Қазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбек қатынастарын



Дата22.02.2016
өлшемі56.5 Kb.
#1385
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы

Жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

 Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):

1)  830-бабтың 5-тармағында мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:

«4-3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға.»;

2) 935-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жәбiрленушiнiң кiнәсi қосымша шығындарды өтеу кезiнде (осы Кодекстiң 937-бабы), азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу кезiнде (осы Кодекстiң 940-бабы), жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу кезiнде (осы Кодекстiң 946-бабы), сондай-ақ өндіріспен байланысты жарақат ескерiлмейдi.».

2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, № 18-II, 92-бап; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 93-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. Жазатайым оқиғаға әкеліп соққан немесе соқпаған, сондай-ақ біле тура қызметкедің өміріне және денсаулығына қауып-қатер төнген жұмыс беруші немесе лауазымды адамның еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғау саласындағы нормативтік актілерді бұзу, –

қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу.»;

2) 96-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«96-бап. Өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға уақтылы хабарламау»;

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға уақтылы хабарламау –».

3. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):

20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда:

сақтандыру шартының көшiрмесi;

жазатайым оқиға туралы акт;

зардап шеккен қызметкердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;

уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждық туралы анықтамасының көшiрмесi;

емдеуге кеткен шынында шығынды дәлелдейтін құжаттар (есеп фактурасы, қассалық чек және басқалар);

уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем мөлшері туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтамасының көшiрмесi;

кәсіптік потология саласында сарапшы көмек және арнайы медициналық қызмет асыратын денсаулық сақтау ұйымы берген кәсiптiк аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесi;

жұмыс берушi куәландырған, зардап шеккен қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;».

4. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн жыл сайын алты күнтізбелік күннен кем емес ақы төленетiн қосымша демалыс берiледi.».

5. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

3-қосымша мынадай мазмұндағы 35-тармақпен толықтырылсын:

«35. Өндiрiстiк объектiлердi ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабардар ету».

6. «Кәсiптiк одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 66-құжат):

20-баптың 1-тармағының екінші абзацы алынып тасталсын.

7. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат):

1) 11-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын;

2) 13-бап алынып тасталсын.

8. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:



  1. жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;

2) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.

3) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге;

4) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;

5) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арқылы еңбек делдалдығын  ұйымдастыруға;

6) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беруге;

7) кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағдарлауға;

8) жұмыс күшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес өңіраралық қайта бөлуге;

9) инвестициялық келісім-шарттарда инвестордың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін белгілеуге;

10) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимылына.

2) 9-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Жұмыс берушінің:

1) кадрлар іріктеуді жүзеге асыруға;

2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан еңбек нарығының жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы дәйекті, толық және жедел ақпарат алуға құқығы бар.



2-тармақта:

  1. тармақшада «екі ай» деген сөздер «бір ай» деген сөздермен ауыстырылсын;

  2. тармақша алынып тасталсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

             Президентi      

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет