Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа



Дата23.02.2016
өлшемі20.53 Kb.
#3250


Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа
«1970 жылғы 18 наурызда Азаматтық немесе сауда істері бойынша

шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық орган айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«1970 жылғы 18 наурызда Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық орган айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын (бұдан әрі  Жарлық жобасы) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі дайындады.

Жарлық жобасы Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) 2-бабына сәйкес әзірленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ереженің 2-бөлігінің 23) тармағына сәйкес соттардың шешімдері мен өзге де ресми құжаттарын орындауға байланысты Қазақстан Республикасы соттарының, шетелдік мемлекеттер соттарының тапсырмалары, жеке және заңды тұлғалардың өтініш хаттары бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шегінде құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру Департаменттің функциясына кіреді.

Сонымен қатар, «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастырады.

Осыған орай, Жарлық жобасында Қазақстан Республикасының атынан құқықтық сот тапсырма алу және беру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) орталық орган ретінде айқындау қарастырылады.

Конвенцияға қоса берілген формулярға сәйкес жасалған сот тапсырмалар қандай да бір басқа органдардың араласуынсыз берілуге тиіс.

Сонымен қатар, Конвенцияда қатысушы мемлекеттер үшін сот тапсырмаларды дипломатиялық арналар арқылы беру мүмкіндігі көзделеді.


Жарлықтың жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға және бюджеттен қосымша қаржылық шығындарға әкеп соқтырмайды.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет