Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң мәртебесi туралы келiсiмдi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2001 жылғы N 19 сәуiр N 523
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң мәртебесi
туралы 2000 жылғы 9 қазанда Астана қаласында жасалған келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi
арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы
бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң және Ресей Федерациясының
Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары
тiлшiлерiнiң мәртебесi туралы
Келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Ресей Федерациясының Yкiметi,
екi елдiң қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрi туралы ақпараттардың кеңiнен және еркiн таралуы үшiн жағдайлар жасау қажеттiлiгiн негiзге ала отырып,
журналистердi және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерiн құқықтық қорғау және олардың кәсiби қызметтерiн жүзеге асыруы үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттiлiгiн ескере отырып,
1948 жылғы Адам құқығының жалпыға бiрдей декларациясының ережелерiн басшылыққа ала отырып,
1975 жылғы Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi кеңестiк Қорытынды актiсiндегi және ақпарат пен гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа қатысты ЕҚЫҰ-ның кейiнгi құжаттарындағы ережелердiң орындалуына жәрдемдесуге тiлек бiлдiре отырып,
кең ауқымда ақпараттар алмасуға жәрдемдесудi және аталған салада келiсiмдер жасасу қажеттiлiгiн көздеген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын құру туралы 1991 жылғы 8 желтоқсандағы келiсiмнiң 4-бабына Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде және екi жақты негiзде қол жеткiзiлген басқа да уағдаластықтарға сәйкес iс-қимыл жасай отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
1. Осы Келiсiмде келтiрiлген төмендегi терминдер мынадай мағынаны бiлдiредi:
- "шетел тiлшiлерi" - Ресей Федерациясында тiркеуден өтiп, Қазақстан Республикасында есепке алынған бұқаралық ақпарат құралдарының (агенттiктер, газеттер, журналдар, басқа да мерзiмдi басылымдар, баспалар, радио және телевидение) тiлшiлерiн және Қазақстан Республикасында тiркеуден өтiп, Ресей Федерациясында тiркелген бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерiн бiлдiредi;
- "тiркелген мемлекетi"- шетелдiк тiлшi тiркелген мемлекеттi бiлдiредi;
- "тiркеу" - тiркейтiн мемлекеттiң уәкiлеттi органы жанында бұқаралық ақпарат құралы өкiлiнiң белгiлi бiр мерзiмге тағайындалғанын және оның тiркеу құжатын алғандағын бiлдiредi;
- "уәкiлеттi орган"- тiркейтiн мемлекеттiң аумағында тiркеудiң және шетел тiлшiлерi қызметiнiң мәселелерiн реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органды бiлдiредi.
2. Шетел тiлшiлерi ретiнде тiркейтiн мемлекеттердiң азаматтары тiркелуi мүмкiн.
2-бап
Тiркейтiн мемлекеттегi шетел тiлшiлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларымен, тiркейтiн мемлекеттiң заңнамасымен және осы Келiсiмнiң ережелерiмен айқындалады және реттеледi.
3-бап
Тараптар өз мемлекетiнiң уәкiлеттi органдары мен ұйымдары арқылы және ұлттық заңнамасы шеңберiнде тiркейтiн мемлекеттiң саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрi туралы шетел тiлшiлерiнiң шынайы ақпараттар алуына және таратуына, жалпы жұрт таныған журналистiк этика нормаларын сақтауына жан-жақты көмек көрсетедi.
4-бап
Тараптар өз мемлекетiнiң уәкiлеттi органдары мен ұйымдары арқылы ұлттық заңнама шеңберiнде өздерiнiң кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруы кезiнде шетел тiлшiлерiнiң ресми ақпарат көздерiне еркiн рұқсат алуын, сондай-ақ шетел тiлшiлерiнiң ақпарат көзi құпиялылығын сақтау құқығын қамтамасыз етедi.
5-бап
Тараптар уәкiлеттi органдар мен ұйымдары арқылы өз мемлекеттерiнде баспасөз орталықтарын құруға және олардың жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi, сондай-ақ шетел тiлшiлерi үшiн ресми баспасөз конференцияларының және басқа да сол сияқты iс-шаралардың ашық өткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
6-бап
Тiркейтiн мемлекеттiң ұлттық заңнамасының талаптарын ескере отырып, өзара құрмет тұту негiзiнде шетел тiлшiлерiнiң Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтарында, бару үшiн арнайы тәртiп белгiленген аудандар мен объектiлердi қоспағанда, емiн-еркiн қозғалуына және кәсiби мiндеттерiн атқаруына құқық берiледi.
7-бап
Тараптар уәкiлеттi органдары мен ұйымдары арқылы шетел тiлшiлерiнiң тiркейтiн мемлекеттiң ұлттық заңнамасы тыйым салмаған тәсiлмен өздерiнiң материалдарын, радио, видео және телеақпараттарын қандай да болсын цензурасыз, еркiн беру құқықтарының сақталуын қамтамасыз етедi.
8-бап
Тараптар уәкiлеттi органдары мен ұйымдары арқылы шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлер қосындарын ашу және шетел тiлшiлерiн тiркеу жөнiндегi шешiмдер қабылдауды, өтiнiш берiлген күннен бастап екi айдан аспайтын, Тараптар мемлекет мемлекеттерiнiң заңнамаларында белгiленген мерзiмде қамтамасыз етедi.
Шетел тiлшiлерiн тiркеу және шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлер қосындарын ашу туралы шешiмдер қабылдауды тiркейтiн мемлекеттiң уәкiлеттi органдары халықаралық құқықтың нормаларына және тiркейтiн мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
9-бап
Тараптар уәкiлеттi органдары мен ұйымдары арқылы өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайда тұрақты тiркелген шетел тiлшiлерiнiң және олардың отбасыларының тұрғын үйдi, тiлшiлер қосындарын орналастыру үшiн тұрғын жайды сатып алуына немесе оларды жалдауына, сондай-ақ күтпеген жағдайлар кезiнде (табиғат апат, жазатайым жағдай) көмек беруде жәрдем көрсетедi.
10-бап
Тараптардың тиiстi органдары мен ұйымдары, шетел тiлшiсi тiркейтiн
мемлекеттiң заңнамасын немесе осы Келiсiмнiң ережелерiн бұзған
жағдайларынан басқа реттерде, шетел тiлшiсi өкiлi болып табылатын
бұқаралық ақпарат құралдарына берген ақпараттың мазмұнына байланысты
шектеу шараларын, оның iшiнде журналистi тiркеуден айыру немесе оны
тiркейтiн мемлекеттен шығарып жiберу сияқты шараларды қабылдаудан
тартынатын болады.
11-бап
Тараптар осы Келiсiмнiң орындалу барысын оқтын-оқтын қарап отырады.
Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруге және қолдануға байланысты
мәселелердi Тараптардың уәкiлеттi органдары келiссөз және консультациялар
арқылы шешетiн болады.
Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмiмен өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлуi мүмкiн.
12-бап
Тараптар өздерiнiң уәкiлеттi органдары мен ұйымдарының тағайындалуы, сондай-ақ осы мәселедегi кез келген өзгерiстер туралы бiр-бiрiн оқтын-оқтын хабардар етiп тұруға мiндеттенедi.
13-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi
Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен
бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалды және Тараптардың бiрi тиiстi
мерзiмi аяқталардан алты ай бұрын келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi
туралы екiншi Тарапқа жазбаша жiберген уақытқа дейiн әрбiр жолы келесi
бесжылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылатын болады.
Астана қаласында 2000 жылғы 9 қазанда әрқайсысы қазақ және орыс
тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.
Достарыңызбен бөлісу: |