V ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Т. РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«ҚР нарық жағдайында шағын кәсіпкерлік дамуын жетілдіру» («Прогресс-СМ » ЖШС-ң мысалында) тақырыбына жазылған
520830 «Экономика» (бакалавр) мамандығының 4 курс студенті
ӘЛІМБЕКОВА МЕРУЕРТ ХАМИТҚЫЗЫ
Ғылыми жетекші
Э.ғ.к., аға оқытушы НҰРҒАЛИЕВА Қ.Қ.
Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының алдына қорғауға жіберіледі
«Экономика» кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к., профессор СЕЙДАХМЕТОВ А.С.
АЛМАТЫ, 2005
Мазмұны:
Кіріспе .....................................................................................................................3
1. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
1.1. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және оның экономикадағы алатын орны.............................................................................................................5
1.2. Қазақстан Респуликасында шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау.....................................................................................................................12
1.3.Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы ..........................................................................................................19
2. «ПРОГРЕСС-СМ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ КӘСІПКЕРШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. «Прогресс-СМ» ЖШС-ң кәсіпкерлік-ұйымдастырушылық қызметін талдау......................................................................................................................23
2.2. «»Прогресс-СМ» ЖШС-ң экономикалық әлеуетін бағалау .................................................................................................................................32
2.3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау..............................47
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. ҚР-да шағын кәсіпкерліктің болашақ даму мәселелері және оны шет ел тәжірибелерін қолдана отырып шешу жолдары...................................................................................53
3.2. .Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі кәсіпкерлік қызметтің тиімділігінің негізгі факторы ретінде...................................................................................................................64
Қорытынды ...........................................................................................................74
Қолданылған әдебиеттер тізімі ......................................................................77
КІРІСПЕ
Халқымыздың тұру деңгейінің жоғарылауы, адамдардың әлеуметтік әл-ауқатының жоғарылауы, оларды жұмыспен қамтамасыз ету - экономиканың негізгі бағыттарының бірі. Бұл сүрақты шешу шағын кәсіпкерліктің мойнына жүктелген. Бұл оның құрылымдық фактор құру ролімен, бәсекелестік ортаны дамытуымен байланысты; нарықты тауарлармен, қызметпен толтыру; халық шаруашылығының жандануын; жергілікті және мемлекеттік органдардың экономикалық базасының нығайтылуын, ауыл, шағын және орта қалалардың дамуы. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік секторы мынадай әлеуметтік функцияларды атқарады: жұмыс орын мәселесін шешуде; кедейшілікпен күрес; қандай да болсын дамыған мемлекеттер тірегі орта кәсіпкерлікті құрумен байланысты. Шағын кәсіпкерліктің қабілеттілігі болып капитал салымын тез қайтарып алу мүмкіндігі, өндірушілердің табысты аймақтық нарыққа бағытталу, сұраныстың өзгеруіне икемді қабылдануы және т.б. Айтып кететін жай, шағын кәсіпкерліктің өнеркәсіп секторының диверсификациялаумен бірге дамуы - „Қазақстан 2030” стратегиясында негізгі міндетінің бірі. Дүние жүзінің тәжірибесі нақты көрсетіп тұрғандай, бірде-бір мемлекет, ол күшті табиғи және мықты еңбек ресурстарымен, сонымен қатар экономика нарығы, ғылымы дамыған болғанымен, бәрібір шағын, орта кәсіпкерліксіз икемді дами алмайды. Нарықтық экономикада ол нақты факторлардың бірі болып саналады, ол экономиканың өсу деңгейін, құрылымын және жалпы ұлттық өнімнің сапасын білуге мүмкіндік береді. БҰҰ мамандары айтуы бойынша шағын бизнес он жылдар бойы дамып келе жатқан мемлекеттерде экономика секторында жалпы өнімнің 50-60 % береді және мұнда тұрғындардың 50 % жұмыс жасайды. Қазақстанда он жылдан астам уақыт ішінде нарықтық реформа жүргізу барысында бірқатар заңдар, бағдарламалар, жарнамалар шағын кәсіпкерлікті қолдауға жасалған.
Бұл кәсіпкерлік түрінің аяғына тұруы және даму процессі біршама
қиындықтардан өтті, ол нақты заң жобасының жетілдірілмегені, салық салу және несиелеу жүйесі, адамдардың кәсіпкерлік қызметпен айналасуға дайындау дәрежесінің жеткіліксіздігі; шағын кәсіпкерлікті қолдауда дамыған инфроқұрылымның болмауы, бұның бәрі оның жақсы дамуы үшін икемді экономикалық-ұйымдастыруды талап етеді.
Шағын бизнесті дамыту мемлекеттік маңызы бар, күрделі іс болып саналады. Сонымен нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік - шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның түрін Адам Смит былай деп бағалаған болатын: „Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайда көздейді, көздей тұрғанымен ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді”. Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұймдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
Қазіргі кезде нарықтық қатынасқа өткеннен кейін, кәсіпкерлік жаңа мән-мазмұнға ие болады. Заман талабына және нарық қатынастарына байланысты Қазақстанда кәсіпкерлік дами бастады. Экономика дамып келе жатыр, сондықтан кәсіпкерлер бірқатар кедергілерге тап болды. Бұл мәселені шешуде шетел тәжірибесіне сүйенсе болады.
Бұл дипломның жазу мақсаты Қазақстан Республикасының нарық жағдайында нақты кәсіпорын мысалындағы шағын кәсіпкерлік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады. Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында шағын кәсіпкеліктің экономикалық мәні және нарық жағдайындағы алатын орны, мемлекет тарапынан қолдау мақсатында қандай шаралар жүргізілетіні, және оның қазіргі кездегі даму тенденциясы қарастырылған. Екінші тарауда шағын кәсіпкерлік қызметті „Прогресс – СМ” ЖШС - ң мысалында талдау берілген. Үшінші тарау шағын кәсіпкерлік қызметті шетел тәжірибесін қолдана отырып жетілдіру жолдары және кәсіпорын „Прогресс – СМ” ЖШС қызметінің тиімділігіне оның бәсеке қабілеттілігін арттыруға қол жеткізу үшін қандай шараларды жүзеге асыру керектігі жайлы ұсыныстар берілген.
1. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
-
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және оның экономикада алатын орны
Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға өту кезінде шаруашылықтың әртүрлi формаларын ұйымдастыруда оның ең маңызды бөлiгi шағын кәсiпкерлiк болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнес- мањызды роль атқарады. Өйткенi ол қоғамның алѓа жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орташа және ірі кәсіпкерліктің алдына дейін өңделген сандық және сапалық бағалау өлшемдерінің критерилерінің, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін ойластырылған ұғымдық аппаратының жоқтығын атап өтті. және шағын кәсіпкерліктің мәнін анықтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін ашып айқындау, содан кейін ғана «шағын кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін нақтылау керек, деді.
Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға, неоклассикалық теорияға, кейнсианстік, необерализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән.
Ғылыми термин түсінігінде «кәсіпкер» экономика теориясына тұңғыш рет VIII ғасырдағы атақты ағылшын экономисті, банкирі Ричард Кантильон енгізді. «Кәсіпкер - бағаның тұрақсыздығы мен сату болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сатып алу мен сату процесстеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдар. Ең басты ерекшелік – тәуекелділік» - деген.
Кәсіпкерлік ұғымын зертеуге тұңғыш ден қойғандар «саяси экономиканың» ғылым ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері. Негізін салушы Ф. Кенэ (1694-1774). Ол былай деген : «Жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер қоғамдық өнімді өткізуде басты роль атқарады».
ХХ ғасырдың басындағы капиталистік елдер экономикасының шапшаң өсуі және ғасырдың отызыншы, жетпісінші жылдардағы әлемдік дағдарыстар кәсіпкерлікке қатысты жаңа баптардың пайда болуына әкелді. Мұнда әйгілі экономист Йозеф Шумпетерді атап өту керек.
Й. Шумпетер кәсіпкерлер деп әр түрлі комбинацияларда экономикалық жаңашылдықпен айналысатын адамдарды атады. Оның пікірі бойынша, кәсіпкерлік қызмет адамға мәңгілік бекітілмеген, ол оның жеке қасиеттеріне байланысты.
А.Смит шағын кәсіпкерлік пен кәсiпкер туралы төмендегідей жазған екен: «... ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді.»1.
Осылайша ғасырлар бойы кәсіпкерліктің теориялық негіздемелері дамып отырды. Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: «Кәсіпкерлік – бұл, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі.
Қазіргі таңда кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті - құқықтық базаның жетілдіруімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық – коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен; капиталдық тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің, моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде.
Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында заңдылық негіздері 1990 жылдардан құрала бастады. Бұл бизнес түрінің дамуына заңдар қабылданды, сонымен қатар заңдылық және басқа да нормативті құқық актілері қабылданып, іске асуда. Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуы дамуы туралы түрлі сұрақтар қамтылуда, ол: шаруашылық серіктестерінің дамуы, акционерлік қоғам; тұлғалық кәсіпкерлік; лицензиялау, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік көптеген түрде дамуда. Қызметтің туындауына қарай - өндірістік, коммерциялық, қаржылық, меншік сипатына қарай – жеке меншік, біріккен; ұйымдастыру нысаны бойынша – тұлғалық, ұжымдық (серіктестік, АҚ); шаруашылық субъектілері бойынша – ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Кәсіпкерлік түрлері 1 суретте берілген.
Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және апарат беру, рухани құндылық жасау т.б. бағытталған қызметтер жатады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар ақша қатынастары, тауар айырбастау
операциялары жатады.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, сондықтан оның сатып алу, сату айрықшылығы – ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.) яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі.
Мемлекеттік кәсіпкерлікті, әсіресе шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау түрі кең ауқымды жүріп жатыр.
Нарықтың әр түрлі аймақтарын жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта өркендеуі, экрномиканың осы сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерін мақсатты түрде мемлекеттік қолдау ұлттық экономикадағы ролі мен орнын анықтауда қызығушылық туғызады.
Шағын кәсіпкерліктің нарық жағдайында алатын орны зор. Мысалы Мәскеу мемлекеттік Университетінің еңбегі сіңген профессоры В.А. Рубе шағын кәсіпкерлік «кәсіпорын иесінің еңбекке және кәсіпорынды басқаруға қатынасымен, оның персоналмен қарым – қатынасқа түсу дәрежесімен анықталады деген. Және оның пікірі бойынша, шағын кәсіпкер бір тұлғада меншік иесі және басқарушы, сонымен бірге өндіріс процессінің тікелей қатысушы, әрі басқа жұмыскерлермен әрқашан байланыста болады. Бұл пікір мен келісуге болады.
Халықаралық банктің мәліметтері бойынша кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу көрсеткіштерінің саны 50– ден асады. Соның ішінде көп қолданылатыны – жұмыс істейтіндердің орташа саны, жылдық айналым, активтер шамасы. Бірақ барлық дамыған елдерде негізгі көрсеткіш ретінде жұмыс істейтіндер саны алынады.
Құрамына экономикасы жоғары дамыған елдер кіретін халықаралық экономикалық байланыс және даму ұйымы (ОЭСР) саны 19 – ға дейін – «өте шағын», 99 – ға дейін – «шағын» ретінде, 100 ден 499 адамға дейін – «орташа» және 500 – ден аса – «ірі» деп кәсіпорындарды анықтайды.
Қазақстан Республикасының «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар
және қызметкерлернің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын активтердің жалпы саны алпыс мың еселенген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Яғни шағын кәсіпкерлік субъектілері 2 критерий бойынша анықталады: жұмыскерлердің орташа саны және активтердің жалпы құны.
Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер, сондай- ақ мынадай ұйымдық- құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін:
- толық серіктестік;
- коммандиттік серіктестік;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
- өндірістік кооператив.
Шағын кәсіпорындар 2 типке бөлінеді: өсу үшін шектелген мүмкіндіктері бар қарапайым кәсіпорындар- иесіне қолайлы өмір деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті. Оларға:
-
кеңес берушілер, гүл дүкендері, пиццериялар жатады.
-
жаңа тез өсетін кәсіпорындар. Олардың мақсаты- шағын кәсіпкерлік аясынан тезірек шығу. Олар: құрылыс, медициналық қызмет, экологиямен, клиенттерге жеке қызмет көрсетумен байланысты фирмалар.
-
кеңес берушілер, гүл дүкендері, пиццериялар жатады.
-
жаңа тез өсетін кәсіпорындар. Олардың мақсаты- шағын кәсіпкерлік аясынан тезірек шығу. Олар: құрылыс, медициналық қызмет, экологиямен, клиенттерге жеке қызмет көрсетумен байланысты фирмалар.
1 сурет- Кәсіпкерліктің түрлері.
-
кеңес берушілер, гүл дүкендері, пиццериялар жатады.
-
жаңа тез өсетін кәсіпорындар. Олардың мақсаты- шағын кәсіпкерлік аясынан тезірек шығу. Олар: құрылыс, медициналық қызмет, экологиямен, клиенттерге жеке қызмет көрсетумен байланысты фирмалар.
Нарықтық жағдайда шағын кәсіпкерліктің орны зор.Қазіргі кезде ірі компаниялардан шағын кәсіпкерлік жетекшілігіне ауысу тенденциясы қарастырылуда. Негізінен 3 тенденция байқалуда:
-
Компъютерлер мен электронды техникалық енгізілуі шағын кәсіпорындарға ірі кәсіпорын секілді жұмыс жасауға мүмкіндік берді;
-
Қызметкерлердің көбі ірі фирмаларды тастап, өз кәсіптерін, қызметтерін ашуда;
-
Шағын кәсіпкерлікте әйелдердің үлкен ағымы.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпкерлік әр елдің, соның ішінде дамыған елдердің экономикасында да елеулі роль атқарады. Себебі оған тән артықшылықтар бар:
-
шаруашылықтың жергілікті жағдайларына тез бейімделу;
-
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің істі жүргізу тәуелсіздігі;
-
шешімдер қабылдауда және оларды шешудегі иілімділік пен оперативтілік;
-
қызметін іске асыруда шығындардың жоғары болмауы, әсіресе басқаруға жіберілген шығындар;
-
өзінің идеяларын іске асырудағы, қабілеттілігін көрсетудегі жеке адам үшін үлкен мүмкіндіктің бар болуы;
-
алғашқы капиталға төмен қажеттілік және жергілікті нарық талаптарына сай өнімне және өндіріс процесінге тез өзгеріс енгізу қабілеттілігі;
-
меншік капиталының жоғары айналымдылығы.
Сонымен, Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында былай
деп берілген: шағын кәсіпорвндар ірі кәсіпорындарға қарағанда әлдеқайда көбірек бәсекелестік артықшылықтарды иеленеді, 1 жұмыскерге есептегенде аз капитал салымдарын қажет етеді, жергілікті материалды және еңбек ресурстарын кең қолданады.
Шағын кәсіпорындар иелері қор жинауға және инвестицияға бейім болып келеді, оларға табыстарға жетуде үнемі жеке ынталандыру, басқаша айтқанда, жеке мотивация жоғары деңгейде болады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жергілікті нарықтағы сұраныс деңгейін жақсы біледі, тұтынушылардың белгілі тобының тапсырыстары бойынша тауарлар өндіру жиі кездеседі, жалдамалы қызметкерлердің санының жоғары болуына мүмкіндік береді. Ең бастысы, шағын кәсіпкерліктің қызметіне инновациялық бағыт тән. Антибиотиктер, инсуллин, пестицидтер, тік ұшақтар, кондиционерлер, оттегі конвенторлары, целлофан, микрокомпъютерлер тәрізді маңызды жаңалықтарды бірінші болып шағын фирмалар дайындады және игерді.
Шағын кәсіпкерліктің маңыздылығын Елбасымыз Н. А. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған соңғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауында да атап өтті. Онда былай деген: «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы біз бизнеске тың тыныс ашамыз»
Яғни шағын кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін қауіппен және тәуеклділікпен жанасатын, табыс алу мақсатында өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне және қатысуын талап
ететін, өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі.
Шағын кәсіпкерліктің рөлі туралы айтатын болсақ, шет ел тәжірибесіне сүйене отырып, шағын кәсіпкерлік дамуы келесі мәселелерді сәтті шешудің маңызды факторы болып табылады:
- тұрғындардың тауарға (жұмысқа, қызметке) деген қажеттілігін
жақсы қамтамасыз етілуіне әсерін тигізетін бәсекелестік өркениетті нарықтық қатынастар құру;
-
ассортиментті кеңейту мен тауарлар, жұмыстар, қызметтер сапасын көтеру. Тұтынушылар талаптарын қанағаттандыруға талпына отырып, шағын кәсіпкерлік тауарлар сапасының және қызмет көрсету мәдениетінің көтерілуіне септігін тигізеді;
-
тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға жақындауы;
-
экономиканың құрылымдық қайта құрылуына себеп болу, шағын кәсіпкерлік экономикаға иілімділік, мобильдік, моневрлік сипат береді;
-
өндірісті дамытуға тұрғындардың өз қаржысын тарту, шағын кәсіпорындарда сыбайластар ірі компанияларға қарағанда іске үлкен қызығушылықпен салады;
-
қосымша жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін қысқарту;
-
ірі өндіріс белгілі шектеулер қоятын тұрғындардың бөлек топтарын, атап айтқанда зейнеткерлерді, мүгедектер, оқып жүргендер, үйде отырған әйелдерді еңбекке жұмылдыру;
-
ғылыми – техникалық прогресті жетілдіру;
-
жергілікті шикізат көздері мен ірі өндіріс қалдықтарын игеру және пайдалану;
-
ірі кәсіпорындар қызметіне жабдықтаушы ұйымдар, остнаскалар шығару мен қосымша және қызмет көрсететін өндірістер құруға көмектесу;
-
мемлекетті рентабельділігі төмен және шығынды кәсіпорындардан олрды жалға алу мен сатып алу есебімен бастау.
Шағын кәсіпкерліктің осы және тағы басқа экономикалық, әлеуметтік функциялары оның дамуын мемлекеттің маңызды мәселелері қатарына қояды.
Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар дамып, экономикадағы позицияларды жеңіп алуда, ірі бизнестің серіктері болды. Бұл инновациялық ұғым – кластерге тән. Сонымен қоса, барлық елдер мемлекеттері шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау мен ынталандыруда.
Экономикасы дамыған және дамушы елдерде шағын кәсіпкерлік ең алдымен экономиканың маңызды сфераларының бірі, ал қоғамда өтетін барлық процестермен кешенді дамуы, орташа және ірі кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. Берілген елдер Үкіметі, әр түрлі формаларда және түрлерде көрінетін, шағын кәсіпкерліктің дамуына белсенді қолдау көрсетеді. Елде отандық кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін инновациялық қызметті енгізу мен, өнім экспортымен байланысты. ШКС жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай дамыту және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті, субмердігерлік және лизингті белсенді қолдау үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рольді атқара бастайды.
-
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты – олардың әлеуметтік – экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің құрылымы 3 деңгейде қалыптасады:
-
республикалық;
-
аймақтық;
-
жергілікті. .
Біздің мемлекетімізде, кәсіпкерліктің, шағын бизнестің ролі күннен-күнге арта түсуде. Біздің экономикамызда кәсіпкерліктің мынандай міндеттерін шешу жүктелген:
-
аймақтағы шикізат түрлерін қолдана отырып, аса маңызды капитал салымын үлкейтпей-ақ қызмет, тұтыну тауар өндірісін кеңейту;
-
аса ірі кәсіпорындардан босап қалған жұмысшыларға жаңадан жұмыс орнын құру;
-
ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату;
-
қылмысты бизнес түрлеріне және т.б. оңды альтернатива құру.
Кәсіпкерлік өз қызметінде дамуын баяулайтын көптеген жағдайлармен кездеседі. Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңіндегі қандай маңыздылығын ескере отырып, басшылық құрылымы кәсіпкерлікті қолдамауға бара алмайды.
1997 жылы „Мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлікті қолдау” туралы Парламентпен қабылданған Заң Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына маңызды бастапқы қадам болды.
Кәсіпкерлік келесідей кепілдіктер алды:
-
кәсіпкердің шаруашылық қызметіне мемлекеттік органның қызметтік тұлғалары дәлелсіз істеріне кірісу құқықтары жоқ.
-
казақстан Республикасының заңында басқа жағы қарастырылмаса, онда мемлекеттік тексеріс органдармен кәсіпкерлердің қаржа-шаруашылық қызметін жылына бір реттен көп тексерілмейді.
Заң қазақстандағы өндірістің, кәсіпкерліктің дамуына ыңғайлы жағдай құру мен қатар, ХХІ ғасырда технологиялық дамудың негізін құрайды.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік негізгі бағыттарына мыналар жатады:
-
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мамандандырылған кадр жүйесін дайындау, қайта дайындауды жоғарылатуды ұйымдастыру;
-
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржы, статистикалық, материалды-техникалық және ақпарат құралдары, сонымен қатар ғылыми-техникалық, технология қолдануда жеңілдіктер жасау;
-
шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекттік тіркеуді, қызметтерін лицензиялау, өнімдерін куәліктендіруді жеңілдете түрде орнату;
-
салық жүйесін, кеден салымдарына жеңілдік салу;
-
шағын кәсіпкерлік субъектілерін инвестиция, шетел инвестицияларын тарту жүйесін құра отырып оны дамыту, қолдау;
-
шағын кәсіпкерлік субъектілердің сыртқы экономикалық қызметін қолдау, сонымен қатар оның сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және басқа да шетел әріптестерімен байланысын қолдау;
-
қаржы көздерін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілерді арнайы программасын құру.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қызмет ұйымының комиссиясы Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдары кіреді. .
Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бес мемлекеттік бағдарламаларын (199-1994ж.ж., 1994-1996ж.ж.ж, 1999-2000ж.ж.ж, 2001-2002ж.ж., 2004-2006ж.ж.) жасалды. оларды іске асару республикада кәсіпкерлік секторда қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі рыногы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдудың және дамытудың институционалдық шаралары айқындалды.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Ремспубликасының 2003 жылға дейінгі кезеңге арналған Даму стратегиясын және „Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазанындағы Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында берген тапсырмаларын іске асару мақсатында әзірленген болатын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде одан әрі белсенді жұмыс жүргізуді көздейді. Шағын кәсіпкерлік саласын дамытуда бизнестің тиімділігіне кедергілерді жою үшін атқарушы органдар қабылдайтын шешімдірдің әсерін бағалау және осы процесске кәсіпкерлермен олардың қоғамдық ұйымдарын тарту жолымен қамтамасыз ету болжанған болатын.
Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің мемлекеттік органдарының экономикалық және әлеуметтік саяси саласында шешімдерді әзірлеуіне барынша қатысу үшін Үкіметтің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері жөніндегі сарапшы кеңестердің қызметі жандандыруды көздеген болатын. Осындай кеңестер жұмысының негізінде норматив тік құқықтық актілерді әзірлеу мен ұсынымдар дайындау мемлекеттің экономикалық саясатты барынша тиімді жүргізуіне мүмкіндік береді.
Бағдарламаның мақсаты- неғұрылым көп қосылған құны бар жоғары жаңа технологиялық өндірістерді құруға бағдарланған шағын кәсіпкерлікті дамыту есебінен орташа топты қалыптастыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
-
шағын кәсіпкерлікке салық әкімшілігін жүргізу жүйесін жетілдіру;
-
шағын кәсіпкерліктің несие ресурстарына қол жетімділігін жеңілдету;
-
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес инситутардың тиімділігін арттыру;
-
кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді оңтайландыру;
-
шағын кәсіпкелікті қолдаудың бірыңғай білім беру және кәсіпкерлікті тиімді ақпараттық-әдістемелік қолдау жүйесін құру;
-
кәсіпкерлік мәселелері бойынша норматив тік құқықтық базаны жетілдіру.
Бағдарламаның негізгі бағыттары мен он іске асыру тетіктері:
-
шағын кәсіпкерлікке салық-әкімшілігін жүргізу жүйесін жетілдіру.
-
шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау жүйесін дамыту.
-
шағын кәсіпкерліктің инфроқұрылымын дамыту.
-
шағын кәсіпкерлікті оқыту, ақпартаттық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және насихаттау.
-
кәсіпкерлік мәселелрі бойынша норматив тік құқықтық базаны жүйелеу және жетілдіру.
Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конституциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.
Шағын кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік құқықтық негзі құрылды.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген бөлімінде салық жүктемесін айтарлықтай төмендететін және салық салу жүйесін, соның ішінде шағын бизнес субъектілеріне, шаруа фермер қожалықтарына, заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қатысты оңайлататын арнайы салық режимдері көзделді. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаайы салық режимі бір жолға талаптардың, патентердің және оңайлатылған декларацияның негізінде айқындалады. 2004-2005 жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының салық кодексі не шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі төмендетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мемлекеттік бағдарлама көзделген іс-шаралар жоспарын іске асару үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 159,12 млн.тенге көлемінде қаражат бөлініп жатыр.
Бағдарламаны іске асару кезеңінде кәсіпкерлікті қолдаудың ақпараттық желісімен 400 мыңға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілері қамтылуы тиіс. Бағдарламада көзделген шараларды нақтылы іске асару нәтижесінде: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 550 мыңға дейін, оның ішінде: 2004 жылы – 510 мыңға дейін; 2005 жылы – 530 мыңға дейін; 2006 жылы – 550 мыңға дейін; шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің саны 2004 жылы – 1,4 млн. адамға дейін; 2005 жылы - 1,5 млн. адамға дейін; 2206 жылы – 1,6 млн. адамға дейін; ЖІӨ құрылымындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі 27 %-ға дейін оның ішінде: 2004 жылы - 23 %-ға дейін; 2005 жылы - 25 %-ға дейін; 2006 жылы - 27 %-ға дейін ұлғайту қарастырылған болатын.
Кәсіпкерлер жиі кездесетін нарықтық инфрақұрылым объектісі - бұл бизнес – инкубаторлар. Қазақстанда бизнес – инкубаторлар жүйесін құру бастапқы қадамда тұр. Қазіргі кезде республикада 50 – ге жуық бизнес – инкубаторлар жұмыс жасауда. Олар жергілікті атқару органдарының инициативасы бойынша шағын кәсіпкерліктідамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасы шегінде құрылған болатын.
Бүгінгі күні Қазақстанда қызмет ететін бизнес – инкубаторлардың көбі Қазақстандық бизнес – инкубаторлар және инновациялық орталықтар
ассоциациясына (КАБИЦ) кіреді.
Мониторингтік зерттеулер нәтижелері бизнес - инкубаторлардың жпртысынан астамы халықаралық тәжірибеде жасалған инфрақұрылымның бұл нысанын құрудың концепциясына сай келмейтінін көрсетті: олар тек оффистік және өндірістік орындарды берумен шектеліп қана қояды, немесе мәселелердің азғантай спектрі бойынша қызмет көрсетеді. Бұл зерттеулер бойынша респонденттердің 31,35 % - бизнес- инкубаторлар қызметін мүлде пайдаланбаған.
Қалғандары келесідей бөлінген:
- құқықтық қызметтер – 31%;
- аудиторлық және бухгалтерлік қызметтер – 25,2%:
- оқыту – 20,4%:
- несие алу бойынша қызметтер – 16%:
- лизингтік қызметтер – 7,4%.
Инфрақұрылымның келесі объектісі - консалтингтік фирмалар. Қазіргі кезде консалтингтік компаниялар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне келесідей қызметтер көрсетеді:
-
құқықтық қамтамасыз ету;
-
аудит және бухгалтерия;
-
маркетингтік зерттеулер;
-
бизнес – жоспар
-
салық заңдылығы;
-
кедендік қызметтер және т.б.
Қолданыстағы салық жүйесінің осы кезеңде экономикалық реттеуіш ретінде шағын кәсіпкерлік субъектілері санының артуын ынталандыра отырып, жұмыс орындары санының, өндірілетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюын қамтамасыз етуї өте маңызды.
Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды:
-
шағын бизнес субъектілері үшін кредиттерге қызметтер көрсету төлемдерін азайту жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;
-
шағын бизнес кәсіпорныдарын оларды жеңілдетілген нысан бойынша жобаның техника-экономикалық негіздемесімен ауыстыра отырып, несие берілетін іс-шара бойынша бизнес-жоспарларды міндетті түрде ұсынудан босату;
-
қарыз алушы шағын бизнес кәсіпорындарының қаржы жағдайын бағалау өлшемдерін, сон дай-ақ несиелерді қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптарды жеңілдету жолымен оңтайландыру қажет болады.
Бағдарламаны іске асару шеңберінде кәсіпкерлердің қызметті игеруге немесе кеңейтуге байланысты шығындарын жүйелі түрде сүйемелдеу және олардың уәждері мен мақсаттарын есепке алу жолымен қысқарту үшін жағдайлар жасалады. Осы міндетті орындау әкімдердің шағын кәсіпкерлік инфроқұрылымын жергілікті жерлерде дамытуға жауапкершілігін және Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы мен оның филиалдық желісі, кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұрған қауымдастықтары, бизнес орталықтар, бизнес-инкубаторлар мен технопарк тер, оқу және ақпараттық–талдау орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру есебінен мүмкін болады деп күтілген.
Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктер нысанындағы қауымдастықтарды құруы кеңінен таралуда.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін ірі кәсіпорындармен шағын бизнестің ықпалдасуы үлкен маңызға ие болады. Сондықтан мемлекет тарапынан шағын және ірі шаруашылық құрылымдардың ынтымақтастығын ұйымдастыру мен қолдау жөнінде іс-шаралар жүргізілуде. Бұл қолдау:
-
шағын бизнесті демеушілікті ынталандыру;
-
шағын бизнестің ірі бизнеспен өзара іс-қимылын франчайзинг қағидаттарымен қамтамасыз ету;
-
жинақтаушы бұйымдар өндірісіне және қызметтер көрсетуге ірі кәсіпорындардың тапсырыстарының негізгі үлесін отандық шағын кәсіпорындар арасында орналастыру (кемінде 70-90 %);
-
шағын кәсіпкерліктің минай-газ және тау-кен-металлургия, соның ішінде шетел қатысатын компаниялармен байланыстарды нығайту; тиімді жұмыс істеу және ірі компаниялармен тапсырыстар алу үшін
-
шағын кәсіпкерліктің кәсіби деңгейін жетілдіру;
-
жоғары технологияларды қолданатын өндірістік процесстерге (минай-газ кешені, машина жасау, радиоэлектроника, аспап жасау және басқа салалар) шағын кәсіпкерліктің қатысуын қамтамасыз ету. Қажетті тауарларды шығару мен сервистік қызметтер көрсетуді қоса алғанда, минай-газ саласының тіршілік әрекерінің қамтамасыз ету бойынша инфроқұрылымының даму жөніндегі мәселенің маңыздылығын ескере отырып, қосылған құны жоғары тауарлар шығару, сон дай-ақ жүйе қалыптастыратын кәсіпорындарға тауарлар жеткізу және қызметтер көрсету мақсатында отандық кәсіпкерлерді тарту жөнінде іс-шаралар әзірленеді;
-
шағын кәсіпорындарды ірі кәсіпорындардың тиісті бөлімшелері жұмысының орныққан жабдықтау-өткізуші, маркетинг схемаларына қосуды қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
Шағын бізнес субъектілеріне беру мақсатында тоқтап тұрған кәсіпорындарды бөлшектеу және қайта құрылымдау жөніндегі жұмысты жалғастырылды..
Кәсіпкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету шағын бизнес мәселелері жөніндегі кешені ақпаратты қамтитын кәсіпкерлікті қолданудың бірыңғай ақпараттық желісінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға бұқараның қоғамдық санасында азаматтардың күделікті материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру көзі ғана емес, сондай-ақ лайықты өмір сүруді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік бастамасына оңды көзқарас қалыптастыру үшін насихат жұмысын ұйымдастыру ықпал ететін болады. Осыған байланысты бұқаралық апарат құралдарын тарта оырып, ақпараттық-танымдық сипатқа ие семинарлар, конференциялар, „дөңгелек үсьелдер” өткізуді жоспарлануда.
Бұдан басқа, осы бағыттың аясында әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамытуды насихаттау жүргізіледі. Кәсіпкерлердің осы тобына кәсіпкерлік негіздерін үйретуге баса назар аударылады. Кәсіпкерлік қызметпен дербес айналасу үшін күш-жігері және ниеті бар азаматтарды қолдауды республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан қаржыландырылатын бизнес-инкубаторлардың шеңберінде жүзеге асару болжанған.
Соңғы он жыл ішінде қалыптасқан кәсіпкерлік ортада болған өзгерісер оның нормативтік құқықтық базасын және мемлекеттік реттеудің негіздерін жетілдіру қажеттігін бірінші орынға қойып отыр.
Осы мақсатта кәсіпкерлік мәселелерін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде орын алған қайшылықтарды жою және экономика дамуының қазіргі таңдағы жай-күйінің талаптарына сейкес келтіру мәніне тексеру жүргізіледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің таратылу тәртібі ықшамдалады.
Қызметтің түрлерін лицензиялау және басқа рұқсат беру жүйесі оңтайландырылады, сон дай-ақ оларды беру рәсімдері мен тәртібі
жетілдірілді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бұл ресурстарды экономикалық қызмет саласына қатыстыру үшін жер учаскелерін беру тәртібі оңайлатылды..
Бүгінгі күні өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 %- ы жеке секторда өндіріледі. Елдің ЖІӨ - дегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 % құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 % - дан астамы еңбек етеді. Кәсіпкерлікті қолдау үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда.
Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқындалды. Қазіргі уақытта, Мемлекет басшысының халыққа жолдауы негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті 2006 – 2008 жылға дейін дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың жаңа ауқымды бағдарламасы әзірленуде. Бизнес құру жолындағы бюрократялық кедергілер азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензияланатын қызметтердің 350 – ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір лицензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымдандырылды.
Кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне Қазақстан халқына арналған таяудағы Жолдауда да айрықша көңіл бөлінген. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқындалды. Қазіргі уақытта, Мемлекет басшысының халыққа жолдауы негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті 2006 – 2008 жылға дейін дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың жаңа ауқымды бағдарламасы әзірленуде. Бизнес құру жолындағы бюрократялық кедергілер азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензияланатын қызметтердің 350 – ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір лицензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымдандырылды.
Елбасымыз Жолдауында басты міндетіміз – ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда жеке бизнеске жетекші рөл бөлетінімізді атап көрсеткен: ”Бірлесе отырып бізге экономиканың шикізаттық емес дамытуға қол жеткізу қажет. Болашақта экспорттық әлеуетті ұлғайтатын басты көз де солар болу тиіс”.
Ол мақсатқа жету үшін қажетті ресурстарымыз бар. Арнайы құрылған даму институттары – Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның даму банкі, Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы осы жылды қоса есептегенде 120 млрд. тенгеден астам қаржы жинақтауға жағдай туғызды. Өзі өмір сүрген қысқа мерзім ішінде даму институттары жалпы сомасы 1 триллион 570 миллиард теңге болатын 760 – тан астам жобаларды қарады. Қазіргі уақытта сомасы 60 млрд. теңгеден асатын 90 – ға тарта жоба қаржыландыруда. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры жұмыс істейді, ол шағын және орта бизнеске атаулы көмектер көрсетуде.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға Елбасымыз үлкен назар аударуда. Ол: „Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан „Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” өзіндік бір „үлкен қаржылық маркетке” айналуға тиіс...” демекші, Қорға биылғы жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлінетін болды. Ол қаржы біріншіден, микрокредиттік ұйымдарды құру мен олардың ресурстарын ұлғайтуға – 3 млрд. теңге,екіншіден, шағын бизнес субъектілері үшінбанк кредиттері бойынша кепілдіктер беруге – 4 млрд. теңге , үшіншіден қаржы лизингін, франчайзингті несиелеуді, халықаралық стандартты енгізуді қоса алғанда, жобалық несиелеуге 3 млрд. теңге көлемінде бөлінеді. Нәтижесінде шағын бизнесті несиелеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін артады. Әрине бұл – шағын кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан жасалған үлкен қолдау.
Мемлекет тарапынан Шағың кәсіпкерлікті қолдау қорының бағдарламалары арқылы жеке кәсіпорындардың халықаралық сапа стандарттарына көшуіне септесетін және бұл жолда оларды енгізу үшін жұмсаған шығындарының 50 % - н өтеп беретін болады.
Мемлекет басшысы мемлекеттік деңгейде де, облыстарда да таңдаулы кәсіпкерлерге баға беретін конкурстар өткізуді ұсынды. Еңбек өнімділігі жоғары және экспорттық әлеуетті мықты сапалы өнімдерді шығаратын кәсіпкерлер мен өндіріс орындарының беделін барынша биіктете беру керек, деді Президент.
-
Достарыңызбен бөлісу: |