Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы



бет2/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#174092
1   2   3   4   5
12. Емделуге арналған виза (ЕАВ)

 

32. Емделуге арналған визалар:

1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген медициналық мекемелердің немесе ҚР денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ДМ) жазбаша өтініштері негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына емделу, медициналық тексерілу және консультациялар үшін келетін шетелдіктерге;

2) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге тұрақты емделу қажет болған жағдайда - жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде, медициналық мекемелер берген осы емделудің қажеттігін растайтын құжаттары болған жағдайда;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалармен бірге жүретін шетелдіктерге - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінің немесе ҚР ДМ-нің жазбаша өтініштері негізінде беріледі.

33. Емделуге арналған визалар бір және екі мәрте келуге және кетуге беріледі.



 

 

13. Жұмысқа арналған виза (ЖЕВ)



 

34. Жұмысқа арналған визалар:

1) Қазақстан Республикасына жұмысқа келетін шетелдіктерге - ҚР СІМ-нің визалық қолдауы негізінде, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты мен ҚР-да тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініші болған жағдайда;

2) Қазақстан Республикасына жұмысқа келетін шетелдіктерге олардан Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істеуге арналған рұқсаттарды алу талап етілмейтін жағдайда - Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың асырауындағы жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне, визадағы «жұмысқа құқығы жоқ» деген жазуды көрсете отырып - Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы көрсетілген тұлғалармен туысқандығын растайтын құжаттары, сондай-ақ осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы көрсетілген тұлғалардың жұмысқа арналған визасының көшірмесі негізінде беріледі.

35. Жұмысқа арналған визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.



 

 

14. Тұрақты тұруға арналған виза (ТТВ)



 

36. Тұрақты тұруға арналған визалар:

1) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін шетелдіктерге - ҚР ҰҚК және уәкілетті органдармен келісілген ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, жеке жазбаша өтініштері негізінде;

2) Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келіп, ҚР-да тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш берген шетелдіктерге - осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарының және ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) жеке жазбаша өтініштері негізінде;

3) Қазақстан Республикасында саяси баспана немесе босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатпен өтініш білдірген шетелдіктерге беріледі.

37. Тұрақты тұруға арналған визалар бір және екі мәрте келуге және кетуге беріледі.



 

 

15. Шығу визасы (ШЖВ)



 

38. Шығу визалары:

1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге - ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде;

2) Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған жағдайда - шет мемлекеттердің дипломаттық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің жазбаша өтініштері және тұрақты тұратын мемлекетке қайту туралы куәлігі негізінде;

3) заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда - шетелдікті шығару туралы соттың шешімі негізінде беріледі.

39. Осы санаттағы визалар тек кетуге ғана беріледі.



 

 

16. Транзиттік виза (ТВ)



 

40. Транзиттік визалар үшінші елге кіруге құқық беретін жол жүру құжаттары, ресімделген визасы немесе өзге де жарамды құжаттары бар, визасыз Қазақстан Республикасы аумағында транзитке құқығы жоқ шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтулері үшін беріледі.

41. Қазақстан Республикасы аумағынан шектес мемлекетке жеке автокөлігімен өтетін шетелдіктерге жоғарыдағы көрсетілген құжаттар, жүргізуші куәлігі және автокөлікке тиісті құжаттары болған жағдайда беріледі.

42. Транзиттік визалар бір, екі және үш мәрте келуге және кетуге береді.

 

 

17. ҚР визаларын алмастыратын құжаттар



 

43. ҚР визаларын алмастыратын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің қызметкерлеріне, шетелдік консулдық мекемелердің жұмысшыларына, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген тіркеу куәліктері;

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге ҚР ІІМ берген тұруға ықтиярхат;

3) ҚР ІІМ берген азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі;

4) Паспортында немесе ҚР мемлекеттік шекарасынан өтуге руқсат беретін басқа да құжаттарында шығарып жіберу туралы мөртабан болған жағдайда шетелдікті шығару жөніндегі соттың қаулысы болып табылады.

 

 

18. Визалардың болу мақсатына сәйкестігі



 

44. Визаларды беру негіздемесі шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мақсаттарымен сәйкес келуге тиіс.

 

19. Визалардың қолданыс мерзімі



 

45. Осы Ережелердің 45-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделгеннен басқа жағдайларда, барлық санаттағы бір, екі, үш мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

46. Осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына бір мәртелік дипломаттық (ДВ), қызметтік (ҚВ), іскерлік (ІСВ), жеке (ЖСВ) туристік (ТСВ) визалар 30 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

47. Шетелдіктің «жеке» санатындағы визасы бойынша ҚР аумағында болуының жалпы мерзімі бір жылда 90 тәуліктен аспауы керек.

48. Осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына екі мәртелік туристік визалар (ТСВ) 60 тәулік мерзімге дейін беріледі.

49. Туристік санатындағы (ТСВ) бір, екі, үш мәртелік визалар ҚР аумағында бір жыл ішінде әр келген сайын 30 тәуліктен аспайтын мерзімге келу құқығымен 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

50. «Тұрақты тұруға арналған» (ТТВ) бір және екі мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

51. Бір, екі және үш мәртелік «транзиттік» (ТВ) санатындағы визалар әр жолы 5 тәулік ішінде бір бағытта транзитпен өту жағдайында 90 тәулікке дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасында болу құқығымен беріледі.

52. «Дипломаттық» (ДВ), «қызметтік» (ҚВ), «инвесторлық» (ИНВ), «іскерлік» (ІСВ) санатындағы көп мәртелік визалар 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Халықаралық өзаралық қағидасы ескеріліп, аталған санаттағы визаларды ұзағырақ мерзімге беруге де болады.

Қазақстан Республикасына іссапармен келетін және болуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі» бойынша реттелетін тұлғаларды қоспағанда, шетелдіктің «іскерлік» санатындағы көп мәртелік визасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында болуының жалпы мерзімі бір жылда 120 тәуліктен аспауы қажет.

53. «Миссионерлік» (МИВ) санатындағы көп мәртелік визалар 180 тәулік дейінгі мерзімге беріледі.

54. «Оқуға арналған» (ОУВ) санатындағы көп мәртелік визалар 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

55. «Жұмысқа арналған» (ЖЕВ) санатындағы көп мәртелік визалар шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатында көрсетілген, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

56. Шығу (ШЖВ) визалары:

1) Осы Ережелердің 38-тармағының 1) тармақшасындағы көрсетілген шетелдіктерге - 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі;

2) Осы Ережелердің 38-тармағының 2) тармақшасындағы көрсетілген шетелдіктерге - 30 тәулікке дейінгі, бірақ тұрақты тұратын мемлекетке қайтару туралы куәлігінде көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімге;

3) Осы Ережелердің 38-тармағының 3) тармақшасындағы көрсетілген шетелдіктерге - шығу үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге немесе Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы соттың қаулысында көрсетілген мерзімге беріледі.

 

 

20. Топтық визалар



 

57. Топтық визалар шетел азаматтары топтарының Қазақстан Республикасына ұйымдасып кірулері, Қазақстан Республикасынан шығулары немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті кезінде, мақсатқа сай және орынды немесе жеке визаларды ресімдеу үшін қиындықтар болғанда ресімделеді.

58. Мұндай визаларды беру үшін барлық топ мүшелерінің Қазақстан Республикасына кіруі және Қазақстан Республикасынан шығуы кезінде шекарадағы бақылау-өткізу пунктіне (бұдан әрі - БӨП) бір уақытта келуі және өтуі, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүріп-тұруы мен қандай да бір пункте топ құрамында болуы міндетті шарттар болып табылады.

59. Топтық визаларды ҚР СІМ, ҚР-ның шетелдегі мекемелері, егер халықаралық шарттар мен келісімдерде өзге тәртіп көзделмесе, құзырлы органдармен келісілген ҚР СІМ-нің визалық қолдауы бойынша береді.

60. Топтық визалар әліпбилік осы Ережелердің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атаулы тізімдерде ресімделеді.

Виза бөлек жеке қағаз парағына жабыстырылады және осы Ережелердің 21-бөліміне сәйкес толтырылады. «Паспорттың N/passport N» бағанында «топтық» деп жазылады, «қосымша мәліметтер/additional information» бағанында тізім бойынша кіретін (шығатын) тұлғалардың саны көрсетіледі (мысалы: «25 адамға тізім қоса беріліп отыр»).

Визасы бар парақтың төменгі бөлігіне мынадай жазу жазылады:

«Қоса беріліп отырған тізімде көрсетілген әрбір адам (______ тегінен басталатын және ________ тегімен аяқталатын) БӨП-де паспортын немесе жеке басын куәландыратын, фотосуреті бар, ҚР мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа құжатын көрсеткен кезде ғана осы виза жарамды».

Визасы бар парақ тізіммен бірге жоғары сол бұрышын майыстыру жолымен тігіледі, ол визаны берген ҚР СІМ-нің, ҚР-ның шетелдегі мекемелерінің, Қазақстан Республикасы ішкі істер органының елтаңбалы мөрімен бекітіледі.

Визаны берген консулдық лауазымды адам (ҚР ІІМ-нің лауазымды адамы) тізімнің төменгі жағына (лауазымын және тегін көрсетіп) қол қояды, қойылған қол ҚР СІМ, ҚР-ның шетелдегі мекемесінің немесе ҚР ІІМ-нің мөрімен куәландырылады.

Жабыстырылған визасы бар тізім бір данада жасалынады, түпнұсқа топ жетекшісіне беріледі, бір көшірмесі- Қазақстан Республикасына кіру (шығу) кезінде БӨП-ке тапсырылады, екіншісі -визаны берген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінде, ҚР СІМ және ҚР ІІМ-де қалады.

Тізімге түзетулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

 

 

21. Визаларды ресімдеу



 

61. Барлық санаттағы визалар жалған көшірмелерден қорғайтын өзіндік ерекшелері бар арнайы қағаз-жеткізгіште жасалған өздігінен желімделетін жапсырма түрінде болады. Визалық жапсырма визаның өзінен (тұпнұсқа) және оның сондай нөмірі бар түбіртегінен тұрады. Толтырылған ҚР визасы шетелдіктердің паспорттарына немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттарына, ал түбіртегі - визалық сауалнаманың екінші бетіне жапсырылады.

62. ҚР визасында келесі мәліметтер болуға тиіс:



1) визаны берген мекеменің коды;

2) визаның мәртелігі;

3) визаның санаты;

4) визаның берілген күні;

5) шетелдіктің тегі, аты және әкесінің аты;

6) шетелдіктің паспорты немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін басқа да құжатының нөмірі;

7) виза қолданысының басталу күні;

8) виза қолданысының аяқталу күні;

9) шақырған жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның аталуы;

10) қосымша ақпарат;

11) консулдық алымдарды немесе мемлекеттік баждарды төлеу туралы мәлімет;

12) бірге жүретін адамдар туралы мәліметтер;

13) визаны берген тұлғаның тегі;

63. Визалардағы өзгертулерге жол берілмейді. Түзетілген визалар жарамсыз болып есептеледі.

64. Қазақстан Республикасы аумағында «оқуға» (ОУВ), «емделуге» (ЕАВ), «тұрақты тұруға арналған» (ТТВ) визаларға өзгертулерден басқа, визаның санатын біреуінен екіншісіне өзгертуге жол берілмейді.

 

 

22. Визаларды алу кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар



 

65. ҚР визалары шетелдіктерге паспорттарды немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да Қазақстан Республикасы таныған мемлекет немесе халықаралық ұйымдар берген құжаттарды көрсеткен кезде, егер оның түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмейтін болса беріледі.

66. ҚР визаларын ресімдеу үшін шетелдіктер ҚР СІМ-ге, ҚР-ның шетелдердегі мекемелеріне осы Ережелердің 4-қосымшасында көрсетілген қажетті құжаттарды, ҚР ІІМ-ге - осы Ережелердің 5-қосымшасындағы құжаттарды тапсырады.

67. Визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан 6 айдан кем емес мерзімге дейін аяқталуы қажет.

68. Паспортта немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа құжаттарында ескертілмеген тазартулар мен түзетулер, мөр басылмаған фотосуреттер және парақтары сөгілгендігі табылған жағдайда, осындай құжаттардың иелеріне ҚР визалары берілмейді. ҚР-ның шетелдегі мекемелері, ҚР ІІМ құжаттардың жарамсыздығы немесе жалғандығы себебі бойынша виза беруден бас тартқан жағдайда, міндетті түрде ҚР СІМ-ді хабардар етулері қажет.



 

 

23. Визаларды беру тәртібі



 

69. ҚР-дың шетелдердегі мекемелері осы Ережелерде қарастырылған негіздер болған жағдайда, шығу (ШЖВ) санатындағы визалардан басқа барлық санаттағы бастапқы визаларды береді.

70. Дипломаттық (ДВ) және қызметтік (ҚВ) санаттарындағы бір мәртелік ҚР визаларын осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беруге болады.

71. Іскерлік (ІСВ) және жеке (ЖСВ) санаттарындағы бір мәртелік визаларын ҚР осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беруге болады.

72. «Туристік» санатындағы бір және екі мәртелік ҚР визалары осы Ережелерге 2-қосымшада көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беріледі.

73. Қазақстан Республикасы аумағында:

1) ҚР СІМ - ҚР-ның шығу (ШЖВ) визаларынан басқа, барлық санаттағы бастапқы визаларын;

2) ҚР ІІМ - емделуге (ЕАВ) - осы Ережелердің 32-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға, тұрақты тұруға (ТТВ) - осы Ережелердің 36-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға ҚР-ның визаларын, сондай-ақ шығу (ШЖВ) визаларын береді.

74. ҚР СІМ нұсқауында белгіленген визаны алу орны өзгерген жағдайда, ҚР СІМ бұл жөнінде хабарланып, ҚР-нің шетелдердегі мекемелерінде виза өтініш жасаған орны бойынша беріледі.

75. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне кедергі жасайтын негіздер болған жағдайда, соның ішінде визалық қолдауы бар болса, ҚР визалары берілмейді, сондай-ақ ресімделген ҚР визасы Қазақстан Республикасына кіруге негіз болып табылмайды.

76. ҚР ҰҚК-нің бөлімшелері визаларды ресімдеуді келісуді 3 тәулік ішінде қамтамасыз етуге тиісті. ҚР ҰҚК-мен келісусіз визалар берілмейді.

77. ҚР визасын ресімдеуге қабылданған өтінішті зерделеу барысында:



1) бұрын Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтауды қамтамасыз етпеген заңды және жеке тұлғалардың тізімі бойынша шақырушы тарапты тексеру;

2) визалық сауалнамадағы сұрақтарға берілген жауаптардың мазмұнын паспорттың деректерімен және өтініш білдірушімен әңгіме барысында немесе басқа да деректеме көздерінен алынған мәліметтермен салыстыру;

3) Қазақстан Республикасында болғаннан кейін паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа құжаттары шетелдікке тұрақты тұратын еліне қайтып оралуына немесе басқа елге кетуіне құқық беретіндігін анықтау қажет.

78. Қолдаухатты зерделеу нәтижесінде осы Ережелердің 26-бөлімінде көрсетілген виза беруге құқығы бар лауазымды тұлғалар осы Ережелерді басшылыққа алып, виза беру немесе виза беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

79. ҚР-ның шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы аумағына кірулері шектелген шетелдіктерге виза беруден бас тартады және өз уақытында осындай тұлғалардың виза үшін өтініш білдірген дерегі туралы ақпараттық жүйе арқылы ҚР СІМ-ді хабардар етеді.

80. Визалардың ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспау керек.

81. Визаларды беру, егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзге ережелер белгіленбесе, мемлекеттік баж және консулдық алымдар сомалары төленгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

82. ҚР СІМ-нің визалық қолдауы бойынша берілген, бірақ пайдаланылмаған визаның орнына қайталама виза беруге ҚР СІМ-нің қосымша келісімі қажет. ҚР-ның шет елдердегі мекемелерінің сұратуында визаны пайдаланбау себебі көрсетілуі тиіс.



 

 

24. Визаны беруден бас тарту негіздері



 

83. Шетелдікке:

1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті немесе тұрғындардың денсаулығын қорғау мүдделері үшін;

2) егер оның іс-әрекеттері конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге бағытталса;

3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;

4) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандырса;

5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;

6) егер ол террористік әрекет үшін айыпталса немесе сот оны аса қауіпті қылмыскер деп таныса;

7) егер оралмандардан, Қазақстан Республикасы немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе азаматтығында болған тұлғалардан және олардың отбасы мүшелерінен басқа тұлғалар Қазақстан Республикасында болуға және кетуге қажетті мүмкіндіктің бар екендігін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен растамаса;

8) егер оның мұның алдында Қазақстан Республикасында болған уақытында Қазақстан Республикасының шет елдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдарын, кедендік, валюталық немесе өзге де заңдарын бұзғаны туралы деректері анықталса;

9) егер ол кіру туралы өтініш білдірген кезінде өзі туралы жалған мәліметтерді хабарласа немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде бермесе, виза беруден бас тартылуы мүмкін.

84. Шетелдіктерге виза беруден бас тарту себептері түсіндірілмейді.

85. Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарылған шетелдіктерге елден шығару туралы шешім қабылданған уақыттан бастап 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.

86. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасынан шығу визасы:



1) егер оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін негіздемелер бар болса - істің аяқталу мерзіміне дейін;

2) егер ол жасаған қылмысы үшін сотталса - жазасын өтеуге дейін немесе жазадан босатылғанға дейін;

3) егер ол сот оған жүктеген міндеттемелерді орындаудан жалтарса - міндеттемелердің орындалуына дейін.

87. Шетелдіктің Қазақстан Республикасынан шығуы ҚР азаматтарының, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне қатысты мүліктік міндеттемелерін орындағанша кейінге қалдырылуы мүмкін.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет