Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріндегі инклюзивті білім беру мәселелері



бет1/3
Дата04.05.2023
өлшемі347.2 Kb.
#473228
  1   2   3
слайд

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріндегі инклюзивті білім беру мәселелері

Елімізде ресми түрде 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген екен. Мемлекет тарапынан мүгедектігі бар азаматтарға сапалы білім алу, еңбек қабілеттілігіне сай жұмыс істеу және өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өмірден орнын табуына жол ашатын түрлі жобалар мен іс-шаралар қарқынды түрде жүргізіліп отыр.Шымкенттегі М.Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақстан уни­верситетінің қабырғасында білім алып жүрген жүзден аса мүмкіндігі шектеулі жан­ға білім, ғылымның мүмкін­діктерін паш етіліп, заманауи технологиялар ғасырында сапалы білім алу әлеуметтік санатына қарамастан барлық жас үшін қолжетімді болуына жағдай жасалуда. Мұндағы инклюзивті білім беру орталығы әртүрлі құрал-жаб­дық­тармен қамтамасыз етілген. Мәсе­лен, мұнда зағип және көру қабілеті нашар жандарға арналған тифлоқұрылғылар бар. Сол секілді экрандағы визуалды элементтерді дыбыс­тайтын NVDA бағдарламасы орнатылған компьютерлер мен кез келген кітапты дыбыстап, оқып бере алатын Clearreader және SARA™ CE оқу және жазу техникалары қойылған. Орталықта отырып студенттің өзіндік жұмыстарын және басқа да қосымша тапсырмаларды орындауға жағдай жасалған. Ғаламтор іске қосулы тұр. Мұндағы техникаларды қалаған уақытта пайдалануға болады. Емтихандарды тапсыру ыңғайлы болу үшін кітаптарды дыбыстайтын техника http://lib.ukgu.kz/ web-сайтында орнатылған. Оны күндіз-түні қолдана беруге мүмкіндік бар


Соңғы жылдары еліміздің білім саласына инклюзивті білім беру деген жаңа ұғымның енгені белгілі. Инклюзив дегеніміз, қарапайым тілмен айтсақ, ерекше қажеттілігі бар, яғни ақыл-ойында, физикалық дамуында кемістігі бар балалардың қатардағы мектеп оқушыларымен (балабақша тәрбиеленушілермен) тең дәрежеде білім алуы, бірге оқуы. Қазақы пайымға салсақ, оларды бөліп-жармау, өзекке теппей, өзімсіне бауырға басу.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұл мәселеге ерекше екпін беріп: «Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диаг­нозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту ор­талықтарының желісін кеңейту қа­жет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адам­­дар үшін бірдей мүмкіндік жасауға мін­деттіміз. Үкіметке енді осы мақсатқа үш жыл ішінде кем дегенде 58 мил­лиард теңге бөлуді тапсырамын» деген еді.Иә, қазір елімізде инклюзивті оқыту бойынша алға жылжу байқалады. Инклюзивті білім беруге арналған оқулықтар, әдістемелер шығарылып, әртүрлі бағдарлама қабылдануда. Облыстарда инклюзивті білім берудің жол картасы әзірленді. Және осы бағдарлама негізінде мектептерде жағдайлар жасала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет