Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі



бет4/14
Дата05.07.2016
өлшемі321.41 Kb.
#180219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

               негiзгi ережелер

      1. Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Осы ережеден өзгеше жағдайлар осы Кодексте және заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн. 


      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны шегiнде ортақ жауапты болады. 
      2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi. 
      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды. 
      3. Өзiнiң кез-келген қатысушыларының талабы бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзiлуге тиiс. 
      Заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктен көпшiлiк алдында есеп беру талап етiлмейдi. 
      4. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк оған қатысушылардың қабылдаған шешiмi бойынша өз еркiмен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi қайта құру мен таратудың өзге негiздерi осы Кодекспен және заң құжаттарымен белгiленедi. 
      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзге де шаруашылық серiктестiк акционерлік қоғам немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы. 
      5. 
      6. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құқықтық ережесi, оған қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекспен және заң құжаттарымен белгiленедi. 
      Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1996.07.15. N 30-I, 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.04.22. N 221, 1999.07.16. N 436-I, 2003.05.16. N 416 Заңдарымен.

      78-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң 


              жарғылық капиталы

      Жарғылық капиталдың мөлшерiн жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) айқындайды және ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.


      Жауапкершілігі шектеулі серiктестiк нысанында құрылған микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында айқындалады.
      Ескерту. 78-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      79-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктегi 


              басқару

      1. Серiктестiк органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың серiктестiк атынан шешiмдер қабылдау немесе әрекет ету тәртiбi осы Кодекске, заң актiлерiне және серiктестiк жарғысына сәйкес белгiленедi. 


      2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады: 
      1) серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның жарғылық капиталы мөлшерiн өзгерту; 
      2) атқарушы органның мүшелерiн (мүшесiн) сайлау (тағайындау) және олардың (оның) өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктi немесе оның мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және осындай беру шарттарын айқындау; 
      3) серiктестiктiң қаржылық есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу; 
      4) серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм шығару; 
      5) серiктестiктiң байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiсiн) сайлау және өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiк тексеру комиссиясының (тексерушiсiнiң) есептерi мен қорытындыларын бекiту; 
      6) iшкi ережелердi, оларды қабылдау рәсiмдерiн және серiктестiктiң iшкi қызметiн реттейтiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда бекiту; 
      7) серiктестiктiң өзге де шаруашылық серiктестiктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бiрлестiктерге қатысуы туралы шешiм шығару; 
      8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекiту; 
      9) осы Кодекстiң 82-бабына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм шығару. 
      3. Серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi ол серiктестiктiң атқарушы органының шешуiне бере алмайды. 
      Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.04.22. N 221, 2007.01.12. N 225, 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      80-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық 


              капиталдағы үлесiнiң басқа адамға ауысуы

      1. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушысы, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, серiктестiктiң жарғылық капиталындағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн өз қалауынша осы серiктестiктiң бiр немесе бiрнеше қатысушысына сатуға немесе басқа түрде беруге құқылы. 


      2. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында не заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушының өз үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi адамдарға беруiне болады. 
      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалар алдында үлестi немесе оның бiр бөлiгiн сатып алуға артықшылық берiлген құқықты пайдаланады. Егер құрылтай құжаттарында немесе серiктестiк қатысушыларының келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, үлестi (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға артықшылық берiлген құқықты қатысушылар серiктестiктiң жарғылық капиталындағы өз үлестерiнiң мөлшерiне барабар жүзеге асырады. 
      Үлес (оның бiр бөлiгi) сатып алуға артықшылық берiлген құқық бұзыла отырып сатылған кезде жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң кез келген қатысушысы сатылған күннен бастап үш ай iшiнде өзiне сатып алушының құқықтары мен мiндеттерiн аударуды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. 
      3. Егер жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтай құжаттарына сәйкес қатысушының үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi жақтарға беру мүмкiн болмаса, ал серiктестiктiң басқа қатысушылары оны сатып алудан бас тартса, серiктестiк қатысушыға оның нақты құнын төлеуге не оған сондай құнға сәйкес заттай мүлiк беруге мiндеттi. 
      4. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушысының үлесi оны толық төлеп болғанға дейiн оның төленген бөлiгi мөлшерiнде ғана бөлiп берiлуi мүмкiн. 
      5. Қатысушының үлесiн (оның бiр бөлiгiн) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң өзi сатып алған ретте ол оны басқа қатысушыларға немесе үшiншi жаққа заң құжаттары мен серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген мерзiм мен тәртiп бойынша сатуға не өзiнiң жарғылық капиталын азайтуға мiндеттi. Осы кезең iшiнде түскен таза табысты бөлу, сондай-ақ жоғары органда дауыс беру жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң сатып алған үлесi есептелмей жүргiзiледi. 
      6. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында мұндай ауысуға тек серiктестiктiң қалған қатысушыларының келiсiмiмен ғана рұқсат етiлетiндiгi көзделмесе, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлес серiктестiктiң қатысушысы болған азаматтардың мұрагерлерiне және заңды тұлғалардың құқықты мирасқорларына ауысады. Үлестiң ауысуына келiсiм беруден бас тарту серiктестiктi қатысушының мұрагерлерiне (мирасқорларына) заң құжаттары мен серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп пен жағдайлар бойынша үлестiң нақты құнын төлеуге немесе оларға құны сондай заттай мүлiк беру мiндетiне әкелiп соқтырады. 
       Заң актiлерiнде үлестiң заңды тұлғалардың құқықтық мұрагерлерiне ауысу ерекшелiктерi көзделуi мүмкiн. 
      Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 2007.08.07.  N 321(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       81-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк 


              қатысушыларының қосымша жарналары

      Егер жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысында өзгеше көзделмесе, қатысушылардың жалпы жиналысы серiктестiк мүлкiне қатысушылардың қосымша жарналар енгiзуi туралы шешiм қабылдай алады. Шешiм серiктестiктiң барлық қатысушыларының төрттен үш көпшiлiк дауысымен қабылданады. 


      Ескерту. 81-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.04.22. N 221 Заңымен.

      82-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң 


              қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу

      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктiң қатысушысы заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында белгiленген серiктестiк алдындағы өз мiндеттерiн бұзған жағдайда серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмiне сәйкес сот бойынша осындай қатысушының үлесiн серiктестiктiң қатысушымен келiсiмiнде белгiленген бағамен мәжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда мәжбүрлеп сатып алынатын үлестiң бағасын сот белгiлейдi. 


      Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.03.02. N 211 Заңымен.

      83-бап. Қатысушының жауапкершiлiгi шектеулi 


             серiктестiктегi үлесiнен ақы өндiрiп алу

      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушының өз борыштарын өтеу үшiн мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда несие берушiлер борышқор-қатысушының үлесiн белгiленген тәртiп бойынша бөлiп берудi талап етуi мүмкiн. 


      Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.03.02. N 211 Заңымен.

5. Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк

      84-бап. Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк 
              туралы негiзгi ережелер

      1. Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады. 


      2. Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi жарғыда көзделедi. 
      Қатысушылардың бiрi банкрот болған жағдайда оның серiктестiк мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi, егер құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң өзгеше тәртiбi көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлiнедi. 
      3. Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке, осы бапта өзгеше көзделмегендiктен, осы Кодекстiң жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк туралы ережелерi қолданылады. 
      Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11. N 154, 1998.04.22. N 221 Заңдарымен.

III. Акционерлiк қоғам

      85-бап. Акционерлiк қоғам ұғымы

      1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. 


      2. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      3. Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе. 
      4. Акционерлiк қоғамның құқықтық ережелерi, акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. Мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады. 
      5. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 85-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.06.19 N 134-I, 1997.07.11 N 154, 1998.03.02 N 211, 2003.10.13 N 486, 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      86-бап. Ашық және жабық акционерлiк қоғамдар

      Ескерту. 86-бап алып тасталды - ҚР 2003.05.16 N 416 Заңымен.

       87-бап. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары

      1. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. 
      Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған мәлiметтер болуға тиiс. 
      Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады. 
      2. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады. 
      3. Акционерлiк қоғамның жарғысын бекiту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi. 
      Ескерту. 87-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N416 Заңдарымен.

     88-бап. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталы

      Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады. 
      Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11. N 154, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416, 2005.07.08.  N 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      89-бап. Жарияланған, шығарылған (төленген) жарғылық


               капиталды арттыру

      Ескерту. 89-бап алып тасталды - ҚР 2003.05.16 N 416 Заңымен.

      90-бап. Жарияланған, шығарылған (төленген) жарғылық
               капиталды азайту

      Ескерту. 90-бап алып тасталды - ҚР 2003.05.16 N 416 Заңымен.

      91-бап. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру

      1. Акционерлiк қоғам шығаратын бағалы қағаздардың түрлерi заң актiлерiнде белгiленедi. 


      2. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және оларды орналастыру Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес айқындалады. 
      3. Акционерлік қоғам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Акционерлiк қоғам купондық және дисконттық облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың шарттары мен тәртiбi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарменбелгiленедi. 
      4. Бағалы қағаздар бойынша табысты төлеудiң нысаны, тәсiлi және тәртiбi акционерлiк қоғамның жарғысымен немесе бағалы қағаздар шығарылымы  проспектiсiмен заң актiлерiнде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып белгiленедi. 
      5. Акционерлiк қоғам қоғамның мынадай акциялары бойынша: 
      1) өз капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе, егер қоғамның өз капиталының мөлшерi дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде терiс болса; 
      2) егер ол Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сай келсе не көрсетілген белгiлер қоғамда дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде пайда болса, дивидендтер төлеуге құқылы емес.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен акционерлiк қоғамдарға акциялар бойынша дивидендтер төлеуге тыйым салатын өзге де негiздер көзделуi мүмкiн. 
      6. Акционерлiк қоғам заңдарда белгiленген тәртiппен туынды бағалы қағаздар, опциондар мен айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы. 
      Ескерту. 91-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416, 2006.02.20. N 127(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      92-бап. Акционерлiк қоғамды басқару

      1. Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. 
      2. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретi  заң актiлерiмен белгiленедi. 
      3. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi акционерлiк қоғамның өзге органдарына беруге болмайды. 
      4. Акционерлiк қоғамда директорлар кеңесi құрылады, осы Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Осы Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi акционерлiк қоғамның атқарушы органының шешуiне беруге болмайды.
      5. Акционерлiк қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкiн. Ол акционерлiк қоғам қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесi мен акционерлердiң жалпы жиналысына есеп бередi. 
      Қоғам басқа да органдарының заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен белгiленген ерекше құзыретiне кiрмейтiн барлық мәселелердi шешу акционерлiк қоғамның атқарушы органының құзыретiне жатады. 
      6. Акционерлердiң жалпы жиналысының акционерлiк қоғамның жылдық қаржы есебiн тексеру комиссиясының (тексерушiнiң) қорытындысынсыз бекiтуге құқығы жоқ. 
      Акционерлiк қоғамда заң актiлерiне сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкiн.
      6-1. Акционерлік қоғам банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
      7. Акционерлiк қоғам органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау және қоғам атынан әрекет жасау тәртiбi осы Кодекске, заңдарға және құрылтай құжаттарына сәйкес белгiленедi. 
      8. Алып тасталды - ҚР 2003.05.16 N 416 Заңымен.
      Ескерту. 92-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16 N 416, 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      93-бап. Акционерлiк қоғамды қайта құру және тарату

      1. Акционерлiк қоғам акционерлер жиналысының шешiмi бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Акционерлiк қоғамды қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.
      2. Акционерлік қоғам шаруашылық серiктестiгi, өндiрiстiк кооператив немесе «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуға құқылы.
      Ескерту. 93-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - ҚР 1996.07.15 N 30 Заңымен, өзгерту енгізілді - 2003.05.16 N 416, 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

IV. Еншiлес және тәуелдi акционерлiк қоғам

      94-бап. Еншiлес ұйым

      1. Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады. 


      2. Еншiлес ұйым өзiнiң негiзгi ұйымының борыштары бойынша жауап бермейдi. 
      Еншiлес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы негiзгi ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшiн жасалған мәмiлелер бойынша еншiлес ұйыммен бiрге субсидиарлық жауапты болады. 
      Негiзгi ұйымның кiнәсiнен еншiлес ұйым банкрот болған жағдайда негiзгi ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады.
      Негізгі ұйымның акцияларын осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының он пайызынан аспайтын мөлшерде иелену құқығы бар қаржы ұйымдарын қоспағанда, еншілес ұйым негізгі ұйымның акцияларын сатып ала алмайды.
      3. Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, еншiлес ұйымның қатысушылары негiзгi ұйымнан оның кiнәсiнен еншiлес ұйымға келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы. 
      4. Еншiлес ұйымдар ережелерiнiң осы бапта көзделмеген ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалады. 
      Ескерту. 94-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.07.10. N 282 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.16. N 416; 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      95-бап. Тәуелдi акционерлiк қоғам

      1. Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады. 
      2. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына тәуелдi және өзара қатысатын акционерлiк қоғамдардың осы бапта көзделмеген жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалады. 
      Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11. N 154, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416, 2011.12.28 N 524-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

V. Өндiрiстiк кооператив

      96-бап. Өндiрiстiк кооператив туралы 
              жалпы ережелер

      1. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. 


      2. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. 
      3. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. 
      4. Өндiрiстiк кооперативтiң және оның мүшелерiнiң құқықтық жағдайы осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      96-бапты 5-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 29.10.2015 № 373-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 96-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

      97-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысы

      Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа кооператив мүшелерi жарнасының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна қосу тәртiбi және олардың жарналарды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооператив қызметiне оның мүшелерiнiң еңбекпен қатысу сипаты мен тәртiбi және олардың жеке еңбекпен қатысуы жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтiң таза табысын бөлу тәртiбi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiндегi шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс. 
      Ескерту. 97-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211 Заңдарымен.

       98-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң мүлкi

      1. Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк, егер кооперативтiң жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мүшелерiнiң пайларына олардың жарналарына барабар бөлiнедi. 
      2. Кооператив таза табысы оның мүшелерi арасында, егер кооператив жарғысында өзгеше тәртiп көзделмесе, олардың еңбекке қатысуына сәйкес бөлiнедi. 
      3. Өндiрiстiк кооператив таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда кооператив мүшесiнiң өз пайын бөлiп алуға құқығы бар. 
      Ескерту. 98-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211 Заңдарымен.

      99-бап. Өндiрiстiк кооперативтi басқару

      1. Өндiрiстiк кооперативтi басқарудың жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. 
      Өндiрiстiк кооперативте кооперативтiң атқарушы органдарының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыратын қадағалау кеңесi құрылуы мүмкiн. Қадағалау кеңесi мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. 
      Басқарма және (немесе) оның төрағасы кооперативтiң атқарушы органдары болып табылады. Олар кооператив қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және қадағалау кеңесi мен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi. 
      Тек кооператив мүшелерi ғана қадағалау кеңесi мен өндiрiстiк кооператив басқармасының мүшесi бола алады. Кооператив мүшесi бiр мезгiлде қадағалау кеңесiнiң мүшесi және басқарма мүшесi бола алмайды. 
      2. Өндiрiстiк кооперативтi басқару органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау және кооператив атынан әрекет жасау тәртiбi заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында белгiленедi. 
      3. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының ерекше құзыретiне мыналар жатады: 
      1) кооператив жарғысын өзгерту; 
      2) атқарушы, тексерушi органдарды және қадағалау кеңесiн құру мен олардың мүшелерiн керi шақырып алу; 
      3) кооператив мүшелерiн қабылдау және шығару; 
      4) кооперативтiң қаржы есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу; 
      5) кооперативтi қайта құру мен таратуды шешу. 
      Жалпы жиналыстың ерекше құзыретiне заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында басқа мәселелердi шешудi де жатқызуы мүмкiн. 
      Жалпы жиналыстың немесе кооперативтiң қадағалау кеңесiнiң ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi олар кооперативтiң атқарушы органдарының шешуiне бере алмайды.
      3-1. Өндірістік кооператив банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оларды басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
      4. Жалпы жиналыс шешiмдер қабылдаған кезде кооператив мүшесiнiң бiр даусы болады. 
      Ескерту. 99-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11. N 154; 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      100-бап. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiктiң 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет