Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №29 баспасөз релизі



Дата22.02.2016
өлшемі51.03 Kb.
#765


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ

29 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ




2 0 0 9 жылғы 06 қараша

Нормативтік құқықтық актілерге валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2009 жылғы 11 тамызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-IV Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.

Валюталық реттеу және бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді Заңның нормаларына сәйкес келтіру, сондай-ақ валюталық режимді ырықтандыру жөніндегі шараларды одан әрі іске асыру мақсатында мыналар қабылданды:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қазанда № 5823 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 76 қаулысы (бұдан әрі – № 76 қаулы).

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қазанда № 5824 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 77 қаулысы (бұдан әрі – № 77 қаулы).


Көрсетілген қаулылар 2009 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.


  1. 76 қаулы туралы

Заңның нормаларын іске асыру мақсатында № 76 қаулымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі - № 129 Ереже) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

1) жеке тұлғалардың шетелдік банктерде шоттар ашу туралы хабарлау талаптарының жойылуына байланысты жеке тұлға шетелдік банктегі шоттан/шотқа қаражат аударатын банк үшін осындай шоттар туралы хабарлау нысаны белгіленді;

3) қызмет көрсету, жұмыс экспортына (импортына) байланысты коммерциялық кредиттер бойынша тіркеу режимінің талабын алып тастауға байланысты осындай төлемдерге қызмет көрсететін банктер үшін қызмет көрсету, жұмыс экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуды жүзеге асырған кезде резиденттер мен резидент еместер арасында төлемдер туралы хабарламаның нысаны белгіленді;

4) капитал қозғалысы операцияларының тізбесі нақтыланды:

- тізбеден зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықты ішінара сатып алу алып тасталды;

- тізбе ақшаны және өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша операциялармен толықтырылды.
Валюталық режимді ырықтандыру жөніндегі шараларды одан әрі іске асыру мақсатында № 76 қаулымен төмендегілер көзделді:

1) капитал қозғалысының валюталық операциялары үшін шекті мәнді ұлғайту, одан асқан кезде операциялар тіркелуі не хабарлануы тиіс. Капиталдың әкетілуі бойынша операциялар үшін шекті мән 50 мың АҚШ доллары баламасынан 100 мың АҚШ доллары баламасына, капиталдың әкелінуі бойынша операциялар үшін 300 мың АҚШ доллары баламасынан 500 мың АҚШ доллары баламасына ұлғайтылды;

2) тіркеу, хабарлау және мәміле паспортын ресімдеу талаптары қолданылмайтын валюталық операциялар бойынша төлемдер жүргізуді бақылаудың жеңілдетілген нысандарын енгізу. Сомасы 10 мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын төлемдерді уәкілетті банктер клиент валюта шартын ұсынбай-ақ жүргізеді. Осы жағдайларда бақылау төлем құжатында клиент көрсеткен ақпарат негізінде жүзеге асырылады;

3) жеке тұлғалар үшін туыстық дәрежесін растайтын құжаттар ұсынған кезде (бұрын ақша жіберуші және төлемді жүзеге асыратын тұлға арасындағы өзара міндеттемелердің сипаттарын айқындайтын шарт ұсыну талап етілетін) жұбайы және жақын туыстары үшін валюта шарттары (шетелде оқуға арналған, жылжымайтын мүлікті жалдау және т.б. шарттар) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігін белгілеу.

«Карт-шот» ұғымының алып тасталуына байланысты («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының № 185-IV Заңы) төлем карточкасын пайдаланумен және интернет-банкингті пайдаланумен және сол сияқты қолдай әкеп төлеу тәртібімен банк шоттарынан валюталық операциялар бойынша аударымдарды бірыңғай реттеуді қамтамасыз ететін өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, редакциялық сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

№ 76 қаулының және № 129 ереженің мәтіндері (2009 жылғы 16 қазандағы редакциядағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсындағы «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылды.



  1. 77 қаулы туралы

Заңның нормаларын іске асыру мақсатында № 77 қаулымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі - № 86 Ереже) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

№ 77 қаулы экспорт-импорт валюталық бақылау рәсімдерін одан әрі ынталандыруды көздейді, атап айтқанда:

1) арттырылған кезде мәміле паспортын ресімдеу қажет болатын шекті мәнді 10 мың АҚШ доллары баламасынан 50 мың АҚШ доллары баламасына дейін ұлғайту. Нәтижесінде «паспортизациялауға» жататын экспорттық және импорттық келісімшарттар санының үштен бірінің қысқаратыны күтіліп отыр (негізінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің операцияларын алып тастау есебінен);

2) экспортердің немесе импортердің репатриациялау мерзімін дербес, келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаудың ең ұзақ мерзімдері негізінде айқындау;

3) экспортердің немесе импортердің мәлімдеуінсіз, «автоматты түрде» мәміле паспортын жабуға арналған негіздерді кеңейту;

4) шетелдік сатып алушының немесе жеткізушінің «Қызмет көрсетуші банктің деректемелері», «Лицензия», «Тіркеу куәлігі» және «Хабарлама туралы куәлік» сияқты бағандарды алып тастау арқылы мәміле паспортының нысандарын одан әрі жеңілдету.

«Паспортизациялаудың» шекті мәнін арттыруға сыртқы сауда операциялары көлемінің ұлғаюы және тиісінше орташа келісімшарт сомаларының ұлғаюы себепші болды және валюталық бақылау мақсаты үшін нақты маңызды болып табылатын мәмілелерді қамтуды қамтамасыз етеді. Бұл ретте «паспортизациялауға» жататын экспорттық және импорттық келісімшарттардың саны қысқарады және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне – екінші деңгейдегі банктерге және олардың клиенттеріне жүктеме төмендейді.

Мәміле паспортының нысанындағы артық бағандарды алып тастау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мәміле паспортын толтыру тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік жасайды.
№ 77 қаулының және № 86 ереженің мәтіндері (2009 жылғы 16 қазандағы редакциядағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсындағы «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылды.

Осылайша, қолданылып жүрген валюталық бақылау схемасындағы өзгерістер валюталық режимдердің талаптарын жұмсартуға және әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған және бизнесті жүргізуге арналған талаптарды қатаңдатуды болжамайды.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет