«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелердің қорғалуына кепілдік беру және оларды бұзғаны үшін жауаптылықты қатайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Дата11.07.2016
өлшемі189.88 Kb.
#191743

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелердің қорғалуына кепілдік беру және оларды бұзғаны үшін жауаптылықты қатайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша салыстырма кесте

Түзету енгізілетін құрылымдық бөлігі

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакциясы

Түзету енгізудің негіздемесі

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім)

1

267-баптың

2-тармағының екінші бөлігі

267-бап. Меншiк иесiнiң құқықтарын және басқа заттық құқықтарды бұзатын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар құжаттарының жарамсыздығы

1. Егер мемлекеттік органның не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтiн қалыпты немесе жеке құжат шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа адамдардың өзiне тиесiлi мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай құжат меншiк иесiнiң немесе құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады.

2. Нақты iс бойынша сот шешiм шығарған жағдайда мемлекеттік органдардың заң құжаттарына қайшы келетiн құжаттары қолданылмайды.

Аталған құжаттарды шығару салдарынан меншiк иесiне келтiрiлген залал тиiстi мемлекеттік органның тиiстi бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелуге тиiс.

267-бап. Меншiк иесiнiң құқықтарын және басқа заттық құқықтарды бұзатын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар құжаттарының жарамсыздығы

1. Егер мемлекеттік органның не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтiн қалыпты немесе жеке құжат шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа адамдардың өзiне тиесiлi мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай құжат меншiк иесiнiң немесе құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады.

2. Нақты iс бойынша сот шешiм шығарған жағдайда мемлекеттік органдардың заң құжаттарына қайшы келетiн құжаттары қолданылмайды.

Аталған құжаттарды шығару салдарынан меншiк иесiне келтiрiлген залал осы Кодекстің 922-бабының қағидаларына сәйкес тиiстi мемлекеттiк органның тиiстi бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелуге тиiс.

ҚР АК 267-бабының
2-тармағының екінші бөлігі мемлекеттік органның кінә (не оның болмауы) сияқты осындай жауаптылық негіздемесін айқындамайды. Осыған байланысты мемлекеттік органның жалпы қағида ретінде белгіленген жауаптылық кінәсі туралы тұжырым жасалуы мүмкін.

Сонымен бірге ҚР АК 922-бабының 1-тармағына сәйкес «Мемлекеттiк органдардың заң актiлерiне сәйкес келмейтiн актiлердi шығаруының салдарынан келтiрiлген зиян актiнi шығарған органдар мен лауазымды адамдардың кiнәсiне қарамастан, сот шешiмi негiзiнде өтелуге тиiс...».

Жеке меншік құқығын қорғауды күшейту мақсатында мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңсыз актілер шығаруы нәтижесінде меншік иелерінің құқықтарының бұзылғаны үшін ҚР АК 92-бабының нормасына сілтеме жасай отырып, олардың кінәсіз жауапкершілігін белгілеу ұсынылады.

2

317-баптың

2-тармағының екінші абзацы

317-бап. Кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу негiздерi

1. Борышқор өзi жауап беретiн кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының (несие берушiнiң) талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.

2. Егер борышқордың кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы өте болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмесе, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн.

Жоқ

Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:

1) орындалмаған міндеттеменің сомасы (айыппұл санкциялары есепке алынбастан) тараптар шартта айқындаған кепілге салынған мүлік құнының он пайызынан кемін құрағанда;

2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындауды өткізіп алу кезеңі үш айдан кем болғанда кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзу өте болмашы және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмеген болып табылады.

Критерийлерді анықтау бойынша нормалар мен келіспеушіліктердің екіұдай түсіндірілуін болғызбау мақсатында кепіл туралы шартта айқындалған құнға сүйену ұсынылады. Бұл ретте орындалмаған міндеттеме сомасы кепілге салынған мүлік құнының 10 пайызын құрауға тиіс. Бұл ұсыныс «Алғашқы кредиттік бюро» ЖШС (бұдан әрі – Кредиттік бюро) негіздемесінен және есептерінен шығып отыр, ол ақапартты бір орталыққа жинауды, сондай-ақ кредиттік тарих пен кредиттік есептерді қалыптастыруды жүзеге асрады. Кредиттік бюроның ақпараты бойынша 2009 жылы кредиттік бюро шамамен 21 мың болды, онда орындалмаған міндеттеме сомасына қатысты кепілге салынған мүліктің 10 пайызынан азынқұраған қарыздар саны небары 700 болды, ал 2010 жылы 15 мың қарыздан 750 қарызды, 2011 жылы
14 мың қарыздан 700 қарызды құрады.

Кредиттік бюро, Жұмыс тобының мүшелері келтірген ақпаратқа сүйене отырып, сәйкес келмеу критериилерін 10 пайыз шамасында белгілеу туралы шешім қабылданды.

Заң жобасын қарау және келісу процесіндеосы критерий түзетілген болуы мүмкін. Сонымен бірге кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалу кезеңін үш айдан аз етіп белгілеу ұсынылады.Бұл жағдайда мемлекеттік органдар «төлемге қабілетсіздік» ұғымының анықтамасына сүйенеді, ол «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітіліп берілген, оған сәйкес төлем қабілетсіздігі бұл борышкердің ақшалай міндеттемені және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды оларды орындау кезінен бастап үш ай ішінде орындауға қабілетсіз болуы.

3

321-баптың
2-тармағының 4) тармақшасы

321-бап. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi
мерзiмiнен бұрын орындау және кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу

1. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен тыс бұрын орындауды мына жағдайларда:

1) егер кепiл туралы шарттың ережелерiне сәйкестендiрiлмей кепiлге салынған нәрсе қалдырылған кепiл берушiнiң иелiгiнен шығып кетсе;
2) кепiл берушi кепiлге салынған нәрсенi ауыстыру туралы ережелердi бұзған (осы Кодекстiң 314-бабы);
3) егер кепiл берушi осы Кодекстiң 314-бабындағы 2-тармақта көзделген құқықты пайдаланбаса, кепiл ұстаушы жауап бермейтiн (осы Кодекстiң 313-бабының 2-тармағы) мән-жайлар бойынша кепiлге берiлген нәрсе жоғалған жағдайда;
4) кепіл берушіде өзге мүлік болмаған кезде кепіл ұстаушы талабының алдында басымдыққа ие болмайтын үшінші бір тұлғалар алдындағы атқарушылық құжаттар бойынша кепіл берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында кепілге салынған нәрседен ақы өндіріп алуды талап етуге құқылы.

2. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауды талап етуге құқылы, ал егер оның талабы қанағаттандырылмаса:

1) кепiл берушi кейiнгi кепiл туралы ережелердi бұзған;
2) кепiл берушi осы Кодекстiң 312-бабындағы 1-тармақтың 1 және 2-тармақшасында және 2-тармақта көзделген мiндеттемелердi орындамаған;
3) кепiл берушi кепiлге салынған мүлiкке билiк ету туралы ережелердi (осы Кодекстiң 315-бабының 2-тармағы) бұзған жағдайда кепiлге салынған нәрседен ақы өндiрiп алуға құқылы.

4) Жоқ

321-бап. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi
мерзiмiнен бұрын орындау және кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу

1. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен тыс бұрын орындауды мына жағдайларда:

1) егер кепiл туралы шарттың ережелерiне сәйкестендiрiлмей кепiлге салынған нәрсе қалдырылған кепiл берушiнiң иелiгiнен шығып кетсе;
2) кепiл берушi кепiлге салынған нәрсенi ауыстыру туралы ережелердi бұзған (осы Кодекстiң 314-бабы);
3) егер кепiл берушi осы Кодекстiң 314-бабындағы 2-тармақта көзделген құқықты пайдаланбаса, кепiл ұстаушы жауап бермейтiн (осы Кодекстiң 313-бабының 2-тармағы) мән-жайлар бойынша кепiлге берiлген нәрсе жоғалған жағдайда;
4) кепіл берушіде өзге мүлік болмаған кезде кепіл ұстаушы талабының алдында басымдыққа ие болмайтын үшінші бір тұлғалар алдындағы атқарушылық құжаттар бойынша кепіл берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында кепілге салынған нәрседен ақы өндіріп алуды талап етуге құқылы.

2. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауды талап етуге құқылы, ал егер оның талабы қанағаттандырылмаса:

1) кепiл берушi кейiнгi кепiл туралы ережелердi бұзған;
2) кепiл берушi осы Кодекстiң 312-бабындағы 1-тармақтың 1 және 2-тармақшасында және 2-тармақта көзделген мiндеттемелердi орындамаған;
3) кепiл берушi кепiлге салынған мүлiкке билiк ету туралы ережелердi (осы Кодекстiң 315-бабының 2-тармағы) бұзған;

4) осы Кодекстің 317, 720 және 722-баптарында, «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында көзделген кепiл нысанасынан ақы өндiрiп алуға құқылы.

ҚР АК-нің 321-бабына қатысты соттардың қалыптасқан құқық қолдану практикасы кепіл сапасының нашарлауымен немесе одан айырылумен байланысты емес кез келген жағдайларда кепіл ұстаушының кепіл мүлкімен қамтамасыз етілген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындау туралы талап ету құқықтарын шектейді. Ұсынылатын норма қарызды қайтару үшін негіздерді кеңейтеді және міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда кепіл ұстаушының кепіл нысанасынан ақы өндіріп алу құқығын ескереді, сондай-ақ ҚР АК-нің нормаларын келістіреді. Ұсынылатын редакцияда ҚР АК-нің 317, 722-баптарының, сондай-ақ Заңның 20-бабының осы баппен байланысына көңіл аударылады. Сот практикасы 321-бапта ғана мерзімінен бұрын талап ету негіздерінің белгіленгенін көрсетеді. Осыған байланысты, сілтеме осы Кодекске, сондай-ақ ҚР заңнамалық актілеріне жасалуға тиіс. Банктердің теріс пайдалануын болдырмау, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік мүдделерін қорғау мақсатында кепіл нысанасынан ақы өндіріп алу мәселелері заңнама деңгейінде ғана реттелуге тиіс.

Осыған байланысты, ұсынылатын толықтыру қарыз алушы міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда банктерге кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу мүмкіндігін береді.

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім)

4

722-баптың 3 және 4-тармақтары

722-бап. Заем нысанасын қайтару

1. Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заем берушiге берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша есептелген кезде қайтарылды деп есептеледi.

Егер заем нысанасын қайтару мерзiмi шартта белгiленбесе, оны заемшы ол туралы заем берушi талап еткен күннен бастап отыз күн iшiнде қайтаруы тиiс.

Сыйақы төлеу туралы шартсыз берiлген заем нысанасы мерзiмiнен бұрын қайтарылуы мүмкiн. Сыйақы төлеу шартымен берiлген заем нысанасы заем берушiнiң келiсiмiмен не, егер ол шартта көзделсе, мерзiмiнен бұрын қайтарылуы мүмкiн.

Егер шартта өзгеше белгiленбесе, заем бойынша сыйақы кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын төленуi мүмкiн.

2. Заем берушiнiң келiсiмiмен заемшының мiндеттемелерi: ақша заемы шарты бойынша - борыш есебiне тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды қабылдаумен; заттар заемы шарты бойынша - борыштың есебiне ақша қабылдаумен орындалуы мүмкiн. Аталған заттардың құны тараптардың келiсiмiмен айқындалады.

3. Егер шартта заемды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) қайтару көзделсе, заемшы заем нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару үшiн белгiленген мерзiмдi бұзған жағдайда заем берушi заем нысанасының қалған барлық бөлiгiнiң тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

4. Егер шартта заем бойынша сыйақыны заем нысанасының өзiн қайтару мерзiмдерiнен бұрын төлеу көзделсе, сыйақыны төлеу үшiн белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда заем берушi заемшыдан заем нысанасын тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

722-бап. Заем нысанасын қайтару

1. Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заем берушiге берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша есептелген кезде қайтарылды деп есептеледi.

Егер заем нысанасын қайтару мерзiмi шартта белгiленбесе, оны заемшы ол туралы заем берушi талап еткен күннен бастап отыз күн iшiнде қайтаруы тиiс.

Сыйақы төлеу туралы шартсыз берiлген заем нысанасы мерзiмiнен бұрын қайтарылуы мүмкiн. Сыйақы төлеу шартымен берiлген заем нысанасы заем берушiнiң келiсiмiмен не, егер ол шартта көзделсе, мерзiмiнен бұрын қайтарылуы мүмкiн.

Егер шартта өзгеше белгiленбесе, заем бойынша сыйақы кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын төленуi мүмкiн.

2. Заем берушiнiң келiсiмiмен заемшының мiндеттемелерi: ақша заемы шарты бойынша - борыш есебiне тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды қабылдаумен; заттар заемы шарты бойынша - борыштың есебiне ақша қабылдаумен орындалуы мүмкiн. Аталған заттардың құны тараптардың келiсiмiмен айқындалады.

3. Егер шартта заемды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) қайтару көзделсе, заемшы заем нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару үшiн белгiленген мерзiмдi бұзған жағдайда заем берушi заем нысанасының қалған барлық бөлiгiнiң тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге, сондай-ақ кепілге салынған мүліктен өндіріп алу арқылы өз талаптарын қанағаттандыруға құқылы (осы Кодекстің 321-бабы 2-тармағының 4-тармақшасы).

4. Егер шартта заем бойынша сыйақыны заем нысанасының өзiн қайтару мерзiмдерiнен бұрын төлеу көзделсе, сыйақыны төлеу үшiн белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда заем берушi заемшыдан заем нысанасын тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге, сондай-ақ кепілге салынған мүліктен өндіріп алу арқылы өз талаптарын қанағаттандыруға құқылы (осы Кодекстің 321-бабы
2-тармағының 4-тармақшасы).

Кепілге салынған мүліктен өндіріп алу үшін негіздерді бекіту мақсатында.

«Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы

5

20-баптың тақырыбы
20-бап

20-бап. Ипотеканы өткiзу жолдары

Борышқор негiзгi мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiл ұстаушы өз талаптарын:

1) ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу;

2) егер бұл заң актiлерiнде немесе ипотека шартында не тараптардың кейiнгi келiсiмiнде көзделген болса, ипотеканы соттан тыс тәртiппен өткiзу;

3) осы Заңның 32-бабына сәйкес сауда-саттық өткiзiлген жоқ деп жарияланған жағдайда кепiлге берiлген мүлiктi өз меншiгiне көшiру арқылы қанағаттандыруға хақылы.

20-бап. Ипотеканы өткiзу негіздері және жолдары

1. Ол үшін өзі жауап беретін міндеттемені ипотекамен қамтамасыз етiлген борышкер орындамаған жағдайда, кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін кепiлге қойылған мүлiкке айыпақы өндiрiп алынуы мүмкін.

2. Кепiл ұстаушы өз талаптарын:

1) ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу;

2) егер бұл заң актiлерiнде немесе ипотека шартында не тараптардың кейiнгi келiсiмiнде көзделген болса, ипотеканы соттан тыс тәртiппен өткiзу;

3) осы Заңның 32-бабына сәйкес сауда-саттық өткiзiлген жоқ деп жарияланған жағдайда кепiлге қойылған мүлiктi өз меншiгiне айналдыру арқылы қанағаттандыруға құқылы.

Қалыптасқан құқық қолдану практикасы ҚР АК 321-бабының ережелерін соттар кепiлді төмендетуге немесе жоғалтуға байланысты кез келген жағдайларда мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындау туралы кепiл ұстаушының талаптар қою құқықтарын шектейді.

Ұсынылып отырған норма қарызды қайтаруға арналған негіздерді ұлғайтады және кепiл ұстаушының міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепіл нысанасына айыпақы өндiрiп алу құқығын ескереді, сондай-ақ ҚР АК-нің нормаларын келіседі. Ұсынылып отырған редакциясында ҚР АК-нің 317, 720 және 722-баптарының, сондай-ақ Заңның 20-бабының байланысты екеніне көңіл аударылады. Сот практикасы кредитті мерзімінен бұрын талап етуге арналған негіздер 321-бапта ғана бегіленгенін көрсетеді.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы

6

17-баптың

3-1-тармағы

17-бап. Құқықтық кадастрдан мәліметтер беру

1. Құқық иесінің сәйкестендіру деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен туған күнін, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірін) қоспағанда, азаматтар және басқа да құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер (дербес деректер) берілмейді.

2. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың дәлелді сауалдары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес беріледі. Өзге адамдарға аталған ақпарат құқық иесінің келісімімен беріледі.

3. Жеке немесе заңды тұлғаның өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған, тіркеуші орган растаған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сұрау салуы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес іс жүргізіліп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, сот орындаушыларының, салық органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердің, банкроттық рәсімдеріндегі конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшілерінің, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), қорғаншы және қамқоршы органдардың дәлелді сұрау салулары бойынша беріледі.

3-1. Жоқ.

4. Құқықтық кадастрдан ақпаратты, сондай-ақ құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.

 5. Құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

17-бап. Құқықтық кадастрдан мәліметтер беру

1. Құқық иесінің сәйкестендіру деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен туған күнін, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірін) қоспағанда, азаматтар және басқа да құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер (дербес деректер) берілмейді.

2. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың дәлелді сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес беріледі. Өзге адамдарға аталған ақпарат құқық иесінің келісімімен беріледі.

3. Жеке немесе заңды тұлғаның өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған, тіркеуші орган растаған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сұрау салуы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес іс жүргізіліп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, сот орындаушыларының, салық органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердің, банкроттық рәсімдеріндегі конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшілерінің, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), қорғаншы және қамқоршы органдардың дәлелді сұрау салулары бойынша беріледі.

3-1. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сұрау салуы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес іс жүргізіліп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, сот орындаушыларының, салық органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердің, банкроттық рәсімдеріндегі конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшілерінің, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), қорғаншы және қамқоршы органдардың дәлелді сұрау салулары бойынша, сондай-ақ құқық иесінің келісімімен өзге де тұлғаларға беріледі.

4. Құқықтық кадастрдан ақпаратты, сондай-ақ құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.

5. Құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Дербес деректерді қорғау үшін.

Жеке немесе заңды тұлғалардың - жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсаттарында.

Үшінші тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттер жасаудың және асыра сілтеушіліктерді болдырмаудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды қабылдау үшін.

7

20-баптың

1-1-тармағы

20-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі

1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) мемлекеттік тіркеу үшін осы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды қабылдау;

2) жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру;

3) тіркеу парағына жүргізілген тіркеу не осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізу;

4) құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасау;

5) жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не осы Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.

1-1. Жоқ.

1-1. Құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле негізінде туындаған жағдайда, құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) тіркеу электрондық форматта жүзеге асырылады.

Бұл шара үшінші тұлғалар тарапынан алаяқтық іс-әрееттерді болдырмауға мүмкіндік туғызады, өйткені электрондық тіркеу меншік иесіне құқықтарды жедел түрде тіркеуге мүмкіндік береді және жылжымайтын мүлікпен байланысты мәмілелерді куәландыру кезінде меншік иесінің құқықтарын қорғау тетігін күшейтеді.

Құқықтарды тіркеу бойынша халыққа уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында департаменттердің штаттан тыс қызметкерлерді жеке еңбек шарттары негізінде тартуға мәжбүр екендерін атап өткен жөн.

Қызметкерлер санын 221 мемлекеттік қызметші мен 821 шартпен жұмыс істейтіндер құрайды. Шартпен жұмыс істейтіндерді тарту себебі мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тіркеуші органның қызметкерлері жүктемесінің көп болуына байланысты.

Осыған байланысты, нотариаттық мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу бойынша баламаны алып тастау Әділет департаменттері қызметкерлерінің жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік туғызады және қағаз жүзіндегі құжаттық алмасу көлемін азайтады.

Қазіргі кезде, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеудің әртүрлі үлгілері АҚШ-та, Ұлыбританияда, Португалияда практикада бар.

Мысалы, «Casa Pronta» бағдарламасы Португалияға «сатып алу-сату операцияларын өткізудің барынша төмен күрделілігі», «мүлікті әлде қайда жылдам сатып алу және тіркеу» сияқты көрсеткіштері бойынша көшбасшы болуға мүмкіндік туғызды және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингтеріндегі оның позицияларын жақсартты.

Бүгінгі күні Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы сияқты таяу шетелдік мемлекеттерде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің электрондық жүйесіне өту талқыланып жатыр.

Сонымен, осы мәселе бойынша шетелдік тәжірибе жылжымайтын мүлікке қатысты электрондық тіркеудің айтарлықтай тиімді жүйесінің бар екендігін көрсетеді.

Өз кезегінде, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің міндетті жүйесін электрондық форматта енгізу Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі және «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» («Бизнесті жүргізу») рейтингтеріндегі Қазақстан позицияларының жоғарылауына ықпал жасайтын болады деп пайымдаймыз.

Сондай-ақ электрондық тіркеудің ХҚО-ға тіркеу үшін өтініш беруді алып тастайтынын, сол сияқты құқықтарды тіркеу мерзімдерін бір күнге қысқартуға мүмкіндік туғызатынын атап көрсетеміз.

8

22-баптың

1-тармағының екінші абзацы

22-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру

1. Құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле негізінде туындаған жағдайда, тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мәмілеге қатысушылардың өтінішінсіз жүзеге асырылады.

22-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мәмілеге қатысушылардың өтінішінсіз жүзеге асырылады.

Нотариаттық мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін ХҚО-ға құжаттарды тапсыру мүмкіндігін алып тастау.

Бұл норманы алып тастау нотариаттық мәмілелер негізінде мүлікке құқықтарды электрондық форматта ғана тіркеуді енгізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет