Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы алматы қаласы 2007 жылғы 24 желтоқсан №151



Дата26.02.2016
өлшемі39.42 Kb.
#26309



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң

Қ А У Л Ы СЫ
Алматы қаласы 2007 жылғы 24 желтоқсан № 151
Қазақстан Республикасы төлем жүйелерінің 2007 жылғы қаржы
жылын аяқтау бойынша жұмысын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы төлем жүйелерінің 2007 жылғы қаржы жылын аяқтау бойынша жұмысын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Төлем жүйелерінің 2007 жылғы қаржы жылын аяқтау бойынша жұмысын ұйымдастыру тәртібі осы қаулының 2-7 тармақтарына сәйкес белгіленсін.

2. 2007 жылғы 29 желтоқсанда төлем құжаттарын қабылдаудың мынадай тәртібі айқындалсын:

1) Алматы уақытымен сағат 21-00 дейін – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық) банкаралық ақша аудару жүйесі;

2) Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесінің операциялық күнін пайдаланушылардың өтініштері негізінде ұзарту;

3) Алматы уақытымен сағат 17-00 дейін – Орталықтың банкаралық клиринг жүйесi;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкаралық ақша аудару жүйесін басқару шағын жүйесі сағат 17-00-ге дейін, ал қаржы құралдары бойынша сағат 18-00 дейін.

3. Орталық (Абдулкаримов С.Х.) 2007 жылғы 29 желтоқсанда:

1) Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесінің операциялық күні жабылғаннан кейін бір сағат ішінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, «Қазақстан даму банкі» акционерлік қоғамының, Еуразия даму банкінің, Мемлекетаралық банктің және банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын, Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесінің пайдаланушысы болып табылатын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің (бұдан әрі – Қазынашылық комитеті) және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – «ЗТМО» РМҚК) 2007 жылғы 29 желтоқсан үшін төлем құжаттарын қабылдау және Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесінде өңдеу нәтижелері бойынша үзінді жазбалар беруді қамтамасыз етсін;

2) Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы операциялық күні қалыпты режимде ашылады;

3) Алматы уақытымен 17-00 сағаттан 18-00 сағатқа дейін Орталықтың банкаралық клиринг жүйесінде клиринг нәтижелері бойынша таза позициялардың есебін және Орталықтың банкаралық клиринг жүйесінің операциялық күнін жабуды қамтамасыз етсін;

4) Орталықтың банкаралық клиринг жүйесінің операциялық күні жабылғаннан кейін Алматы уақытымен 19-00 сағатқа дейін Орталықтың банкаралық клиринг жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктердің, Қазынашылық комитетінің және «ЗТМО» РМҚК-ның 2007 жылғы 29 желтоқсан үшін төлем құжаттарын қабылдау және Орталықтың банкаралық клиринг жүйесінде өңдеу нәтижелері бойынша үзінді жазбаларды және төлем құжаттарын беруді қамтамасыз етсін;

5) Алматы уақытымен 19-00 сағаттан кейін Орталықтың банкаралық клиринг жүйесінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы операциялық күнін ашуды қамтамасыз етсін.

4. Ақпарат технологиясы департаменті (Молчанов С.Н.) 2008 жылғы


3 қаңтардан кешіктірмей банктердің, Қазынашылық комитетінің және «ЗТМО» РМҚК-ның корреспонденттік шоттары бойынша 2007 жылғы 29 желтоқсан үшін үзінді жазбаларды және оларға қосымшаларды беруді қамтамасыз етсін.

5. Банктер:

1) 2007 жылғы 29 желтоқсанда клиенттерден төлем құжаттарын қабылдауды және Орталық және корреспондент банктерде ашылған корреспонденттік шоттар арқылы тиісті ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) 2007 жылғы 29 желтоқсаннан кейін қорытынды айналымдармен ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізбесін. Банктер банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдерін дербес белгілеуге құқылы;

3) активтерді, міндеттемелерді, сондай-ақ шетел валютасындағы шартты талаптар мен міндеттемелерді Қазақстан қор биржасының 2007 жылғы соңғы сауда-саттық күнгі таңертеңгі сессиясында қалыптасқан бағам бойынша қайта бағалауды жүзеге асырсын.

6. Қазынашылық комитеті 2007 жылғы 29 желтоқсанда қаржы жылын аяқтау бойынша жұмыс жүргізсін және 2008 жылғы 3 қаңтарда мемлекеттік мекемелерге шығыстар бойынша үзінді жазбалар, қаржы және салық органдарына тиісті шығыс нысандарын беруді қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, осы қаулыны орындауға байланысты мәселелерді жедел шешу бойынша өкілеттік берілсін.

8. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

9. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.) осы қаулы қабылданған күннен бастап бес күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалға), Орталыққа, банктерге, «ЗТМО» РМҚК-на және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберсін.

10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары Б.А. Әлжановқа (4-тармақ бойынша) және М.М. Сартбаевқа (2, 3, 9-тармақтар бойынша) жүктелсін.




Ұлттық Банк

Төрағасы Ә. Сәйденов

Дұрыс:


ҚРҰБ Басқармасының

және Директорлар кеңесінің хатшысы А. Дупленко





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет