Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру мемелекеттік қызметін алу бойынша



Дата26.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
#159398
«Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға
рұқсат беру
» мемелекеттік қызметін алу бойынша
www.elicense.kz интернет-порталындағы
қолданушы нұсқауы

Әрекеттер реттігі


Өтініш беру үшін порталда авторизациялану қажет.

Авторизация

1. «Кіру» сілтемесіне басыңыз.

2. Бұдан әрі тиісті терезеде тіркелу кезінде көрсетілген парольді енгізіп, деректерді растаңыз.

Сәтті авторизациядан кейін, порталдың бас бетінде өтініш берушінің аты-жөні немесе ұйымның атауы көрсетіледі.



3. Порталдың бас бетінде орналасқан «Рұқсат беру» салымшасын басыңыз



4. Рұқсат беру бетінен қажетті рұқсат түрін таңдаңыз


Өтінішті жіберер алдында келесі талап етілетін құжаттар қалтасымен танысыңыз - заңды тұлғалар үшін, жеке тұлғалар үшін, дара кәсіпкерлер үшін. Сонымен қатар Сіз өтінішті жіберер алдында сауалнаманы толтыруыңыз қажет.
5. Сауалнама сілтемесіне шертіңіз.
6. Компьютердің жұмыс үстеліне сауалнама орналасқан файылды *.pdf-форматында сақтаңыз.
7. Содан соң файылды ашып сауалнама өрістерін толтырыңыз
8. Өтінішті жіберу үшін «Өтінішті жіберу» сілтемесіне басыңыз.
9. Қолдану аумағын таңдау бетінен анықтағыш көмегімен РЖС қолдану аумағын таңдаңыз




10. Бұдан соң «Қызмет түрі» өрісін таңдап, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз


11. Келесі бетте диалог терезесі көмегімен қажетті сауалнамаңызды қосыңыз. Диалог терезесін шақыру үшін түйреуіш түріндегі белгішеге басыңыз. Компьютердің жұмыс үстелінен диалог терезесіне сауалнамаңызды жүктеңіз. Бұдан кейін сауалнамаңызды диалог терезесінен жүйеге жүктеңіз.



12. Сауалнамаңызды жүктеген соң сауалнамадан тұратын файл атауы арнайы өрісте көрінеді. «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.



13. Келесі бетте өтінішке қажетті құжаттарды қосыңыз. Құжаттарды қосу диалог терезесі арқылы орындалады. Диалог терезесін шақыру және құжаттарды жүйеге жүктеу алдыңғы адымдағыдай жасалады. «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.



14. Келесі бетте жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз. «Сіз кіші кәсіпкерлік субъектісіз бе?» және «Сіз жеке кәсіпкерсіз бе?» сұрақтарына «Иә»/«Жоқ» деп жауап беріңіз. «Қазақстан қаласы» өрісін құлама анықтағыштан мәнді таңдап толтырыңыз.

Қалған өрістер қолданушының профайлынан алдынала толтырылады (өтінішті жіберер алдында сіздің профайлыңыздағы барлық мәліметтер толтырылуы қажет). Қажет жағдайда оларды жойып жаңа мәліметтермен толтыруға болады.




15. Осы бетті толтырған соң, «Әрі қарай» батырмасына басыңыз.


16. Өтінішке электрондық цифрлік қолтаңбамен қол қою бетінде Өзіңіздің *.pfx форматындағы тіркеу куәлігіңізді таңдап, «Қол қою» батырмасын басыңыз.

Өтініштің мәртебесін тексеру


1. Өтініш мәртебесін тексеру үшін «Менің өтініштерім» салымшасын таңдау қажет.

«Менің өтініштерім» бетінде қолданушының өтініштері бойынша ақпарат келесі тізім (реестр) бойынша көрсетіледі:

1) Өтініштің нөмірі;

2) Жіберілген күні;

3) Лицензиар;

4) Лицензия/рұқсат түрі;

5) Өтініштің түрі;

6) Мәртебесі.
2. Жіберілген өтініш туралы мәліметтерді «Көру» - батырмасы арқылы көруге болады
Рұқсат беру құжатын көру


  1. Рұқсат беру құжатын көру үшін «Менің рұқсат беру құжаттарым» салымшасын таңдау қажет.


2. «Менің рұқсат беру құжаттарым» бетінде Сіздің рұқсат құжаттарыңыздың тізілімі және келесі мәліметтер көрсетіледі:

1) Рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі;

2) Нөмірі;

3) Берілген күні;

4) Лицензиар;

5) Лицензия/рұқсат түрі;



6) Мәртебесі.
3. «Көру» - батырмасын басу арқылы сіз лицензия/рұқсат түрін көре аласыз. Үлкейткіш әйнек бейнесіне басыңыз. Бұдан соң жүйе сізді «Рұқсат қағазы бойынша ақпарат» парағына көшіреді. Бұнда сіз «Құжатты көшіру» батырмасын басу арқылы *.pdf – форматындағы электрондық лицензияны жергілікті ресурсыңызға жүктей аласыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет