«Жас құтқарушы» клубының (үйірмесінің) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын және «Жас құтқарушы» клубтарының (үйірмелерінің)» жұмысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың үлгілік жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 133 бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында, сондай-ақ жас құтқарушылардың қызметін жандандыру және үйлестіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және балалардың бос уақытын мақсатты пайдалануы үшін жағдай жасау, белсенді әлеуметтік ұстанымды қалыптастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жас құтқарушы» клубының (үйірмесінің) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жас құтқарушы» клубтарының (үйірмелерінің) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың үлгілік жоспары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
2021 жылғы 16 наурыз
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 133 бұйрығына
1-қосымша
«Жас құтқарушы» клубының (үйірмесінің) жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік
ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әдістемелік ұсынымдар «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 3-тармағы іске асыру үшін әзірленді. Олардың негізгі міндеттері:
тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша қажетті білім деңгейін, авариялық-құтқару жабдығы мен өрт сөндіру құралдарын пайдалану дағдыларын, төтенше жағдай туындаған жағдайдағы дұрыс іс-қимылдарды меңгеру;
Достарыңызбен бөлісу: |