Нақты тиімді айырбастау бағамының
есептеу әдістемесіндегі өзгерулер
Осы күнге қалыптасқан индекстерді, оның ішінде Нақты тиімді айырбастау бағамды (НТАБ), есептеудің түрлі көзқарастарын талдау қорытындысы бойынша, Қазақстанның сыртқы сауда құрылымының тұрақты өзгеріп тұруына байланысты, НТАБ есептеу үшін қолданылатын елдер тізімін жыл сайын жаңарту әдісіне өту жөнінде шешім қабылданды. Басты негізде, бұл экономиканың ағымдағы бәсекелестігін анықтайтын актуальды теңгенің НТАБ индексін есептеуге мүмкіндік береді, өйткені есептеулерде сыртқы сауда құрылымының нақты өзгеруі және оның айырбастау бағамына көрсететін әсері есепке алынады.
Іріктелген мемлекеттер тобының алдыңғы үш жыл ішіндегі Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы үлесі 90% жоғары болғаны тізім қалыптастыруының негізгі өлшемі болып табылады. Осы деңгей тауар айналымын қамту тұрғысынан НТАБ динамикасына әсер ету қабілеттілігіне жеткілікті деңгей болып табылады.
Тізімнің Европа Монетарлық Одағының барлық елдерінен, сонымен қатар, еліміздің жалпы тауар айналымындағы үлестерінің салмағы 0,5% асатын елдерінен құрылуы қосымша (міндетті емес) шарт болып табылады.
2011 жылы НТАБ индексін есептеу үшін жаңартылып дайындалған елдер тізімі барлық ЕМО елдерінен (есептеу барысында ұлттық HICP - Harmonised Index of Consumer Prices индекстері қолданылады) және 2008-2010жж. аралығындағы еліміздің жалпы тауар айналымындағы үлестерінің салмағы 0,5% асатын елдерден (статистикалық деректердің жинауы қиын елдерден басқа) құралған. Сонымен, 2011 жылдың тізімі 34 елге дейін кеңейтілді (жалпы тауар айналымының 92,0% қамтуымен), оның ішінде 4 ТМД елі, 17 ЕМО елі (01.01.2011ж. бастап Эстония ЕМО құрамына қосылды) және 13 басқа алыс шетел елдері (тізім қоса тіркелген).
Мұнаймен сауданы ескермейтін НТАБ индексін есептеу үшін, 37 елден тұратын (оның ішінде барлық ЕМО елдері, 5 ТМД елдері және 15 басқа алыс шетел елдері), жеке тізім дайындалды. Аталған тізім «Мұнай» (СЭҚТН тауарлар коды 270900900) және «Газ конденсаты» (СЭҚТН тауарлар коды 270900100) тауарларымен сауда-саттықты ескермеген, 2008-2010 жж. аралығындағы Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы елдердің меншікті салмақтарының негізінде құралған.
Сонымен бірге, өткен кезеңдерде елдер республиканың сауда-саттығында басқа меншікті салмақтарға ие болғандықтан, ертерек саналған тізімдер, мүмкін, тауар айналымын кеңірек қамтып, сәйкесінше, теңгенің нақты бағамдарының динамикасына адекватты ықпалын көрсеткен. Бұл себептен, тарихи деректер бойынша қайта есептеулер жүргізілмейді.
НТАБ индексінің трендін талдау мақсатында, сонымен қатар, ауыспалы кезеңдерде қатты ауытқуды болдырмау үшін (мысалы, 2010ж. жел.- 2011ж. қаң.) және индекстің динамикасын тегістеу үшін тізбекті индексінің тәсілі қолданылады. Сөйтіп, алдыңғы жылдың желтоқсан айындағы мағынасына елдердің жаңа тізімі бойынша өлшенген қаңтар / желтоқсан айларындағы индекстерінің қ атынасы таңылады:
мұндағы
Iқаң – ағымдағы жылдың қаңтар айындағы индексінің мағынасы;
Iжел – елдердің ескі тізімі бойынша (w0) және елдердің жаңа тізімі бойынша (w1) саналған өткен жылдың желтоқсан айындағы индексінің мағынасы.
Ағымдағы НТАБ индексінің динамикасы (ТМД және АШ мемлекеттерінің топтарына саналған мұнаймен сауда-саттықты ескеретін және ескермейтін есептерді қоса) 2010 жылдың желтоқсанына дейін өзгеріссіз қалады, ал 2011 жылдың қаңтарынан бастап НТАБ индексі жаңа әдіс бойынша саналатынын атап өткен жөн. Бұл себептен, НТАБ санау әдістемесін қайта қарау жұмыстарының барысында, ескі тізім бойынша саналған барлық тарихи есептерді бекіту мақсатымен, барлық деректер жаңартылды және нақтыланды.
Үстіде аталған жаңа әдістеме бойынша саналған НТАБ есептері 3 ай бойы осыған дейінгі саналып жатқан НТАБ есептерімен бірге жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |