«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/2
Дата03.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#175687
  1   2
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

2315 қаулысымен



бекітілген

 

 



 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан
шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен
мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 215-кабинет, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, сондай-ақ мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген баламалы негіздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz  (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

Шалғайда орналасқан елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:



1) уәкілетті органның www.mki.gov.kz  интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызмет» бөліміндегі «Мұрағат ісі» кіші бөлімінде;

2) порталда;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі -«ХҚКО» РМК) интернет-ресурсында www.con.gov.kz;

4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Орталықтар ғимараттарында қойылған стенділерде орналастырылады.

Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты call-орталығы телефоны (1414) арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:



қағаз тасымалдағышта Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртабанын қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап болып табылады;

порталда - қағаз тасымалдағышта Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртабанын қою немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауаптың дайын екендігі туралы хабарлама болып табылады. Апостиль қойылған мұрағаттық анықтама және мұрағаттық құжаттар көшірмелері өтініште көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

уәкілетті органда:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың  11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызмет құжаттар берілген күні жеке өзіне көрсетіледі;

2) пошта арқылы жазбаша өтініш берілгенде осы стандарттың 11-тармағында анықталған құжаттар келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;

3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут;

4) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут;

Орталыққа өтініш білдірген кезде:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 20 күнге дейін (Орталық орналасқан жердің ара қашықтығына байланысты);

2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут;

3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут.

Портал арқылы қызмет үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.



Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін әрбір құжатқа «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық кодексі 540-бабының 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 %-ын құрайтын мемлекеттік баж алынады. Апостиль қойылғаны үшін мемлекеттік баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттарға портал арқылы электрондық сауал берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызмет:



1) уәкілетті органның жұмыс кестесіне сәйкес: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

2) Орталықтардың жұмыс кестесіне сәйкес: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін, аптасына алты күн, үзіліссіз. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттар қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес;

3) порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет:



уәкілетті орган ғимаратында құқықтық тәртіпті қорғау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары болады. Кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.

Орталықта мемлекеттік қызмет алушылардың таңдауы бойынша дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай көзделген, күтудің тиімді жағдайларымен күту залы және қажетті құжаттарды дайындау үшін толтырылған бланк үлгілерімен ақпараттық стенділері болады.

Порталда - жеке кабинетте.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:



уәкілетті органға:

1) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат мекемесі берген, апостиль қойылатын мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелері;

3) мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;

Орталыққа өтініш білдірген кезде:

1) мемлекеттік қызметті тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты;

2) мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат берген, апостиль қойылатын мұрағаттық анықтама және (немесе) мұрағаттық құжаттардың көшірмелері;

3) мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.

Уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері құжат қабылдаған кезде мемлекеттік органның мемлекеттік ақпарат жүйесінен алынған мәліметтермен салыстырғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады.

Порталда:

1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сауалы;

2) электрондық сауалға мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат берген мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелерінің сканерленген нұсқасы тіркеледі;

3) ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлегені туралы ақпарат.

Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметті уәкілетті орган ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы Порталдың ақпарат жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйесінен алады.

12. Мемлекеттік қызметті алушы өтініш білдірген кезде:



уәкілетті органда өтініштер, бланкілер толтыру талап етілмейді.

Орталықта өтініш бекітілген нысандағы өтініштер бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ Орталықтың www.con.gov.kz  интернет-ресурсында орналастырылады.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұраныс нысанын толтыру қажет.

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар пошта арқылы жіберіледі немесе уәкілетті органның кеңсесіне мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 224-кабинетке тапсырылады.



Орталықтарда құжаттар қабылдау операциялық залдағы «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Портал арқылы өтініш білдіргенде электрондық сауалды жіберу мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады. Сауал автоматты түрде уәкілетті органға - таңдалған қызметке сәйкес адресатқа жіберіледі.

14. Уәкілетті органға өтініш білдірген кезде, күні мен уақыты, құжатты қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты-жөні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға (немесе сенім хаты бойынша өкілге) берілетін талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.



Орталыққа өтініш білдірген кезде мыналарды көрсете отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) сауалдың нөмірі мен қабылданған күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні, (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты-жөні, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

Портал арқылы өтініш берілген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сауалдың қабылданғаны туралы хабарлама есеп жолданады.

15. Уәкілетті орган апостильденген мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы, не мемлекеттік қызметті алушыға жіберу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге жібереді, мемлекеттік қызметті алушы жеке өзі келгенде жеке куәлігін, не өкіл сенімхатты ұсынған жағдайда беріледі.



Мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беру мына мекенжайда жүргізіледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 215-кабинет, телефоны: (7172) 74-05-29.

Орталықта мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттар беруді қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде Орталық қызметкері «терезе» арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде қызметтің нәтижесін алмаған жағдайда, орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды Орталықтың мұрағатына береді.

Порталда қызмет көрсетудің нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

16. Алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.



Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты осы стандарттың  11-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органнан немесе порталда электрондық құжат түрінде «жеке кабинетінде» алады.

Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді алушыға қатысты мынадай:



1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;

2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) сыпайылық;

4) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;

5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қорғау және құпиялылық қағидаттарын басшылыққа алады.

 

 



4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстың нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимарат, 15-кіреберіс, 215-бөлме, телефоны: (7172) 74-05-29 уәкілетті орган түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдемдеседі.



Сонымен бірге Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.

21. Қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 309-кабинет, телефон: (7172) 74-01-63, демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz.

22. Уәкілетті органның қызметкері дөрекілік көрсеткен жағдайда уәкілетті орган басшысының атына шағым беріледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Уәкілетті органның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 225-бөлме. Уәкілетті орган басшысының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-02-51, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz.

Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталық ғимараттарында қойылған стенділерде көрсетілген орталықтың немесе «ХҚКО» РМК басшысының атына шағым беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

24. Шағым еркін нысанда ресімделеді. Мемлекеттік қызметті алушы өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді:

1) тегі, аты, әкесінің аты;

2) жауап жіберілетін пошталық мекен-жайы;

3) шағымның мәнін баяндау;

4) жеке қолы және күні.

Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе олардың көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді.

25. Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесі шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетіледі.



Мемлекеттік қызметті алушы Орталыққа немесе «ХҚКО» РМК өтініш білдіргенде, оның Орталықтың кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатына қойылады) қолма-қол берген және пошта арқылы түскен шағымның қабылданғандығына растау болып табылады.

Уәкілетті орган қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.

26. Уәкілетті орган мына мекенжай бойынша орналасқан: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-05-29, интернет-ресурс: www.mki.gov.kz.



«ХҚКО» РМК мекенжайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік



мұрағаттарынан шығатын және шет

елге жіберілетін мұрағаттық

анықтамалар мен мұрағаттық

құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 



Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары

 


Р/с



Орталықтардың атауы (филиалдар, бөлімдер, бөлімшелер)

Орналасқан мекен жайы

Байланыс деректері

1

2

3

4

«Ақмола облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 а-үй

8 (7162) 40-10-76

8 (7162) 40-10-63

1)

Көкшетау қалалық бөлімі

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 142-үй

8 (7162) 25-04-78

2)

Красный Яр с. аудандық бөлімі

Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Ленин көшесі, 65-үй

8 (7162) 40-43-27

3)

Ақкөл аудандық бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 102-үй

8 (71638) 2-09-96

8 (71638) 2-18-49

4)

Аршалы аудандық бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы кенті, М. Мәметова көшесі, 19-үй

8 (71644) 2-10-77

8 (71644) 2-28-28

8 (71644) 2-10-77

5)

Атбасар аудандық бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11-үй

8 (71643) 2-45-94

8 (71643) 4-07-22

8 (71643) 4-12-58

6)

Астрахан аудандық бөлімі

Астрахан ауданы, Астраханка ауылы Әл-Фараби көшесі, 44-үй

8 (71641) 2-35-96

8 (71641) 2-21-94

7)

Бұланды аудандық бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 18б-үй

8 (71646) 2-37-20

8 (71646) 2-37-81

8)

Бурабай аудандық бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 42-үй

8 (71636) 4-29-97

8 (71636) 4-28-91

8 (71636) 4-59-28

9)

Егіндікөл аудандық бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7-үй

8 (71642) 2-12-57

10)

Ерейментау аудандық бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Мұсабаев көшесі, 15-үй

8 (71633) 2-44-92

11)

Еңбекшілдер аудандық бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Сыздықов көшесі, 2а-үй

8 (71639) 2-22-41

8 (71639) 2-22-42

8 (71639) 2-22-18

12)

Есіл аудандық бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Жеңіс көшесі, 56-үй

8 (71647) 2-22-07

13)

Жарқайың аудандық бөлімі

Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ғабдуллин көшесі, 104-үй

8 (71648) 9-00-35

8 (71647) 2-22-05

14)

Жақсы аудандық бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 8-үй

8 (71635) 2-17-10

15)

Зеренді аудандық бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 52-үй

8 (71632) 2-00-74

16)

Қорғалжын аудандық бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 19-үй

8 (71637) 2-17-83

8 (71637) 2-20-36

17)

Степногор қалалық бөлімі

Степногор қаласы, 9 ш/а, 83 ғимарат

8 (71645) 2-00-40

8 (71645) 2-00-30

18)

Сандықтау аудандық бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 119-үй

8 (71640) 9-26-66

19)

Целиноград аудандық бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15-үй

8 (71651) 3-12-30

8 (71651) 3-11-98

20)

Шортанды аудандық бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды ауылы, аты аталмаған тұйық көше, 1-үй

8 (71631) 2-17-97

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

1.

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

8 (7132) 56-57-87

1)

Ақтөбе қалалық № 1 бөлімі

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

8 (7132) 57-80-27

2)

Қарғалы с. (Жилянка)

Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев көшесі, 10-үй

8 (7132) 98-60-06

8 (7132) 98-60-05

3)

Алға аудандық бөлімі

Алға ауданы, Алға қаласы, Айымбаев көшесі, 23-1 үй

8 (71337) 3-20-79

8 (71337) 3-10-96

4)

Мәртөк аудандық бөлімшесі

Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1 «Б»-үй

8 (71331) 22-4-13

8 (71331) 22-1-14

5)

Хромтау аудандық бөлімі

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Абай көшесі, 12-үй

8 (71336) 26-6-33

8 (71336) 26-6-34

6)

Мұғалжар аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Молодежный ш/а, 47 «Б»-үй

8 (71333) 30-2-19

8 (71333) 30-2-18

7)

Ембі аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Тлепбергенов көшесі, 1-үй

8 (71334) 23-9-83

8)

Темір аудандық № 8 бөлімі

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 15/3 үй

8 (71346) 23-5-83

8 (71334) 23-9-87

9)

Қобда аудандық бөлімі

Қобда ауданы, Қобда ауылы, Нұрымжанов тұйық көшесі, 2-үй

8 (71341) 22-1-47

8 (71341) 22-1-38

10)

Қарғалы аудандық бөлімі

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 27 «А» үй

8 (71342) 23-4-64

8 (71342) 23-4-62

11)

Ойыл аудандық бөлімі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 64/б үй

8 (71332) 21-1-81

8 (71332) 21-1-82

12)

Әйтеке би аудандық бөлімі

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10-үй

8 (71339) 22-3-73

8 (71339) 22-3-74

13)

Байғанин аудандық бөлімі

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, 41 «А»-үй

8 (71345) 23-5-86

8 (71345) 23-5-87

14)

Ырғыз аудандық бөлімі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Жангелді көшесі, 7-үй

8 (71343) 21-8-28

15)

Шалқар аудандық бөлімі

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар ауылы, Әйтеке би көшесі, 63-үй

8 (71335) 23-6-10

8 (71335) 23-6-11

«Алматы облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

1

2

3

4

1.

«Алматы облысы бойынша ХҚКО» РМК филиалы

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б-үй

8(7282) 24-15-06

8(7282) 24-41-33

1)

Ақсу аудандық бөлімі

Жансүгіров кенті, Қабанбай батыр көшесі, 20-үй

8 (72832) 2-14-51

 

Қапал бөлімшесі

Қапал ауылы, Алпысбаев көшесі, 3-үй

8(72841) 2-17-60

2)

Алакөл аудандық бөлімі

Үшарал қаласы, 8 наурыз көшесі, 63-үй

8(72833) 2-35-46

8(72833) 2-35-48

 

Қабанбай бөлімшесі

Қабанбай кенті, Абылайхан көшесі, 237-үй

8(72837) 4-13-85

3)

Балқаш аудандық бөлімі

Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25 «А»-үй

8(72773) 95-2-22

8(72773) 9-18-20

4)

Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі

Есік қаласы, Абай көшесі, 314А-үй

8(72775) 4-54-70

8(72775) 4-54-69

 

Шелек бөлімшесі

Шелек ауылы, Бижанов көшесі, 100-үй

8(72775) 2-34-96

8(72775) 2-34-97

5)

Ескелді аудандық бөлімі

Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 52-үй

8(72836) 3-22-16

6)

Жамбыл аудандық бөлімі

Ұзынағаш кенті, Мәжитов көшесі, 1-үй

8(72770) 2-30-90

7)

Іле аудандық бөлімі

Өтеген батыр кенті, Қуат ш/а, Тәуелсіздік көшесі, 25-үй

8(727) 251-74-46

8(727) 251-74-47

 

Боралдай бөлімшесі

Боралдай ауылы, Мәскеу тұйық көшесі, 2 үй

8(72738) 7-82-42

 

Қараой бөлімшесі

Қараой ауылы, Тыңдала көшесі, 9-үй

8(7275) 24-88-10

 

Ақшы бөлімшесі

Ақшы ауылы, Қонаев көшесі, 29-үй

 

8)

Қарасай аудандық бөлімі

Қаскелең қаласы, Жанғозин көшесі, 38-үй

8(72771) 2-56-86

8(72771) 2-56-96

 

Тау Самалы бөлімшесі

Тау Самалы кенті, Рысқұлов көшесі, 129-үй

8(727) 391-38-58

 

Шамалған бөлімшесі

Шамалған станциясы, Дүйсеков көшесі, 41 үй

8(7272) 93-66-33

9)

Қаратал аудандық бөлімі

Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі, 22-үй

8(72834) 2-02-07

8(72834) 2-20-92

10)

Кербұлақ аудандық бөлімі

Сарыөзек қаласы, Момышұлы көшесі, нөмірсіз үй

8(72840) 3-25-88

 

Қоғалы бөлімшесі

Қоғалы кенті, Желтоқсан көшесі, 45-үй

8(72842) 9-10-59

11)

Көксу аудандық бөлімі

Балпық би кенті, Измайлов көшесі, 10-үй

8(72838) 2-16-19

8(72838) 2-16-18

12)

Қапшағай қалалық бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 41-үй

8(72772) 4-79-61

8(72772) 4-79-60


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет