Лекция 9. Тәрбиенің формалары мен құралдары
Жоспары:
1.ТПҮ-нің қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік.
2.Тәрбие құралдарын, формаларын және әдістерін анықтаудағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
1.Педагогика. Оқулық / К.Ж.Бузаубакова. –Тараз:ИП “Бейсенбекова А.Ж.”, 2019.
2.Педагогика. Оқулық/ Ш.Т.Таубаева, С.Т.Иманбаева, А.Е.Берикханова. –Алматы: 2017.
3.Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005.
4.Әбенбаев С., Әбиев Ж. ІІедагогика. Оқу кұралы. - Астана: Фолиант, 2009. .
5.Бабаев С.Б., Оналбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. - Алматы: 2011
Тәрбие – оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. «Тәрбие жұмысының формасы» тәрбиеленушілердің нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің құрылымын, оның мазмұнын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын анықтайды.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Тәрбие жұмыстарының мазмұны тәрбиеленушілердің теориялық білімін кеңейте түсуге лайықталып, олардың жеке қабілетін дамытатындай болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы тәрбиешінің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, тұлғалық-бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысы оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді.
Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс тәрбие заңдылығы деп аталады. Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Педагогикалық құбылыстар деп - тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында, жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес іс, түрлі жағдайларды айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |