Қазақстан республикасының заңЫ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналды әділет жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы



Дата23.02.2016
өлшемі96.87 Kb.
#8649
Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналды әділет жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат;
№ 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17,
155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., №18, 142-құжат; 2004 ж., № 5,
22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., №13,
53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., №2, 19-құжат; №5-6,
31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., №1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10,
69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128,
130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат;
№ 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат;
№1 5-құжат, №3 26- құжат, №4 32-құжат, №5, 35-құжат, №6, 44-құжат
2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 16 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2012 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы
7 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 215 бапта:

бірінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кәмелетке толмаған куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алу психолог, сонымен бірге оның заңды өкілдері немесе педагог қатысуы тиіс»;

«4. Кәмелетке толмаған куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алу жергілікті уақыт бойынша тәуліктің күндізгі уақыты 6-22 сағатқа дейін және үзіліссіз екі сағаттан артық, ал тұжырымдап келгенде күніне төрт сағаттан артық болмауы тиіс»;

4) 485-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кәмелетке толмаған күдікті немесе айыпталушыдан жауап алу осы кодекстің 216, 217 баптарына сәйкес қорғаушының, заңды өкілдің, психологтың немесе педагогтың қатысуымен болады. Қорғаушы жауап берушіге сұрақ қоюға, тергеу біткеннен кейін хаттамамен танысып, түсініктің толықтығы мен дұрыстығына ескертулер жасауға құқылы»;

5) 488-бапта:

бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының қатысуымен іс жүргізу әрекетін жүргізу кезінде психологтың немесе педагогтың қатысуы мiндеттi.»;

2. Психолог немесе педагог тергеушінің, соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушыдан сұрақ қоюға, іс жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін тергеу жұмыстарының хаттамасымен танысып (соттық тергеудегі яғни соттық отырыстың хаттамасында) және сонда жасалған жазулардың дұрыстығы мен толықтығының, кәмелет жасқа толмаған тұлғаның мінезін көрсететін тергеушінің, соттың қарауымен сот материалымен танысу құқылы. Осы құқықтарды тергеуші педагогқа, психологқа іс жүргізу жұмыстары алдында түсіндіреді, тергеу әрекеттерінің хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгі жасалады.»;

6) 489-баптың екінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

«Кәмелетке толмаған күдікті немесе айыпталушының интеллектуалдық, еріктік, психикалық дамуы, басқа да әлеуметтік психологиялық түрлерін бақылау үшін психологиялық сараптама жасалады.»;

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар):

1) 72 баптың екінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

«2. Кәмелетке толмаған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға тәртіптік әсері бар әкімшілік жаза беруге болады.»;

2) 77 баптың төртінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

«4. Кәмелетке толмаған тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда сот белгілі орындарға баруға тыйым салу, белгілі бір тәулік уақытынан кейін үй сыртынан шектеу шығуға, сот немесе белгілі органдардың рұқсатымен уәкілетті орган істерді қарастыруымен басқа жерлерге шығуын қарастырады. Кәмелетке толмаған әкімшілік құқық бұзушының тәртібіне осы кодекстің 59-1 баптарында қарастырылған , сонымен бірге оқуды бітіру немесе кәмелет жасқа толмағандардың құқығын қорғайтын комиссияның көмегімен жұмысқа тұруын талап етеді. Осы тiзiм жеткiлiктi болып табылмайды.».

3. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж.,
№ 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж.,
№ 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат;
№ 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 11, 102-құжат; №17, 136-құжат; №21, 173 - құжат):

1) 1-баптың 14 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«14) қиын жағдайда қалған балалар, пайда болған жағдайлар нәтижесінде бұзылған тіршілік әрекеті, соның ішінде істеген құқықбұзушылық, және осы жағдайларды өзі немесе отбасының көмегімен жеңе алмау»;

2) 6-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мінез-құлқы ауытқымалы, оның ішінде құқық бұзушылық жасаған балаларды қайта тәрбиелеу мен оңалту бойынша және кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.»;

3) 18-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) балаларға әлеуметтік қызмет көрсету, оларды әлеуметтік қорғау, соның iшiнде туылуы мен тәрбиеленуіне байланысты, балалары бар азаматтарға мемлекеттік жәрдемақы төлеу жолымен кепiлдi материалдық қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өзге өмiрлiк қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту тегін білікті психологиялық көмек көрсетуді қоса жөнiндегi шараларды;».

4. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және бала қадағалаусыздығы мен қорғансыздығының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламенті Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар):

1) 3-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«2) қоғамға жат әрекет жасаған мінез-құлқы ауытқымалы балаларды қайта тәрбиелеу және оңалту бойынша, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты жұмысты қамтамасыз ету»;

2) 9-баптың 6 тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) қоғамдық қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмаған тұлғаларға әлеуметтік оңалту бағдарламаларын дайындайды.»;

15 бапта:

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) сотталушы кәмелетке толмаған тұлға туралы мәлімет алу үшін және оның оңалту мен ресоциализация шараларының дайындығы үшін әлеуметтік психологиялық зерттеу жүргізу»;

мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:

«6-2): Сотталушы кәмелетке толмаған тұлға әлеуметтік психологиялық зерттеудің сотқа қорытынды беру, психологиялық зерттеудің картасын дайындау;»;

19 баптың 1 тармағында:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) арнайы білім мекемесі, арнайы тәртіптемесі, сонымен бірге Орталықтардың түлектері»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) қорғаныштық алдын ала жазу;

«5) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, сонымен бірге әкімшілік жауапкершілік немесе белгіленген тәртіпке келтіру мақсатында әкімшілік төлету жасау»;

19-5 бапты келесі редакцияда жазылсын:

«1. Профилактикалық есеп кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқын профилактикалық бақылау мақсатында ақпаратты жинау үшін және тіркеу үшін, сонымен бірге ата анасы немесе басқа да заңды уәкілдердің, тәртіпке салу үшін өзінің міндеттерін орындамауы, оқыту және (немесе) күту, сонымен қатар олардың мiнез-құлқына теріс әсер ету болып табылады.

2. Кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке қойылады:

1) қорғаушылық алдын ала жазу шығады

2) бос уақытын шектеу және мiнез-құлқы белгіленген ерекше талаптар қою үшін шешім қабылдау

3) қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасы келмегендіктен қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын қылмыстық белгілілері бар әрекеттер жасаған жасқа толмаған тұлға

4) күдікті немесе айыпталушы жасаған қылмыс бұлтартпау шарасының қатынасында тұтқынға алумен байланыспаған жағдайда;

5) шартты - кiнасына өтеулер жедел босатылған

6) Шартты сотталғандар, сотталғандарды әлеуметтік жұмыстарға тарту, түзету жұмыстарына тарту, басқа да жаза түрлеріне тарту, бостандығынан айырумен байланыспаған;

7) қылмыстық – атқару системасының ұйымдарынан, сонымен бірге арнайы білім ұйымдарынан қайтып келген және ерекше ұстау білім ұйымдарынан шыққандар

3. Профилактикалық есепке тәртіп бойынша өзінің міндеттерін орындамайтын,үйрету мен (немесе) кәмелетке толмаған жасты асырау, сонымен бірге олардың мiнез-құлқына кері әсер ететін ата-анасы мен заңды уәкілдер алынады.

4. Профилактикалық есеп ішкі істер органдарымен есепке алынады.

5. Профилактикалық бақылаудың мәнісі кәмелетке толмағандардың мінез құлқын бақылау, сонымен бірге олардың тәртібі жөнінде өзінің міндеттерін орындамайтын,үйрету мен (немесе) кәмелетке толмаған жасты асырау, сонымен бірге олардың мiнез-құлқына кері әсер ететін ата-анасы мен заңды уәкілдерді бақылау.

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес профилактикалық есепке алуды мүдделі адамдармен қайта қарау туралы сұрай алады

7. Тәртібі жөнінде өзінің міндеттерін орындамайтын,үйрету мен (немесе) кәмелетке толмаған жасты асырау, сонымен бірге олардың мiнез-құлқы кері әсер ететін ата-анасы мен заңды уәкіл сот шешімі шыққаннан кейін профилактикалық есепке алу ішкі істер органдары профилактикалық есепке алу туралы шешім қабылданғаннан кейін сол күні немесе он күн ішінде жазбаша түрде хабарлама беріледі.

8. Профилактикалық бақылау профилактикалық есеп ішінде орындалады. Профилактикалық бақылау мерзімі біткеннен кейін профилактикалық есептен шығарылады,ол жазбаша хабарламамен келеді.

9. Профилактикалық есептегі мәліметтер кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық шешімдерін шешу үшін ғана қолданылады.

10. Профилактикалық есеп Ішкі істер министрлігінің тәртібі бойынша орындалады.»;

5) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16) қажетті психологиялық көмек алуға құқығы бар».

5. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы 2007ж. №20, 151 құжат, 2008ж. №23


124- құжат, 2009ж., №18, 84 құжат, 2010ж. №5, 23-құжат, №14, 149-құжат, 2011ж. №1, 2-құжат, №2, 21-құжат, №5, 13-құжат, №12(2589 ), 111-құжат):

6 бапта:


1) 2 тармақтың 16) тармақшасын келесі редакцияда жазылсын:

«балалар мен жасөспірімдердің сонымен бірге қоғамға қауіпті әрекет жасаған мiнез-құлқы ауытқымалы балаларға психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді»;

2 тармақтың 17 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«17) Қоғамға қарсы әрекет жасаған даму жөніндегі проблемалары бар, әумесерлік мінез құлықты балалар мен жас өспірімдердің реабилитациясын және әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз ету

4 тармақтың 15) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«15) білім ұйымдарын бітірген, сонымен бірге табысы аз отбасысынан шыққан әумесерлік мінез құлықты тұлғаға жұмысқа орналасуға көмек көрсету;».

6. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы 2008ж. №24, 127 құжат, 2009ж. №18 84- құжат, 2010ж., №5 23 құжат, 2011ж. №1, 2-құжат, №11, 102-құжат, №12 11 – құжат, 2012ж. №5 35-құжат):

6 бапты 3-1) тармағымен келесі редакцияда толықтырылсын:

«3-1): бостандығынан айыру орындарында, немесе ерекше режимдегі білім ұйымдарында жазаны өтеу;».

2 бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет