Қазақстан Республикасының өңірлерінің инновациялық даму жағдайларына талдау
Умирзакова М.А.,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстанның тәуелсіздік алған кезден бастап инвестициялық тартымдылығын жақсарту мен инвесторларға қолайлы жағдайлар жасаумен белсенді түрде айналысып келе жатқаны белгілі. Және де бұнда инвесторларды тарту дегенімізді қаржыны ғана емес, жаңа технологияларды тарту, сондай-ақ, елдің түрлі өңірінде көптеген жобалары орналасқан Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) жүзеге асыру үшін өкілеттіктерді дамыту деп түсіну керек.
Қазақстан Республикасы - жер көлемімен, алуан түрлі табиғат байлықтарымен және көп ұлтты халқымен ерекшеленетін мемлекет. Еліміздің болашағы мен халқымыздың әл-ауқатының артуы экономикамыздың дамуымен тікелей байланысты.
Нарыққа көшерде ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда стратегиялық шикізат ресурстарына бай Қазақстан әлдеқайда қолайлы экономикалық жағдайда болды. Бірақ, шикізатқа ғана сену елді әлемдік конъюнктураға бағынышты етіп қояды. Экономика әсіресе қазіргі таңда ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ресурстарды үнемдеуші технологияларды өндіріске енгізе отырып қана дами алады.
Бұл өнеркәсіптік өндірісті инновациялық, инвестициялық және құрылымдық тұрғыдан қайта құрумен, қызметтің жаңа түрлерінің дамуымен тікелей байланысты. Шикізатқа деген тәуелділікті азайту үшін отандық экономика салаларын әр-тараптандыру, жіліктеу әрі олардағы жоғары технологиялы кәсіпорындарды қарқындата дамыту керек. Осы факторлардың бәрі бүгінгі таңдағы ең басты мәселеге – экономиканың бәсекелестікке қабілетті болуына жұмыс істейді.
Бәсекеге қабілетті болу үшін Қазақстанға әлемдік нарықтағы өз «қуысын», яғни жақын болашақта бәсекеге жарай алатын өнеркәсіп салаларын таба білу әрі дамыта алу қажет. Бүгінгі заман тауарларының құндылығы олардың бойындағы озық ғылыми-техникалық жетістіктердің молдығымен ерекшеленетіндіктен, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық даму деңгейімен өлшенеді.
Әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі таңдағы басты мәселе индустриалды-инновациялық экономиканы қалыптастыру болып отыр. Индустриалды-инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды, технологиялық өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және инновациялық инфрақұрылымның болуы.
Аймақтардың инновациялық әлуетін талдау үшін Қазақстанда шаруашылық жүргізудің объективті шарттарымен, ресурстық-өндірістік әлеуетімен, мамандануымен және шешілетін мәселелер сипатымен ерекшеленетін аймақтарды төрт топқа бөлінуі негізінде, ҚР Экономика институтымен ұсынылған үлгіні алуға болады.
І топ – жоғарғы технологияны талап ететін, өндіріс үшін қолайлы экономикалық шарттары және жоғары ғылыми-техникалық әлуеті бар облыстар. Бұл аймақтар технико-технологиялық озып кетуінде басты сүйеніш болатын, яғни қоғамдық-экономикалық даму үшін жоғары бастапқы деңгейі бар Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.
ІІ топ – стратегиялық сипаттағы табиғи минералды ресурс қорлары бар және ғылыми-өндірістік әлеуеттің дамуында жоғарғы деңгейдегі облыстар. Бұл аймақтар тобында халық шаруашылығының салалық құрылымы рационалды емес, минералды шикізаттың қазу және өңдеу бойынша салалар абсолютті үстем, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары жатады.
ІІІ топ – еліміздегі сауда әлуетінде басты орын алатын индустриалды Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары жатады.
IV топ – рационалды емес салалық құрылымды, экономикалық бейімсіз мүмкіншіліктері шектелген экстремалды технико-технологиялық шарттарымен сипатталатын облыстар және дағдарыс аудандары жатады.
Жоғарғы ғылыми-өндірістік әлуетті аймақтарға – Солтүстік және Орталық Қазақстан, орташа – Батыс және Шығыс Қазақстан және ең төмен - Оңтүстік Қазақстан аймақтары жатады. Сондықтан, Солтүстік және Орталық Қазақстан кәсіпорындарын инновациялық даму үлгісін өңдеу үшін полигон ретінде таңдау толық мүмкін. Бұл жерлерде индустриалды кешеннің басты салалары, қалыпты ғылыми-өндірістік потенциал, біліктілігі жоғары инженерлік-техникалық әлеует шоғырланған.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Президенттің тапсырмасымен 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - экономиканы әртараптандыру, қазақстандық қамтуды ұлғайту, шағын және орта бизнес үшін мүмкіндіктерді мультипликациялау, шикізаттық емес экспорттық әлеуетті арттыру, жоғары технологиялық өндірісті болашақтың экономикасына көшу.
Жалпы, аймақтардың экономикалық дамуы және нарықтық трансформация үрдістері құрылымдық-инвестициялық үрдістер деформациясымен, сонымен қатар аймақтардың өзін-өзі қаржыландыру мүмкіншіліктер негізінде қалыптасады .
Еліміздің бірыңғай экономикалық кеңістіктегі қарқындап дамуы оның өңірлерінің қазіргі инновациялық әлеуетіне тікелей байланысты. Сол үшін де біз, әрбір өңірдің индустриялық-инновациялық даму ерекшеліктеріне баға беруді жөн деп таптық.
Сурет 1. Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық басымдықтары
Ендігі кезекте өндірістік инфрақұрылымы салыстырмалы түрде жақсы дамыған бірнеше облыстарға тоқталып өтелік.
Павлодар облысы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп өңірі. Аймақ экономикасының негізін тау-кен-металлургиялық кешені және энергетика кәсіпорындары құрайды. Өңірдің инновация саласындағы белсенділік деңгейі – 8,1%. Облыста барлығы 31 ғылыми зерттеу мен конструкторлық жобалау бөлімшелері бар.
Павлодар облысында еліміздегі даму институттарының қолдауымен және жергілікті технопарктер мен инновациялық орталықтардың қатысуымен бірқатар инновациялық сипаты бар жобалар орындалып жатыр. «Қазақстан алюминийі» АҚ-та техникалық қайта жарақтандыру кешенді бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл алюминий тотығы өндірісінің көлемін көбейтуге және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірісті жаңғырту мен қайта жарақтандыру мақсатында көміртекті феррохром өндірісінің технологиясын игеру жалғастырылуда.
«Кастинг» ЖШС Павлодар филиалының №1 электрболатбалқыту цехында сортты илек өндірісін ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық жоба аясында болат дайындамалары, арқау болат және ұнтақ шарлар өндірісін құру аяқталды. Үздіксіз құю өндірісін және мұнайгаз саласы үшін тігіссіз болат құбырлар шығаруды кеңейту жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының саны бойынша облыс Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан кейін 3 орынға шықты. Еліміз бойынша өндірілген инновациялық өнімінің 17%-ы Шығыс Қазақстанның үлесіне келеді. Сондай-ақ, жыл сайын облыс кәсіпорындарының инновациялық белсенділік деңгейі республикалық көрсеткіштен асып түсуде.
Облыстың инновациялық өнімінің негізгі үлесі ядролық материалдар өндірісіне тиесілі. Үлбі метталургия зауыты жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетке ие. Соңғы 8 жылда Үлбі метталургия зауытының өнертапқыштары қызметтік өнертабыстарға 82 өтінім беріп, оның 35-не Қазақстан Республикасының және 21-не Ресей Федерациясының қорғау құжаттары берілді. 25 өнертабыс «ноу-хау» режимінде қорғалды.
Курчатов қаласында орналасқан «Тоқамақ» ядролық технологиялар паркі ядролық және жанама технологиялар саласындағы ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық компанияларды «өсіруге» арналған алаң болып табылады. Болашақта мұнда жасанды тері, термоотырғызу пленкалары мен гель өндіру кезінде ядролық энергетиканы пайдалану жоспарланып отыр.
Өңірде атом стансаларына арналған отын, бериллий, тантал және олардың негізінде өнім шығаратын бірегей өндіріс бар. Үлбі металлургия зауытының әлемдік деңгейдегі ғылымды қажет ететін өнім әзірлеу және дайындау саласында жарты ғасырдан аса өндірістік қызмет тәжірибесі бар.
Қарағанды облысы. Облыс ғалымдарын қоса санағанда, ірі ғылыми және кадрлық әлеуеті жоғары республика аумағындағы ең ірі өндіріс өңірі саналады. Олардың арасында Қарағанды бассейні, Дубровский жер теліміндегі көмір қабаттарының метанын кешенді пайдалану мен барлау, алу, қайта өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеуді көздеген «Қарағанды метаны» инновациялық жобасы бар.
Жылына 100 мың тонна мырыш шығаратын «Балқаштүстіметалл» ХМК «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мырыш зауыты іске қосылды. Зауытта «Дайнатек» канадалық фирмасының жаңа технологиясы, яғни қоршаған ортаны ластамайтын технология қолданылды.
Батыс Қазақстан облысы. Қазақстан Респуликасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудың алғашқы кезеңінің нәтижелері бойынша Батыс Қазақстан облысы көшбасшылардың қатарына кіреді.
Өнеркәсібін дамытуды мықтап қолға алған батыс қазақстандықтар, бірінші кезекте, аймақтағы қорғаныш кешеніне кіретін кәсіпорындарды сауықтыруды мақсат етіп отыр. Соның нәтижесінде «Омега» зауыты қайта құрылды. Бұл өндіріс қазір күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлардан бастап, жоғары технологиялы құрал-жабдықтар өндіре алатын тұтас бір кешенге айналып отыр.
Ал, отыз жылдық тарихы бар, бұған дейін қару шығаратын құпия өндіріс орны болған «Металлист» зауытының негізінде «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ құрылды. Зауыт мамандары монолиттік құрылыстарға арналған арнайы инновациялық технологияны игерді. Сонымен бірге, мұнай-газ саласы үшін жер асты бұрғыларын жөндеу құралдарын, газ айдау агрегаттарына арналған бөлшектер жасау мен оларды жөндеуді жолға қойды. Оған қоса, энергетикалық құрал-жабдықтар, металл құрылымдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын шығара бастады.
Оралдағы «Зенит» зауыты сыйымдылығы 200 тоннаға дейінгі ауыр кеме жасау технологиясын игеріп, еліміз бойынша кеме жасау саласының көшбасшысына айналды. Қазір мұнда су шекарасы қызметіне қажетті кемелер шығарылуда. Сондай-ақ, облыстың инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында Орал қаласында «Алгоритм» технологиялық паркі құрылды.
Ақтөбе облысы. Бұл өңір мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан, индустриялық әлеуеті жоғары облыстардың қатарына кіреді.
Облыста индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында жалпы құны 8 млрд АҚШ долларын құрайтын 120 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ұсынылған жобалардың аясында «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ тарапынан Жанажолда үшінші газ өңдеу зауытын салу (жылына 6 млрд текше метр газ), «SBS Steel» компаниясы тарапынан Ақтөбеде металлопрокат шығаратын және тотықтырылған окатыштарды пайдалану арқылы темір концентратынан темірді тікелей бөліп алатын электрометаллургиялық (жылына 500 мың тонна) зауыт салу жобалары маңызды болып саналады.
Инновациялық инфрақұрылымды құрудың маңызды бағыты өнеркәсіптік, өңірлік және инновациялық саясат элементтерін біріктіретін өсуді ынталандыру стратегиясы іске асырылатын инновациялық орталықтарды, ғылыми және технологиялық парктер мен инкубаторларды қалыптастыру болып табылады.
Елімізде 2006–2015 жылдарға арналған Қазақстанның инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Бағдарлама бойынша жүргізілетін іс-шаралар жоспары 4 - суретте келтірілген.
Индустриалды–инновациялық саясатты белсенді жүргізу жылына экономиканың өсу қарқынын 9–9,5 пайызға жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ көлемін шамамен 3,5–3,9 есеге көтеруге мүмкіндік береді. Осымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің орташа жылдық өсу қарқынын 8,4 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылға еңбек өнімділігінің өсуі 3 еседен төмен болмауы керек және ЖІӨ - нің энергия сыйымдылығы 2 есеге төмендейді ( 2-сурет ).
Ескерту-[21] әдебиет негізінде жасалған
Сурет 2. 2006–2015 жылдарға арналған Қазақстанның инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту бағдарламасы
ЖІӨ құрамындағы өнеркәсіптің үлес салмағын 2000 жылы 33,4%-дан 2015 жылы 35,5%-ға дейін жеткізу;
ЖІӨ құрамындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық іс-әрекет қызметтерінің үлес салмағын 2000 жылы 0,7%-дан 2015 жылы 1,2%-ға өсіру;
ЖІӨ құрамындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесінің төмендеу қарқынын 2000 жылы 12,7%-дан 2015 жылы 11%-ға дейін ақырындату;
ЖІӨ құрамындағы қызметтерді өндіру үлесінің төмендеу қарқынын 2000 жылға қарағанда 2015 жылы 47,5 %-дан 40,6%ға дейін бәсеңдету.
Ескерту-[21] әдебиет негізінде жасалған
Сурет 5. Индустриалды–инновациялық дамыту бағдарламасының орташа жылдық қарқынын өткізуді есепке алумен өнеркәсіптік салалар мен ЖІӨ өсімі динамикасы
Осыменен қатар Бағдарламаны өткізбесек өнеркәсіптік өндірістегі кен-тау өндіру өнеркәсібінің қосымша құн үлесі 2015 жылы 72,8 пайызға жетуі мүмкін, соның ішінде мұнайды өндіру – 56,6, 2000 жылғы 56,4 және 34,2 пайызға қарсы. Бағдарламаны өткізуді есепке алумен кен-тау өндіру өндірісіндегі қосымша ққұн үлесі 65,3 пайызды құрайды. осы кезде ғылымисыйымды және жоғары технологиялы өндіріс үлесі 2000 жылғы 0,1 пайыздан 2015 жылы 1 пайызға дейін өседі ].
Аймақтық технологиялық парктар (АТП) - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде индустриалды-инновациялық қызметті іске асыру үшін жағымды жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешені бар аумаққа ие заңды тұлға.
АТП 2004 жылдан бастап құрыла бастады, бүгінгі таңда 9 технопарк бар, олардың 8 жұмыс істеуде, ал 1 тарату сатысында (1-кесте):
Кесте 1
Аймақтық технологиялық парктар тізбесі
№
|
Технопарк атауы
|
Орналасқан орны
|
Құрылған күні
|
1
|
«Алгоритм» технопаркі» ЖШС
|
Орал қ.
|
14.07.2004 ж.
|
2
|
«Сары-Арқа» технопаркі» ЖШС
|
Қарағанды қ.
|
14.05.2004 ж.
|
3
|
«Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҒТУ технопаркі» АҚ
|
Алматы қ.
|
9.09.2004 ж.
|
4
|
«Алматы аймақтық технопаркі» ЖШС
|
Алматы қ.
|
20.04.2005 ж.
|
5
|
«Астана қ. аймақтық технопаркі» ЖШС
|
Астана қ.
|
19.09.2007 ж.
|
6
|
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық технопарк» ЖШС
|
Шымкент қ.
|
15.08.2008 ж.
|
7
|
«Алтай» Шығыс Қазақстан аймақтық технопаркі» ЖШС
|
Өскемен қ.
|
31.10.2008 ж.
|
8
|
«Қызылжар» Солтүстік Қазақстан аймақтық технопаркі» ЖШС
|
Петропавловск қ.
(тарату процесінде)
|
20.01.2009 ж.
|
9
|
«Алатау технопаркі» ЖШС
|
Алматы қ.
|
12.09.2012 ж.
|
2012 жылы технопарктардың жалпы ауданы 30 973 шаршы метрді құрады, пайдалы аудан – 19 988 шаршы метр, олардың ішінде 161 жалға алушыларға берілген аудан 18 137 шаршы метрді немесе 90,7% құрады. Технопарктар келесі шараларды өткізді:
- технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету ережелерін түсіндіру бойынша;
- технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету аясында 20 жоба іске асыру үшін іріктеп алынды;
-АТП қатысушыларының жалпы жиналысының 20 отырысы өткізілді, оларда басқару шешімдерін қабылдау мәселелері қарастырылды .
Салалық конструкторлық бюролар (СКБ) – индустриалды-инновациялық қызмет субъекттеріне жаңа немесе жетілдірілген туарлар өндіруді ұйымдастыруда көмек көрсету үшін технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен құрылған материалды-техникалық кешенге ие заңды тұлға.
СКБ индустриалды инновациялық қызмет субъекттеріне жаңа машина жасау өнімдерін, соның ішінде технологиялар трансферті, конструкторлық- технологиялық құжаттамаларды (КТҚ) иемдену, бейімдеу, әзірлеу, оны одан ары индустриалды-инновациялық қызмет субъекттеріне өтеусіз беру және олардың негізінде тауарлар өндіруді ұйымдастыру үшін қажетті қызметтер көрсету арқылы игеруге көмек көрсету мақсатында құрылған. Бүгінгі таңда 4 СКБ жұмыс жасайды (2-кесте):
СКБ қызметінің барысында КТҚ 64 кешені иемденілді (2012 жылы - 3) және 362 әзірленді (2012 жылы - 212) [22, 35б].
Кесте 2
Салалық конструкторлық бюролар тізбесі
№
|
Технопарк атауы
|
Орналасқан орны
|
Құрылған күні
|
1
|
«Көліктік машина жасау конструкторлық бюросы» ЖШС
|
Астана қ.
|
2009 жылғы 7 мамыр
|
2
|
«Тау-кен металлургиялық жабдықтардың конструкторлық бюросы» ЖШС
|
Өскемен қ.
|
2010 жылғы 16 наурыз
|
3
|
«Мұнай-газ жабдықтарының конструкторлық бюросы» ЖШС
|
Петропавловск қ.
|
2010 жылғы 1 қазан
|
4
|
«Ауыл шаруашылық машиналарын жасау конструкторлық бюросы» ЖШС
|
Астана қ.
|
2012 жылғы 12 желтоқсан
|
Ескерту-[22] әдебиет негізінде жасалған
|
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы мен инновациялық әлеуетінің қазіргі жағдайына жүргізілген зерттеулерді қорытындылай келе, төмендегі жағдайларды атап өтуге болады:
Біріншіден, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығындардың көлемі әлі де мардымсыз.
Екіншіден, өңірлердің ғылыми белсенділігі өте төмен. Оны көтеру үшін ғылыми мақсаттарға бағытталатын мемлекеттік қаражатты еліміздегі өңірлердің ғылыми-инновациялық мүмкіндіктерін ескере отырып бөлу.
Үшіншіден, ғылыми мақсатта пайдаланылатын негізгі капиталды толықтыруға немесе жаңартуға қажетті инвестициялардың көлемін көбейту қажет. Ол үшін ғылыми зерттеулермен айналысуды тартымды ету және ол үшін барлық жеңілдіктер мен ынталандыру тетіктерін енгізу.
Төртіншіден, Қазақстандағы даму институттарының ғылыми бағыттылығын арттыруды қолға алу. Ол үшін инновациялық және инвестициялық жобаларды қаржыландыру үрдісіне міндетті ғылыми негіздеулер енгізу.
Бесіншіден, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар жүйесін кеңейту және әкімшілік кедергілерді азайту.
Алтыншыдан, Қазақстан өңірлері индустриялық-инновациялық және ғылыми-технологиялық даму үшін қажет әртүрлі бастапқы шарттарға ие және ол шарттар біркелкі емес. Яғни, еліміздің барлық өңірлерінен бірдей индустриялық-инновациялық даму нәтижелерін күту орынсыз, сондай-ақ, ол өңірлерді түгелдей инновациялық бағытқа салу да дұрыс емес. Әйтсе де, ҚР Үкіметі елдің барлық облыстарына индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырумен байланысты, кей жағдайларда шынайылығы жоқ әрі қолға алуға тиімсіз жобаларды жүзеге асыруды міндеттеп отыр.
Жетіншіден, өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобаларды индустриялық және инновациялық деп бөліп, тиісінше оларға мемлекеттік қолдау көрсету (салықтық жеңілдіктер беру немесе салықтан босату, төмендетілген пайызбен несие беру, гранттар тағайындау және т.б.) тетіктерін анықтау.
Сегізіншіден, елімізде көрініс тапқан инновацияларды технологиялық және үрдістік деп бөліп, тиісінше өңірлерді де технологиялық инновацияларға икемді немесе үрдістік инновацияларға икемді деп бөлу.
Тоғызыншыдан, инновацияларды шикізатты өңдеу және дайын өнім шығару салаларында дамытуды шындап қолға алу. Бұның себебі – Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын өркендетудің басым бағыттарының қатарында тамақ өнеркәсібі, металлургия сынды салалармен қатар құрылыс, туризм, көлік инфрақұрылымы сияқты салалар да бар.
Оныншыдан, отандық инновациялық инфрақұрылым элементтерінің өндірістік бағыттылығын арттыру. Оны дәстүрлі өндірісті қолға ала отырып, кейіннен ғылыми–зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде бірте–бірте бұл өндірістік жүйені инновациялық тұрғыдан дамытуға болады .
Жүргізілген SWOT талдау нәтижесінде есте у................................................................... ұлттық инновациялық жүйені дамытудың мынадай факторлары анықталды:
Кесте 3
SWOT талдау нәтижесі есте у...................................................................
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
1. Саяси тұрақтылы
2. Табиғи ресурстардың бар болуы
3. Орта және жоғары білім берудің қамту кеңдігі
4. Ел басшылығының ҰИЖ тиімділігін арттыру бойынша араларды саяси қолдауы
5. Мемлекеттік органдарда қатаң субординация мен тәртіпке негізделген биліктің мықты тігі
6. Инновациялық және қаржылық инфрақұрылымның бар болуы
7. Инновациялық жобаларды венчурлік және жобалық қаржыландыру тәжірибесінің болуы
7- Кесте жалғасы
|
1. Ғылым, технология және инновация саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың жеткіліксіз дәйексіздігі
2. ҰИЖ-нің ұлттық, өңірлік салалық деңгейлерін үйлестіретін жүйесінің болмауы (өңірлік деңгейдегі жұмыста нақты қалыптасқан тәсілдердің болмауы)
3. Кәсіпорындардың төменгі бастапқы технологиялық және басқару деңгейі
4. Жоғары білікті кадрлардың тапшылығы
5. Инновацияны енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндіктері туралы әлсіз хабардар болу (әлсіз инновациялық мәдениет)
6. Шағын ішкі тұтынушы нарық
7. Ғылым мен өндірістің арасындағы қалыптасқан алшақтық
8. Өнертабыстар мен өнеркәсіптік үлгілерге арналған сақтау құжаттарын алудың ұзақ мерзімдері
9. Өнертабыстарға арналған қазақстандық өтінімдердің 1% азы Әлемнің басқа елдерінде патенттеледі
10. Бизнес пен ғылыми қоғамдастық
өкілдерімен өзара іс-әрекетті тиімді тетігінің болмауы
11. Технологиялар трансферті саласындағы білікті персоналдың жетіспеушілігі
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
1. Өнеркәсіп пен ғылым арасындағы өзара іс-әрекетті жақсарту есебінен ҰИЖ тиімділігінің өсуі
2. Технологиялар трансферті есебінен еңбек өнімділігінің анағұрлым артуы
3. Анық бәсекеге басымдылықтар және ғылыми дайындамалар болуы есебінен перспективті жоғары технологиялық салалардың қатарындағы көшбасшылық
4. Ықпалдастыру үдерістері есебінен жоғары технологиялық тұтыну нарығының өсуі (Кеден Одағы, ДСҰ және т.б.).
5. Зияткерлік ресурстарды қайтару үшін жағдайлар жасау
|
1. Дамушы елдер арасындағы
инновациялық даму саласында бәсекелестіктің нығаюы
2. Дамушы елдердің ғылыми-технологиялық және өндірістік деңгейде үлкен ауытқуы
3. Шикізатқа арналған бағаның жоғары өсуінен экономиканың шикізаттық бағытталуын бекіту
4. Экономиканың жоғары шоғырлануы
5. Мемлекеттік саясатта басымдылықтарды ауыстыру
6. Жеткіліксіз қаржыландыру
7. Зияткерлік ресурстардың кетуі
8. Білім сапасының төмендеуі
9. Инженерлік-техникалық мамандықтардың салыстырмалы төмен танымалдығы
10. Шетелдік жоғары технологиялық компаниялар тарапынан ұлғаймалы бәсекелестік
|
Ескерту-[24] әдебиет негізінде жасалған
|
Инновациялардың жаңа толқыны Қазақстанда үдемелі индустрияландыруды сәтті жүргізуге мүмкіндік береді, жаңа өнеркәсіп пен жаңа жұмыс орындарын ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |