Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында 2019 жылы 1 қыркүйек Білім күніне арналған



Дата16.01.2020
өлшемі71.26 Kb.
#447834
1 қыркүйек



Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында

2019 жылы 1 қыркүйек Білім күніне арналған

«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» мерекесін және

азаматтық және патриоттық Сабағын өткізу

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1-қыркүйек - дәстүрлі Білім күні мерекесі, оның мақсаты өскелең ұрпақтың білімгеқұштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру болып табылады.

Жаңа оқы жылы атаулы оқиғаларға толы болады:

- 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы, ТМД-да – Кітап жылы деп жарияланды.

- 2020 жыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл.

Келер жылы біздің елде Еріктілер жылы, ТМД-да – 1941-1945 жж. ҰлыОтан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтеді.

Білім Күні мерекесі – патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылындағы бірінші тәрбиелік іс-шара. Бірінші класс оқушылары және олардың ата-аналары үшін – бұл алғашқы қоңырау мерекесі.

Кітап оқу мектеп оқушылары үшін алғышартты мақсат болуы тиіс. Жаңа оқу жылында кітаптың мәртебесін көтеру және кітап оқуды қолдау мақсатында білім алушылардың арасында «оқу сәнін» қалыптастыру бағытында оқу сағаттары дәстүрлі болуы тиіс, кітаппен алмасу үшін арнайы – буккросинг орындарын ұйымдастыру, кітапқа деген ортақ қызығушылық негізінде оқушылар мен ересектердің (кітапханашы, мұғалім, ата-аналар және білім алушылар) бірлескен іс-әрекеттерін, бастауыш кластардың кабинеттерінде шағын кітапханалар ұйымдастыру қажет.

Білім күні мектеп оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдердің арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық жағымды бейнеролик орналастыру бойынша «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты республикалық интернет-науқан өтеді.

Бейнероликті орналастыру күні: 1 қыркүйек 2019 жыл. Әлеуметтік желілерде орналастырууақыты:17.00-21.00. Ең жақсы бейнероликтер ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтетін жалпы мектептікіс-шараларда аталады. Өңірдің 10 үздік бейнеролигі тарату үшін ҚР БҒМ жіберіледі.

Бейнероликтер үшін ұсынылатын тақырыптар:

- барлығы үшін «Менің мектебім - супер мектеп!», «Мектеп туралы әзілмен және байыпты», «Сәлеметсіз бе, жаңа оқу жылы», «Маған менің мектеп формам ұнайды!»;

- бірінші класс оқушыларына «Менің мектептегі бірінші күнім», «Менің алғашқы мектеп қоңырауым»;

- 2-4 класс оқушылары үшін «Менің жазғы жарқын оқиғам (кластастары үшін оқиға)»;

- 5-8 класс оқушылары үшін «Менің саяхатым (кластастары үшін оқиға)»;

- 9-11 класс оқушылары үшін «Менің есейген кластастарым», «Менің ойларым, армандарым, күтулерім», «Болашақ мамандықты таңдау алдында»;

- бірінші класс оқушыларының ата-аналары үшін «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Жаңа жол - өмірдің жаңа кезеңі»;

- ата-аналар үшін «Біздің мектепке барар қауіпсіз жолымыз», «Мен, менің отбасым, менің мектебім»;

- бірінші класс оқушыларының ата-әжелері үшін «Немереммен - бірінші класқа!»;

- класс жетекшілері үшін «Жаңа оқу жылымен, менің сүйікті сыныбым!».

- мұғалімдері үшін «Ашық мектеп»; «Мен және менің оқушыларым».
Білім күні «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ».

1-қыркүйек күні білім беру ұйымдарында Білім Күніне арналған дәстүрлі саптүзеулер өтеді.

Салтанатты саптүзеулер және бірінші сабақтар білімнің маңыздылығын және адам өміріндегі ролін көрсететін, мектептегі «жаңа оқу жылын» ашуға арналған әсерге толы іс-шара болып табылады.

Педагог балаларға жазғы демалыстан оқуға бірқалыпты өтулеріне көмектеседі.

Іс-шараларды дайындау кезінде педагогтың нақты мазмұнын, нысанын, әдістемелік шешімін дербес таңдауына басымдық беріледі. Білім күні іс-шараларын өткізудің дәстүрлі және жаңа формаларын қолдану ұсынылады.

Білім алушылармен жұмыс істеу формалары мен құралдары әртүрлі болуы тиіс, ең бастысы олар қызықты болуы, азаматтылық пен патриотизмді, туған өлкесінің, өңірдің, елдің табиғи және тарихи-мәдени мұрасына ұқыпты қарауды қалыптастыруға ықпал етуі, білім алушылардың жасына сәйкес келуі тиісті.

Іс-шараны білім алушылардың жас ерекшелігіне және олардың дайындық деңгейіне, мектептің ерекшелігіне, әлеуметтік-мәдени кеңістіктің контекстіне, педагогтың дайындық деңгейіне қарай дайындалады.

Іс-шаралар оқушыларды түрлі қызмет түрлеріне: танымдық, ойын, көркем-шығармашылық, проблемалық-құндылық қарым-қатынас, еңбек, спорттық-сауықтыру, әлеуметтік шығармашылыққосуды қарастырады.

Білім күні оқушылар үшін жаңа формаларды пайдалана отырып, түрлі танымдық және тақырыптық тәрбиелік іс-шараларды ұсынамыз:

1-4 кластар үшін ұсынылатын шаралар:жаңа оқу жылына жоспарланған волонтерлік "Отанға қызмет ету",«Мен керемет топтың құрамдасымын» атты игі істердің презентациясы;«Менің жазымымның бір күні» суреттерінің, альбомдарының конкурсы; «Туыстар арасындағы жаз» атты достар, туыстар, көршілер суреттерінің көрмесі; «Мектеп – толық өмір» атты ата-аналардың, мектеп түлектері мен мұғалімдерің мектептегі өмірі туралы фильмдер мен бейне материалдар көрсету;

5-8 кластар үшін:«Өзіме қажет - елге қажет!» іс-шарасы табысты адамдармен кездесулер және олардың өңірді (ауылды, қаланы, ауданды) дамытуға қосқан үлесі; «Мұражайдағы білім күні» экскурсиясы (аймақтың тарихы, мәдениеті, атақты адамдары, қасиетті жерлері туралы); фотокөрме – достарымен өткізген демалыс күндерінің презентациясы; «Лайықты болғым келеді!» атты азаматтың конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған диспуттар;

9-11 кластар үшін: «Археологиялық экспедицияның ізімен», «Қасиетті жерлерге саяхат – ортақ іс» атты жазғы саяхаттардың презентациясы; «Менің бақытты жазым», «Менің жазғы ең ғажайып жаңалықтарым» атты әңгіме-презентациялар; «Ертеңгі күнге» терезесі бар мектеп», «Біз сыбайлас жемқорлыққа - қоғамдық мүдделерді сатқындауға қарсымыз» «Лайықты сөз, лайықты себеп, лайықты адам» интеллектуалды пікірталастар.

Сонымен қатар, жоғары класс білім алушыларын кәсіпкерлік саласындағы базалық ұғымдарды оқып-білуге бағытталған, ХХІ ғасырдың «жұмсақ» дағдыларын және кәсіпкерлік тұрғыдан ойлауды қалыптастыруға ықпал ететін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жаңа пәнімен таныстыру қажет.

Іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс, Білім күнін атап өту туралы мерекелік іс-шара материалдары білім беру ұйымдарының және білім басқармаларының сайттарында орналастырылады.
«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» жалпыреспубликалық азаматтық және патриоттық сабақ
Қоғам мен білім беру кеңістігінің қазіргі жаһандану жағдайында азаматтылық пен патриотизмді тәрбиелеу аса өзекті болды.

Өз елінің патриоты болу - кез келген адам үшін әрқашан үлкен құрмет. Патроиот болып туылмайды, патриот болып қалыптасады, сондықтан патриоттық тәрбие - бұл тәрбие жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Патриотизм жанға терең түсетін өте қымбат сезім. Патриотизмді әрбір адам сөзбен емес, іспен көосетуі керек. Патриот деп өзін-өзі атайтын адам емес, өзгелерді құрметтейтін адам, бірақ ең алдымен оның отандастары.

Мектеп алдында тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын, әскери-патриоттық тәрбие беру қажеттілігін, төзімділікті, қоғам мен тұлғаның әлеуметтік маңызды құндылықтарға тәрбиелеу міндеттері қойылады.

Отаншылдық табиғатқа, қоршаған ортаға, туған қаласына, көшеге, үйге, аға ұрпаққа, өз халқының, отбасының дәстүрлеріне құрметпен қарау арқылы көрінеді.Мұның бәрін бала кезінен бастап бойға дарыту керек. Патриоттық сезім отбасында басталады. Дәл осы отбасында табиғатқа, қоршаған әлемге ұқыпты қарау қалыптасады. Отаншылдарды өркендетуге және тәрбиелеуге ұмтылған қоғамда басты бағдар — отбасы құндылығы, ал басты міндет-оның толыққанды өмір сүруі үшін жағдай жасау. Отбасы-мемлекеттің негізі.

Мемлекеттік мереке - Конституция күнінің маңызын асыра бағалау қиын. Қазақстан үшін Конституцияның болуы-бұл ең алдымен оның тәуелсіздігі мен егемендігін тану. Бұл отаншылдық сезімін, жоғары азаматтықты, әрбір азаматтың Отанымызды одан әрі нығайтуға және өркендеуге бағытталған белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру үшін маңызды шарт.

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу Қазақстан қоғамы үшін маңызды жалпы мемлекеттік мәні бар.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өту қазақстандық қоғам үшін маңызды жалпымемлекеттік маңызға ие.

Республиканың Конституциясы – бұл мемлекеттің Негізгі Заңы, елдің мемлекеттілігі мен зайырлығының, заңдылығы мен тәртібінің заңды негізі. Конституция қоғам мен мемлекеттің негізгі бағыттарын анықтайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы білімнің маңыздылығын ескере отырып, Конституциялық Кеңес еліміздің білім беру ұйымдарында оқу жылының басында ҚР Конституциясына арналған жалпыреспубликалық ашық сабақ (бұдан әрі – Сабақ) өткізуді ұйымдастыру мен өткізу туралы ұсыныс жасады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі аталған бастаманы қолдады.

Азаматтық және патриоттық сабақ шеңберінде білім алушылардың Конституция туралы түсініктерін кеңейту, Конституцияда бекітілген нормалар мен құндылықтарға деген құрметті тәрбиелеу, өз құқықтарын, еркіндіктері мен міндеттерін білуге ықпал ету, конституциялық патриотизм сезімін дамыту қажет.

Білім алушылардың белсенді жұмыс формаларына артықшылықтар беріледі, өзекті анықтамалықматериалды қолдану қарастырылады.

Сабақты өткізу үшін заманауи интерактивті әдістерді, сонымен қатар кітапханалардың, музейлердің, бейне қорлардың материалдарын қолдану қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің оқу орындарында «Қазақстан Республикасы Конституциясы сабағын» өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдары және Конституция және Конституциялық кеңестің қызметі туралы анықтама материалдар (Конституция бойынша ашық сабақты өткізу кезінде қолдану үшін) 50 бетте (25 қазақ және 25 орыс тілдерінде) қосымша беріледі.



__________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет