Адасқан құмырсқа Баяғыда бір құмырсқа ???? өзінің бауырларына өкпелеп,илеуден кетіп қалады да,ара мен қоңызға барып,солармен достасыпты. Бірде құмырсқа ???? азық іздеп,ұзақ шарлап жүріп бір үлкен дән тауып алыпты



Дата01.06.2024
өлшемі14.92 Kb.
#502193
Ертегі


Адасқан құмырсқа
Баяғыда бір құмырсқа 🐜 өзінің бауырларына өкпелеп ,илеуден кетіп қалады да,ара мен қоңызға барып,солармен достасыпты.
Бірде құмырсқа 🐜 азық іздеп,ұзақ шарлап жүріп бір үлкен дән тауып алыпты.Оны өзімен алып кетпекші болып,сүйреуге, көтеруге қанша тырысса да дәнді🌽 орнынан қозғалта алмапты.Ақыры құмырсқа🐜 өзінің жаңа достарын көмекке шақырмақ болып шешіпті.
Әуелі бал 🍯 жинап жүрген араны🐝 кездестіріп,былай деп өтініпті:
- Достым,маған көмектесші,жалғыз өзімнің шамам жетер емес.
Сонда ара досы:
- Көріп тұрған жоқсың ба?!Мен де жұмыс істеп жүрмін,- деп әрмен қарай ұша жөнеліпті.
Құмырсқа 🐜 енді қоңызға барады.
- Мен сен үшін мына жұмысымды тастап кете алмаймын,- деп жауап берген қоңыз да қиын домалатып жөніне кетіпті.
Достарының қылығына өкпелеген құмырсқа 🐜 үйіне қарай кетіп бара жатып,жолда өзінің бауырларын кездестіріпті.Мұның мұңайған жүзін көріп құмырсқалар: « Саған не болды?Неге көңілсізсің?»- деп сұрайды.Құмырсқа оларға басынан
Кешкендерінің бәрін айтып беріпті.Бауырластары оған дәнді🌽 жеткізуге көмектесіпті.Өкпелеп кеткен құмырсқа 🐜өзінің илеуіне оралып-
ты. «Адасқанның айыбы жоқ,қайта үйірін тапқан соң»- деген осы екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет