Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде



бет1/2
Дата09.03.2023
өлшемі18.77 Kb.
#470552
  1   2
f606e166b8b9890


Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде
Ғұндардың жаулап алу жорықтарының себептері. 375 жылы көшпелі ғұн тайпалары Еуропа аймағына басып кіріп, жойқын соғыс бастайды. Осылай «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» басталды.
«Халықтардың Ұлы қоныс аударуы»– варварлық (грек тілінде сөйлемейтін бөтен халықтарды варварлар деп атады) тайпалардың IV–VI ғасырларда Рим империясының аумағына жаппай басып кіруінің аталуы, оның соңы Батыс Рим империясының құлауына және Еуропаның этносаяси картасының түбегейлі өзгеруіне әкелді.
Варварлық тайпалардың батысқа аса ауқымды қоныс аударуына бірқатар факторларсебеп болды. Оның ең бастысы жаһандытабиғи-климаттық өзгерістер мен әлеумет-тік-экономикалық процестер болды, мұндай өзгерістер варварлық тайпаларда да, Рим им-периясында да орын алды:
1. II ғасырдан бастап жаһандық суытубасталды, бұл IV–V ғасырларда су жүйелеріне, топырақ пен өсімдіктің құрамының өзгеруіне әсер етті, бұл көшпелі халықты малға жаңа жайылымдық жер іздеуге мәжбүр етті.
2. Аздап дамыған варварлық тайпалардың жерді экстенсивті сипатта пайдалануыолардың оңтүстіктегі орманды және орманды дала аймақтарына қоныс аударуына әкелді. Шаруашылықтың дамуы варварлық тайпалардың санын арттырды, табиғатты игеруге олардың техникалық жетістіктері, білімдері және мүмкіндіктері жетпеді. Ғасырлар бойы орман өсіп, жердің бәрін ағаш жапқан Еуропада игерілетін бос жерлер мен мал жайылымдары аз болды. Оларға өмір сүретін кеңістік қажет болғандықтан, оны табудың жолдарын іздестіре бастады. Мұндай кеңістік Еуропаның оңтүстік-шығысындағы далалар мен Рим империясының жерінде бар еді.
3. Күнделікті қажеттіліктен артық табыстың пайда болуы, оларды жеке иелену мүмкіндігінің болуы, қор жинау мен ерекше мәртебе ие-лену, әлеуметтік жіктелумен тайпалар арасындағы бәсекенің артуы-на әкелді. Өз жекебасының артықшылықтарын көрсетуге мүмкіндік пен айрықша әлеуметтік мәртебе беретін әдіс – соғыс болды. Ерліктер мен олжалар, жаулап алынған жаңа жерлер, көршілерді бағындыру – осының барлығы көсемдердің ғана емес, сондай-ақ тайпаның барлық мүдделеріне сай келді.
4. Құлиеленуші жүйедегі дағдарыс Рим империясының әскери кү-шін әлсіретті.
Солтүстік Қытай мен Моңғолия аумақтарын мекендеген көшпелі-лердің, ұйымдасқан қуатты тайпалары хуннудеп аталды, олар б.з.б. IX ғасырдан бастап Қытай империясының мазасын ала бастады. Хун-нулар (гұндар)малшаруашылығымен айналысатын көшпелілер еді.
Б.з.б. III ғасырда ғұндардың билеушісі Мөде 24 ғұн тайпасының басын біріктіріп, мемлекет құрды. Ол көршілес жатқан халықтарды бағындырды, осындай жеңістерден кейін Қытай императорын өзімен «бейбітшілік әрі туыстық келісім» жасауға мәжбүр етті, бұл келісім бойынша Қытай империясы ғұндарға салық төлеуге міндетті болды.
Б.з.б. I ғасырдың ортасында ғұндар мемлекеті ыдырап, солтүстік және оңтүстікке бөлініп кетті. Оңтүстік ғұндар өз мемлекеттерінде қалып, солтүстік ғұндар біртіндеп батысқа Жетісуға жылжыды. Олар-дың бір бөлігі сол жерге қоныстанып шағын мемлекет құрса, қалған-дары Орал жаққа бет алады.
Ғұндардың батысқа жасаған жаулау жорықтары.
Б.з.б. IV ғасырың 2-жартысында ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Азов және Дон маңындағы далаларды жаулап алған ғұн тайпалары 370 жылы Босфор патшалығын талқандап, Қырым түбегіне қарай жылжыды.
Ғұн державасының дамуы ғұндар көсемі Ругиланың есімімен байланысты болды. Ругиланың ісін оның жиені Аттила жалғастырды. Гот тарихшысы Иордан: «Бұл адам әлемге халықтарды күйзелту мен барлық мемлекеттерге үрей тудыру үшін келген» деп жазды. Француз тарихшысы Амедей Тьерри, Аттилаға өз заманының ең ұлы қайраткері деп баға берген. Ол: «Аттила есімі адамзат тарихында Александр және Цезарь секілді ұлы тұлғалармен қатар аталады», - деп жазды.
Аттиланы замандастары «құдайдың қамшысы» деп атады, ол шамамен 400 жылы дүниеге келеді. Ол ғұндардың көсемі Мундзуктің ұлы әрі Ругиланың жиені болды. 434 жылы мұрагерлікпен билікке келеді. Патшалық таққа отырған Аттила 60 мыңдық қолымен Италияға басып кіріп, По өзенінің жағалауына дейін жетеді, император Плацидиді тізе бүктіріп, Шығыс Альпі мен Дунай және Савой өзендерінің аралығында орналасқан Панноноияны өзіне беруге мәжбүрлейді. Ғұн тайпаларының одағын басқара отырып, 441 жылы Аттила Рим аумағының бірнеше қалаларын басып алады. 442 жылы римдіктермен келіссөз жүргізе оты-рып, бітімге келеді. 443 жылы Аттила Шығыс Рим империясына басып кіріп, оған күйрете соққы жасады. Византия императоры II Феодосий Аттиламен еріксіз бейбіт келісімге келеді және оларға алым-салық төлеп тұруға мәжбүр болады.
Жүздеген мың ғұндарды соңына ерткен Аттила африкалық вандал-дар королі Гейзерихпен одақ құрып, Шығыс империяға қарсы тағы да жорыққа аттанады. Ол кескілескен үш соғыста жеңіске жетіп, Фракия, Македония мен Грекияны басып алып, Константинопольге дейін жетеді. ІІ Феодосий екінші мәрте келісім сұрайды. Бейбіт келісімге келгенмен оның шарты 443 жылғы келісімнен де ауыр болды. Аттила ғұндарға Дунай орта ағысының оңтүстігінен үлкен аумақты беруін талап етіп, тағы да алым-салық төлеуге мәжбүрлейді.
Византияны басып алған Аттила, батысқа ат басын бұрады. Гей-зерихпен келісімге келген Аттила 451 жылы Испания мен оңтүстік Галлиге билік жүргізіп отырған вестготтарға және Шығыс Галлияны басқарып отырған Рим билеушісі Аэцийге қарсы жорыққа шығады. Аттила ғұндар, остготтар, гепидтерденжәне аландарданқұралған қалың қолын бастап Оңтүстік Германияға басып кіреді. Лех өзенінде де ол Солтүстік герман халқымен, ал Неккарда шығыс франктармен бірігіп, бургунд королін жеңіп, Рейннен өтеді.
Осы хабарды естіген Аэций тездетіп Луара жағалауына аттанып, ондағы Батыс франк пен бургун және сарматтардың жалдамалы әскерлерімен бірігеді. Ал римдіктердің одақтасы вестготкоролі Теодо-рих Аврелиан қаласында шеп құрады.
Аттила 700 мың жауынгерлерін өзі бастап вестготтарға қарсы аттанып, қалған күштерді Аврелианды басып алуға жібереді. Кескілес-кен қанды шайқас орын алады, жеңіс Теодо-рихтің қаза табуымен айқындалады. Оның 100 мың жауынгері майдан даласында мерт болады. Теодорихтің үлкен ұлы Торисмунд бастаған вестгот әскерінің қалған бөлігі То-лозға (Тулуза) шегінеді. Аттила Орлеанға салтанатты түрде жеңімпаз есебінде кірді. Ғұндардың қаһарынан қорыққан Испания мен Оңтүстік Францияның тұрғындары Торисмундтың туының астына жинала ба-стайды, оларға Аэций да қосылады.
451 жылы Галлиядағы Каталаун жазығында одақтастардың қысымына ұшыраған Аттила жеңіліп, мұның соңы оның кері шегінуімен аяқталады. Соңынан франктардың әскері түскен Аттила Тюрингия ар-қылы Паннонияға бет алады, ол Италияны басып алуды мақсат етеді. Ғұндардың бір бөлігі Ардарихтің жетекшілігімен Норик (Австрия және Тироль) арқылы жылжыды, ал қалған әскерді Аттила Иллирия арқылы алып өтеді. Арций өзенінде жеңіліске ұшыраған римдіктер Аквилаға шегінеді, оны ғұндар 452 жылы тез арада басып алып, талқандап тастайды.
Ғұндар Солтүстік-Шығыс Италия мен Равеннаға дейінгі аралықты толығымен тізе бүктіреді. Еш қарсылықсыз берілген Милан мен Кре-мон қалаларына рақымшылық жасайды. Ал Верона, Мантуя және Бергамо қалалары қатты қарсылық көрсетіп, ұзақ қорғанысқа көшеді, осыған ызаланған ғұндар оларды аяусыз тонап, жермен-жексен етіп қиратып тастайды. Айналадағы елдердің тұрғындары аралдың мүйісіне тығылып, сол жерде Венецияның негізін қалайды. Аттила Мантуиге жақын жерге өз қосын тігіп, көктемде Римге жорық жасауға дайын-далады, бірақ оған I Лев папаның бастаған елшілері келіп, оны жорық жасамауға көндіреді. Бұл уақытта Маркиан мен Батыс Еуропаның халқы ғұндарға қарсы көтеріліп, қарулана бастайды. Аттилаға үлкен қатерге ұшырау қаупі төнеді. Сондықтан ол Римге жыл сайын алым-салық төлетуді міндеттеп, Паннонияға қайта оралады, Шығыс Рим империясына жорық жасауға дайындалады. 453 жылы жорықтың алдында Аттила бургун королінің қызы – Ильдикоға үйленіп, сол күні қайтыс болады. Кейбір дерек бойынша оны ұйықтап жатқанда Аэцийдің үйретуімен Ильдико өлтірген, тағы бір болжам бойынша өзінің қару тасушыларының қолынан қаза тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет