Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»


-мақсат. Денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін құру және инновациялық технологияларды дамыту



бет10/12
Дата15.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#136346
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5.5-мақсат. Денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін құру және инновациялық технологияларды дамыту

 

халықаралық басылымдарда жарияланымдардың үлесін 2013 жылға қарай 10 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 20 %-ға дейін (2009 жылы – 6 %) ұлғайту;











20

21,2













Көрсеткішке қол жеткізілді

 

барлық медициналық ЖОО-ларды 2015 жылға қарай аккредиттеу;










6

6













Көрсеткішке қол жеткізілді

183-1.

Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының ұлттық обсерваториясын құру







ДСӘДМ



















ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 173 бұйрығына сәйкес «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК базасында «Денсаулық сақтау кадрлық ресурстарының обсерваториясы» денсаулық сақтау кадрлық ресурстарын жоспарлау және болжау жүйесі құралды. Сондай-ақ, 2014 жылғы 5 тамызда № 450 «Денсаулық сақтау кадрлық ресурстарының Ұлттық Обсерваториясын техникалық қолдау және институционалдық тұрақталағын нығайту жөнінде жұмыс тобын құру туралы» бұйрыққа қол қойылды. Кадрлық обсерваторияның негізгі қызметі кадрлық саясатты үйлестіру, кадрлық менеджмент саласында үздік халықаралық тәжірибе трансферті, кадрлық ресурстар саласындағы зерттеулер, кадрлардың есебі мен мониторингіне арналған бірыңғай мәліметтерін қорын құру болып табылады. Дүниежүзілік банк аясында ДДСҰ халықаралық сарапшыларымен бірге қазіргі уақытта ҚР денсаулық сақтау саласы кадрлық ресурстарын бағалау және болжау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

184.         

Медициналық ЖОО-лардың студенттерін клиникалық даярлауды жетілдіру







ДСӘДМ







119338,0

119338,0

РБ

008

2014 жылдың 4 шілдесіндегі № 769 ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Жалпы медицина» мамандығы бойынша медицина жоғары оқу орындарына түсу үшін балл шегі 65 баллға дейін көтерілді.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында медицинаға мінезтану қабілетін анықтау үшін талапкерлерді психометриялық тестілеу бойынша пилоттық жлба өткізілді.

ҚР БҒМ ҚР «Білім туралы» заңына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы заң жобасына қосуға медициналық мамандар бойынша қабылдау Ережесіне психометриялық тестілеуді қосуға ұсыныстар берілді.

Медициналық білім беру саласында халықаралық алдыңғы тәжірбиені енгізу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі, қазақстандық медициналық жоғары оқу орындары және Данди университетінің (Ұлыбритания) арасында өзаратүсінушілік туралы Меморандумға қол қойылды. Ынтымастық біріккен оқыту бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жобаларын, студенттерді, магистанттарды, оқытушыларды алмастыру бағдарламаларын құрайды. Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды жекелеген жобалар іске асырылатын болады.

Білім және дағдыларды тәуелсіз бағалау республикалық орталығы (2012 жылы құрылған) медицина жоғары оқу орындары 2014 жылғы интернатураның 3024 түлегінің білімі мен дағдыларына тәуелсіз емтихан өткізді. Барлық ЖОО-лар мен барлық мамандықтар бойынша орташа балл 83,6 құрады («жақсы»-ға сәйкес келеді). Медициналық білім Бүкіләлемдік федерациясының Халықаралық стандарттарына бейімделген Қазақстан Республикасында медициналық білім беру ұйымдарын институционалды аккредитациялау стандарттары енгізілді.Медициналық білім беруді аккредитациялау бойынша ұлттық эксперттердің мәліметтер базасы құрастырылды. Бүкіләлемдік Банк жобасы шеңберінде «Жалпы медицина» мамандығы бойынша арнайы аккредитация стандарттары, резидентура стандарттары және үлгілік оқу бағдарламалары әзірленді.


185.         

ҚазҰМУ, СММУ, БҚММУ, ҚММУ жанынан мемлекеттік медициналық ЖОО-ларға арналған 1000 орындық және АМУ үшін 2000 орындық (2 бірл.) және ОҚМФА үшін 500 орындық студенттік жатақхана салу

 




ДСӘДМ







2021998,0

2021998,0

РБ

007

2014 жылы Ақтөбе қаласындағы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті (жалпы 2,6 млрд.теңге құны) жанынан және Семей қаласындағы Мемлекеттік медициналық университет (2,3 млрд.теңге) жанынан 1000 орындық студенттік жатақхана салу басталды.

Анықтама:

РБ нақтылау кезінде Семей қаласындағы Мемлекетті медициналық университет жанынан жатақхана бойынша салатын орны батпақ болуы себептен салатын орынды өзгертуге байланысты 632 млн.теңге сомасындағы шығындар қысқартылды.

РБ нақтылауды ескере отырып 2014 жылы 2 жатақхана салуға шығындар 2,021 млрд. теңгені құрады және объектілерді салу өндіріс графигіне сәйкес жүзеге асырылуда.

2015 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша Ақтөбе қаласындағы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің және Семей қаласындағы Мемлекеттік медициналық университет жатақханаларының қаражаттары толық көлімде ігерілді

Бұл ретте, ҚазҰМУ университеттінің өз қаражаты есебінен 512 орындық жатақхана салуыды іске асыруда.

ҚММУ, АМУ және ОҚМФА үшін жатақханалар салу бойынша министрліктің хаттамасымен осы ЖОО-лардың ректорларына СММУ, БҚММУ жатақханалар бойынша бар жобалармен байланыстыруды қамтамасыз ету тапсырылған.

Бүгінгі күні архитектура, қала салу және құрылыс саласындағы уәкілітті органның ҚММУ, ОҚМФА және АМУ үшін БҚММУ және СММУ жатақханалардың жобалық-сметалық құжаттамаларын қайтадан қолдану шешімі бар.



186.         

Мемлекеттік тапсырыс бойынша медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша даярлау құнын және магистратурада, резедентура мен PhD докторантурада мемлекеттік тапсырысты және оқуға даярлау құнын ұлғайту

 




ДСӘДМ, БҒМ







2783338,0

2783338,0

РБ

006

2004 жылы медициналық жоғары оқу орындарына 1500 адам қабылданса, 2009 жылдан бастап қабылдау 5000 адамды құрайды. Бір студентті оқытудың шығындары да жоғарлады, ол 2005 жылы 191 мың теңгені құраса, 2013 жылы – 609 мың теңге, ал ұлттық университет үшін 770,1 мың теңге болды.

Резидентурадағы, магистратурадағы және PhD докторантурадағы мамандар саны мен даярлауға кететтін шығыстар ұлғайған. Мысалы:

- 2008 жылы резидентураға 158 орын бөлінсе, 2011 жылы 730 орын, 2014 жылы – 1000 орын бөлінген; 2008 жылы даярлау құны 264 мың теңгені құраған болса, 2011-2014 жылдары даярлау құны қарапйым ЖОО үшін 815,5 мың теңгені және ұлттық ЖОО-лар үшін 996,8 мың теңгені құраған;

- 2008 жылы магистратураға 70 орын бөлінсе, ал 2011 жылы 150 орын, 2014 жылы 329 орын бөлінген; даярлау құны 333,8 мың теңгені құраған, 2014 жылы құны қарапайым ЖОО-лар үшін 780,5 мың теңгені және ұлттық ЖОО үшін 945,1 мың теңгені құраған;

- 2008 жылы докторантураға 10 орын бөлінсе, ал 2011 жылы – 30 орын, 2014 жылы – 100 орын бөлінген; даярлау құны 700,0 мың теңгені құраса, ал 2011-2013 жылдары даярлау құны қарапайым ЖОО-лар үшін 1445,0 мың теңгені және ұлттық ЖОО үшін 1516,0 мың теңгені құраған.


188.         

Медицина қызметкерлеріне үздіксіз кәсіптік білім беру мен дамыту жүйесін жетілдіру

 




ДСӘДМ, облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері







768288,0

768285,3

ЦТТ

022

Денсаулық сақтау саласы мамандарының білімін және дағдыларын тәуелсіз бағалау жүйесін дамыту жалғасуда, 2014 жылы жоғары медициналық білімі бар мамандар арасында тәжірибелік дағдыларды бағалау енгізілген.

Медицина қызметкерлерінің білімдері мен дағдыларын тәуелсіз бағалауды одан әрі жетілдіру базасында медицина қызметкерлерінің практикалық дағдыларын жетілдіру/қайта қарау жүзеге асырылатын өңірлік симуляциялық орталықтарды (бұдан әрі – СО) дамыту көзделген.



ҚР ДСМ 2014 жылғы 3 маусымдағы «Аймақтық симуляциялық орталықтарды ашу туралы» № 300 бұйрығымен өңірлерде аймақтық симуляциялық орталықтар ашылды және жарақталды.

189.         

Отандық денсаулық сақтау кадрларын ел ішінде, шетелдерде оқыту және үздік шетел мамандарын тарту арқылы инновациялық басқару, білім беру, емдеу-диагностикалық технологияларын одан әрі дамытуды жалғастыру (технологиялар трансферті)

 




ДСӘДМ







999885,0

998708,0

РБ

005

005 «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» РББ аясында 19 645 денсаулық сақтау кадрлары, соның ішінде елімізде (біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында) – 19 006, шетелде – 186 қазақстандық мамандар невропатология; нейрореабилитация; кардиология; онкология мәселелері бойынша, соның ішінде балалар онкологиясы және гематологиясы; балалар кардиохирургиясы, анестезиология және перфузиология; клиникалық морфология және онкоцитология; жоғары технологиялық сәулелік терапия, ядролық медицина, радиохирургия, брахитерапия және қолданбалы бакалавриат (Ресей, Латвия, Литва, Белоруссия, Германия, Франция, Финляндия, Польша, Түркия, Чехия, Индия, Монғолия, Хорватия, Словакия) мәселері бойынша білім алды. Шетелдік мамандарды тарта отырып, нейрореабилитация, дәлелді медицинаның өзекті мәселелері, МСАК деңгейінде қарт және егде жастарғы науқастарды қадағалап қарау, сәбилердің туа біткен жүрек ақауларының диагностикасы мен емі, балалар церебралды параличі (БЦП) бар балаларды оңалту шараларын өткізу, балалардағы ми-тамырлық патологияның диагностикасы мен емі, МСАК ұйымдарын бизнесті жоспарлау, мейіргерлік іс және онкология, соның ішінде балалар онкологиясы және онкогематологияның өзекті мәселелері бойынша 453 шеберлік сыныптары өткізілді.

010 «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін кеңейту және Астана мен Алматы қалаларының бюджеті, облыстық бюджеттердің мақсатты ағымдық трансферттері» РББ бойынша (МСАК тарифіне қосымша компонент қаражаты) МСАК көрсететін 19 290 медицина қызметкері білім алды, соның ішінде елімізде – 19 212 және шетеледе – 78.

190.         

БҰДЖ-ні іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіптік дамыту жүйесін жетілдіру

 




ДСӘДМ



















Медициналық қызметкер еңбегіне ақы төлеу ережелердің, медициналық көмек беруінің көліміне, сапасына байланысты 4 бөлігінің 26 тармағына және салалық ынталандыру жүйесіне сәйкес, МСАК субъект бойынша КЖБШЫК алынған сомасы кем дегенде 5 %-ы МСАК көрсететін ұйымдардың медициналық қызметкерлері білікті арттыруға және қайтадан даярлауға жіберіледі. МСАК көрсететін ұйымдар басшысыларна оқыту мекемесін және тақырыпты өз бетімен таңдауға мүмкімдік береді.

Осылайша, 2014 жылы кешенді жан басына шаққандағы ынталандырушы компонентінің сомасы 20,4 млрд. теңге болды, оның ішінде кем дегенде 5 %-ы кәсіптік дамуға бағытталған. 2014 жылы жоғары және орта білімі бар 9,9 мыңан астам маман білім алды.



191.         

ЖОО-лардың ғылымының деңгейі мен сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді одан әрі дамытуды қамтамасыз ету

 




ДСӘДМ







1755750,0

1755750,0

РБ

013

Медициналық білім беру ұйымдарының мотивациясын ЖОО-дағы ғылым деңгейімен сапасын арттыруға ынталандыру мақсатында медициналық ғылым және білім беру ұйымдарын ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша рейтингтік бақылау жүргізіледі.

Медициналық білім беру және ғылым мекемелері республикалық бюджет шеңберінде 17 ҒЗЖ 62 гранттық ҒТБ, 5 инновациялық гранттары, ғылыми мекемелер және жоғары оңу орындарының қаражаты есебінен 105 ынталы ғылыми зерттеулері орындалуда.

Шетелдік ғалымдармен 2014 жылы 48 ҒТБ орындалды, 36 бағдарламалар мен жобалар басқа мекемлер (бизнес құрылымдар, ұлттық компаниялар тапсырыстары) есебінен орындалды.

Одан басқа, ҚР БМ 055 бағдармасы бойынша 12 нысаналық бағдарлама орындалды.

Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту мақсатында бірқатар нормативтік-құқықтық актлер жетілдірілді:

- ҚР денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 21 ақпанындағы № 104 бұйрығымен «Ғылыми медициналық сараптауды өткізу Ережесі бекіту туралы» 2013 жылдың 10 шілдісіндегі № 397 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

- ҚР денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 20 мамырындағы № 272 бүйрығымен диагностикалау, емдеу және медициналық реабилитацияның жаңа әдістерін қолдану Ережесі бекітілді.

«Медициналық технологияларды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулері, медициналық биологиялық эксперименттер жүргізі Ережесі бекіту туралы» бұйрық жобасы әзірленді және бекіту кезеңін өтуде.

Биоэтика, клиникалық эпидемиология, ғылыми өңдеулерді коммерциализациялау, патент жүргізущілер мамандарын қосатын ғылыми зерттеулер менедженті бөлімі қарастырылған медициналық білім беру және ғылым мекемелерінің типтік құрылымы әзірленді. Жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес министрлік медициналық мекемелердің ғылыми әлеуетін нығайту бойынша жұмыстарын жалғастыруда. 2013 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс магистратурада дайындыққа 402 орынға дейін, PhD докторантурада 100 орынға дейін жоғарылады. Қазіргі уақытта министрліктің бағдарламалық нысаналы қаржыландыруы аясында, бас орындаушы медициналық жоғары оқу орындары, ал ғылыми орталықтар қосымша орындаушылар болып табылатын 4 ірі ғылыми зерттеу бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Өткізілген зерттеулер нәтижесінде есеп беру жылында қазақстандық басылымдарда 5285 ғылыми жұмыстар жарияланды. Халықаралық басылымдарда 1 422 мақала жарияланды, ол барлық жарияланымның 21,2 %-ын құрады, олардың ішінде рецензияланған басылымдарда 136 мақала (9,56%). 116 патент, оның ішінде 7 шетелдік патенттері (6,03%) алынды.



193.         

Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру саласында зерттеулер жүргізу

 




ДСӘДМ







272600,0

260624,0

РБ

001

Есепті жылы 001 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасының 103 «Әлеуметтік, талдау зерттеулерді жүргізу және консалтинг қызметтерін көрсету» кіші бағдарламасы шеңберінде 8 зерттеу өткізілді.

Бұл зерттеулер 2011-2015 жылдарға арналған «Саламаты Қазақстан» ДСДМБ-ның негізгі бағыттарына сәйкес келеді.



193-4.

Денсаулық сақтау саласындағы жоғары мамандандырылған ғылыми кадрларды даярлау, оның ішінде магистатура және PhD докторантура шеңберінде ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламаларын жетілдіру

 




ДСӘДМ



















2014 жылы денсаулық сақтау саласы үшін 200-ге жуық ғылыми кадрлар (докторантураны – 30 маман, магистратураны – 175 маман бітірді) дайындалды.

Мемлекеттік стандарттың, сондай-ақ резиндентура, магистратура және PhD докторантураның медициналық мамандықтар бойынша типтік оқу бағдармаларының жобалары әзірленді. Оларды бекіту жөніндегі бұйрық қазіргі уақытта келісу сатысында және ол 2015 жылы бекітілетін болады.



193-5.

Шетелдегі дүниежүзі мойындаған ғалымдарды шақырта отырып, жас және перспективалы ғалымдардың тағылымдамасын ұйымдастыру

 




ДСӘДМ, БҒМ



















«Болашақ» бағдарламасы бойынша жастар және жас ғалымдар үшін шет елде ғылыми тәжірибелерді ұйымдастыру жүзеге асырылуда. Сонымен, 2014 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында медициналық мамандықтар (онкогематология бойынша 1, қоғамдық денсаулық сақтау бойынша 2) бойынша 3 қызметкер шетелде ғылыми даярлығынан өтуде.

5.6-мақсат. Халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз ету, олардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қолжетімділігін ұлғайту

 

бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алудың көлемін 2013 жылға қарай 70 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 80 %-ға дейін (2009 жылы – 0 %) жеткізу;











80

66













Көрсеткішке қол жеткізілді

 

ауылдық елді мекендерде ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды беруді жүзеге асыратын объектілердің санын
2013 жылға қарай 3200-ге дейін, 2015 жылға қарай 3300-ге дейін (2009 жылы – 3000) ұлғайту.











3300

3300













Көрсеткішке қол жеткізілді

197.         

ҚР МФ ІІІ томының (жалпы және жеке) жаңа бөлімдері мен баптарын әзірлеу. ҚР МФ бірінші басылымының І және ІІ томдарының бөлімдері мен баптарын жаңарту (қайта қарау және өзгерістер енгізу), оның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес дәрілік заттар және бөтен қоспалардың стандартты үлгілерін сатып алу

 




ДСӘДМ







75000,0

59487,226

РБ

001

2014 жылы ҚР МФ-ның 304 жаңа бапты қамтитын ІІІ томын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді және оның мемлекеттік және орыс тілдерінде басып шығарылуы жүзеге асырылды. ҚР МФ І томының бірінші басылымының баптарын жаңарту жүзеге асырылуда.

ҚР МФ-ны Британиялық фармакопея талаптарымен үйлестіру туралы келісімге қол қойылды (08.04.2014, Лондон). Әлем фармакопеяларының қазақстандық форумы өткізілді (17-18.09.2014, Алматы).

ДЗ сапасына және үйлестіруге қойылатын заманауи талаптар бойынша халықаралық конференцияларға қатысу (Лондон қаласы, Ұлыбритания, Мәскеу қаласы, Ресей)

OMCL/EDQM желісі сарапшыларының алдын ала аудиті 2015 жылғы сәуірде жоспарланған.

Қорытынды аудит 2015 жылдың соңына жоспарланған.

EN ISO/IEC 17025:2005/OMLC халықаралық талаптарына сәйкестікке аккредиттеу рәсімінен өту 2015 жылдың соңына жоспарланған.



198.         

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сынақ орталығын ISO/IEC 17025:2005/OMLC EN халықаралық талаптарына сәйкес болуына дайындау және аккредиттеу

 




ДСӘДМ



















2014 жылғы 14-25 шілде аралығында EuroHealthGroup сарапшысы А.Дэвидсен талдау жабдығы біліктілігі бойынша 25 маманды оқытуды жүргізді.

2014 жылы ДЗСҰО СО төмендегілер ұйымдастырған зертханаларды кәсіптік тестілеудің халықаралық бағдарламаларына қатысты:

1) LGC Standards (Ұлыбритания) (маусым) – кейіннен УФ-спектрофотометрия әдісімен мөлшерін анықтай отырып, ацетилсалицил қышқылы таблеткаларының еруіне арналған тест; Нәтижесі – оң. (PT049 Dissolution Test)

2) Дәрілік заттардың сапасын бақылау жөніндегі еуропалық директорат (EDQM) (қараша) – жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясы (ЖТСХ) әдісімен метронидазол таблеткаларындағы әсер етуші заттардың мөлшерін анықтауға арналған тест (PTS150 Assay by Liquid Chromatography).

Нәтижесі – оң.

2014 жылы (30 қыркүйек – 3 қазан аралығында) СО «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС тарапынан EN ISO/IEC 17025:2005 халықаралық талаптарына сәйкестікке аудиттен өтті, 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № KZ.И.02.0010 аккредиттеу аттестаты алынды.



199.         

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК аумақтық филиалдарының 2 сынақ зертханасын халықаралық стандарттарға сәйкес болуына акредиттеу бойынша дайындық іс-шараларын жүргізу

 




ДСӘДМ



















10 филиалға алдын ала аудит жүргізілді. Халықаралық сарапшылардың алдын ала бағалауына сәйкес, халықаралық стандартарға сәйкестікке аккредиттеуді сынақ орталығының тек анағұрлым дайындалған және жарақтандырылған Қостанай және Қарағанды қалаларындағы 2 зертханасында ғана жүргізуге болады.

Жабдықты инсталяциялау және персоналды оқыту жүргізілген.

OMCL/ EDQM желісі сарапшыларының алдын ала аудиті 2015 жылға жоспарланып отыр.


200.         

Халықаралық фармацевтикалық инспекция ынтымақтастығы жүйесіне (PIC/S) кіру үшін мемлекеттік органдардың мамандарын оқыту

 




ДСӘДМ







60000,0

28353,776

РБ

001

2014 жылғы шілдеде «Стандарттар Технологиялар Даму» ЖШҚ-мен (Украина) дәрілік заттар өндіру жөніндегі ұйымдарда және дистрибьюторлық компанияларда оқу инспекциялауын жүргізе отырып оқыту бойынша шарт жасалған. 2014 жылғы тамызда медициналық өнімнің айналысы саласындағы мемлекеттік органның 38 маманы инспекциялаудың теориялық және практикалық дағдыларын ала отырып оқудан өтті.

Сондай-ақ, құрылатын инспектораттың мәртебесін заңнамалық түрде бекіту шеңберінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауындағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде фармацевтикалық инспектораттың жұмыс істеуінің нормалары көзделген, атап айтқанда, «Дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат» деген бап енгізілген.

Талаптарға сәйкес PIC/S-ке кірудің алдын ала кезеңін бағалау үшін ағымдағы жылғы наурызда Қазақстан PIC/S қосылуға өтініш беруші мәртебесін алды. 2014 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының PIC/S алдын ала қосылу кезеңі бойынша бағалау тобының баяндамашы-аудиторы PIC/S Розмари Несир Зауг (Швейцария) қайта тағайындалды.


202-2.

МСАК объектілері арқылы ТМККК шеңберінде ауылдық жерлерде бекітілген шекті бағалар бойынша дәрілік заттарды өткізуді жүзеге асыру құқығына медицина кадрларын аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу

 




облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері



















Ағымдағы жылы фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар 29 маман аттестатталды.

Аттестаттауды ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстардың аумақтық департаменттері өткізді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңына сәйкес, фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметі жергілікті атқарушы органдарға берілген.


202-4.

Еуропа одағының талаптарымен үйлестірілген Кеден одағының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы бірыңғай нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу

 




ДСӘДМ



















2014 жылғы шілдеде «Стандарттар Технологиялар Даму» ЖШҚ-мен (Украина) дәрілік заттар өндіру жөніндегі ұйымдарда және дистрибьюторлық компанияларда оқу инспекциялауын жүргізе отырып оқыту бойынша шарт жасалған. 2014 жылғы тамызда медициналық өнімнің айналысы саласындағы мемлекеттік органның 38 маманы инспекциялаудың теориялық және практикалық дағдыларын ала отырып оқудан өтті.

Сондай-ақ, құрылатын инспектораттың мәртебесін заңнамалық түрде бекіту шеңберінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауындағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде фармацевтикалық инспектораттың жұмыс істеуінің нормалары көзделген, атап айтқанда, «Дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат» деген бап енгізілген.

Талаптарға сәйкес PIC/S-ке кірудің алдын ала кезеңін бағалау үшін ағымдағы жылғы наурызда Қазақстан PIC/S қосылуға өтініш беруші мәртебесін алды. 2014 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының PIC/S алдын ала қосылу кезеңі бойынша бағалау тобының баяндамашы-аудиторы PIC/S Розмари Несир Зауг (Швейцария) қайта тағайындалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет