Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовке депутаттық сауал құрметті



Дата04.07.2016
өлшемі21.6 Kb.
#176143

5.11.2014 ж. жарияланған Қазақстан Республикасының



Премьер-Министрі

К. Мәсімовке
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Менің депутаттық сауалым Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққорған ауыл округіндегі «Түгіскен тәжірбие шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжым мүшелерімен және сол аумақта тұратын халықпен кездескенімде бірнеше жылдан бері жер үлестерін алалмай, сергелдеңге түсіп жүргендерін, осыған ықпал етуді, олардың айтуынша «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Түгіскен тәжірбие шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Түгіскен тәжірбие шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылғандығындағы жіберілген қателіктен» - дейді.

Ол Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 103 бабы 2 тармағына сәйкес қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының өздері пайдаланатын жерінің шекарасы шегіндегі ауыл шаруашылығы алқаптары шартты жер үлесіне бөліске жататындығын.

Бұл ретте, яғни 2007 жылы Жер кодексінің жоғарыда аталған нормасына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын шартты жер үлесіне бөлу шаралары жүргізілмегендігін.

Осы күнге дейін шаруашылықта қызмет атқаратын және сол аумақта тұратын тұлғалардың тиісті заңмен көзделген шартты жер үлеcтеріне құқықтары іске асырылмай келе жатқандығын.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаруашылықтың қайта құрылуына байланысты шартты жер үлестеріне құқықтарын іске асыруға негіздерінің бар екенін айтады.

2007 жылы қайта ұйымдастыру үдерісі (процесі) өткізілгендіктен пайдаланудағы ауыл шаруашылығы алқаптарын (олардың бір бөлігін) қайтарған жағдайда, ол жерлерді шартты жер үлесіне бөлу арқылы бізге тиісті шартты жер үлестеріміздің құқықтарын іске асыруға мүмкіндігіміз бар екендігін есептейміз - деп отыр. Қарзіргі кезде, халық арасында реніштері туындауда. Бұл жағдайда елді мекенінің саяси ахуалына да кері әсері болуы мүмкін.


Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, жоғарыдағы жағдайды түсіністікпен қарай отырып, ұжым мүшелері мен сол аумақта тұратын халыққа және маған депутаттық сауалға «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депуттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27 бабына сәйкес жауап беруіңізді сұраймын.


Құрметпен,

«Нұр Отан» партиясы

Фракциясының мүшесі Қ. Идирисов

Орын. Әуенов Ө.Ө.



Тел: 74-63-56

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет