№ исх: 1152 от: 05.09.2012
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы «5» қыркүйектегі № 1152 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) радиожиілік ресурсы пайдаланылатын жердегі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекцияларымен (бұдан әрі – Инспекция) және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетімен (бұдан әрі – Комитет) көрсетіледі. Инспекциялардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 9-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы және «Жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты: www.mtс.gov.kz интернет ресурсында, сондай-ақ Инспекцияларда орнатылған ақпараттық стендерде орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі осы cтандартқа 2-қосымшаға сәйкес ресімделген Қазақстан Республикасында радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, немесе радиожиілік спектрін пайдалануға кеме станциясына рұқсат беру не мемлекеттік қызметті ұсынудан қағаз тасығышта немесе элетрондық түрде www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы «РЖС пайдалануға рұқсат» бөліміндегі дәлелді бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
-
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
а) осы стандарттың 11-тармағындағы қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушымен тапсыру кезінен бастап – 60 күнтізбелік күннен аспайды;
б) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) радиожиілік органдарымен келісу жүргізілген жағдайда, келісу жүргізу мерзімі сауал алынған кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі қажетті келісулерді жүргізу уақытының ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл отыз күнтізбелік күннен аспауы керек. Іргелес мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс Регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жүргізілген кезде өтінішті қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл төрт айдан аспауы керек, ол туралы өтініш беруші алдын ала жазбаша түрде хабардар етілуі тиіс;
в) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау салуды беру сәтінен бастап – 60 күнтізбелік күннен аспайды;
-
өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету төлем «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтақсандағы Кодексiнiң 514-бабына сәйкес жүргiзiледi.
9. Мемлекеттік қызмет:
1) Инспекцияларда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі;
2) www. elicense.kz интернет-ресурсында - тәулік бойы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алдын ала жазылу, сондай-ақ жеделдетіп қызмет көрсету жоқ.
10. Инспекция ғимараттары:
1) қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пантустары бар кіретін есікпен;
2) құжаттарды қабылдау орындарының ақпараттық стенділермен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы келесі құжаттардан тұратын өтінімді ұсынады:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш үш данада (кеме станциясының рұқсатын алу үшін екі данада);
2) сұралып отырған радиожиіліктер белдеулерінің (номиналдың) негіздемесі келтірілетін, жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптардың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалардың, пайдалануға жоспарланған РЭҚ техникалық ерекшеліктері, байланысты ұйымдастырудың сызбасы егжей-тегжейлі баяндалатын түсіндірме жазба;
3) осы стандартқа 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тиісті радиобайланыс түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ-қа арналып толтырылған сауалнама (кеме станциялары үшін техникалық деректерімен осы стандартқа 12-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама);
12. Құжаттардың үлгілері Комитетте арнайы ақпараттық стенділерде және www.elicense.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
Өтініштердің бланкілері және оларды толтыру үлгілері инспекциялардың арнайы ақпарат стендінде және www.elicense.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша инспекциялардың кеңсесіне, немесе www.elicense.kz интернет-ресурсына ұсынылады.
14. Инспекция кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдағаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы кіріс нөмірін және өтінішті қабылдау күнін көрсете отырып қолхат береді, ал құжаттар www.elicense.kz интерне-ресурсының, «РЖС пайдалануға рұқсат» бөлімі арқылы қабылданған кезде мемлекеттік қызметті алушыға хабарды электронды түрде береді.
15. Инспекция мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтылығы мен дұрыстығын тексереді.
Құжаттар толық ұсынылмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда Инспекция сәйкесінше мемлекеттік қызметті алушыға ұсынылған құжаттарды қарастырудан бас тарту туралы хабарлама береді.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады, егер:
-
өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдар) бос болмаған жағдайда;
-
РЭҚ және ЖЖҚ электромагниттік үйлесімділік (бұдан әрі-ЭМҮ) алдын ала есебінің қорытындысы теріс нәтиже берген жағдайда;
-
келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімдерінің нәтижелері теріс болған жағдайда.
Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні тиісті ескертулерді түзеткеннен кейін қатадан өтінім беру құқығынан айырмайды.
3. Жұмыс істеу қағидаттары
17. Инспекциялар мемлекеттік қызметті алушыларға әдептілік, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық және жан-жақты ақпаратты ұсыну, мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 13-қосымшадағы сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметті көрсететін инспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндерін жыл сайын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
20. Инспекция басшылары уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді. Инспекциялардың заңды мекенжайлары, телефондары, электрондық пошталары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе Астана қаласы, Есiл ауданы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8, мекенжайы бойынша қолма-қол беріледі, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(7172) 74-03-24 не электрондық түрде - kanc@mtc.gov.kz мекенжайына.
Жұмыс кестесі күн сайын жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
22. Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде дұрыс қызмет көрсетпеу мәселелері бойынша шағым мемлекеттік қызметті алушылармен инспекция бастығының атына жазбаша түрде немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлары бойынша пошта арқылы немесе қолма-қол берiледi.
Жұмыс кестесі күн сайын жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым еркін нысанда жасалады.
25. Шағымды қабылдаған туралы құжат оның екінші нұсқасына немесе көшірмесі болып табылады, оған шағымды қабылданғаны және шағымды қабылдап жатқан тұлғамен беріліп отырған шағымның қаралу барысын білуге болатын лауазымды тұлғаның мәліметтері мен оның қаралу мерзімі мен жауабын алатын жері туралы белгі қойылады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында қаралған тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Комитеттің сенім телефоны: 8 (7172) 74-03-24.
________________________
«Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекцияларының тізімі
№
|
Инспекциялардың атауы
|
Инспекциялар мемлекттік мекемелерінің телефондары
|
инспекциялар мемлекттік мекемелерінің мекенжайы
|
1
1.
|
2
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
3
8 (7172)217-000, 21-69-33, 21-69-36, 21-60-32 аstana@mtc.gov. kz
|
4
010000, Астана қаласы,
Сарайшық
көшесі, 9,
«Авиценна» ТК, «Ж» блогы
|
2.
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7272)77-52-99, 77-52-81, 77-52-88 almaty@mtc.gov. kz
|
050000, Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі, 108
410-кабинет
|
3.
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7132) 520340, 520721
aktybinsk@mtc. gov. kz.
|
030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 62
|
1
|
2
|
3
|
4
|
4
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7122) 270042, фб271615 atyray@ mtc.gov.kz
|
060000, Атырау қаласы, Пушкин көшесі, 201
221-кабинет
|
5
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7212) 437010 437024
karaganda@ mtc.gov. kz
|
100000,
Қарағанды қаласы,
Ермеков көшесі, 73/А,
302-кеңсе
|
6
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7182) 323549, 327280 ф, 540338
pavlodar.@ mtc. gov. kz
|
140000, Павлодар қаласы,
Сәтпаев көшесі, 50
|
7
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7142) 535185 , 535074, 503026 kostanay@ mtc. gov. kz
|
110000,
Қостанай қаласы,
Темірбаев көшесі, 14
58-59-пәтерлер
|
8
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (72422) 70953 78853фб 77548 kyzylorda@ mtc. gov. kz
|
120000,
Қызылорда қаласы,
Қазантаев көшесі, 8 үй, 3-пәтер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
9
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7262) 450960 434224 zhambyl@ mtc .gov. kz
|
080012, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 138
|
10
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7292) 313344, 429911
mangistau @ mtc. gov. kz
|
130000, Ақтау қаласы,
9 шағын ауд., 18-үй, 91-92-пәтер
|
11
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7112) 503877 , 244974, 513865 zko@ mtc.gov.kz
|
090000, Орал қаласы, Еуразия даң., 100,
|
12
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7252) 540100, 534952, 211391 uko @ mtc.gov. kz
|
160000,
Шымкент қаласы,
Тәуке хан даңғылы, 35
|
13
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7152) ,490080, 50-00-29 sko@ mtc.gov.kz
|
150000,
Петропавл қаласы,
М.Жұмабаев көшесі, 109, 7-қабат
|
1
|
2
|
3
|
4
|
14
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
|
8 (7232) 269105, 252784ф vko@ mtc.gov. kz
|
070000, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19
|
8 (7222) 560499
|
071400,
Семей қаласы, Дулатов көшесі, 145/107
|
_______________________
«Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат нысаны
_____________________________________________________________________________
Елтаңба
Байланыс саласындағы уәкілетті орган
Герб
Уполномоченный орган в области связи
_____________________________________________________________________________
KZ № 000000*
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға
РҰҚСАТ
РАЗРЕШЕНИЕ
на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
РЧС N A/BB-CCC/DDDD
Берілді (заңды және жеке тұлғалардың атауы)
Выдано (наименование юридического или физического лица)
Ұйымдастыру үшін (радиобайланыс түрі (теле және радиохабар тарату бағдарламаларының
эфир трансляциаларынан басқа)
Для организации (вид радиосвязи (кроме эфирной трансляции телевизионных и
радиовещательных программ))
Мынадай көрсеткіштері бар радиожиіліктерін пайдалануға рұқсат етіледі:
Разрешается использовать радиочастоты со следующими данными:
Р/с.
№№
п/п
|
Орнатылу
пункті
Пункт установки
|
Жабдық
түрі
Вид оборудования
|
Тасымалдау
жиіліктері
Несущие
частоты,
МГц
|
Қуат
Мощность
Вт
|
Антеннаның
іліну биіктігі
Высота
подвеса
антенны, м
|
Ескертпе
Примечания
|
Рұқсаттың қолданылу мерзімі: берілген күннен бастап бір жыл.
Срок действия Разрешения: один год со дня выдачи.
Ресімделген күні: 20___жылғы « » __________________ М.О./М.П.
Дата оформления: « » _______________ 20___ года
Берілген күні: 20___жылғы « » __________________ М.О./М.П.
Дата выдачи: «____»__________________ 20___года
Төраға
Председатель _____________________________ Т.А.Ә.
(қолы/ подпись)
(келесі жағы)
(обратная сторона)
Қосымша
мәліметтер:
Дополнительные
сведения:
|
|
Рұқсаттың қолданылу шарттары:
-
Рұқсат өтініш берушіге радиожиілік спектрін (РЖС) пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақының бір бөлігі немесе толық сомасы төленгенін дәлелдейтін құжат болған жағдайда беріледі.
-
Рұқсат радиожиілік спектрін (РЖС) пайдаланғаны үшін төлемақы өткен жылға толық төленген, РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға енгізілген жағдайда қолданыста болып есептеледі және жыл сайын байланыс саласындағы Уәкілетті органының аумақтық бөлімшесінде мемлекеттік бюджетке төлемақының бір бөлігі немесе толық сомасы төленгенін дәлелдейтін құжат болған жағдайда ұзартылады.
-
РЭҚ барлық техникалық параметрлері сауалнамаға сәйкес болуы тиіс.
-
РЭҚ параметрлері мен орнату орнын ауыстыруға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |