Жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
қ а у л ы с ы
Алматы қ.
|
2013 жылғы ___ ____________
|
№ ___
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
|
|
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшамен ресімделген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Келесі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу ережесiн бекiту туралы» 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1646 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 34 жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ұлттық валютаның 1993 жылғы үлгідегі банкноталарын ақша айналысынан алу туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4342 тіркелген, 2006 жылғы 1 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 158 (964) жарияланған).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы ___ ____________ № ___
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кассалық торап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 8080 тіркелген) бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жобалануы және жасалуы тиiс.»;
68-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Касса айналымдарын касса журналымен салыстырып тексергеннен кейiн кассирлер өздерiндегi қалыптастырылған қолма-қол ақшаның қалдықтарын анықтамалармен және касса құжаттарымен бiрге касса меңгерушiсiне тапсырады.».
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген, 2004 жылғы 10 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 30 (23668) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларында:
1-қосымша алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4468 тіркелген, 2006 жылғы 13 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 215 (1021) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінде:
26-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«айырбастау пункті үй-жайының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келуі.».
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 253 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7926 тіркелген, 2012 жылғы 24 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 696-701 (27773) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларында:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларында айқындалған бүлінулері бар банкноттары мен монеталары;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Айналыстан алынған банкноттар мен монеталарды банктер және Ұлттық Банктің филиалдары заңды төлем құралы болып табылатын банкноттарға және монеталарға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1232 тіркелген) бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесінде белгіленген уақыт кезеңі ішінде және тәртіппен айырбастайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Банктерге келіп түскен тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен сұрыпталады, айналысқа жіберілмейді және Ұлттық Банктің филиалдарына өткізіледі.»;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық Банктің филиалы тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес сараптамадан өткізеді және айырбастайды.».
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7995 тіркелген, 2012 жылғы 28 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 778-784 (27855) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларында:
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ақшалай түсімін инкассаторлар жинауы тиіс банк клиенттерiнiң тiзiмi, сондай-ақ операциялық кассаларды банкноттармен және монеталармен қамтамасыз ету операциялары жүргізілетін банктер мен филиалдардың тiзiмi инкассация қызметiнде жүргiзіледi. Әрбір клиентке ай сайын банктің клиенті тізімде тіркелген нөмір беріле отырып келу карточкасы жасалады. Келу карточкасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – № 58 қағидалар) 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.».
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Инкассация қызметінің басшысы (кезекші инкассатор) берілген бос сөмкелер мен келу карточкалары бойынша № 58 қағидаларға 15-қосымшада белгіленген нысан бойынша инкассаторлар берген сөмкелер (қапшықтар), келу карточкалары туралы анықтама жасайды және кешкі кассаға немесе қайта есептеу кассасына өткізеді.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Инкассаторлар бригадасының жетекшісі сөмкелерді өткізгеннен кейін инкассация қызметінің басшысына (кезекші инкассаторға) № 58 қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданған банкноттар мен монеталар салынған сөмкелерді (қапшықтарды) және бос сөмкелерді есепке алу журналының екінші данасын, байланыс құралдарын, инкассация бағытына және құндылықтарды тасымалдауға берілетін куәлікті, қызмет куәлігін, жеке қорғану құралдарын, сенімхатты, келу карточкаларын, мөрді береді, ол жөнінде ақшалай түсімді жинауға арналған келу карточкаларын, сөмкелерді, мөрлерді және сенімхаттарды есепке алу журналында жазбалар жасалады. Сондай-ақ, қаруды, оқ-дәрілерді және қаруды алып жүруге берілген рұқсатты өткізеді, ол жөнінде қару мен оқ-дәрілерді беруді және қабылдауды тіркеу журналына жазба жасалады.»;
27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтау орны немесе сейфтер 2 (екi) кiлтпен жабылады, осы адамдардың мөрлері қойылады және № 58 қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін қоймаларды, жанбайтын сейфтердi және басқа ақша сақтау орындарын ашуға, жабуға және мөр қоюға рұқсат етiлген адамдардың бақылау журналына (бұдан әрі – қоймаларды, жанбайтын сейфтердi және басқа ақша сақтау орындарын ашуға, жабуға және мөр қоюға рұқсат етiлген адамдардың бақылау журналы) қол қойғыза отырып күзетке өткiзіледi. Аталған журнал инкассаторлар бригадасының жетекшісінде сақталады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Инкассаторлар бригадасының басшысы бригаданың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдау жөніндегі жұмысының барлығын ұйымдастырады, бұл ретте оған № 58 қағидаларға 31-қосымшада белгіленген нысан бойынша бір жылға жасалған, банктің басшысы немесе оның орнындағы адам қол қойған сенімхат беріледі. Сенімхаттың келесі бетінде инкассация қызметі басшысының қолы қойылып, инкассация қызметінің мөрі басылады.»;
50-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бумалар және түбіршектер бойынша қабылдау кезінде артық шығу немесе кем шығу анықталған жағдайда № 58 қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады, оған комиссия мүшелері, кассир және инкассаторлар бригадасының жетекшісі қол қояды және инкассаторлардың қатысуымен заңды тұлға-клиенттің кассирі жеткізілген барлық банкноттар мен монеталарды банкноттарын парақтап қайта санауды және монеталарды бір-бірлеп қайта санауды жүзеге асырады.».
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 257 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7956 тіркелген, 2012 жылғы 7 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 729-734 (27806) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген үй-жайлардың құрылғысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген) бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
3) инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын сақтайды.».
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7984 тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 802-806 (27877) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялау қағидаларында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген) бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары) сәйкес келетін үй-жайлардың және жабдықтың болуы;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге лицензия беруден бас тарту «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және Қағидалардың
5-тармағында көрсетілген мерзімде жасалады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың филиалдары өздерінің қызметінде Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келетін үй-жайларды пайдаланады.».
Достарыңызбен бөлісу: |