Қазақстан Республикасының Заңы «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»



Дата03.07.2016
өлшемі85.41 Kb.
#175252


Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

1-бап. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 5-6, 35-құжат, № 16, 99-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1) инновация – жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыстар, қызметтер), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде іске асыруды алған инновациялық қызметтің нәтижесі, сондай-ақ, өндірістің әртүрлі салаларына және қоғамды басқарудың саласына прогрессивті әсер ететін қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларындағы ұйымдастырушылық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешімдер;

2) инновациялық грант – технологияларды сатып алуға, инновациялық жобаның тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелерiн орындауға, техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындауға, өнеркәсiптiк меншік объектiсiн шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеуге арналған, грант беруші мен грант алушы арасындағы келісімде көзделген шарттардың негізінде ұсынылған бюджеттік қаражаттар;

3) инновациялық жоба - инновацияларды енгiзуге бағытталған және инвестицияларды енгізуді көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi;

4) инновациялық инфрақұрылым - Қазақстан Республикасы инновациялық қызметiнiң бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектiлерiнiң жүйесi;

5) инновациялық қор - инновациялық жобаларды және инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтiң дамуына жәрдемдесетiн заңды тұлға;

6) инновациялық қызмет – жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін жасауға және өндірістің түрлі салалары мен қоғамды басқару саласына енгізуге бағытталған қызмет, оның нәтижелері экономикалық өсу және бәсекеге қабілеттілік үшін пайдаланылады;

7) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсi - технологиялық бизнес-инкубатор, инновациялық қор;

8) инновациялық қызметтiң субъектiлерi - инновациялық қызметтi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

9) оператор компаниясы – технопаркті дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған жергілікті атқарушы орган анықтаған заңды тұлға;

10) сенiмгер уәкiл - тапсырма шартының негiзiнде сенiм бiлдiрушi атынан және оның есебiнен әрi оның нұсқауларына сәйкес инновациялық гранттар берумен байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындайтын заңды тұлға;

11) тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер – жаңа өнімдерді немесе құрылғыларды, жаңа материалдарды жасауға, жаңа немесе шығарылып жатқан немесе қолданысқа енгізілген процестерді, жүйелер мен қызметтерді енгізуге не жетілдіруге бағытталған жұмыстар;

12) технология – зияткерлік қызметтің нәтижесі, жүйеленген ғылыми білімдер жиынтығы, ұйымдастырушылық және операцияларды, өндіріс процесіне орындаудың және/немесе өнімді өткізу және сақтаудың, қызметтерді көрсетудің тізбесіне, мерзімдеріне, тәртібі мен сабақтастығына қатысты басқа шешімдер;

13) технологиялар трансферті – инновациялық қызмет субъектісіне құқықтық иеленушіден алынған технологияларды пайдалануға арналған мүліктік құқықты беру процесі;

14) технологиялық бизнес-инкубатор - инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді ресiмдеу және инновациялық жобаны дайындау үшiн жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтер ұсыну жөнiндегi қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға;

15) технологиялық парк (бұдан әрі - технопарк) – инновациялы қызметті жүзеге асыру үшің қажетті жағдайлар жасалатын шектеулі аймақ;

16) уәкiлеттi орган – берілген өкiлеттiктер шегiнде инновациялық қызмет саласындағы басшылықты және үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;»;

2) 5-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

7) инновациялық жобаға ғылыми-техникалық, экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету.»;

3) 6-бапта:

1-тармақта:

5) тармақшадағы «мен технопарктерді» деген сөздер алынып тасталсын;

9), 10) тармақшалар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

«11) технопарктерді құру туралы шешім қабылдайды»;

2-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) бюджеттік қаражаттың есебiнен инновациялық гранттар беру және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн енгiзу жөнiнде қабылданған шаралар туралы есептер беру ережелерiн, технологиялық бизнес-инкубаторларын аккредиттеу ережелерiн және оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;»;

6) тармақшада «мен технопарктерді» деген сөздер алынып тасталсын;

7) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14) тармақшаларымен толықтырылсын:

«10) жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша технопарктерді құру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

11) бюджет қаражат есебінен инновациялық гранттар беру мақсаттары үшін үлгілік шарттардың нысандарын бекітеді;

12) бюджеттік қаражаттың есебінен инновациялық гранттарды ұсынудың және өнеркәсіптік меншік объектілерін енгізу жөніндегі қабылданған шаралар туралы есептерді ұсынудың ережелеріне сәйкес инновациялық гранттарды берудің мақсаттары үшін сенімгер уәкілді және оның сыйақы мөлшерін айқындайды;

13) оператор-компанияны айқындау тәртібін бекітеді;

14) инновациялық гранттарды беру туралы шешім қабылдайды.»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшаларымен толықтырылсын:

«3) өз өкілеттіктерінің шегінде өңірлердегі инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

4) технопарктерді құру үшін жер телімдерін айқындайды;

5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оператор-компанияны айқындайды.»;

4) 7-баптың 3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Технологиялық бизнес-инкубаторлар қызметтің мынадай түрлерiн жүзеге асырады:

1) шарт жағдайында зияткерлік меншік объектілерін қорғау құжаттарын алуға арналған өтінімдерді ресімдеуге қажетті жұмыстар мен қызметтер ұсыну;

2) инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн және инновациялық жобаны қаржыландыруға арналған құжаттарды дайындауға жәрдем көрсетудi қоса алғанда, шарт жағдайында инновациялық жобаны әзiрлеу үшiн қажеттi жұмыстар мен қызметтер ұсыну;

3) инновациялық жобаларды iске асыру үшiн инвестициялар тартуға жәрдем көрсету;

4) инновациялық қызметтi жүзеге асырушы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн ұйымдастыруға жәрдем көрсету;

5) офистік үй-жайлар мен өндірістік базаларды ұсынуды, зертханалық жабдықтарға, коммуникацияларға және жаңа технологиялық процестерді, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сертификаттау мен стандарттау және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жаппай өндіруді бастау мақсатында тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер, сынақтар жүргізуді қоса алғанда инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті басқа да объектілерге рұқсат беруді қоса алғанда, шарт жағдайында материалдық-техникалық база ұсыну; 7) инновациялық менеджмент негіздерін оқыту;

8) технопарк аумағында орналасқан кәсіпкерліктің шағын және орта субъектілеріне консультациялық қызметтер ұсынатын ұйымдарды тарту үшін жағдайлар жасау;

9) кәсіпкерлік субъектілеріне отандық және шетелдік ғылыми және технологиялық ақпаратты тарату.

Технологиялық бизнес-инкубаторлардың инновациялық қызмет субъектiлерiне жұмыстар мен қызметтер ұсыну үшiн тиiстi бiлiктiлiгi бар персоналы, сондай-ақ инновацияларды құру үшiн жеткiлiктi офистік және өндiрiс үй-жайлары болуға тиiс.

4. Технологиялық бизнес-инкубаторлар жанынан сараптамалық кеңестер құрылады.

Сараптамалық кеңестің құрамына өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының, жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, технологиялық бизнес-инкубаторлар құрылтайшыларының өкілдері кіруі мүмкін.

Сараптамалық кеңес:

1) инновацияларды әзiрлеушiлерден, кәсiпкерлерден түсетiн өтiнiмдер мен жобаларды алдын ала талдауды жүзеге асырады;

2) жобаның жаңалығын және техникалық орындалуын, құрылатын инновацияның нарықтық тартымдылығын, оның экономикалық орындылығын бағылайды;

3) оператор-компанияға технопарк аумағында қызметке жеке және заңды тұлғаларды жіберу бойынша қорытынды береді.».

5) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

«7-1-бап. Технопарктер

1. Технопарктер жергілікті атқарушы органдармен келісілген уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімен құрылады.

2. Технопарктің аумағында орналасқан инновациялық қызметтің барлық субъектілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жергілікті атқарушы орган мынадай функцияларды жүзеге асыратын оператор-компанияны айқындайды:

1) технопарктің аумағында орналасқан инновациялық қызметтің барлық субъектілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы технопаркті басқару;

2) инновациялық қызметті қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;

3) технопаркіт салу жобасын уәкілетті органмен келісу;

4) технопаркті дамытуға қатысу үшін инновациялық қызметтің әлеуетті субъектілерін тарту;

5) инфрақұрылымдық ресурстарға пайдалану қызмет көрсетуін жүзеге асыру, технопарктің аумағында орналасқан инновациялық қызмет субъектілеріне қызмет көрсету;

6) мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда технопарктің аумағында орналасқан инновациялық қызмет субъектілерінің мүдделірін білдіру;

7) ғылыми-зерттеу, білім беру ұйымдары мен технопарктің аумағында орналасқан басқа да заңды және жеке тұлғалар арасында технологияларды беруде және ақпарат алмасуда жәрдем көрсету;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру.

4. Технопарктің аумағында аккредиттелген технологиялық бизнес-инкубаторлар және білім беру немесе ғылыми-зерттеу ұйымдардың орналасуы технопаркті құрудың міндетті талабы болып табылады.»;

6) 8-бапта:

«мен технопарктерді» деген сөздер алынып тасталсын;

4-тармақта «инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілері» деген сөздер «технологиялық бизнес-инкубаторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 18-бапта:

1-тармақта «бюджеттік заң шығаруға сәйкес» деген сөздер «Үкімет белгілеген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) технологияларды сатып алу.»;

8) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер жұмыстардың мынадай түрлерін қамтуы мүмкін:

1) инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің (конструкторлық жұмыстар) конструкциясын әзірлеу;

2) тәжірибелік (жасалатын жаңашылдықтың қағидатты ерекшеліктеріне ие бірегей моделдер) үлгілерді жасау;

3) техникалық және басқа да деректерді алу, тәжірибені жинақтау және жаңашылдықтарды қолдану жөніндегі техникалық құжаттамада алынған нәтижелерді көрсету үшін тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын ұйымдастыру және өткізу.».

9) 20-баптың 3-тармағындағы

«және (немесе) технопарк» деген сөздер алынып тасталсын;

10) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

«20-1-бап. Технологияларды сатып алуға арналған грант

1. Технологияларды сатып алуға арналған грант беру конкурстық негізде жүргізіледі.

2. Технологияларды сатып алуға арналған грант мынадай шарттармен беріледі:

1) технологияларды сатып алған сәтінен бастап екі жыл ішінде грант алушының кәсіпорында технологияны міндетті түрде енгізу;

2) технологияны енгізу жөнінде қабылданған іс-шаралар туралы уәкілетті органға немесе тиісті жергілікті атқарушы органға мезгілді есеп ұсыну.»

2-бап. Осы Заң ол ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Осы Заңды қолданысқа енгізгенге дейін құрылған технологиялық парктер оларды тарату немесе атауын өзгертумен байланысты қайта тіркеу туралы шешім қабылданғанға дейін өз мәртебесін сақтайды.



Қазақстан Республикасының

Президенті




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет