Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы



бет1/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#174092
  1   2   3   4   5
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 06.05.2013 17:27:33
Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 бірлескен бұйрықтары

(2012.30.01. берілген өзгерістермен)



 

Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің, Сыртқы істер министрінің, Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрінің

міндетін атқарушы

 

 

Н. Әбіқаев

 

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

 

С. Баймағанбетов

 

«Келісілген»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің төрағасы

____________ Ә. Шаяхметов

2009 жылғы 25 желтоқсан

 

 

Қазақстан Республикасы



Сыртқы істер министрі

міндетін атқарушының

2009 жылғы 14 желтоқсандағы

08-1-1-1/457 және

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2009 жылғы 22 желтоқсандағы

488 бірлескен бұйрығымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының визаларын беру

ережелері

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелерi» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету тәртібінің 10-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасына кіретін, Қазақстан Республикасынан шығатын, Қазақстан Республикасында болатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін шетелдіктерге виза беру тәртібін белгілейді.



Осы Ережелер қағидалары азаматтығы жоқ тұлғаларға да қатысты болып табылады.

2. Визаларды беруді:



1) шетелде - Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - ҚР шетелдердегі мекемелері);

2) Қазақстан Республикасының аумағында:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі - ҚР СІМ);

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полициясы комитетінің көші-қон полициясы басқармасы және Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ҚР ІІМ) жүргізеді.

3. Визалардың ұзартылуын ҚР СІМ және ҚР ІІМ жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының визаларын (бұдан әрі - ҚР визалары) беруге төмендегі құжаттар негіз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттері дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың осы Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес жазбаша өтініштері;



2) Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен және тұрақты тұруға келген, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге арналған ішкі істер органдарының рұқсаты;

3) Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыру үшін ҚР СІМ-не ұсынылған жазбаша өтініштері;

4) Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін уәкілетті органның (бұдан әрі - АӨҚО) Қазақтан Республикасының аумағына қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін келетін шетелдіктерге виза беруге байланысты қолдаухаты.

5. ҚР визаларын беру кезінде шетелдіктің азаматтығы бар елдегі көші-қон ахуалы ескеріледі.

6. Визалық құжаттардың ресімделуі және ҚР ҰҚК-мен келісілуі ақпараттық жүйені пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Визаның мәртелігі



 

7. ҚР визалары бір мәртелік, екі мәртелік, үш мәртелік және көп мәртелік болуы мүмкін.

8. Визаның қолдану мерзімінің шегінде бір мәртелік визалар шетелдікке Қазақстан Республикасына бір мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді, екі, үш және көп мәртелік визалар тиісінше шетелдікке Қазақстан Республикасына екі, үш және көп мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.



 

 

3. Виза санаттары



 

9. Визалар санаттары бойынша төмендегідей бөлінеді:

1) дипломаттық (ДВ);

2) қызметтік (ҚВ);

3) инвесторлық (ИНВ);

4) іскерлік (ІСВ);

5) жеке (ЖСВ);

6) туристік (ТСВ);

7) миссионерлік (МИВ);

8) оқуға (ОУВ);

9) емделуге (ЕАВ);

10) жұмысқа (ЖЕВ);

11) тұрақты тұруға (ТТВ);

12) шығу визасы (ШЖВ);

13) транзиттік (ТВ).

 

 

4. Дипломаттық виза (ДВ)



 

10. Дипломаттық визалар:

1) Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің дипломаттық агенттеріне және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғаларына және олардың отбасыларының мүшелеріне;

2) Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін, дипломаттық паспорттардың иелеріне;

3) Дипломаттық агенттің мәртебесіне теңестірілген халықаралық ұйымдардың паспорттарының иелеріне;

4) Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасыларының мүшелеріне;

5) шетел мемлекеттерінің, үкіметтерінің басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне;

6) дипломаттық паспорттарының иелері - шет мемлекеттері парламентінің, үкіметінің мүшелеріне және олардың отбасының мүшелеріне, сонымен қатар дипломаттық паспорттардың иелері - шетел ресми делегациясының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

7) курьерлік парағы бар болған жағдайда, дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық паспорттардың иелері - дипломаттық курьерлерге;

8) Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне;

9) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекеттерінің құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

11. Дипломаттық визалар төмендегі тұлғаларға берілмейді:



1) дипломаттық паспорттарын көрсеткен, бірақ Қазақстан Республикасында дипломаттық сапасы танылмайтын тұлғаларға;

2) дипломаттық поштаны тасымалдаушы адамның дипломаттық паспорты жоқ болған жағдайда.

12. Дипломаттық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.



 

 

5. Қызметтік виза (ҚВ)



 

13. Қызметтік визалар:

1) Дипломаттық агент мәртебесіне теңестірілмеген халықаралық ұйымдар паспорттарының иелеріне және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорт иелеріне;

2) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілген қызметтік паспорт иелеріне;

3) ресми шетел делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

4) Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер дипломаттық өкілдіктерінің әкімшілік - техникалық және қызмет көрсетуші персоналына, консулдық қызметшілерге, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызмет көрсетуші персоналына және олардың отбасы мүшелеріне;

5) дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық курьерлерге, егер дипломаттық паспорты жоқ және курьерлік парағы болған жағдайда;

6) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есепті органдардың, Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының шақыруымен келетін тұлғаларға;

7) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілетін шет мемлекеттердің әскери қызметшілеріне;

8) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген тұлғаларға;

9) Қазақстан Республикасында тіркелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілетін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі.

14. Қызметтік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.



 

 

6. Инвесторлық виза (ИНВ)



 

15. Инвесторлық визалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буындарының басшылары мен өкілдеріне, АӨҚО қатысушыларына, сондай-ақ олардың отбасының мүшелеріне беріледі.

16. Бір мәртелік инвесторлық визалар шетелдіктерге ҚР СІМ басшылығының нұсқауы бойынша, не болмаса ҚР шетелдегі мекемелері басшыларының келісімі бойынша шетелдік заңды тұлғалардың немесе Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің қолдаухаты болған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының аумағына кіруге шектеу жоқтығы алдын ала тексеріліп, шақыру қағазсыз, өтініш білдірілген күні беріледі, кейін виза берілген фактісі ҚР СІМ-ге хабардар етіледі.



АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттары бойынша АӨҚО қатысушыларына 30 тәулік мерзімге дейін бір мәртелік инвесторлық визаларды өтініш жасаған күні беруге болады.

17. Көп мәртелік инвесторлық визалар АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаты және ҚР СІМ, ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК-мен келісілген паспорттық деректері бар АӨҚО-ға қатысушылардың (дилерлер, брокерлер және эмитенттер) тізімдері негізінде, АӨҚО қатысушыларына, АӨҚО әкімшілігі жанындағы халықаралық кеңес мүшелеріне, сонымен қатар олардың отбасының мүшелеріне беріледі. АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттарының ұлттық қауіпсіздік органдарында келісілуі 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Көп мәртелік инвесторлық визалар беру барысында ҚР СІМ-нің келісімі талап етіледі.

18. АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті орган ҚР СІМ-ге, ҚР ІІМ-ге және ҚР ҰҚК-ға, осы Ережелердің 17-тармағында қарастырылған дұрыс мәліметтерді уақытында береді.

19. Инвесторлық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.

 

 

7. Іскерлік виза (ІСВ)



 

20. Іскерлік визалары Қазақстан Республикасына келесі іскерлік мақсаттармен келетін шетелдіктерге:

1) іссапар;

2) келіссөздер жүргізу, келісім-шарттар жасасу, консультациялық және аудиторлық қызметтер көрсету;

3) конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу;

4) мектеп оқушылары, студенттер және жастар арасындағы алмасу бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқудан басқа;

5) халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыру;

6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) куәлігі жоқ кезекті және чартерлік рейстер ұшақтарының экипаждары мүшелеріне, сондай-ақ поезд бригадаларына және кемелер экипаждарының мүшелеріне;

7) гуманитарлық көмекпен бірге жүрушілерге;

8) жоғарғы оқу орындарында қысқа мерзімді дәріс оқу, сабақ жүргізу;

9) жабдықтарды жинақтау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

10) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына беріледі.

21. Іскерлік (ІСВ) санаттағы визаларды беруге төмендегілер негіз болып табылады:



1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың шақыруы;

2) осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген елдер азаматтарының ҚР шетелдердегі мекемелеріне білдірген жазбаша өтініші, сондай-ақ ұлты қазақ шетелдіктер (ұлтын растайтын құжаттары болған жағдайда) шақыру қағазсыз және ҚР СІМ-нің нұсқауысыз.

22. Іскерлік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.

 

 

8. Жеке виза (ЖСВ)



 

23. Жеке визалар Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келетін шетелдіктерге төмендегі құжаттардың біреуінің негізінде беріледі:

1) ҚР ІІМ берген шақыру қағазы;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесуге келетін шетел азаматтары үшін ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды ұл (қыз) етіп асырап алғысы келетін және асырап алуға кандидат ретінде консулдық есепте тұрған шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - ҚР БҒМ), Қазақстан Республикасы облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларының шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

5) Қазақстан Республикасына туыстары мен жақындарын жерлеуге немесе олардың ауыр науқастанулары себебімен келетін шетелдіктердің растайтын құжаттары қоса берілген жазбаша өтініштері;

6) Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары қоса берілген (ұлттық паспорттағы Қазақстан Республикасында тұрғандығы туралы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаты, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтамасы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы анықтамасы) шетелдіктердің жазбаша өтініштері;

7) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттарды немесе тұруға ықтиярхатты алуға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болған жағдайда) жазбаша өтініштері;

8) осы Тәртіптің 2-қосымшасында көрсетілген елдер азаматтарының жазбаша өтініштері;

9) шетел азаматтары болып табылатын жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР СІМ-мен келісілген жазбаша өтініштері.

24. Жеке визалар бір, екі және үш мәрте келуге және шығуға беріледі.



 

 

9. Туристік виза (ТСВ)



 

25. Туристік виза Қазақстан Республикасына турист ретінде келетін шетелдіктерге беріледі.

Туристік виза туроператорлық, турагенттік қызметті жүзеге асыру, туризм инструкторы қызметін көрсету құқығына лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік мекемесінің шетелдікті қабылдауын растауы және ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда беріледі.

26. Осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарына және ұлты қазақ шетелдіктерге (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) жазбаша өтініштері немесе шетел туристік мекемелерінің өтініштері негізінде бір және екі мәртелік туристік визалар беріледі.

27. Туристік визалар бір, екі және үш мәрте келуге және кетуге беріледі.

 

 

10. Миссионерлік виза (МИВ)



 

28. Миссионерлік виза Қазақстан Республикасына діни-ағартушылық қызмет атқаруға келетін шетелдіктерге беріледі.

Миссионерлік визалар Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген діни қоғамның діни қоғамдармен байланыс жөніндегі уәкілетті органмен келісілген шақыруы негізінде беріледі.

29. Миссионерлік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.



 

 

11. Оқуға арналған виза (ОУВ)



 

30. Оқуға арналған визалар:

1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген оқу орындарының немесе ҚР БҒМ-нің жазбаша өтініші негізінде ресімделген, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасындағы жоғарғы және орта оқу орындарына түсу үшін немесе осы оқу орындарында оқу үшін келген;

2) Қазақстан Республикасына іс-тәжірибеден, тағылымдамадан өту үшін - Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген шет мемлекеттердің заңды тұлғаларының, дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, ҚР-да тіркелген халықаралық ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде келген;

3) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген оқу орындарының немесе ҚР БҒМ-нің жазбаша өтініштері негізінде - Қазақстан Республикасына уақытша келіп, оқу орындарына түскен ұлты қазақ (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) шетелдіктерге беріледі.

31. Оқуға (ОУВ) санатындағы визалар бір, екі және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет