Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне



Дата04.07.2016
өлшемі26.46 Kb.
#175907



Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісі

 

 


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және

Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

түсіндірме жазба


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарының 38-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қазіргі кезде қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

«Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» 2009 жылғы
28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты жеке тұлғалардың қолма-қол валютаны әкелуі және (немесе) әкетуі кезінде қолданылып жүрген бақылау схемасын Ақшаның iзiн жасыруға қарсы күрестiң қаржылық шараларын әзiрлеу тобының талаптарына (ФАТФ) сәйкес келтіру қажеттігі туындады.

Заң жобасын әзірлеудің мақсаты заңдардың нормаларын ФАТФ-тың


9-шы арнайы ұсынымының талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақшаны трансшекаралық өткізуін реттейтін заңнамалық актілердегі құқықтық бос орындарды жою болып табылады.

Заң жобасы өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, кеден органына міндетті декларациялауды енгізумен бірге баламасы 10 мың АҚШ долларынан астам валютаны әкетудің шектеулерді алып тастайды және сонымен бірге осы операциялардың міндетті түрде кедендік декларациялауды қажет ететін сома деңгейінде қаржы мониторингіне жататын соманың шегін белгілейді (баламасы 10 мың АҚШ долларынан астам). Заң жобасы кеден органдарына кеден одағының кеден аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, мәдени құндылықтарды, қолма-қол ақшаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинау iс-қимыл бойынша функцияларды бекітуді көздейді

Сонымен қатар заң жобасы жеке тұлғалардың валютаны трансшекаралық өткізу мәселелерін кеден одағын құрумен үйлестіре шешеді.

Заң жобасымен «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы және «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасының мазмұны мен тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілеріне қайшы келмейді.

Заң жобасын іске асыру теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеліп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды талап етпейді.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет