Мұндай жағдайда алушы-банк осындай операцияларды бөлек немесе бөлек жеке есепшоттарда (субпозицияларда) жүргiзедi.
78. Валюталау күнiнде мерзiмдi төлем тапсырмасын орындау мақсатында алушы-банк тапсырмасын, жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы жағдайына сәйкес, сол мерзiмде, келесi делдал-банк немесе бенефициар банкке мұндай тапсырманы орындауға жеткiлiктi уақыт бөлiп, осы Ережедегiдей төлем тапсырма жiбередi.
6-тарау. Жөнелтушi мен алушы-банктiң қате төлем
тапсырмаларын орындаған кездегі iс-қимылдары
79. Төлем тапсырмасы алушы-банк орындауына жiберген жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы мынадай жағдайда қате деп саналады, егер мұндай төлем тапсырмасы:
1) деректемелерi, жөнелтушi төлем тапсырмасы деректемелерiне сәйкес келмегенде;
2) қайталап жiберiлгенде.
80. Жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындау мақсатында берiлген төлем тапсырмасын жiбергенде, алушы-банк жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы шартта көрсетiлген тәртiппен орындалатынын хабарлайды.
ҚР ҰБ Басқармасының 24.01.04 ж. N 13 қаулысымен 80-1-тармақпен толықтырылды
80-1. Бенефициардың банкі жөнелтушінің нұсқауын орындау қателігін анықтаған кезде бенефициар банк ақшаны қайтаруды бенефициардың банктік шоты бойынша оның пайдасына ақша түскенін куәландыратын бухгалтерлік жазба жасалған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
81. Жөнелтушi төлем тапсырмасының дұрыс орындалуын анықтайды және ол қате орындалған жағдайда, жiберiлген қатенi өзара шартта көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей, алушы-банкке хабарлауға мiндеттi. Егерде алушы-банк төлем тапсырмасының қате орындалғаны туралы хабарды шартта көрсетiлген мерзiмде алмаса, онда жөнелтушi алушы-банк алдында, алушы-банктiң қате төлем тапсырмасын орындаудан болған нақты шығыны, егер бұл олардың арасындағы шартта көзделсе, қате төлем тапсырмасы сомасы шегінде жауап бередi.
Хабарламада қате төлем тапсырмасы туралы жөнелтушi хабарлағанда өз төлем тапсырмасының деректемелерiн және қате орындалған деректемелердi көрсетуге мiндеттi.
ҚР ҰБ Басқармасының 18.01.02 ж. N 20 қаулысымен 82-тармақ өзгертілді
82. Алушы-банк жөнелтушiден қате орындалған төлем тапсырмасы туралы хабарлама алғаннан кейiн:
1) қате төлем тапсырмасы бойынша жөнелтушi төлем тапсырмасына сәйкес емес деректемелердi жөнелтушi төлем тапсырмаларды өзi қарайтын бенефициарға жiбередi немесе жөнелтушiге төлемнiң барлық сомасын қайтаруға мiндеттi;
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 95 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) қайтадан берілген қате төлем тапсырмасы бойынша қате алынған соманы жөнелтушіге қайтарады. Бенефициар банк ақша сомаларын қайтаруды тапсырма жасау арқылы жүргізеді, "төлем мақсатында" бенефициар банк ақшаны қайтару себептерін көрсетеді;
3) ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 95 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
83. Алушы-банк орындалған төлем тапсырым бойынша жауап бермейдi, егерде мұндай төлем тапсырмадағы қатенi жөнелтушi жасаған жағдайда.
7-тарау. Делдал банктi немесе бенефициар
банктi теңестiру
84. Жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындағанда алушы-банк делдал банктi немесе бенефициар банктi бiрдейлестiргенде оларды тек төлем тапсырмасында көрсетiлген бiрдейлестiру коды арқылы ғана айырады. Төлем тапсырмасында көрсетiлген банктiң нақты атауына сәйкес оның банктiк бiрдейлестiру кодын анықтау алушы-банк мiндетiне жатпайды.
85. Егер алушы-банк төлем тапсырмасын орындағанға дейiн жөнелтушiден банк атауының банктiк бiрдейлестiру кодына сәйкес еместiгi туралы хабарланса, онда алушы-банк төлем тапсырманы жөнелтушiге орындамай қайтарады.
8-тарау. Банк бенефициардың төлем тапсырмасының
акцептi кезiндегi iс-қимылы
86. Төлем тапсырмасының акцептi кезiндегi бенефициар банк төлем тапсырмасында көрсетiлген ақша сомасын бенефициардың пайдасына қабылдайды. Банк бенефициар валюталау күнiне төлем жасағанда, олардың акцептелген төлем тапсырмада көрсетiлген немесе, егерде акцепт тапсырмасы күнiне басқаша көрсетiлмесе ғана төлем жасайды.
ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. N 372 (бұр. ред. қара); 24.01.04 ж. N 13 (бұр. ред. қара) ; 2007 ж. 30 сәуірдегі № 50 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 87-тармақ өзгертілді
87. Айрықша негiзде акцептен бас тартуға немесе банк бенефициардың төлемдi орындауын кiдiртуге, бенефициар пайдасына шешiлген ақшаның дұрыс еместiгi туралы банкке негiздеме болған фактiлер қызмет етедi, сәйкес келмеген жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің осы Ереженің 22-1-тармағында көзделген төлем құжаттары бойынша:
хабарламада көрсетілген бенефициар деректемелерінің (атауы, СТН, ЖБК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге, оның ішінде "төлем мақсаты" бағанында көрсетілген хабарламаның нөміріне сәйкес болмауы;
төлемнің "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесінің болмауы;
банкте сақталатын хабарламаның келесі бетінде банктің "түпкілікті" мәртебесімен төлемді жүзеге асырғандығы жөнінде белгісі болғанда;
егер бір хабарлама бойынша келіп түскен барлық төлем құжаттарының жалпы сомасы хабарламада көрсетілген сомадан асатын болса.
Ондай фактiлер бенефициар банкте дәлелденбесе, өзара шартта көрсетiлген немесе Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген мөлшерде осы банк бенефициарға ақша аударуды кешiктiргенi үшiн тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Жоғарыда көрсетiлген фактiлер дәлелденген жағдайда (санкцияланбаған төлем тапсырмасы табылғанда) бенефициар банкi аударымнан түскен ақшадан бенефициар пайдасына ақша бөлуге мiндеттi емес.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004.13.11. N 150 қаулысымен 87-1 тармақпен толықтырылды; ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 95 қаулысымен 87-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
87-1. Қазақстан Республикасының заң актілерімен рұқсат етілген көздерден кәсіби одақтарды қаржыландыруды қоспағанда, резидент еместерден, шет мемлекеттерден, мемлекеттік органдардан, мемлекеттік ұйымдардан, діни бірлестіктерден және қайырымдылық ұйымдарынан саяси партиялар мен кәсіподақтардың пайдасына тауарлар жеткізу (жұмыс, қызмет көрсету) жөніндегі шарттарды (келісім-шарттарды) орындауға байланысты емес операциялар бойынша ақша, оның ішінде шетел валютасы түскен жағдайда, бенефициардың банкі төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартады.
88. Төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартқанда бенефициар банк жөнелтушi банкке бас тартудың себебi туралы тапсырма алған күннен бастап, үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiбередi.
9-тарау. Төлемдi бенефициардың пайдасына орындау
89. Бенефициар пайдасына ақша қабылдағанда, акцептелген төлем тапсырмасына сәйкес, бенефициар банк төлем күнiнен кейiн оны операциялық күннен кешiктiрмей ақша қабылдағаны туралы хабарлайды. Бұл талапты банк орындамағаны үшiн жауапкершiлiк банк пен бенефициар арасындағы шартта белгiленедi. Бенефициар банк бенефициардың банк есепшотынан жазбаларды және төлем тапсырмасын, бланкте белгiленген нысанда қағаз жазбада немесе электрондық жазбада шарт талаптарына сәйкес етiп жолдайды.
90. Бенефициар банктiң бенефициар алдындағы ақша аудару бойынша мiндетi, ақша аударылып бiткен кезде саналады.
4-бөлiм. Дебеттiк аударымдар
1-тарау. Дебеттiк аударымдарды жүзеге асыру
91. Қазақстан Республикасында дебеттiк аударымдар мынадай дебеттiк құжаттарды пайдалану арқылы жүргiзiледi:
1) чек;
2) төлемдiк талап-тапсырма;
3) инкассалық өкiм (соның iшiнде салық қызметi мен кеден органдарының инкассалық өкiмдерi);
4) вексель.
Ақша төлемi мен аударымы дебеттiк аударымдарда бенефициардың төлемге көрсеткен төлемдiк құжат негiзiнде жүргiзiледi.
92. Қазақстан Республикасы аумағында векселдер мен чектердi ақша төлемi әдiсiнде жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заң актiлерiне сәйкес, және Ұлттық Банктiң вексель айналымы мен чектердi пайдалану туралы нормалық құқықтық актілерiмен реттеледі.
2-тарау. Ақша төлемi құжаттарын төлемге ұсыну
93. Төлемдiк талап-тапсырма немесе инкассалық өкiм негізiнде бастамашы ақша төлемiн алу үшiн оларды бенефициар банкке немесе ақшаны жөнелтуші банкке көрсетуге құқы бар.
94. Бастамашы, оның ішінде бенефициар, төлемек талап-тапсырма немесе инкассалық өкімдi бенефициар банкке жiбергенде, осы банкке ақша төлемi құжаттары бойынша және соған байланысты барлық операцияны жүргізуге өзара шартқа сәйкес өкiлдік бередi.
Бенефициар банк төлемдiк талап-тапсырма немесе инкассалық өкімді қабылдай отырып, инкассалық банк міндетiн де атқарады.
3-тарау. Инкассалайтын банктің iс-қимылы
95. Инкассалайтын банктің міндеттері инкассаға қабылдаған төлемдік талап-тапсырма немесе инкассалық өкім тек шарт негізiнде, бенефициармен жасалған немесе қолданылып жүрген заң нормаларына сәйкес туындауы мүмкін. Мұндайда инкассалық банк өзiне мынадай мiндеттемелер алады:
1) төлемдік талап-тапсырма немесе инкассалық өкiмдi төлемге немесе акцептке әрi қарай көрсетуге;
2) бастамашыға, оның iшiнде бенефициарға, акцептен немесе төлемнен бас тартуды беруге, төлемдік талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi оны жөнелтушіге қайтаруға;
3) бастамашыны, оның ішінде бенефициарды төлемдiк талап-тапсырманың немесе инкассалық өкiмнiң күшін жоғалғаны туралы хабарлауға.
96. Осы Ереженің 95 тармағына сәйкес, мiндеттеме қабылдай отырып, инкассалық банк төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкімдi бастамашыдан алған соң келесi операциялық күннен қалдырмай қажеттi операцияларды орындайды.
97. Инкассалайтын банк бастамашыдан инкассаға төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi қабылдауды инкассалық банк операциялық күн бойына жүргiзедi.
Инкассалайтын банк инкассоға жоғарыда көрсетiлген төлем құжаттарын қабылдаған жағдайда тiзiлiмдi барлық даналарына олардың түскен күндерi мен уақыты қойылып белгiленедi.
Ақша жөнелтушi банк төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi алған күні мен уақытын тiкелей осы құжаттарға қояды.
4-тарау. Акцепт және төлемдiк талап-тапсырманы төлеу
98. Ақша жөнелтушiнiң төлемдiк талап-тапсырманы акцептеуi, ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы қоспағанда, оның төлем талап-тапсырмасын осы нұсқаудың талаптарына сәйкес төлеуге келiсiмiн бiлдiредi.
Ақша жөнелтушiнiң төлемдiк талап-тапсырманы акцептеуi немесе акцептеуден бас тартуы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес төлемдiк талап-тапсырма алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалуы тиiс.
99. Ақша жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырманы акцептеп және банкiге төлемдiк талап-тапсырманы акцепт туралы белгiмен жiбередi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488; 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 100-тармақ өзгертілді
100. Ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз оның банк есепшотынан ақша алу бойынша өндiрiп алушының құқығы көрсетiлген өндiрiп алушы мен ақша жөнелтушi арасындағы шарт негiзiнде төлемдiк талап-тапсырманы, сондай-ақ ақша жөнелтушiнiң ішiнара немесе толық жазбаша түрде мойындаған талабына, сондай-ақ ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз оның банк есепшотынан ақша алу бойынша өндiрiп алушының құқығы көрсетiлген жауапты, кепiлдеменi және басқа да құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмесiн қоса беруге болады. Мұндайда ақша жөнелтушi iшiнара немесе толық жазбаша түрде мойындаған талапқа жауапты ақша алу жүргiзiлетiн ақша жөнелтушiнiң банк есепшоттарының деректемелерi көрсетiлуi тиiс.
Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банктік шотынан ақша алу бойынша өндіріп алушының құқығы бар бір құжат негізінде уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде бірнеше төлемдік талап-тапсырмаларды ұсынған жағдайда, банкке төлемдік талап-тапсырманы әрбір кейінгі ұсыну көрсетілген құжаттың түпнұсқадан не бастапқы ұсынған нотариат куәландырған құжаттан алынған көшірмесін қоса бере отырып ұсынуы мүмкін.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.02 ж. N 20 қаулысымен 101-тармақ өзгертілді
101. Ақша жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырмасын акцептеуден Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген және ол және бенефициар арасында жасалған шарт негiзiнде бас тартуға құқығы бар.
Мұндайда ақша жөнелтушi ақша жiберушiнiң банкiне бас тарту туралы өтiнiш жiбередi, онда мiндеттi түрде шарттың акцептен ақша жөнелтушiнiң бас тарту құқығы қарастырылған тармағына сiлтеме жасап, бас тарту себебiн көрсетiп немесе басқа да заңға негiзделген мiндеттi түрде сiлтеме жасалуы тиiс.
Банктер акцептен бас тартудың талас негiздемелерiне қарамайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен 102-тармақ алып тасталды
102.
103. Ақша жөнелтушiнiң банк төлемдiк талап-тапсырманы, ақша жөнелтушiнiң акцептiң талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы қоспағанда, тек ақша жөнелтушiнiң акцептi негiзiнде ақша жөнелтушiнiң есепшотын дебеттеу жолымен ғана акцептейдi.
104. Ақша жөнелтушi банк оларға акцептелген төлемдiк талап-тапсырмасын бенефициар есепшотын немесе банк бенефициардың корреспонденттiк есепшотын кредиттеу жолымен, әрi қарай бенефициар пайдасына ақша аударымын орындайды.
5-тарау. Ақша жөнелтушi банктiң iс-қимылы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.02 ж. N 20 қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда
105. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған кезде осы төлемдiк талап-тапсырманың әр данасында алған күнi туралы белгi қояды. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырмаларды тiркеу журналында келiп түскен төлемдiк талап-тапсырмалардың есебiн жүргiзедi. Журналдың нысанын, оны жүргiзу әдiсiн және журналда көрсетiлетiн төлемдiк талап-тапсырманың деректемелерiн банк өз бетiнше белгiлейдi.
Төлемдiк талап-тапсырмаларды осы Ереженiң 33-тармағына сәйкес тiзiлiм бойынша ұсынған жағдайда, алған күнi туралы белгiнi осы тiзiлiмде қоюға болады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.02 ж. N 20 қаулысымен 106-тармақ толықтырылды
106. Жұмыс күнiнен кешiктiрмей, келесi күнi төлемдiк талап-тапсырманы алғанда, ақша жөнелтушi банк төлемдiк талап-тапсырманың данасын ақша жөнелтушiге қағаз (жазбада) тасушыда немесе электронды нысанда, ақша жөнелтушi мен оның банкпен акцептi және төлемi туралы электронды қызметке келiсiмiне сәйкес бередi.
Төлемдiк талап-тапсырманы беру тәсiлiн ақша жiберушi мен ақша жiберушiнiң банкi арасындағы шартпен белгiлеуге болады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен 107-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.02 ж. N 20 қаулысымен 107-тармақ жаңа редакцияда
107. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн ақша жiберушiден төлемдiк талап-тапсырма акцептiнен не акцептелген төлемдiк талап-тапсырмадан бас тартуды алмаған жағдайда ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы қайтару себебi көрсетiлген хабарламамен бiрге төлемдiк талап-тапсырманы жiберушiге қайтаруға құқылы.
108. Ақша жөнелтушi банк акцептелген төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушiге өзара шартқа сәйкес төлейдi. Ақша жөнелтушiнiң акцепттiң талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы төлеген жағдайда, ақша жөнелтушi банк акцептсiз тәртiппен оның есепшотынан ақшаны есептен шығаруға құқылы. 109. Ақша жөнелтушi банкте төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi орындауға қажеттi ақша болмай қалғанда, немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, ақша жөнелтушi банк акцептелген құжаттарды есепке алуға және оларды оның корреспонденттiк есепшотына кезектi төлемге немесе ақша аударымы түскенше сақтауға мiндеттi.
Мұндайда ақша жөнелтушi банк ақша жөнелтушiге егерде Қазақстан Республикасы заң актiлерiнде басқаша көрсетiлмесе айыппұл немесе өзара шартта белгiленген мөлшерде өсiм төлеуге мiндеттi.
6-тарау. Төлемдiк талап-тапсырма бойынша ақша
жөнелтушi банктiң iс-қимылы
110. Ақша жөнелтушi банк мыналарға байланысты:
1) Ақша жөнелтушiге акцептке төлемдiк талап-тапсырманы және төлемдi кешiктiргенi үшiн;
2) ақша жөнелтушi төлемдiк акцептелген талап-тапсырманы, оның iшiнде ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы төлемдiк талап-тапсырма бойынша төлем жасау үшiн ақша жөнелтушiнiң банкте жеткiлiктi ақша сомасы бола тұрып төлеудi кешiктiргенде немесе төлемегенде Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетiлгендей немесе олардың арасындағы шарттағыдай мөлшерде ақша жөнелтушi алдында жауап бередi.
7-тарау. Инкассалық өкiм негiзiнде
ақша жөнелтушiнiң банктегi есепшотынан ақша алу
111. Банкке үш данадан кем емес ал банк бенефициарға төрт данадан кем емес инкассалық өкiм көрсетiледi.
112. Ақша жөнелтушi банк Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген мерзiмдегiдей, ақша жөнелтушiнiң банктегi есепшотын дебеттеу жолымен инкассалық өкiмдi акцептейдi. Бұл жағдайда банк ақшаны бенефициар пайдасына аударады және оның банкiне төленгенi туралы белгiмен инкассалық өкiмдi жiбередi.
113. Ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз банк есепшотынан ақша алуды орындау құжаттары ақша жөнелтушi банкiне белгiленген мерзiмде көрсетiледi. Мерзiмi өтiп кеткен орындауға көрсетiлетiн және басқа да құжаттар, банктiң акцептен инкассалық өкiмнен бас тартуына негiз болады.
114. Банк мiндеттерi туралы инкассалық өкiм бастамашы Ұлттық Банкке немесе Ұлттық Банктiң нысанды құқықтық актiлерiне сәйкес, корреспондент банкке, ал клиенттердiң мiндеттемелерi бойынша, ақша жөнелтушiге қызмет ететiн банкке немесе оның филиалына бiлдiрiледi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.27.08. № 95 қаулысымен 115-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
115. Ақшаны алуды тоқтату немесе қысқарту тек мынадай жағдайда жүргiзiледi:
1) ақшаны алу мемлекеттiк орган өкiлiнiң шешiмi немесе лауазымды адамдардың шығарған шешiмi (өкiмi) бойынша алынады;
2) сот шешiмдерiне сәйкес негiзде;
3) құқық қорғау органдарының қылмыстық iстер қозғауына байланысты ақшаны алуды тоқтату туралы қаулысы бойынша;
4) бенефициардың жазбаша өкiмi негiзiнде;
5) Қазақстан Республикасы заң актiлерiнде белгiленген басқа да жағдайларда.
Көрсетiлген қаулылар, өкiмдер, анықтамалар немесе өтiнiштер банкке орындауға тек күндерi, нөмiрлерi болғанда ғана және лауазымды адамдардың қолы қойылып алынады.
Банк нұсқауларды орындауды тоқтатуға (ақшаны алуды тоқтатуға) Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілетті тұлғалардың шешімдерін алған жағдайда, нұсқаулар шешімде көрсетілген мерзімде не уәкілетті тұлға осы шешімнің күшін жойғанға дейін алушы-банкте сақталуға жатады. Орындалуы тоқтатылған нұсқаулар банкте сақталады және баланстан тыс есепке есептеледі. Нұсқауды баланстан тыс есепке алған кезде банк келесі жұмыс күнінен кешіктірмей нұсқауды жөнелтушіге (бастамашыға) тиісті хабарлама жібереді.
Банк ақшаны алуды тоқтатуға (нұсқауды орындауға тыйым салуға) Қазақстан Республикасының заң актілерімен уәкілетті тұлғалардың шешімдерін алған кезде нұсқауларды шешімді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешіммен қоса жөнелтушіге қайтарады.
8-тарау. Белгiсiз мерзiмде орындауға
жататын нұсқаулар (картотека)
ҚР ҰБ Басқармасының 24.01.04 ж. N 13 (бұр. ред. қара); 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 116-тармақ өзгертілді
116. Инкассалық өкімді алған және ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша сомасы болмаған кезде, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе алушы банк сақталуының міндеттілігі осы Ережеде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделмеген алынған инкассалық өкімдерді қабылдауға және бір жыл ішінде ақша жөнелтушінің банктік шотына ақша сомасы түскенге дейін картотекада сақтауға міндетті.
Төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы жөнелтушіде болмаса не ақша сомасы жеткіліксіз болса, алушы-банк ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы және ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырманы алған күннен бастап бір жыл ішінде сақтайды. Төлемдік талап-тапсырмаларды және тізілімді алушы-банктің сақтау мерзімі осы құжаттардың қолдану мерзімін тоқтатады.
Ақша жөнелтушi мен алушы банк сақталуының міндеттілігі осы Ережеде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделмеген арасындағы банк есепшоты шартында алушы-банк басқа да төлем құжаттарын қабылдауға және сақтауға мiндеттене алады. Алушы банк сақталуының міндеттілігі осы Ережеде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделмеген мұндай төлем құжаттарын қабылдауға және сақтауға келіскен жағдайда олардың сақталу мерзімдері, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, инкассалық өкімдердің сақталуы мерзімдеріндей болады.
ҚР ҰБ Басқармасының 31.01.03 ж. N 20 қаулысымен 117-тармақ толықтырылды
117. Инкассалық өкiмдердi және басқа да төлем құжаттарын осы Ереженiң 116-тармағына сәйкес қабылдағанда, ақша алушы - банк бiр уақытта бенефициар банк болып табылған жағдайды қоспағанда, алушы-банк келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бенефициар банкке не бенефициарға төлем құжаттарын картотекаға қою туралы хабарлама жiбередi.
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 95 қаулысымен 117-1 тармағымен толықтырылды
Достарыңызбен бөлісу: |