Қазақстан тарихы Оқу мақсаты: - 1.көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау үшін «көші-қон», «эмиграция», «иммиграция», «репатриант», «диаспора», «ирредента» ұғымдарын пайдалану; 2.қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсіндіру.
Глоссарий - Көші-қон- көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударуы
- Эмиграция- өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.
- Иммиграция - қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі.
- Репатриант -тарихи отанына қайтқан қандастар.
- Диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық).
- Ирредента - өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ.
Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды. - 1.1992 ж. маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды.
- 2.Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне және кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.
- 3. 1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіру, этникалық қазақтарды тарихи отанына қабылдау тәртібі мен азаматтық алу мүмкіндіктері нақтыланды. Репатриант ұғымы енгізілді.
- 4. 2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2017–2021 жылдарға арналған миграциялық саясаты» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл шетелдерде тұратын қандастарымыздың тарихи отанына оралуына кеңінен жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |