«Талапты бала – 2013»
Мақсаты: қосымша білім беру жүйесіндегі алдыңғы қатарлы озық тәжірбиелерді қолдана отырып озық ойлы талапты баланы анықтау. Балалардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу, зерделік қабілеттерін дамыту.
Барысы:
1. Ойынның шарттарымен таныстыру.
2.Ойыншылармен таныстыру.
3. Әділқазы алқасымен таныстыру.
4.Жеңімпаздарды анықтау.
5. Марапаттау.
1 жүргізуші: Армысыздар құрметті тәрбиешілер мен балалар және сайысқа қатысушы сайыскерлер.
2 жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығындар биік шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Жеңістін мынау шыңына – деп «Интеллект» клубының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Талапты бала – 2013» интеллектуалдық білім сайысын ашық деп жариялаймыз.
1 жүргізуші: Сонымен достар интеллектуалды білім сайысын сіздермен жүргізетін «Интеллект» клубының жетекшісі Элмира Толеуғазықызы және менің көмекшім Захар
Мәнерлеп оқу «Өмірін өз қолында» Оқитын Долгошов З.
2 жүргізуші: Бүгінгі сайыстың басты мақсаты: қосымша білім беру жүйесіндегі алдыңғы қатарлы озық тәжірбиелерді қолдана отырып озық ойлы талапты баланы анықтау. Балалардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу, зерделік қабілеттерін дамыту.
Байқаудың шарты:
1.Интеллектуалды блиц сұрақтар. Әр ойыншыға 2 сұрақтан қойылады, жауабын дұрыс тапқан ойыншы 10 ұпай алады.
2.Қызықты деректер. Әр пән бойынша ұяшықтарда сұрақтар жасырылынған. Ойыншы өз тандауы бойынша пәнді таңдайды. Дұрыс жауап 20 ұпай.
3. Табылған тапсырмалар. Логикалық тапсырмалар. Дұрыс жауап 5 ұпай.
4. Үй тапсырмасы өздері құрастырған сөзжұмбақтарын жасырады.Тартымдылық сұрақтың нақтылығы дұрыс қойылуы есептеледі. 5 ұпаймен қортындылайды.
5 Ребустар шешу. Шапшаңдық және нақтылық есептеледі 5 ұпай
6. Талапты бала іздейміз. Көрермендермен ойын.
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар. – деп ортаға білімдерін тексерем деп құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз.
1 жүргізуші: Бастауыш буын тобынан Яковлев Владислав. 4 сынып оқушысы «Өзін - өзі тану» клубының президенті. Үйіміздегі барлық істерге белсене қатысып жауапкершілікті сезіне білетін оқушы. Сонымен қатар қазақ тілінін дамуына өз үлесін қосуда.
2 жүргізуші: Орта буын тобынан Бережнев Иван 5 сынып оқушысы. Ваня бос уақытында сурет салғанды ертегі кітаптарды оқығанды ұнатады. Сүйікті пәндері тарих және география.
1 жүргізуші Кульнева Мария 8 сынып оқушысы. Мария оқу озаты. Бос уақытында әдеби кітаптар оқып сүйікті ақындардың өлеңдерін жаттағанды ұнатады. «Шаттық» сауықтыру клубының президенті. Үйіміздегі іс шараларға белсене қатысушы.
2 жүргізуші: Степанов Иван. 8 сынып оқушысы. «Спектор» үйірмесінің президенті «Инфарматика» пәнінен аудандық олимпиада жүлдегері. Сүйікті ісі спортпен шұғылдану. Ваняның айтуынша спортпен айналысу миды сергіту.
1 жүргізуші: Жоғар буын тобынан Айткенов Равиль «Талапты бала – 2011» байқауынын 3 орын иегері. Өзін ителлектуалды дамыған оқушы санайды. Бос уақытында сурет салу, спортпен айналысады. Қызықты тапсырмалар орындауда белсенділігімен көзге түседі.
2 жүргізуші: Бердюгина Ксения «Талапты бала – 2011» байқауының жеңімпазы. «Тіл – тірегім» үйірмесінің президенті. Облыстық аудандық қазақ тілі байқауларының жүлдегері.
1 жүргізуші: Құрметті қонақтар сайыскерлерімізбен танысу сәті аяқталды.
2 жүргізуші: Шын жүйріктер сыналады сайыста
Жарысты ба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды Сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па – деп қазылар алқасымен таныс болайық.
1.
2.
1 жүргізуші: Сонымен іске сәт, жұлдарыңыз жансын! Бұл бәйге - жүйрік ойдың шапшандықтың бәйгесі. Олай болса құрметті қонақтар кім жүйрік ойға сол алда – дей отырып сайысты бастайық.
2 Жүргізуші:
1 Кезең Блиц сұрақтар.
1. Сауат ашатың кітап. (Әліппе)
2.Теңіз құсы. (Шағала) Шағаланы - алғаш алакөл манынан кездестірген екен
3. Оптикалық прибор (Микроскоп) Микроскопты 1590 – 1610 жылдар аралығында оптика шеберлері голандиялық әкелі – балалы Янцендер жарық микроскобын ойлап тапқан. Микро – ұсақ, скопэ – қараймын дегенді білдіреді.
4.Абылай ханның лақап аты. Сабалақ – ол «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында жетім қалып Төле бидің қолында тәрбиеленеді. Шамамен 13 жаста болса керек. Шашы алынбаған, киімі алба жүлба, түрі жүдеу балаға Төле би сабалақ деп ат қояды.Абылайдын азан шақырып қойған аты Әбілмансүр, сосын Сабалақ, артынша Абылайға айналды.
5 Абайдың айтуынша адам баласын қор қылатың нәрсе (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек)
6. Құмырсқа су астында қанша өмір сүреді. (14 күн.)
7. Түйе 15 минутта қанша литр су ішеді. (200литр)
8.Аты аңызға, сөзі нақылға айналған қазақ батыры. (Бауыржан Момышұлы.) Бауыржан атамыздың «Отан сүйер ұлан бол!» деген өсиетін жанымызда ұстайық.
9. Бір тауықтың тоғыз балапаны бар. Екеуі мойнында жатыр, төртеуі қойнында жатыр,біреуі басында тұр. Нешеуі қасында тұр. (2)
10 Жүз жасаған жыр алыбы (Жамбыл)
11. Ауыл көшіп үлгере алмай, байдың бір көген марқа қозылары су астында қалып қойыпты. Осылай пайда болған көл аты. (Марқакөл)
12 Египет пирамидасын тұрғызған кімдер? (Оны феллахтар египет шаруалары салған деген болжам бар)
1 жүргізуші:Өте жақсы. Осындай біліммен сусындаған балалардың көмекшісі ұстаздары
2 Жүргізуші:
Ақыл күшін, сезімді
Балаларға арнаған
Ұстаздардай төзімді
Дүниеде бар ма адам - адам деп Костяның орындауында ұстазым әні қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші: Келесі кезең « Қызықты деректер» кезек берейік. Әр пән бойынша ұяшықтарда сұрақтар жасырылынған. Ойыншы өз тандауы бойынша пәнді тандайды. Дұрыс жауап 20 ұпай. Бірінші сайыскерімізден бастайық.
География
1. Италияның астанасы (Рим)
2.Жер шарындағы ең үлкен материк (Еуразия)
3 Эйфель мұнарасын жасаған кім? (Француз инженері Александр Густов жасаған екен)
4.Мексиканың королі кім болған? ( Австралялық ұлы герцог Максимилян 1961 – 1967 жылдары Мексиканың королі болған.)
5. «Ғылымдардың шығуы» , «Ғылымдар тізбегі» атты еңбек жазған. Алғаш күн мен айдың тұтылу ұзақтығын есептеген күн сағатын жасаған ұлы ойшыл, әрі ұстаз. (Әл – Фараби)
6.Қазақстан қандай метал кеңінің қоры бойынша дүние жүзінде 1 орында (Қорғасын)
1 жүргізуші: Айтатын қызық өте көп Мысалы:
1. Елімізде қанша ірі, ұсақ өзен, көл бар екенін білесіздер ме? Барлығы 85000 өзен, 48262 көл бар екен.
2.Табиғатта таза күйінде кездесетін метал? (Алтын күміс)
3.Қиыр шығыстағы аса ірі порт (Икогамма)
4.Индонезияның 136 жанартау бар арал (Ява)
Биология.
1. 4 қайында 4 бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан бар. Барлығы қанша алма бар. (Қайында алма өспейді)
2. Олар бір бірін Азияның шөл даласында кездестірген. Бірі екіншісіне өз фамилясын берген. Олар кімдер? (Пржевальский және оның жылқысы)
3. Әлемдегі ең биік ағаш қайда өседі? (АҚШ Колифорния штатында биіктігі115 метр)
4. «Гиппократ ағашы» қайда өседі. Гиппократтың туған жері грекияда Осы ағаштың аясында Гиппократ өзінің зертеулерін жасаған екен содан солай аталып кеткен)
5. Жер бетінде ең баяу өсетін ағаш. (Ақсамырсын Канадада өседі ол 115 жылда 1 см ғана өсіпті.)
6.1 Ағаш жылына қанша кг. оттегін шығарады? (100 – 120кг.)
Сондай – ақ біле жүріңіздер.
1.170 мың карандаш жасау үшін 1 қарағаш қажет екен.
2. Аюлар қыста ұйықтағанда салмағын 25 пайызға жоғалтады екен.
3.Өзіміз білетін ұлудың 4 мұрны бар екен.
4. Өзі кішкентай озі пілден аумайтын пілдің баласы екен.
5.Мысық барыс тұқымдас үй жануарына жатады дейді.
Тарих
1Қыл қобызды ойлап тапқан адам? ( Қорқыт) Аңыз бойынша ол түс көреді. Түсінде ол қобыз жасайды. Ол үшін бір түйенің терісін, ешкінін мүйізін жабайы жылқының жалын қолданады Ұйқыдан тұра сала түсі бойынша үні денені шымырлататың қыл қобызды жасап шығады.
2.Әл – Фарабидің толық аты (Абу Насыр ибн Мухаммед ибн Узлаг Тархани аль – Фараби)
3.Абылай хан бұл батырды «Дарабоз батыр» атаған ол қай батыр? (Қабанбай батыр өзінің ірі дене бітіміне байланысты Нарбала деп атаған. Ол көптеген көтерілістерге қатысып, ондаған жекпе - жекте жеңіске жеткен. 1741 жылы ірі жоңғар шайқасында Абылай хан оны «Дарабоз батыр» деп атаған)
4.Үндістер – киіз үйде түрған деген жауап дұрыс па? (Жоқ. киіз үй қазақтарға тән баспана. Ол қола дәуірінде пайда болған)
5.Атилла кім? (Ғұндардың билеушісі)
6.1927 – 1946 жылдарда шахматтан әлем чемпионы болған кім? (Орыс шахматшысы Александр Алехин)
Математика
1. Аулада жүр балалар,
Самат, Арнат, Сашалар.
Келді және оларға
Сәуле Шолпан ойнауға
Аулада барлығы қанша
Ұл бала ойнауда? (4ұл)
2.Келді көп құс ұшып
Кептер аққу қос шымшық
Сауысқан, қарға, торғай да,
Ұшып жүр осы тоғайда
Қанша құс бар қосып шық (7 құс)
3.Жұмысшы 15 сағ. істеген жұмысы үшін 195 теңге алады. Ал 8 сағ. қанша теңге алады. (195/15 -13 13*8 -104) Барлығы 104 теңге
4.Есік алдында бұзау, сиыр жайылып жүр. Олардың мүйіздері 14, аяқтары 56 Қанша сиыр, қанша бұзау бар? (7 сиыр, 7 бұзау)
5. Сандардың арасына қандай таңба қоссақ мәні 100 тең болады.(5 +5+ 5+ 5 *5 -100)
6.Ақ тиынның біреуі
Тұрар 90 тиындай
Бас кйімнің біреуі
10 тиынның құнындай
Ойлап, бойлап есепке
Аспай саспай есепте (90*10 -900) 900 теңге)
2 жүргізуші: Осымен біздің «Қызықты деректер» кезеңі аяқталды.
1 жүргізуші
Іздегенде табады,
Ғылым жұмбақ тау сындас
Білім өмір сабағы
Ғұмыр бойы таусылмас. – деп келесі «Табылған тапсырмалар» кезеңіне жол берейік. Логикалық тапсырмалар. Дұрыс жауап 5 ұпай.
1. Ф әріпін бір сызықтан ұстап қайталап сызбай көрсет.
2. Шеңберге іштей сызылған екі төрбұрышты фигураны м нүктесінең бастап, п нуктесінен аяқта.
3.Екі фигураның қайсысын қаламды алмай үзбей сызуға болады.
4. Ашық хатқалтаны қаламды үзбей бір сызықты қайталамай сызуға болады ма? көрсет
5.40+90 тең 200 болатыңдай шиды ауыстыр.(110+90 тең 200)
6.91-3 тең 22 (31-9 тең 22)
7. 9-1+5 тең 2
8.81-16 тең 51
2 жүргізуші Өте жақсы келесі кезіңге көшейік.
Үй тапсырмасы өздері құрастырған сөзжұмбақтарын жасырады. Тартымдылық сұрақтың нақтылығы дұрыс қойылуы есептеледі. 5 ұпаймен қортындылайды.
1 жүргізуші: Жақсы екен достар енді келесі кезеңде біздер дайындаған ребустарды шешіп көріндер.
Ребустар шешу. Шапшандық және нақтылық есептеледі 5 ұпай 1 мин уақыт беріледі
(Өзім дайындаймын 6 ребус)
1 жүргізуші: Құрметі достар, қоңақтар біздің интеллектуалды білім сайысымыз аяқталды. Қазылар алқасы сайыскерлеріміздің бағасын дайындағанша біз Сіздермен келесі кезеңге өтсек
2 жүргізуші Келесі кезең «Талапты бала іздейміз». Көрермендермен ойынға кезек берейік. Белсене қатысып отырған балаға сыйлығымыз бар.
1. «Қарлығаш би» атанған адам (Төле би)
2.Жүсіп Баласағұн қандай кітап жазды (Құтты білік)
3.Райымбек, Райымбек дастанын кім жазған? (М.Мақатаев)
4.Саяткерлік құс (Лашын, бұркіт)
5.Абайды қазақтың бас ақыны деген ақын кім? (А.Байтұрсыныов)
6. Моторлы ұшақпен тұңғыш ұшқан адам? (Ағайынды Орвилл және Вилбул Райстеллер 1927 жылы Атлантиканың үстімен ұшқан)
7. БҰҰ штаб пәтері қайда орналасқан (НЬю – Иоркте)
8. Полярлық жұлдыз үлкен аю шоқ жұлдыздар қатарына кіре ме? (Жоқ. Ол кіші шоқ жұлдыздар құрамына кіреді)
1 жүргізуші:
Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,
Салыстырып біз көрдік.
Қара қылды қақ жарып,
Әділін тек айтатын
Ортамызда төбе би
Өзінізге сөз бердік – деп сөз әділ қазыларда
Марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |