49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады:
…
4) алып тасталсын;
…
3. Уәкiлеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармасы:
1) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуын;
2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдердiң шарттары мен талаптарының орындалуын;
3) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуын;
4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын;
5) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын;
6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауын;
7) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
8) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
9) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiн;
10) су объектiлерiн өз бетiмен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiнiң аумақтарында өз бетiмен құрылыс салуға жол берiлмеуiн;
11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетiстiктерiнiң және озық тәжiрибенiң, су тұтынудың үлесiн азайту жөнiндегi iс-шаралардың кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
Қоршаған ортаны қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық cалауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкiлеттi органдар, карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы органдар:
1) өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) су қорының сапалық және сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды;
4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;
5) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiне тыйым салу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 4711-2 бапсырмасын орындауда
|
20.
|
53-бап
|
53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган, өнеркәсiп қауiпсiздiгі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн судың бастапқы есебiнiң ережелерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
|
53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн судың бастапқы есебiнiң ережелерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
|
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 4711-2 бапсырмасын орындауда
|
21.
|
54-бап
|
54-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк сараптама
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттiк сараптаманың мынадай түрлерi жүзеге асырылады:
…
4) су шаруашылығы және өнеркәсiптiк гидротехникалық құрылыстардың төтенше жағдайлардың талаптарына сәйкестiгiне мемлекеттiк сараптама;
…
5. Су шаруашылығы объектiлерi мен өнеркәсiптiк гидротехникалық құрылыстардың төтенше жағдайлар талаптарына сәйкестiгiне мемлекеттiк сараптаманы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
…
|
54-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк сараптама
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттiк сараптаманың мынадай түрлерi жүзеге асырылады:
…
4) алып тасталсын;
…
5. алып тасталсын
…
|
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 4711-2 бапсырмасын орындауда
|
22.
|
55-бап
|
55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
1. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін, коммуникацияларды) орналастыру экологиялық талаптар, жер қойнауын қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, су ресурстарын ұдайы молайту және ұтымды пайдалану шарттары мен ережелерi сақтала отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдары ескерiле отырып жүргiзiледi.
2. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салу, қайта жаңғырту (кеңейту, жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, тарату (кейіннен кәдеге жарату) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
3. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жерлердi қайта өңдеу, су ресурстарын ұдайы молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылады.
|
55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
1. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін, коммуникацияларды) орналастыру экологиялық талаптар, жер қойнауын қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, азаматтық қорғау, су ресурстарын ұдайы молайту және ұтымды пайдалану шарттары мен ережелерi сақтала отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдары ескерiле отырып жүргiзiледi.
2. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салу, қайта жаңғырту (кеңейту, жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, тарату (кейіннен кәдеге жарату) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
3. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жерлердi қайта өңдеу, су ресурстарын ұдайы молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылады.
|
«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 4711-2 бапсырмасын орындауда
|
23.
|
72-бап
|
72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi
Су пайдаланушылар:
…
14) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында өнеркәсiп қауiпсiздiгiнiң талабын сақтауға;
15) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
16) барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлауға, сондай-ақ су объектiлерiне зиян келтiрiлуiн болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
…
|
72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi
Су пайдаланушылар:
…
14) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында азаматтық қорғау талабын сақтауға;
15) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
16) барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлауға, сондай-ақ су объектiлерiне зиян келтiрiлуiн болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
…
|
«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.
|
24.
|
84-бап
|
84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi
1. Жер үстi және жер асты суларын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен , жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерiнiң сақталуымен қамтамасыз етiледi. …
|
84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi
1. Жер үстi және жер асты суларын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен , жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен , халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерiнiң сақталуымен қамтамасыз етiледi.
…
|
«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.
|
25.
|
104-бап
|
104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану уәкiлеттi органмен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен, ал сел қаупi бар аудандарда - төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша экономиканың басқа салаларының мүдделерiн, суларды кешендi пайдалану және оларды қорғау талаптарының сақталуын ескере отырып, арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
…
|
104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану уәкiлеттi органмен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен, ал сел қаупi бар аудандарда - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша экономиканың басқа салаларының мүдделерiн, суларды кешендi пайдалану және оларды қорғау талаптарының сақталуын ескере отырып, арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
…
|
«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.
|
26.
|
106-бап
|
106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану
…
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық көрсеткiштерi) таңдауды, оны жайластыруды уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы қоятын шарттарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының аумақтық органдары жүзеге асыруға тиiс.
…
|
106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану
…
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық көрсеткiштерi) таңдауды, оны жайластыруды уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы қоятын шарттарды сақтай отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен келісім бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыруға тиiс..
…
|
«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес су қатынастарын реттеу мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құзыретіне жатқызылған
|
27.
|
116-бап
|
116-бап. Су объектiлерiнiң және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулерi
…
2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен , қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен , жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен, ал сел қаупi бар аудандарда - қосымша төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келiсiлiп бекiтiлген жобалау құжаттамасының негiзiнде белгiлейдi.…
|
116-бап. Су объектiлерiнiң және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулерi
…
2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен , қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен , жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен, ал сел қаупi бар аудандарда - қосымша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келiсiлiп бекiтiлген жобалау құжаттамасының негiзiнде белгiлейдi.…
|
«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.
|
28.
|
120-бап
|
120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
…
5. Егер жеке және заңды тұлғалар бұрғылау және басқа да кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде суы бар жиектердi ашса, олар өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтауға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен , жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөнiндегi басқа да шараларды қолдануға мiндеттi.
…
|
120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
…
5. Егер жеке және заңды тұлғалар бұрғылау және басқа да кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде суы бар жиектердi ашса, олар өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтауға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен , жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөнiндегi басқа да шараларды қолдануға мiндеттi.
…
|
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 4711-2 бапсырмасын орындауда
|
29.
|
122-бап
|
122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөнiндегi шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар аймақтарда - төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша белгiлейдi.
…
|
122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөнiндегi шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар аймақтарда - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша белгiлейдi.
…
|
«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.
|
30.
|
125-бап
|
125-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру шарттары
…
3. Су объектілерінде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерінен басқа) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.
Ықтимал сел қаупі бар су объектілеріндегі нақ осындай қызмет - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен, ал су кемелері жүретін су жолдарында су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
…
|
125-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру шарттары
…
3. Су объектілерінде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерінен басқа) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.
Ықтимал сел қаупі бар су объектілеріндегі нақ осындай қызмет - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, ал су кемелері жүретін су жолдарында ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
…
|
«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |