Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері Даниярова Алтынай тл-21-1



Дата21.11.2022
өлшемі1.81 Mb.
#465305
қылмыстық құқық


Қазақстан Республикасының
қылмыстық құқық негіздері
Даниярова Алтынай
ТЛ-21-1
Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын - заң нормаларының жиынтығынан тұратын, құқық саласы.
Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқығының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқық - қылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау қылмыстық құқықтың міндетіне жатады
Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады.
Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады:

Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады.
Олар:
  • қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану;
  • қылмыстық жауаптылықтан босату;
  • мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім.
Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.
Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) — мемлекет органдары және азаматтар.
Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады.
Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін.
ҚР Қылмыстық құқығында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады.
Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі — 1997 жылы қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституциялық Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады. Кейбір елдерде қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық жауаптылықты белгілейтін өзге де заңдар Қылмыстық құқық көзі болып табылады. Ағылшын-саксон елдерінің Қылмыстық құқық жүйесінде соттың айрықша шешімдері де Қылмыстық құқық көздері деп танылады. Бірқатар мұсылман елдерінде шариат нормалары Қылмыстық құқықтың аса маңызды көзі болып саналады.
Қылмыстық құқық принциптері
Жаңа қылмыстық заңнамада өзінің қолданысын тауып, құқықты қолдану практикасында жүзеге асуға тиіс Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының приниптері.
Ең бірінші кезекте, бұл — заңдылық принципі.
Қылмыстық құқықтың келесі принципі азаматтардың заң мен соттың алдындағы теңдік принципі болып табылады.
Қылмыстық, құқықтың барынша маңызды принципі кінәлі жауапкершілік принципі болып табылады.
Кінәлі жауапкершілік принципінен жеке жауапкершілік принципі тікелей пайда болады.
Қылмыстық құқықтың негіз салушы принциптерінің бірі сапасында әділеттілік припципі бөлініп шығады.
Конституциядан қылмыстық құқық. принциптерінің тағы біреуі тікелей бөлініп шығады. Бұл — гуманизм принципі.
Гуманизм принципіне барынша тығыз жанасқанымен, бірақ онымен толық қамтылмайтыны қылмыстық жазалауды үнемдеу принципі.
Қылмыстық жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы туралы қылмыстық құқық принципі жеке назар салуға тұрарлық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет