Жаңақорған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі



Дата23.02.2016
өлшемі16.29 Kb.
#3887
"Жаңақорған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы анықтама.
2015 жылы аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында аудандық маслихаттың 3 сессиясы өтті.

Жыл басында бөлімнің 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңына байланысты бекітілген кестеге сәйкес 9 ( рет ) құқықтық оқулар өтті.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шара жоспары жасалып, бекітілді.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" №267 Заңына сәйкес арыз-шағым жәшігі мен азаматтардың өтініштерін қабылдау жәшігі бөлімде орналастырылды.

Бөлім басшысы өзінің және жұбайының жеке табыстары туралы аудандық "Жаңақорған тынысы" газетінің 2015 жылғы 20 маусымдағы № 47 санына жарияланды.

«Жаңақорған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің "Ар-намыс кодексін бекіту туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" №267 Заңына сәйкес сенім телефоны аудандық "Жаңақорған тынысы"газетінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №15 санына және аудандық "Жаңақорған тынысы" газетінің 2015 жылғы 20 маусымдағы № 47 санына жарияланды.

Бөлім басшысы мен бөлім басшысы орынбасарының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі және бөлім басшысы өзінің және жұбайының жеке табыстары туралы аудандық "Жаңақорған тынысы" газетінің 2015 жылғы 20 маусымдағы № 47 санына жарияланды және аудан әкімдігінің веб порталына орналастырылды.

Бекітілген кестеге сәйкес бөлім басшысының қабылдауында 1(бір) азамат болды.

Жыл басынан бөлімге 1110 құжат кіріске алынса, 423 құжат шығысталды.



Бөлім басшысы С. Асенов

орынд: А.Бакиров

тел: 22312

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет