Қазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншікті дамыту мен қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата04.03.2016
өлшемі110.2 Kb.
#37151


жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншікті дамыту мен қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 г., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжат; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжат):

1) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«184-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу

1. Авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе, -

жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, -

бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

3. Электрондық, сандық нысанда туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын алмастыруға, сақтауға, орын ауыстыруға қол жетімді ету үшін интернет ресурсты ұйымдастыру, жасау арқылы елеулі мөлшерде жасалған авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, –

бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

4. Осы баптың екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген:

а) бiрнеше рет;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;

в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;

г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24. 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11. 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат: № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; №15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; №5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар):

1) 1020-бабынң бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Заңды тұлғаның ресми бланкiлерде, баспа басылымдарында, жарнамаларда, маңдайша жазуларда, анықтамалықтарда, шоттарда, интернет-ресурстарда, тауарлар мен олардың қорабында және заңды тұлғаны даралауға қажеттi өзге де жағдайларда фирмалық атауды (осы Кодекстiң 38-бабы) пайдалануға айрықша құқығы бар.».

3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8,. 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжаттар; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжат; № 18, 143, 144-құжат; № 19, 146, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 80-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжат; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; №9-10, 47, 48-құжаттар; №13-14, 62, 63-құжаттар; №15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; №17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86, 88-құжаттар, №19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар, №24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; №8 41-құжат; №9 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; №17-18, 112, 114-құжаттар; №20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; №24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2,3, 7, 9-құжаттар; № 2 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6 50-құжат; № 7, 64-құжат ):

1) 129-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«129-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу

1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану , сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегізден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Электрондық, сандық нысанда туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын алмастыруға, сақтауға, орын ауыстыруға қол жетімді ету үшін интернет ресурсты ұйымдастыру, жасау арқылы авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегізден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң oннaн жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 344-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату,немесе оның таралуын тоқтату бойынша заңнамада көзделген шара қабылдамау».

4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат, 2009 ж., № 15-16, (2543-2544), 75-құжат):

1) 2-бапта:

4) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«4) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiсiнiң контрафактiлiк данасы - жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңның ережелерiне не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес авторлық құқықтың және/немесе сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертiлген не авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын айналып өтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегiмен жасалған авторлық құқық және/немесе сабақтас құқықтар объектiлерi де контрафактiлiк болып танылады;»;

5) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«5) авторлық шарт – нысанасы бір немесе бірнеше авторлық құқық объектілерін пайдалануға мүліктік құқықтарды беру болып табылатын шарт. Авторлық шарт лицензиялық шарттың бір түрі болып табылады;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«8-1) ақпараттық-коммуникациялық желі – ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;»;

19) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«19) қайта шығару – туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектiлерiнiң бiр немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдiспен және кез келген нысанда, толық немесе iшiнара, тiкелей немесе жанама түрде дайындау. Дыбыс- немесе бейнежазбаны дайындау, екi өлшемдiк немесе үш өлшемдiк туындының бiр немесе одан да көп даналарын дайындау, сондай-ақ туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн кез келген материалдық нысанда, соның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау қайта шығару түрлерi болып табылады;»;

31) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

31) туындының данасы – туындының кез келген материалдық нысанда, соның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде дайындалған көшiрмесi;

37) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«37) фонограмманың данасы - фонограммадан тiкелей немесе жанама түрде дайындалған және осы фонограммада жазылған барлық дыбыстарды немесе дыбыстардың бөлiгiн қамтитын кез келген материалдық жеткiзгiштегi, соның ішінде ашық ақпараттық жүйелердегі фонограмма көшiрмесi;»;

2) 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«4) қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібінде жасалған ЭЕМ арналған бағдарламалар мен деректер базасын қоспағанда туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (жариялау құқығы)»;

3) 16-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген тәсiлмен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық желіде тарату: сату, айырбастау, прокатқа (жалға) беру, өзге де операциялар жасау (тарату құқығы);»;

4) 16-1-бабы келесі редакцияда жазылсын:

«16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен ставкалары

Туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық алдында, соның iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзгедей жазу арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге, автордың келісімінсіз жеке мақсатта туындыны қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке-дара жүзеге асыру iс жүзiнде мүмкiн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi авторлық сыйақының ең төмен ставкаларын белгiлей алады.»;

5) 40-2-бабы келесі редакцияда жазылсын:

«40-2-бап. Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берiлетiн сыйақының ең төменгi ставкалары

Қазақстан Республикасының Үкiметi орындауларды немесе фонограммаларды пайдалану сипатына (көпшiлiк алдында, соның iшiнде радиода және теледидарда орындауға, шығарманы механикалық магниттiк заттармен немесе өзге жазба арқылы көшiрмелеуге, қайта көшiрмелеуге, автордың және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта туындыны қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртiппен жүзеге асыру iс жүзiнде мүмкiн болмаған жағдайда, орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төменгi ставкаларын белгiлеуi мүмкiн.»;

6) 48-бабтың 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

1. Осы Заңда көзделген авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық, әкiмшiлiк және/немесе қылмыстық жауаптылық туындайды.

7) 49-баптың 1-тармағы:

5) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«5) құқық бұзушы авторлық және/немесе сабақтас құқықтарды бұзу алдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;»;

екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

«Осы тармақтың 4), 5), 6)-тармақшаларында аталған шаралар құқық иеленушінің таңдауына қарай қолданылады.»;

5. «Қазақстан Республикасының патент заңы» туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат):

1) 5-баптың 3-тармағының 3-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Оны пайдалану құзыретті органның клиникалық зерттеулерді және (немесе) сынақтарды жүргізуге рұқсатын талап ететін дәрілік құралға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медицина техникасына, пестицидке немесе агрохимикатқа жататын өнертабысқа Қазақстан Республикасының патенті аталған өнертабысты қолдануға рұқсат алуы үшін өтініш берген уақытынан бастап аталған рұқсатты алуына дейінгі, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады. Клиникалық зерттеулерді және (немесе) сынақтарды жүргізу уақыты бір жылдан аз уақытқа созылса, патенттің қолданылу мерзімі ұзартыла алмайды.»;

2) 8-баптың 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. Өнеркәсiптiк үлгiге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм жатады. Егер жаңа, бiрегей болса, өнеркәсiптiк үлгiге құқықтық қорғау берiледi.»;

3) 12-баптың 4) және 6) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

«4) егер мұндай пайдалану мақсаты табыс табу болмаса, мұндай құралдарды жеке, жанұялық, үй немесе өзге де кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мұқтажды қанағаттандыру үшін қолдану;

6) егер олар Қазақстан Республикасының аумағына азаматтық айналымға тікелей патент иеленушімен немесе патент иеленушінің келісімімен өзге тұлғамен бұрын енгізілсе, қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісі бар құралдарды Қазақстан Республикасы аумағына әкелу, қолдану, сатуға ұсыну, сату және өзге де азаматтық айналымға енгiзу немесе осы мақсаттарға сақтау».

6. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24-22, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат, 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):

1) 17-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«1) Редакция пайдаланылатын туындыларға құқықты, оның iшiнде интеллектуалдық меншiкке авторлық, сабақтас және өзге де құқықтарды сақтауға мiндеттi.».

7. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,


1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат):

1) 1-бапта:

6) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«6) тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану - тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жердiң атауы қорғалатын тауарларда, және қызметтер көрсету кезінде және (немесе) олардың бумасында оларды қолдану, тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiсi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшаларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе тиісті тауарлар мен қызметтерге жататын өзге iскерлiк құжаттамада қолдану, тауар таңбасына құқық беру, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу;»;

келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

«13) мүдделі тұлға – тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеу бойынша іс-әрекеттерді жасауға мүдделі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.»;

2) 6-баптың 1-тармағының 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшалары алынып тасталсын;

3) 7-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;

4) 11-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«1) алдын-ала сараптама - өтiнiм түскен күннен бастап ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында өтiнiмнiң мазмұны, осы Заңның 5 және 9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес қажеттi құжаттардың бар-жоғы тексерiледi;».



2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президенті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет