Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті



бет1/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#175860
  1   2   3   4
Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі

Білім және ғылым саласындағы БАҚЫЛАУ комитеті

Бекітілген

Білім және ғылым

саласындағы бақылау комитеті

«___» ____________ 2008ж.

Келісілген

Экономика ғылымдары

бойынша эксперттік кеңес

«___» ____________ 2008ж.

№____ хаттамасы

08.00.05 «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша кандидаттық емтиханға арналған

МИНИМУМ-БАҒДАРЛАМА

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғауға арналған диссертациялық кеңес

Алматы, 2008ж.

1. Жалпы ұғымдар. Экономиканы біртұтас үлгілеу. Аса маңызды макроэкономикалық мәселелер: экономикалық өсу, құлдырау, инфляция, жұмыссыздық, іскерлік цикл.

Экономикалық өсу, экономикалық өсу үлгілері, факторлары мен шарттары. Макроэкономикадағы өлшемдер: ЖҰӨ, ЖІӨ, ұлттық табыс, номиналды және нақты ЖҰӨ. ЖҮҚ дефляторы. Нақты табыс пен баға деңгейін статистикалық есептеу әдістері.

Жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, олардың өзара әрекеттігі. Табыстар теориясы: монетарлық және кейнстік көзқарастар. Қарапайым экономикалық жүйедегі табыстар мен өнімдердің ауыспалы айналымы. Тепе-теңдік пен шығындар үлгісі.

Фискалдық және ақша саясаты.

Инвестициялар. Жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялық шығындар.

2. Инфляция, жұмыссыздық және экономикалық өсу. Инфляция, инфляция түрлері, сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы. Құлдыраумен қабаттасқан инфляция: стагнация, инфляция зардаптары.

Жұмыссыздық, жұмыссыздық түрлері: циклдік, құрылымдық, фрикциялық табиғи жұмыссыздық. Жиынтық ұсыныс және инфляция мен жұмыссыздық арасындағы ара-қатынас, инфляциялық күтімдер мен инерцияның ролі.

Дамыған елдердегі экономикалық өсудің қазіргі заманғы үрдістері мен өнімділік деңгейі. Экономикалық өсуге атсалысу мен жинақтау саясаты. Баға саясаты. Бағалар мен сауданы ырықтандыру. Тұтыну бағаларының индексі. Бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу.

3. Құрылымдық саясат. Халық шаруашылық пропорциялары мен құрылымдық саясат. Құрылымдық өзгерістердің қазіргі заманғы үрдістері, Қазақстанның негізгі салалық басым мақсаттары. Экономиканың құрылымын қайта құрудағы инвестициялық саясаттың рөлі, салалық құрылымды жетілдіру. Қазақстандағы өнеркәсіп құрылымы және оны өзгеру ерекшеліктері.

Қазақстанның өтпелі кезеңдегі өнеркәсіп саясаты. Мемлекеттік реттеудің салалық пропорцияларды жетілдірудегі ролі. Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері, нарықтық реттеу әдістері. Қаржылық - өнеркәсіп топтары (ҚӨТ).

ҚӨТ, олардың мәні, Қазақстандағы қалыптасуы мен іс-әрекет ету мәселелері.

Экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту. Қазақстандағы индустриалалдыруды әрі қарай жүргізудің негіздерін қалыптастыру.



4. Ақша және ақша-несие саясаты. Ақша, ақша айналысы, оның мәні, тұрақтандырудың негізгі факторлары. Ақша массасы, оның өсуі. Айналыстағы ақшаның сандық мөлшері. Эмиссия және инфляция, оның мәні, айырмашылықтары мен өзара байланысы, экономикаға ықпалы.

Валюталардың айырбас бағамдары: номиналды және нақты. Айырбас құны және халықаралық сауда, валюталық бағамның өзгеру себептері. Қазақстанның ұлттық валютасын нығайту жолдары, ұлттық валюталық бағамға ықпал етуші факторлар.

Ақша-несие саясаты, оның негізгі міндеттері, құралдары.

Халықаралық ақша-несие саясаты, валюта нарықтары.

Банктер және банк жүйесі. Ақша айналысын реттеу мен инфляцияны тежеуде банктердің атқаратын ролі. Төлем жүйесінің дамуы. Төлемсіздік, оның нысандары, пайда болу себептері, мәселені шешу жолдары.

Коммерциялық және мемлекеттік несиелер, олардың ролі. Лизинг, лизингтік операциялар, лизингтік несие. Несие үшін пайыз мөлшері. Номиналды және нақты пайыз мөлшерлемесі (ставкасы). Несие мен депозиттерге қойылатын пайыз мөлшерлемелерінің арасындағы ара-қатынас және критерийлері, пайыз мөлшерлемесі және инвестицияға сұраныс. Пайыз мөлшерлемесінің инвестициялық белсенділік пен экономикалық өсуге тигізетін ықпалы пайыздың мөлшерлемелер және тәуекелділік, тәуекелділік түрлері, тәуекелділіктерді бағалау.

Жинақ, инвестициялар, қаржы нарықтары. Қаржылық капитал, оның экономиканы инвестициялаудағы ролі. Қаржылық ресурстар. Қаржылық менеджмент, оның ұдайы өндіріс пен қаржылық ресурстарды пайдаланудағы маңызы. Қаржылық менеджменттің экономикалық ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілері.

Құнды қағаздар, олардың түрлері, мәні, мақсаты және экономиканы тұрақтандырудағы ролі. Құнды қағаздың ағымдық құнын анықтайтын факторлар. Құнды қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Құнды қағаздар нарықтары, олардың Қазақстанда дамуы. Құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымы. Қор биржалары: мәні, нысандары және жұмыс істеу қағидалары, Қазақстанда қалыптасу ерекшеліктері.



5. Салық – бюджет саясаты. Бюджет, бюджет деңгейлері, бюджеттік саясаты. Бюджеттің кіріс және шығыс бөлімінің құрылымы. Құрылымды ұтымды ету. Бюджеттің құрылымын жаңарту мәселесі. Бюджет тапшылығы және артықшылығы. Мемлекеттік борышты қамту мәселесі. Бюджеттік үрдіс, оны жетілдіру.

Салық саясаты, салық түрлері, олардың атқаратын міндетті қызметтері, экономиканың дамуын ынталандырудағы рөлі.



6. Инвестициялар және инвестициялық саясат. Инвестициялық үрдістің теориялық сұрақтары. Инвестиция ұғымы. Қарыз алу және инвестициялар. Инвестициялар, қор жинау және экономикалық өсу. Акселерация қағидасы. Мультипликациялық (көбейткіштік) әсер теориясы. Елдегі шетелдік және отандық өндірістік капиталдың үйлесімі.

Дамыған және дамушы елдердің инвестициялық стратегиясы. Жаһандану және инвестиция нарығы. АҚШ пен Жапонияның инвестициялық саясатының ерекшеліктері. Шетел капиталын тартудың латынамерикандық тәжірибесі. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі дағдарысқа дейінгі (1997ж) және дағдарыстан кейінгі инвестициялық саясат.

Қазақстандағы транзиттік экономика жағдайындағы инвестициялар мен инвестициялық климат. Қазақстандық инвестициялық климаттың саяси, құқықтық және экономикалық факторлары. Шетелдік инвесторларға берілетін заңдық кепілдемелер. Арнайы экономикалық аймақтар. Қазақстандағы инвестициялық үрдістің қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы.

Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары. ХВҚ мен донор елдермен ынтымақтастық механизмін жетілдіру. Импортты алмастыру саясаты. Жаңа ұлттандыру (деприватизация) мәселелері. Жаңа ірі өндіріс құрылымдарының дамуын мемлекеттік қолдау. Өндірістік құрылымдардың нарықтық дербес даму көздері: санация, банкроттық, амортизациялық қорлардың құрылуы. Нақты секторға ұзақ мерзімді несие беруді кеңейту. Елден капиталдың кетуін қысқарту.



7. Ғылым және ғылыми-техникалық потенциал. Ғылымның қоғамның дамуында атқаратын ролі мен мәні. Ғылым – техника және технологияның ортақ кеңістігі. Ғылыми-техникалық потенциалдың (қуаттылықтың) мәні. Оның құрамдас бөліктері. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық потенциалы. Республикадағы ғылыми-техникалық потенциалының дамуының аймақтық ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық потенциалды бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері. Ғылыми-техникалық потенциалдың Қазақстан өндіргіш күштері мен Қазақстанның технологиялық ұмтылыс қажеттіліктеріне сәйкестігі. Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат: қағидалары, қалыптасу мен жүзеге асыру әдістері. Ғылыми-техникалық өнімнің анықтамасы мен түрлері.

8. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП). Техникалық дамудың экономикалық теориясы. Ғылыми-техникалық прогресс заңдылықтары. Техникалық-экономикалық дамудың ұзынтолқындық динамикасы. Технологиялық құрылыс туралы ұғым. ҒТП-ның негізгі бағыттары. ҒТП-ы басқару. Ғылыми-техникалық саланы ұйымдастыру мен басқаруға мақсатты бағдарламалық көзқарас. ҒТП-ның дамуын болжау мен ұйымдастыру нысандары.

Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық.

НИОКР (ҒЗТҚЖ) тиімділігін анықтау мен жаңа техниканы игеру. ҒТП және өндірісті технологиялық жаңарту.

Ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру нысандары: еркін экономикалық аймақтар, технополис, технопарктер, инженерлік және т.б. орталықтар.

Инновациялық үрдіс, оның құрылымы. Инновациялық даму бағыттарының қалыптасуы: нарықтық сұраныс пен ұсыныс факторлары. Инновацияларды жедел қабылдау.

Ғылыми-техникалық өнім нарығы, оның ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық қызметті басқару. Ғылым мен техниканың дамуын реттеу механизмдері, ғылым мен инновацияларды ынталандыру мен қолдаудың салықтық және қаржылық құралдары. Ғылыми-техникалық және инновациялық дамуды құқықтық реттеу. Инновациялық жобалардың тиімділігін бағалау.

Ғылыми-техникалық салада жекешелендіру мен коммерцияландыру мәселелері, Қазақстан инновациялық үрдісінде шағын және орта бизнестің дамуы. Инновациялық коммуникациялар жүйесі, оның қазіргі жағдайда дамуы.

9. Экономиканы басқару. Басқару, оның мәні және мазмұны, құрылымы, механизмі, басқару үрдісі. Басқару жүйесінің құрамдас бөліктерінің арасындағы өзара байланыс: құрылым, механизм және басқару үрдісі.

Басқару үрдісі: мазмұны. Экономиканы басқару үрдісі: мәні, мазмұны. Негізгі кезеңдері (типологиясы). Басқару құрылымы: мәні, мазмұны. Экономиканы басқаруды ұйымдастырудың алғы шарттары, басқарудың атқаратын қызметтері, олардың түрлері. Басқару жүйесіндегі өзара байланыс түрлері.

Басқару жүйесінің басты критерийі: бәсекеге қабілеттілік және тиімділік

Нарықтық типтегі басқаруды ұйымдастыру құрылымы (концерндер, холдингтер, көп салалы кешендер, өнеркәсіптік-қаржылық топтар және т.б.). Нарықтық типтегі басқаруды ұйымдастыру құрылымының қалыптасуы алғы шарттары, жұмыс істеу жағдайлары, олардың нарықтық экономиканың қалыптасуында атқаратын ролі.

Басқару әдістері: экономикалық, әміршілдік, әлеуметтік, психологиялық (ұғымы, мәні, мазмұны). Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері. Жаңаша басқарудың ең басты принципалды ережелері

10. Әлеуметтік саясат. Әлеуметтік саясаттың қағидалары мен бағыттары. Әлеуметтік қорғау, мәні, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетудің басым мақсаттары. Ең төменгі тұтыну бюджеті, кедейлік шегі (табалдырығы). Ең төмен әлеуметтік кепілдемелер.

Зейнетақымен қамтамасыз ету, ерікті зейнеткерлік қамсыздандыру. Әлеуметтік сақтандыру. Медициналық қызмет сапасын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесінде жоғары технология жүйесін дамыту

Кіріс саясаты, ең төмен жалақы.

Әлеуметтік саясат, оның құрамдас бөліктері, негізгі даму бағыттары. Тұрғын үй саясаты. Еңбек нарығын дамыту динамикасы мен перспективасына сәйкес келетін білім беру және кәсіби қайта дайындаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат.

Кадрларді дайындау мен білім беру, кадрларді қайта даярлау.

Жұмысбастылық (жұмыспен қамту) саясаты, еңбек ресурстарын пайдалану. Толық жұмысбастылық және жұмыссыздық. Жұмыс орындары мен жұмысшы күшін теңестіру мәселелері. Еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының құқықтық негіздері. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайындағы еңбекақыны реформалау мәселелері.



11. Экономикалық бәсекеге қабілеттілігі. Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық мазмұны, обьекты и факторы. Кәсіпорының және өніміне бәсекеге қабілеттігіне және сапасына әсер ететін факторлар. Кәсіпорынның бәсекелестік стратегия. Өнеркәсіптік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттігіне мемлекеттік саяматтың ынталандыру әсері.

12. Тұрлаулы даму мәселелері. Қоршаған ортаның тұрлаулы дамуы: оның өзара байланысы мен өзара тәуелділігі. Тұрлаулы даму экономикасының қағидалары. Тұрлаулы даму экономикасын басқару жүйесі. Басқару жүйесі. Тұрлаулы даму Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық мазмұны, обьекты и факторы. Кәсіпорының және өніміне бәсекеге қабілеттігіне және сапасына әсер ететін факторлар. Кәсіпорынның бәсекелестік стратегия. Өнеркәсіптік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттігіне мемлекеттік саяматтың ынталандыру әсері.

көрсеткіштері.

Тұрлаулы даму және әділеттілік. Гуманитарлы даму концепциясы. Қайыршылықты азайту, жұмыспен қамту, халықтың денсаулығы, халықтың тұрмыс деңгейінің өндіріс үлгілері мн технологиясына тәуелділігі. Ғылыми-техникалық білімдердің ғылыми-техникалық өнертабыстардың, оларды игеру мен таратудың ұлттық потенциал мен тұрлаулы дамуда атқаратын ролі.

Табиғи ресурстарды сақтау және тұрлаулы пайдалану.

Мемлекеттің қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілігі мен атқаратын ролі. Қоршаған ортаның ластануын қадағалау. Экологиялық стандарттар, реттеу мақсаттары мен басым мақсаттары оларды қамтамасыз етуге жұмсалатын экономикалық және әлеуметтік шығындар. Табиғатты қорғау заңдары. Экологиялық шығындармен экономикалық құрал-жабдықтардың интернационалдануы. Табиғи ортаның нашарлануынан келетін нұқсан түрлері. Экологиялық зардаптарды бағалау. Тұрлаулы даму концепциясын жүзеге асыру механизмі. Қоршаған ортаның дағдарысқа ұшырауымен күрес пен табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың экономикалық құралдары. Экологиялық саясатты қаржыландыру. Табиғатты қорғау мекемелері. Қоршаған ортаны қорғау және ақпарат. Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуде ақпараттың атқаратын ролі.

Жердің экожүйесінің тұтастығы мен салауатты күйін сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында мемлекеттер әріптестігі.

08.00.05 - «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша

Қосымша бағдарлама

1. Нарықтық трансформацияның (өзгерістердің) теориялық мәселелері. Қоғамдық даму парадигмалары. Мәселенің қойылуы. Руссоның «халық егемендігі» және Монтескьенің «табиғи құқықтар» модельдері. «Түнгі қарауыл» мемлекеті концепциясы. «жалпы береке» мемлекеті теориясы. Капиталистік жүйенің ауысуы. Социалистік жүйенің ауысуы. әлеуметтік нарықтық экономика концепциясы.

Вашингтон және пост–Вашингтон консенсустары доктринасы. Вашингтон консенсусының мәні. Шошыну (шоковая) терапия көзқарасы. Вашингтон консенсусы доктринасының негізі. Пост-Вашингтон консенсусының формуласы.

Қазақстандық әлеуметтік-экономикалық консенсусының сипаты. ҚР ұлттық мүдделері. Монетаризм нақты іс-қимылдар теориясы мен жүйесі ретінде Неокейнсшілдердің ұстанымы. Тиімді нарықтық институттарды қалыптасуы. Саясат және мемлекет.

2. Қазақстанның қаржы саласындағы сыртқы саясаты. Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық. Қаржы саласындағы халықаралық әріптестіктің қажеттілігі. Жаһандандырудың жағымды және жағымсыз жақтары. ҚР-ның ХВҚ-мен ынтымақтастығы. ҚР-ның Әлемдік банкпен ынтымақтастығы. ҚР-ның ЕБРР мен ынтымақтастығы. ҚР-ның донор елдерімен байланыстарының дамуы.

Сыртқы борыш. Сырқы борыштың көлемі мен құрылымы. Сыртқы борышты өтеудің қайнар көздері. Еуробондтар эмиссиясы.

Сырттан қарыз алу саясаты. Несиелерді пайдалану мақсаты. Маршалл жоспары және оны қазіргі заманғы сауықтыру мүмкіндіктері. Бродди жоспары және «борыштық қалқа» презумпциясы.

3. Валюта курсы саясаты. Валюталық бағам теориясы. «Валюталық бағам» ұғымы. Алтын стандарты. Алтын-девиздік стандартты. Алтын-долларлық стандарт. Валюталық бағамның атқаратын ролі. Девальвация. Инфляция. Девальвация мен инфляцияның өзара байланысы. 90-жылдардың соңындағы девальвация және қаржы дағдарысы. Валюта курсының қалыптасу заңдылықтары.

Қазақстан жағдайында жүргізілетін валюталық бағам саясаты. ҚР-да ұлттық валютаны енгізу. 1999 жылы сырғымалы теңге курсын енгізумен оның Қазақстан экономикасына ықпалы.



4. Елдің экономикалық қауіпсіздігі мәселелері. Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық үлгісі. «Ұлттық экономикалық қауіпсіздік» ұғымының мазмұны. Сыртқы және ішкі экономикалық қауіп-қатер. Экономикалық қауіпсіздік критерийлері. Елдің халық шаруашылығында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәнісі. Экономикалық қауіпсіздік және елдің экономикалық тәуелсіздігі. Сыртқы экономикалық қатынастар үлгісі.

Қаржылық-қылмыс қауіпі. Қаржы-экономика жүйесіндегі қылмыс ерекшеліктері. Қылмыс түрлері: жекешелендіруде қызмет бабын пайдаланушылық, банк мекемелеріне қарсы қылмыстар, «қаржылық пирамидалар», сақтандыру алаяқтығы, құнды қағаздармен жасалатын айлалар, қасақана банкротқа ұшырау, мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық, салық төлеуден жалтару лас капиталды қылмысты шетке шығару және «шаю».

Салық төлеуден жалтару мәселелері. Салық төлеуден жалтарудың масштабтары мен әлеуметтік-экономикалық зардаптары. Салық төлеуден жалтару әдістері және оларды әшкерелеу: қолма-қол ақшаға айналдыру, фирмалардың атауын өзгерту, бағаларды әдейі өзгерту, шығындарды негізсіз есептеу, оффшорлық механизмдерді қолдану және т.б.

5. Елден капиталдың кету мәселелері. Капиталды заңсыз шетке шығару әдістері. Экспорттық валюталық түсімнің елге қайтпауы, тауар айырбасы барысында бағаларды әдейі өзгерту, оффшорлық компанияларды құру, экспортқа шығарғанда бағаны төмендету мен импортта бағаны көтеру және т.б.

Капиталдардың кетуіне экономикалық баға беру: шетке шығару масштабтары, кету себептері.

Ақшаны басқа жаққа аудару (шаю) мәселесі, ұғымы мәні. Ақшаны басқа жаққа аудару кезеңдері. Ақшаны басқа жаққа аудару тәсілдері. «лас» ақшаны басқа жаққа аударумен күрес және оны ҚР-дағы соңғы заң актілері тұрғысынан бағалау.

Оффшорлық бизнес «лас ақшаны» басқа жаққа аудару мен салық төлеуден жалтару тәсілі ретінде. Салық салу деңгейі бойынша елдерді жіктеу. «Салық айлағы», «оффшорлық аймақ» және «оффшорлық компаниялар» ұғымы. Оффшорлық аймақтарда фирмаларды ашумен іс-әрекет ету шарттары.

Валюта ресурстарын рұқсатсыз шетке шығарудың алдын алу: отандық экономикада қолайлы инвестициялық климат орнату, валюталық бақылауды қатайту, трансферттік бағалар деңгейін қадағалау.

6. Халықтың табыстары (кіріс), шығыстары және тұтынымы заңдылықтары. Халықтың табысы. Әл-ауқаттың негізгі көрсеткіштері. Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ, айлық орташа жалақы және оның сатып алу қабілеттілігі. Жалақы халық табысының негізгі бөлігі (аймақтық және салалық аспектілері). Халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы.

Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету. Қазақстандағы зейнетақы реформасы: бірлескен және қор жүйелері. Зейнетақы қорын жинау – елдің аса маңызды инвестиция көзі. Инвестициялардың негізгі бағыттары. Халықтың жинағы.

Халықтың шығыстары. Тұтыну шығындарының құрылымы. Халықтың тұтынуында қалыптасқан теріс заңдылықтар. Халықтың төлемқабілеті сұранысының төмендеуі.

7. Кедейлік пен жұмыссыздық мәселелері. Кедейлік. Қоғамдағы кедейлік анықтамасының негізгі критерийлері: инфляция, жұмыссыздық, ең аз кепілдемелердің төмен деңгейі (өмір сүру минимумы, ең төмен жалақы, ең төмен зейнетақы), білім беру, денсаулық сақтау саласындағы тегін көрсетілетін қызметтердің қысқаруы және т.б. Өтпелі қоғамда кейделік шектерінің ұлғаюы.

Инфляция: масштабтары мен зардаптары. Халық табысының қалыптасқан аражігі мен қарама-қайшылықтары. Джинни коэффициенті. Кедейлікпен күрес бағдарламасы. Микронесиелеу бағдарламасы. Қаржыландыру көздері.

Жұмыссыздық: масштабтары мен зардаптары. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау. Жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру көздері мен жаңа жұмыс орындарын құру.

8. Халықтың еңбекке жарамсыз және әлсіз топтарын әлеуметтік қорғаудың қаржылық механизмі. Әлеуметтік қорғау. Төлемдердің әлеуметтік қорларға аударылуы және бірыңғай әлеуметтік салық. Мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік сақтандыру іс-тәжірибесінің доғарылуы. Әлеуметтік зейнетақының қамқоршыдан айырылу, жасына, мүгедектігіне байланысты, тұрмыс жағдайы балалы жанұяларға әлеуметтік жәрдемақымен ауыстырылуы. Жәрдемақы мөлшері және оны қаржыландыру көздері.

Тұрғын үй жәрдемақысы: төлеу шарттары мен қаржыландыру көздері. Өмір сүру минимумы. ҚР-ның Өмір сүру минимумы туралы Заңы. Өмір сүру минимумының шамасы. Кедейлік шегі мемлекет тарапынан көмек көрсетудің басты критерийі.

Әлеуметтік саладағы сақтандыру жүйесінің дамуы: өмірді сақтандыру, тым ұзақ өмір сүру қауіпінен сақтандыру, мүгедектік пен қамқоршыдан айырылудан сақтандыру.

9. Білім беру мен денсаулық сақтауды дамытудың қаржылық-экономикалық мәселелері. Медициналық қызмет көрсету нарығының дамуы (реформалау). Медициналық сақтандырудың халықаралық және республикалық іс- тәжірибесі. Медициналық сақтандару жүйесі қызметінің ерекшеліктері. Денсаулық сақтау мекемелерін мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру. Медициналық қызмет ақысын төлеу орталығы. Емдеу – залалсыздандыру мекемелері жүйесін тиімді ұйымдастыру. Азаматтарға тегін медициналық қызмет көрсету бойынша берілетін мемлекеттік кепілдіктер мен қаржыландыру арасында қалыптасқан алшақтық. Денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған ақша қаражаттары қаржылық ағымдарының кескіні.

Қазақстанда денсаулық сақтауды коммерцияландыру және оның салдары. Дамыған елдерде қаржыландыру тәжірибесі. Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың маңызды потенциалды көздері; бюджеттік қаражаттар, жұмыс берушілердің аударымдары және көрсетілген қызмет үшін пациенттер тікелей төлетін ақы.



Білім беруді қаржыландыру. Жекешелендіру мен акционерлік қоғамдарға түрлендіру арқылы ақылы білім беруді кеңейту мен мемлекеттік жоғарғы оқу орындардың санын қысқартуға бағытталған үкімет курсы. Орта кәсіптік білім беруді нормативті қаржыландыру, жоғарғы білім беруді гранттар мен несие бойынша қаржыландыру. Білім беру объектілерін емес субъектілерін қаржыландыру. Бюджеттен тыс қаржыладыру көздерін ұлғайту білім беру саласының қаржылық мүмкіншіліктерін кеңейтудің негізгі бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет