Әдістемелік ұсыныстар
титул парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/40
|
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
«Педагогика тарихы» пәні бойынша
050103 - педагогика және психология
мамандығының студенттеріне арналған
Пәнді оқыту бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ
Павлодар
Курс компоненттері
Кіріспе: «Педагогика тарихы» курсы пәні және міндеттері.
«Педагогика тарихы» ғылым ретінде. Педагогика тарихының пәні және мәндеттері. Педагогика тарихының әдіснамалық негізі. Педагогика тарихының философиямен, мәдениет тарихымен, азаматтық тарихпен, әлеуметтанумен, мәдениеттанумен, әдебиетпен және басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихындағы тарихи-педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері және педагогика тарихына қатысты дерек көздері.
1 тақырып. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы. Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы. Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы. Жанұяның пайда болуы. Жанұядағы бала тәрбиесі. Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
2 тақырып. Ежелгі мектеп пен тәрбие. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу. Ежелгі Египет мектебі. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы. Жерорта теңізіндегі Антикалық әлем тәрбиесі мен мектеп. Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие. Эллин дәуіріндегі тәрбие мен білім беру. Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
3 тақырып. Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар. Византиядағы мектеп пен тәрбие. Тәрбие мен білім беру жүйесі. Византиядағы педагогикалық ойлар. Ортағасырлық Шығыстағы мектеп пен тәрбие. Ортағасырлық Үнді және Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту. Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
4 тақырып. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (XYII ғасырдың ортасы – XYIII ғасырдың аяғы). Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар. XYII–XYIII ғасырлардағы ағарту ісі жайлы педагогикалық ойлар. Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары.Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу – ағарту мекемелерінің жаңа типтері.
Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. Дж.Локк және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарастары. К.А.Гельвецийдің педагогикалық мұрасы. Мектептік білімнің даму тенденциялары және оқу мекемелерінің жаңа түрлері (типтері). (Педагог– филантроптардың оқу – тәрбие мекемелері).
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
5 тақырып. Батыс Европа елдеріндегі XIX –XX ғасырлардағы мектеп пен тәрбие. Жалпы көзқарас. Философиядағы педагогикалық ойлар. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары. XIX ғасырдың педагогика классиктері. И.Г.Песталоццидің, Ф.А.Вильгельм Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі. Қазіргі шетелдік мектеп және педагогика. Педагогикалық ойлардың дамуының негізгі бағыттары. Оқу мен тәрбиелеудің мектептегі тәжірибесі. Оқу мен тәрбие жүйесін реформалау.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
6 тақырып. X – XYII ғасырлардағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру. Ағарту ісінің дамуының бастау алуы. Ресейде христиандықты қабылдау және мектептер дамуының басталуы. Шіркеулік – діни педагогика. Баланың жанұядағы тәрбиесі. Оқытудың типтері. Оқытудың типтері. Өсиет (жанұялық тәрбие бойынша нұсқаулар). Туысқандық мектептер, академиялар.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
7 тақырып. XYIII ғасырлардағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика. Халықтық педагогика құралдары. Білім беру және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі. Тұңғыш мемлекеттік тәрбие – білім мекемелері. Халықтық тәрбие және халықтық мектеп.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
8 тақырып. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу. Оқу –тәрбие мекемелері. Педагогикалық теориялар және оларды білім, тәрбие беру тәжірибесінде жүзеге асыру. К.Д.Ушинский – ғылыми педагогиканың негізін салушы. Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары. П.Ф.Лесгафтың антропологиялық принципі.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
9 тақырып. Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы. С.Т.Шацкий, П.П.Блонскийдің педагогикалық көзқарастары. А.С.Макаренконың тәрбие жүйесі және педагогикалық қызметі. В.А.Сухомлинскийдің тәрбиені гуманистік тұрғыдан қарауы. Халық ағарту комиссариатының алғашқы тәжірибе мектептері.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
10 тақырып. Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогика. Ғылым мен гуманизм – үшінші мыңжылдықтың әлемаралық құндылығы. Қазіргі педагогикалық технологиялар – объективтік қажеттілік. Педагогикалық технологияларға шолу. Тұлғаға бағдарланған технологиялар. Негізгі тұжырымдамалық идеялар. Ынтамақтастық педагогикасы. Ш.А.Амонашвилидің гумандық – тұлғалық технологиясы. Орта және жоғары мектептің даму тенденциялары. Қазіргі жағдайда үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесін дамыту мәселелерінің сипаты.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
11 тақырып. Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (YI – XY ғғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер. Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы. Қоғамдық процестің (ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, әл–Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары) пайда болуының бастапқы кезеңдері мен қайнар көзі. Қазақ халық педагогикасы. Ислам. Мұсылмандық мектептер мен медреселер. Мұсылмандық мектептер мен медреселердегі білім беру мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар. Ұлы Дала ойшыларының педагогикалық ой – пікірлері (Қорқыт – Ата, Қ.А.Иассауи).
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
12 тақырып. XY ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер. Қазақ жырауларының (Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұхар жырау) жырларының тәрбиелік- қолданбалы және идеялық – эстетикалық мәні. Орыс емес халықтардың ағарту ісіндегі патша саясаты. Алғашқы орыс – ұлттық мектептер.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
13 тақырып. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер. Мұсылдмандық мектептерді реформалау. Жаңа әдістік мектептер мен медреселер. Ш.Ш.Уәлихановтың көзқарасындағы білім беру, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой – пікірлері. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
14 тақырып. Қазақстандағы мектеп мен педагогика (20-30 жж.). ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық–педагогикалық қозғалыс. Ұлттық мәдениет және ана тілде оқытатын мектептер ашу туралы ойлар. Білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін баспасөз беттерінде талқылау. Этнопедагогика және этнопсихология мәселелерін қарастыру.
А.Байтұрсыновтың қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми – педагогикалық қызметі. Ана тілде оқытатын бастауыш мектептер туралы идеялар. Оқыту мәселелері, ұлттық рухани мәдениет және мектеп қажеттері.
М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Тәрбие мақсаты, тәрбие процесінің құрылымын жасау, тәрбиенің негізгі бағыттарын анықтау, педагогика пәнін және оның негізгі категорияларын қалыптастыру. Тәрбиені гумандандыру идеясы және гуманды тұлғаны қалыптастыру. Дене тәрбиесі мәселелері.
Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс–әрекеттері. Ж.Аймауытовтың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық тәрбие және кәсіби білім беру, бастауыш мектептер үшін оқу пәндерін таңдап алу, оқушыларды артық жүктемеден арылту мәселелері. Негізгі педагогикалық түсініктер мен дидактикалық категориялар, әдеттер мен дағдылардың мәнез–құлықтың қалыптасуына әсері, оқушылардың ойын, санасын және қабілеттерін дамыту. Интернационалдық тәрбие мәселелері.
С.Көбеевтің педагогикалық мұрасы. Отбасындағы бала тәрбиесі. Білім беру мен тәрбиелеу процесіндегі практикалық дағдылар, балалардың оқуға қызығушылығын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі мәселелері.
Н.Құлжанованың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінің мақсаты мен мазмұны, балалардың жас ерекшелігін ескеру. Тәрбиенің табиғилық принципін, көзқарасын қалыптастыру. Мінез – құлықтың, ақыл–ой, эстетикалық, еңбек тәрбиесі, рухани және дене тазалығы. Тәрбие әдістерін жасау.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
15 тақырып. XX ғасырлардың 40-60 жылдарында Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.
Р.Г.Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері. Р.Г.Лембергтің дидактикалық мұрасындағы білім берудің мазмұны, сабақ құрылымы мәселелері. Р.Г.Лемберг еңбектеріндегі оқыту әдістері, оқушылардың өзбетіндік – танымдық оқу іс–әрекеті және педагогика тарихы мәселелері.
Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарасы мен идеялары. Ауыл балаларының тәрбиесі туралы. Халықтық педагогика негіздерін қолдану. Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеуді психологиялық тұрғыдан қарау. Дене тәрбиесінің негіздері. Саналы тәртіпті тәрбиелеу, оқушылардың өзін–өзі басқару мәселесі. Тәрбие әдістері мен құралдары. Тұтас педагогикалық процесс жайлы идеялар. Оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың білімін есепке алу және бағалау, дидактикалық принциптер мәселелері. Тұрақты оқулықтар жасау жөніндегі идеялар. Эстетикалық тәрбие мәселелері. Педагогика тарихы мәселелерін оқу.
Қ.Бержановтың педагогикалық мұрасы. Қазақ ұлттық мектептерінің даму тарихы, осы дамудағы қазақ және орыс мұғалімдердің ынтымақтастығы. XX ғасырдың басындағы қазақ педагогикасы және оның дамуына орыс педагогикалық ғылымының ықпалы.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
16 тақырып. Егеменді Қазақстандағы мектеп және педагогика (1992 жылдан қазіргі күнге дейін). Бастауыш, орта және жоғары мектептің даму тенденциялары. Қазіргі оқу-тәрбие орындары. Қазақстан Республикасы Конституциясының білім беру жөніндегі аспектәлері, Қазақстан Республикасының Білім Заңы, Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру Заңы, білім берудің мемлекеттік стандарттары. Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары және оларды топтау. Тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары. Мұғалімдер даярлаудағы өзгермелі әлем жағдайында үздіксіз білім беруді дамытудың ұлттық жүйесін жасау мәселелерінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметі.
Тапсырманын мақсаты мен мазмұны
1. Тақырып бойынша глоссарий жазу.
2. Терминологиялық сөздік жазу.
Тәжірибелік сабақтарының мазмұны
1 тақырып. Педагогика тарихы пәні және міндеттері.
Жоспар
1. Педагогика тарихы ғылым ретінде.
2. Педагогика тарихының пәні және міндеттері.
3. Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері.
2 тақырып. Ежелгі дәуірдегі мектеп пен тәрбие.
Жоспар
1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту.
2. Месопотамиядағы мектеп және тәрбие процесі.
3. Ежелгі Египеттегі мектеп.
4. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы.
3 тақырып. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы.
Жоспар
1. Я.А.Коменскийдің көзқарастарына жалпы сипаттама.
2. Ұлы чех педагогының негізгі педагогикалық идеялары (табиғатқа сәйкестілік принципі, демократиялық және гуманистік идеялары, мектептің ана тілінде болуы).
3. «Ұлы дидактика» еңбегін талдау.
4. Я.А.Коменскийдің идеяларының мектеп пен педагогиканың дамуындағы маңызы.
4 тақырып. Джон Локктың педагогикалық көзқарасы және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық теориясы.
Жоспар
1. Джон Локктың педагогикалық теориясының негізгі ерекшеліктері.
2. «Тәрбие жөніндегі ойлар» еңбегінің негізгі идеялары.
3. Ағылшын –философ – педагогының дене және адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен құралдары.
4. Ж.Ж.Руссоның педагогикалық теориясы.
5. Ж.Ж.Русо бойынша жас кезеңдері олардың әрқайсысындағы тәрбиенің ерекшеліктері.
6. Ж.Ж.Руссоның табиғи және еркін тәрбие теориясының мәні.
5 тақырып. Француз философ – материалистері К.А.Гельвеций және Д.Дидроның педагогикалық идеялары.
Жоспар
1. К.А.Гальвеций мен Д.Дидроның адам тұлғасы және тәрбиесінің мәніне көзқарастары.
2. К.А.Гальвецийдің негізгі педагогикалық идеялары.
3. Д.Дидроның педагогикалық көзқарастарына сипаттама.
4. Француз материалистерінің ағартушылық идеяларының маңызы.
6 тақырып. Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметі.
Жоспар
1. Н.И.Пирогов бойынша жалпы адамзаттық тәрбиесінің мәні.
2. Н.И.Пирогов бойынша халықтық тәрбие жүйесі.
3. Мұғалім үшін оқытудың ережелері.
4. Тәрбиенің мәні, мақсаты және принциптері туралы түсінік.
7 тақырып. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық қызметі мен мұрасы.
Жоспар
1. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық қызметі.
2. К.Д.Ушинский жеке тұлғаны қалыптастыру факторы ретінде еңбек тәрбиелік мәні туралы.
3. Оқытудың дидактикалық негіздері.
4. К.Д.Ушинский мұғалім және оның дайындығы туралы.
8 тақырып. Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарастары.
Жоспар
1. Л.Н.Толстойдың халыққа білім беру, тәрбие және мектепке көзқарасы.
2. Ясная Поляна мектебінің ерекшеліктері.
3. Л.Н.Толстойдың бастауыш оқыту және халық мектебі теориясын дамытудағы педагогикалық еңбектерінің маңызы.
9 тақырып. А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық ойлары және қызметі.
Жоспар
1. А.С.Макаренконың педагогикалық қызметі.
2. Ұжым – тәрбиенің негізгі факторы.
3. ХХ ғ. ортасындағы ұлы педагогтың теориясы мен тәжірибесіндегі еңбек тәрбиесі.
4. А.С.Макаренконың идеяларын қазіргі мектепте қолдану.
5. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық көзқарастарының негізгі қағидалары.
6. В.А.Сухомлинский жеке тұлғаны және ұжымдық қалыптастыруда өзін-өзі тәрбиелеудің ролі.
10 тақырып. Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
Жоспар
1. Ы.Алтынсариннің негізгі педагогикалық идеялары.
2. Оқытудың дидактикалық негіздері.
3. Ы.Алтынсарин мұғалім және оның дайындығы туралы.
4. Қазақ халқының ұлы педагогының педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесі.
11 тақырып. А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі.
Жоспар
1. А.Байтұрсыновтың қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми – педагогикалық қызметі.
2. А.Байтұрсынов бастауыш мектептің типтері туралы. Ана тілінде оқыту туралы.
3. А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары.
12 тақырып. М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі.
Жоспар
1. М.Жұмабаевтың тәрбие мақсаты және тәрбие процесінің құрылымы туралы.
2. М.Жұмабаевтың көзқарастарындағы халықтық принциптер.
3. Педагогика пәнінің құрылымы және оның негізгі категориялары (ұғымдары).
13 тақырып. Р.Г.Лембергтің педагогикалық ойлары және қызметі.
Жоспар
1. Р.Г.Лембергтің педагогикалық қызметі.
2. «Дидактикалық очерктер» еңбегінің дидактикалық идеялары.
3. Р.Г.Лембергтің жұмысындағы педагогика тарихы мәселелері.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Білім беру мәселелеріне қатысты құжаттар
-
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы. Алматы, 1999.
-
Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1995.
-
Қазақстан Республикасы Жалпы Орта білім берудің Мемлекеттік Жалпыға міндетті стандарттары. Алматы,2002.
-
Қазақстан Республикасы білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасы. 2001.
-
Бала құқығы туралы Конвенция. Алматы,2000.
-
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Алматы, 1995.
-
Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.Алматы,1994.
-
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы. Алматы,2000.
-
Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 1998.
-
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана,2003.
Педагогика бойынша
-
Ақынжанова М. Қазақ ағартушылары. Алматы,1995.
-
Әсіпов С.Ы. Ы.Алтынсарин – ұлы ағартушы. Алматы, 1989.
-
Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы,2006.
-
Әлсатов Т. Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. Тараз.1999.
-
Бержанов Қ.,Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы,1984.
-
Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы,1995.
-
Джуринский А.Н. История зарубежной педагогики. Москва,1998.
-
Джуринский А.Н. история педагогики. Москва, 1999.
-
Коменский Я.А. Ұлы дидактика (аударған Ә.Қоныратбаев). Алматы,1993.
-
Қалиев С. Ы.Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұрасы. Алматы,1991.
-
Из истории школьного образования Казахстана. Алматы,2002.
-
Латышина Д.И. История педагогики. (История образования и педагогической мысли). Москва,2006.
-
Очерки истории школы и педагогические мысли народов СССР с древнейших времен до конца XYII веке. М.,1989.
-
Титов В.А. История педагогики. Конспект лекций. Москва,2003.
-
Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. 1 Том. Алматы,2005.
-
Өсеров Н., Естаев Ж. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. Алматы,1992.
-
Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары. Алматы,1964.
-
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, 1995.
-
Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан. Алматы, 1992.
-
Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. 7 Том. Алматы,2004.
Достарыңызбен бөлісу: |