таңдау барысында шектеулер болады, себебі олардың еңбектік қызметінің зиянды өңдірістік факторлары жүзеге асырылады, сол себептен патологияның күшеюіне әкеледі. Оқушылар кәсіпті таңдау кезінде, шектеулері созылмалы аурулардың 65% және 35% айқын функционалдық бұзылыстары себепші болады.
Алғашқы кәсіптік мамандықты алған 12-28% оқушыларда таңдап алған және оқып білген тікелей медициналық қарсы дәлелдер болады. Кәсіптік-өңдірістік факторлар мұнан былай жас жұмыскерлердің денсаулық жағдайын айтарлықтай нашарлатуы мүмкін, патологияның күшеюіне, асқынулардың дамуына және ерте мүгедектілікке әкеледі.
Жасөспірімдердің денсаулық жағдайының анықталған бұзылыстарына байланысты дәрігерлік кәсіптік кеңес (ДКК) жүргізгенде, бөлек кәсіптік-өңдірістік факторлардың, мамандықтар мен олардың қызмет түрінің әсеріне кәсіптік жарамдылықтың жеке шектеулері анықталады.
Кәсіптік жарамдылық (медициналық көрсеткіштері бойынша) дегеніміз ұсынылған мамандыққа, организмнің талаптарына толық функционалдық мүмкіндіктердің сәйкестігі. Кәсіпке жарамды санауға болады, егер жасөс-пірім ойдағыдай кәсіпті игерсе және денсаулық үшін онда зиян келтірмей жұмыс жасаса.
Адамның кәсіптік бағытының құрылуы мектеп жылдарында болады. Оқу орындарының кәсіптік мамандықтарын, кәсіптік жолдарын таңдау, кейіңгі орындылық жұмысқа орналасу, жасөспіріммен шешілген маңызды міндет болып табылады.
Егер бой жеткен қыздар мен жігіттерде созылмалы аурулар мен функционалдық бұзылыстар болған жағдайд, оларға кәсіптік қызметті дұрыс таңдауда көмек көрсетуге жасөспірімдерге дәрігерлік-кәсіптік кеңес (ДКК) ұсынылған, ол медициналық кәсіптік бағдардың бөлігі болып табылады.
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз- талабына, қабілеттілігіне, денсаулығына, жеке ерекшеліктеріне және де қоғамның қажеттілігінің ескерілуіне сәйкес жастардың саналы және еркін түрде кәсіп түрлерін таңдауына дайындау бойынша жүргізілетін шаралардың ғылыми-тұжырымдалған жүйесі.
Кәсіптік бағдар беру бірнеше аспектілерден тұрады:
1) кәсіптік білім беру (педагогикалық аспект) — кәсіпке оқушылар қызығушылығының құрылуы, оқу орындарының қазіргі кездегі оқушылар мен мектеп бітірушілердің еңбектік қызметінің түрімен, әртүрлі кәсіптердің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық ерекшеліктермен, танысу. Кәсіптік ағарту жастарда дәлелдік кәсіптік ниеттерді құрастырады, оның негізінде психофизиологиялық мүмкіндіктер мен әлеуметтік-экономикалық ұғыныстар жатады.
2) кәсіптік кеңес беру — оқушыларға кәсіптік қызметті таңдауда көмек көрсету және кәсіптік қызметте ықтимал бағыттарды ұсыну. Психологиялық, психофизиологиялық және медициналық диагностиканың қортындысының негізінде, ең қолайлы психологиялық, психофизиологиялық және медициналық ерекшеліктеріне сай болуы
3) психологиялық – кәсіпті таңдағанда оқушының жеке басының ерекшеліктерін ескерту
4) әлеуметтік-экономикалық – қоғамның мамандарға қажеттілігін, сұранысын ескерту;
5) медико-физиологиялық – кәсіпті таңдағанда медициналық – кәсіптік кәсіп таңдау және кәсіптік кеңес беруді жүргізу.
Медициналық кәсіптік бағдар - бұл мәселедегі негізгісі, себебі оқушыларға кәсіп таңдауға бағдар беру, біздің елімізде жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында жүргізіледі. Бұл жұмысқа міндетті түрде медицина қызметкерлері қатысады: балалар емханасының мектепке дейіңгі және мектеп бөлімшелерінің дәрігерлері, ересектер емханаларының жасөспірімдер бөлімшелерінің дәрігерлері, КТУ медициналық персоналы, мектеп және санитарлық дәрігерлер.
Кәсіптік бағдардың 2 бағыты бар: дәрігерлік-кәсіптік кеңес және психофизиологиялық кәсіптік бағдар.
Дәрігерлік-кәсіптік кеңес дәрігер нақты оқушы үшін, денсаулығы бойынша неғұрлым тиімді болатын, организмнің психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескеретін, денсаулық жағдайында бар ауытқуларды ушықтырмайтын, қайта оны түзеуге, денсаулықты және жасөспірімнің табиғи дамуын нығайтуда бағытталған кеңес береді;
Психофизиологиялық кәсіптік бағдар жасөспірімдерді еңбек жағдайларымен, оның ұйымдастырылуымен, тәртібімен, кәсіптік зияндылықтың барлығымен және оның организмге мүмкін болар әсерімен жан-жақты таныстыру бойынша дәрігерлердің жұмысы.
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Дәрігерлік кәсіптік кеңес жұмысының 2 түрі бар:
Ақпараттық қамтамасыз ету –жасөспірімдердің олардың ата-анасы мен оқытушылардың кәсіпті таңдауда медициналық аспектілермен, негізігі кәсіптік-өңдірістік факторларымен танысу, әсіресе денсаулық жағдайының нашарлануы, созылмалы аурулары мен функционалдық бұзылыстары бар оқушыларда.
Жеке дәрігерлік кәсіптік кеңес, дәрігердің негізгі міндеті болып, кеңес алушы жасөспірімнің денсаулық жағдайында күшейген ауытқулар мен қауіпті дәрежесін анықтау және мамандық пен кәсіпті таңдау бойынша нақты ұсыныстарды, оқыту түрін зерттеу және тиімді жұмысқа орналастыру.
Психофизиологиялық кәсіптік бағдар –жасөспірімдердің жеке және психологиялық ерекшеліктерінің есебімен мамандықты таңдауға көмек көрсету.
Кәсіптік бейімделу –Кәсіпорында жасөспірімдердің жұмыс тәртібіне еңгізілген, біртіндеп бейімделуіне, кәсіптік бағдар бойынша шаралар жүйесіндегі аяқталған бөлім.
КБ (кәсіптік бағдар) өзектілігі мен қажеттілігі қазіргі уақытта мыналар бойынша өседі:
-
елде тұрғындардың еңбекке жарамдылық санының тез төмендеуі және туып көбеюшіліктің және теріс демографиялық үрдістері;
-
қазіргі уақыттағы жасөспірімдердің денсаулық жағдайының жағымсыз үрдістері;
-
нарықтық қатынастардың құрылуымен және еңбектің сапасы мен қарқындылығына талаптардың үлкеюі, еңбектік қызмет процессінде организмге жүктеменің көбеюін шақырады және денсаулық жағдайына талаптарды жоғарлатады;
-
кәсіптік-өңдірістік факторлардың жұмыскерлеріне жағымсыз әсерінің төмендемеуі, ол өнеркәсіптердің саласында кәсіптік және жалпы сырқаттанушылықтың өсуіне әкеледі;
-
жалпы және кәсіптік білімдерінің аяқталуы бойынша мектеп бітірушілердің өзіндік жұмысқа орналасу қажеттілігі;
-
еңбек туралы Кодексына сәйкес жасөспірімдерді жұмысқа қабылдау жасының төмендеуі.
Әр жас жігіт пен бой жеткен қыз мамандықты ерікті таңдауға құқығы бар немесе өзінің қабілеттілігі мен бейімділігіне сай мамандықты таңдауға құқығы бар.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша дәрігердің негізгі міндеті болып, жасөспірімдердің денсаулық жағдайының есебімен, болашақ мамандықты таңдауға көмек көрсету болып табылады.
Жасөспірімдердің дәрігерлік-кәсіптік кеңесі мен кәсіптік бағдардың медициналық қамтамасыздануы
Оқушыға тиімді кәсіпті таңдауына көмектесу, таңдалған кәсіптің кәсіптік жарамдылығын анықтау – жасөспірімдердің денсаулығын күшеюі мен сақталуының, тұлғасының гармониялық дамуының бір жолы болып табылады. Кәсіптік жарамдылығын уақытында анықтау, оқушылар мен ата-аналарға профильді сыныптарды таңдауға мүмкіндік береді және таңдалған жоғары оқу орнына қабылдау үшін қажетті оқу тәртіптерімен анықталады.
Психоәлеуметтік кемелділіктін құрылуын еске алғанда, оның ішінде жасөспірімдермен кәсіпті таңдауында, балалар дәрігерінің оқытушымен және психологтармен тығыз байланыстары ескеріледі.
Дәрігерлік-кәсіптік кеңес мектептік және кәсіптік оқу мерзімінің барлық бойында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыздандырудың қажетті элементі болып табылады.
ДКК жүргізуне шартты келесі этаптары бөлінеді:
-
алғашқы этап – кәсіптік өзін-өзі құқығының құру процессінде 4-8 сынып оқушыларының жеке кеңесі;
-
толық емес (9 сынып) және толық орта білімді (10-11 сынып) аяқтау кезінде кәсіпті таңдау кезеңі;
-
кәсіптік оқытудың деңгейлері.
Әрбір кезеңде балалар дәрігері баланың жасы мен кәсіптік деңгейіне қарай әр түрлі мәселелерді шешеді.
Уақыт тәртібін қадағалаушы қосымша дәрігерлік алдын алу тексерісі 11-12 жастағы балалардың дәрігерлік кәсіптік тексерісін маңызды санайды. Аурулардың асқыну жағдайына байланысты немесе кәсіпке байланысты құлшыныстың дамуы, немесе нақты мамандықты таңдау қосымша кәсіптік консультацияны 9-11 сыныптарда қажет етеді.
Алдын алу шаралары кезінде балаларды кәсіби тексерістен өткізу кезінде он және он екі жас аралығындағы балалардың бастапқы кезеңдегі күйлерін зерттегендегі балалар дәрігерлерінің басты мақсаты, оларда кездесетін патологиялық аурулардың пайда болуын, олардың алдын алу шараларын өткізу болып табылады.
Бұл жаста жеке кәсіптік қадағалау әсіресе, анатомиялық ауытқулары бар, созылмалы аурулармен ауыратын, ішкі қызметтерінің жұмысы бұзылған балалармен жүргізіледі. Мұндай балалардың ата-аналары, балаларының жағдайларын анық біліп, кәсіби мамандануды денсаулық мүмкіндігіне орай таңдауды қадағалау қажет. Бұл дерек жасөспірімнің кәсіби таңдау кезінде ата-аналармен, педагаогтармен, психологтармен және мектеп дәрігерімен қадағаланып отыру қажет. Мұндай балаларды денсаулық жағдайына сәйкестендіріп, денсаулығына зиян келтірмейтін мамандық бойынша жұмыс істеуін уақытында бағыттау керек.
Кәсіби кеңестің тәжірибесі бойынша жасөспірімдер психологиялық ерекшеліктерімен немесе жасына байланысты болашақ мамандықты таңдауда денсаулық жағдайын ескермейтінін дәлелдейді. Жасөспірімдердің көпшілігі денсаулық жағдайын білсе де, таңдалған мамандық бойынша қатердің болуын, оның болашақта келеңсіз жағдайға әкеліп соқтыратынын, асқынуды біле бермейді.
Ең таңдаулы мамандықтар қала мектептерінің 7-9 сыныптардағы жасөспірімдер арасында кездеседі. Бірінші орында заңгер, екінші орында жүргізуші, үшінші орында сатушы, шаштараз, төртінші орында есепші, программист, бесінші орында дизайнер, менеджер, алтыншы орында жетекші, жетінші орында электрик, инженер, дәрігер, автомеханик, сегізінші орында машинист, полиция қызметкері, тоғызыншы орында педагог, психолог, фармацевт, сақшы, құрылысшылар мамандықтары тұрады.
Еңбек нарығында жаңа мамандықтардың пайда болуына, қосымша әдебиеттердің тапшылығына, жасөспірімдерде құрама патологиялардың болуына байланысты ДКК міндеттемелері жүктелген мектеп дәрігерлері мен мамандарына қадағалаулар көпшілік жағдайда мүмкін бола бермейді.
Бронхиалды астма ауруының ауыр түрінде келесі мамандықтарды таңдау мүмкіндіктері қарастырылады: әкімшілік менеджері, екі тілдің маманы, мәдениет менеджері, салық инспекторы, компьютер маманы, программист, компьтерді безендіру дизайнері, жүйе сарапшысы, аудитор, көрмелер мен конференцияларды ұйымдастырушы менеджер, бизнес-кеңесші (екі тіл маманы), франчайзинг менеджері, жоғары біліктіліктегі менеджерлер мамандарын іздеу, бұқаралық ақпараттар қатынасын реттеу менеджері, салық кеңесшісі, қаржы сарапшысы, салық инспекторы,сақтандыру және биржа брокері, online – сатушысы (интернет арқылы сатылым), маркетолог, психолог, әлеуметтанушы, философ, саясаттанушы, әлеуметтік жұмыскер.
Қант диабеті ауруының орташа деңгейінде келесі мамандықтар есепке алынады: әкімшілік менеджері, екі тілді жетік білетін хатшы, салық инспекторы, салық сарапшысы, компьютерлік жүйелер байланысын реттеуші маман, программист, ақпараттар қауіпсіздігінің инженері, техник-электронщик, компьютерді безендіру дизайнері, жүйе сарапшысы, жарнама менеджері, аудитор, көрмелер мен конференцияларды ұйымдастырушы менеджер, бизнес-консультант (екі тіл маманы), жылжымайтын мүлік менеджері, бұқаралық ақпараттар қатынасын реттеу менеджері, web-мастер, қаржы сарапшысы, сақтандыру және биржа брокері, бизнестің жаңа түрлерінің кеңесшісі, маркетолог, косметолог, психолог, әлеуметтік психолог, әлеуметтанушы, саясаттанушы, философ, әлеуметтік қызметкер.
Осылайша, жасөспірімдерге денсаулық жағдайында ауытқулары бар мүмкіндік беретін және дұрыс профильді сыныпты және қорытынды емтихандарының оқу тәртібінің медико әлеуметтік алдын алу негізгі буыны болып табылады. Олар жоғарғы оқу орнына түсу үшін және қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайына бейімделуі үшін өзінің физиологиялық және интеллектуалды мүмкіндігін жетілдіру үшін қажет.
Оқушылардың кәсіптік кеңесін жүзеге асырылуындағы негізгі ролі мектеп дәрігеріне және мектеп психологына артылады. Басты маңызды мәселе болып, созылмалы аурулардың, даму ақауларының, функционалды ауытқулардың және оның пайда болу қаупі жасөспірімдердің дәрігерлік-кәсіптік кеңесі табылады.
ДКК толық жүзеге асырылу жағдайының біріне еңбек жағдайының және еңбек шарттарының толық білуі олардың өсіп келе жатқан организміне әсері болып табылады.
Кәсіптік бағдар жұмыстары бұқаралық жұмысшылар кәсібіне негізделген, сондықтан біздің елімізде әсіресе мамандар тапшылығы сезіледі. Жасөспірімдердің, олардың денсаулық жағдайына кәсіптік жарамдылығының есебі, медициналық қызметкерлердің алдында берілген өнеркәсіптік аудандар үшін, кәсіпте еңбектің санитарлы-гигиеналық жағдайының қажетті мәліметтерін қояды. Осыған байланысты, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімшелерінің және санитарлы-эпидемиологиялық станцияның өнеркәсіптік гигиенасының дәрігерлері, кәсіпорындардың қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлерімен бірге, өңдірісте еңбектің ауырлығын және кәсіптің санитарлық сипаттамасын зерттейді - профессиограммалар (I қосымша).
Профессиограммалар – өзіне еңбектік процесстің сипаттамасын, мәліметтердің сипаттамасын, жабдықтарын, аспаптарын, жұмыс кейіпін, еңбектің ерекше жағдайын, орталық жүйке жүйесі талаптардың болуы туралы нұсқауларды, анализаторларды, мүшелер мен функционалдық жүйелерін және олардың қуаттылық есебін,статокинетикалық тұрақтылығын, өндірістік факторлардың әсер ету деңгейінің мүмкіндігін қосады.
Кәсіптің санитарлы-гигиеналық сипаттамасы еңбектің зиянды жағдайның деңгейіне байланысты және организмнің әсеріне байланысты соңғы төрт топтың шартты бөлінуіне мүмкіндік береді.
Бірінші топқа жағымсыз өндірістік факторлар мен еңбектің ауыр жағдайының болмауы жатады. Бұл кәсіп тобы олардың негізделуіне медициналық қарсы дәлелдерді растамайды.
Екінші кәсіптік топ уақытша жағымсыз өндірістік факторларының (тұрақсыз жұмыс уақыты) кезеңімен байланысты мамандықтарды қамтиды.
Үшінші топқа кәсіптік-өндірістік факторларға әрдайым әсер ететін әр түрлі мамандықтар жатқызылады.
Екінші және үшінші мамандық топтары әр түрлі дәрежеде оларды меңгеруде медициналық шектеуліктерді қамтамасыз етеді.
Төртінші топ еңбек шарттарының зияндылықтары мен 3000 жуық кәсіп түрлерін қамтиды. Бұл мамандықтар «Кәмелеттік жасқа толмағандарға зиянды және ауыр еңбек түрлеріне тиым салу, өндірістік тізімі» қамтылады.
ДКК жүзеге асыру үшін психофизиологиялық функцияның даму деңгейі мен денсаулық жағдайының бағасын зерттеу қажет. Жұмыс стереотипінің құрылуына және берілген мамандық бойынша мүмкіндіктерге байланысты негізгі психофизиологиялық функциялар кәсіби маңызды функциялар деп аталып, келесі топтарга жіктеледі:
-
анализаторлы:көзөткірлігінің нақтылығы, түстік, дыбыстық, сезімталдық, бұлшықеттің тұрақтылығы;
-
қозғалмалы: бұлшықет күштілігі төзгіштік, жылдам реакция;
-
аттенциялық-мнемикалық: механикалық, мағыналық, шапшаң есте сақтау қабілеті, ойдың шоғырлануы және жылдам ауысу мүмкіндігі;
-
интеллектуалды: ойлаудың, вербалды және вербалды емес деңгейлерінің дамуы;
-
жоғарғы жүйке жұмысының жеке-типологиялық қасиеттері: күш, лабильділік, нерв жүйелерінің бірқалыптылығы мен ептілігі;
-
тұлғаны сипаттайтын ерекшеліктер, экстраверсяның, нейротризмнің, ригидтіліктің айқындығы.
Психофизиологиялық функциялардың тәжірибесі ағзаның функцио-налды қалпы мен максималды жаттықтырылуын болдырмау шарасы мақсатында барлығына ортақ шарттармен унификация әдісі негізінде өткізілуі тиіс.
Медициналық зерттеу барысында жасөспірімнің кәсіптік айқындалу мақсатымен белсенді шағым, скрининг қолдану, негізгі жүйелер мен мүшелердің функционалды бағасына арнап, функционалды және зерттеу әдістерінің тәжірибесі қажет. Жасөспірімде созылмалы аурудың болуына байланысты шағын мамандарды іске тарту қажет, ал кәсіптік кеңесті созылмалы аурудың компенсациясы немесе ремиссия кезеңінде ата- аналардың қатысуымен жүргізулер ұсынылады.
Баланың патологиялық жағдайының болуын есепке алу барысында мыналарды білу жөн: кәсіптік қабілеттілікті тек диагноз ғана емес, оның ауырлық деңгейі, ағзаның компенсаторлық мүмкіндіктері мен жалғасу кезеңі де айқындайды. Ауруға өндірістік факторлардың тек зиянын бағалап қана қоймай, жағымды реабилитациялық еңбектің маңыздылығын да бағалау маңызды болып табылады.
Дәрігер кәсіптік қорытынды жасаудан басқа мыналарды орындау керек: профилактикалық емдеу шараларын өткізуін, кәсіптік негізгі қажетті функцияларын, яғни денені шынықтыру дайындығын, арнайы тренажерларда жаттығуын, материалды сараптаудың және арнайы әдістердің көмегімен аттенционды – мнемикалық қызметтерді дамытуды қажет саналады.
Заң бойынша, мамандандырылған немесе өндірістік мамандықтарды, соның ішінде өндірістік және кәсіби қатерлері болып, аурудың асқынуына себепші болса да, таңдау мүмкіндіктеріне шек қойылмайды. Дегенмен, кеңес өткізу барысында дәрігер бұл жағдайды әрдайым есте сақтауы қажет. Мамандықты таңдауда дұрыс берілген кеңестер жағымсыз өндірістік факторлардың әсер етуімен дамитын созылмалы аурулардың болдырмауын алдын алады.
ДКК ең жауапкершілікті кезеңдеріне кәсіби бағыттылық және жартылай орта білім (9 сынып), толық жалпы орта білім (10, 11 сыныптар) жатады. Осы кезеңдерде денсаулығында ауытқулары бар жасөспірімдердің қалауымен, мүмкіншіліктерімен байланысты мамандық таңдау барысында, ДКК жедел түрде дәрігердің жеке өзіндік жұмыстарын уақытылы өткізу маңызды болып табылады.
Дәрігердің білікті кеңесі және мамандарға немесе кәсіптерге сәйкес іріктелуі жасөспірімдердің таңдауы бойынша жүргізілуі тиіс. Қарсы жағдайда созылмалы аурулармен ауыратын бозбалалар мен қыз балаларда медициналық қарсы дәлелдерге байланысты мамандық таңдауда шектеулер жасауға міжбүрленгенде психологиялық ақаулар пайда болады.
Жасөспірімнің кәсіптік таңдауы дамымаған кезде, оның медициналық картасында таңдалған мамандығы бойынша шектеулер мен кәсіптік өндірістік қарсылық дәлелдері ұсынылады.
Еңбек білімі бойынша ұсыныстар медициналық картаға «Профилактикалық қадағалаулардың нәтижесінің қорытындысымен» (№ 026/у-2000 формасымен) енгізіледі.
Мектеп дәрігерлері баланың дәрігерлік кәсіптік тексерістен өткен қорытындыларымен қатар, барлық медициналық ақпаратты тұрақты мекен жайы бойынша дәрігер педиатрға тапсыруы тиіс.
Толық немесе жалпы білім беру мекемелерін тамамдағаннан кейін және кәсіптік мектепке түсер алдында немесе жұмысқа тұрарды әрбір түлекке мекен жайлық балалар емханасында педиатр дәрігер, хирург, невролог, окулист, отоларинголог қорытындыларын жазып беруге міндетті. Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік кеңес қорытындысымен 086 үлгісіндегі) беріледі. Бұл құжатқа таңдалған мамандық бойынша жарамдылығы ұсынылады.
Осы үлгідегі медициналық анықтаманы толтыруда алты ай шамасындағы тексерістен өткен нәтижелері, профилактикалық емделулері де есепке алынады. Егерде бала соңғы мектептегі оқу жылдарында ауыр ауруларға шалдықса, немесе жарақаттанса, операцияларды өткерсе, ұзақ және жиі ауырса, онда 086/у үлгісіндегі анықтаманы толтырылса, ол медициналық куәландыруларға жарамды саналады.
086/у формасы анықтамасында міндетті түрде аталған құжат кірістірілетін оқу орнының, факультеттің, жұмыс орнының немесе бөлімшенің атаулары және жасөспірімдермен таңдалған кәсіптер мен мамандық түрлері кіреді. 086/у үлгісіндегі медициналық анықтама толтырған тұлға немесе емдеу профилактикалық мекеменің бас дәрігерімен қол қойылады.
Жасөспірімдермен таңдалған кәсіптер мен мамандықтар және олардың кәсіптік жарамдылығы туралы дәрігерлік қорытынды медициналық қарсы дәлелдер тізімдеріне сай учаскелік бала-дәрігерімен шығарылады (денсаулық жағдайының ауытқуларымен жасөспірімдерге ұсынылған кәсіптік білімнің мамандықтары мен кәсіптердің тізімдері) және Медициналық анықтаманың (086/у формасы) сәйкес бөліміне (12 п) және амбулаторлық картаға еңгізу.
Егерде жасөспіріммен таңдалған кәсіптер мен мамандықтарға сипатталған өңдіріс факторлары, оның денсаулығына жағымсыз әсер етсе, осы туралы (086/у формасы) медициналық анықтамасында жазба толтырылады.
Таңдалған кәсіпке және мамандыққа жасөспірімдердің кәсіптік жарамдылығының шешімдері қиын және келіспеушілікті болса, балалар емдеу-профилактикалық мекеменің клиникалық - сараптамалық комиссиясы мен қабылдану қажет, оның құрамына бас дәрігер немесе оның орынбасары, бөлімшенің меңгерушісі, сырқаттанушылықтың профильді бойынша дәрігер –мамандары жатады. Ерекше күрделі жағдайда кәсіптік жарамдылықтың сұрақтарын шешуіне клиникалық - сараптамалық комиссиясының өтінішіне арнайы дәрігерлері және Мемлекеттік Санитарлық қадағалау орталығының еңбек гигиенасы бойынша дәрігерлеріне міндеттеме жүктеледі.
Кәсіптік кеңес жүргізген кезде, дәрігер кеңес бергендерге кәсібі бойынша және ұтымды еңбекке жарамдылығы бойынша өзінің ұсыныстарын дәлелдеп, растайды, сонымен қатар, жасөспірімдерге кәмелеттік жасқа толғанда жұмыстың нақты түрлеріне қабылдау кезде оған ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығының талаптары таратылады «Жұмыскерлердің мерзімдік және алғашқы медициналық тексерістерін жүргізу тәртібі туралы. Жасөспірім кейбір оқу орнына түскен кезде (ІІМ жүйесі, МО, азаматтық авиайия және басқа) организм жүйесіне және әрбір мүшелерінің жағдайларына жоғары талаптағы медициналық куәландыру өтеді.
Дәрігерлік кәсіптік кеңесінің негізі декретирленген мерзімде : 10- 12-, 14-15-, 16-, 17- жаста жүргізілген жасөспірімдердің профилактикалық тексерістері болып табылады. Сапалы профилактикалық тексерістер дене дамуындағы және жағдайында ерте ауытқуларды анықтайды және медициналық көрсеткіштер бойынша кәсіпті таңдауда мүмкін болатын шектеулерді бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |