Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі


пайыз. 1921ж. «Нақты ет салығы туралы» декрет блйынша жартылай көшпелі қазақ шаруалары – ет салығынан босатылды



бет5/6
Дата23.02.2016
өлшемі421.5 Kb.
#6550
1   2   3   4   5   6
82 пайыз.

1921ж. «Нақты ет салығы туралы» декрет блйынша жартылай көшпелі қазақ шаруалары – ет салығынан босатылды.

1921ж. Құрылған - «Қосшы одағы», 1930ж-дан кейін - «Кедей одағы».

Ақшалай салық енгізілді – 1924ж.

Салық негізінен көп салынған – кулактар мен байларға.

1925-33жж.елді басқарған – Голощекин.

Қазақстанды индустрияландыру басталды – табиғи байлықтарды зерттеуден.

Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик Губкин «Бұл кен орны мұнайға аса бай» деген.

Түрксібте еңбек еткен адамдар саны – 100мың.

Түрксіб пайдалануға берілді – 1931ж. (1933ж.).

«Қазақстан отар болып келді, солай болып қалды» деп айтқан – Сәдуақасов.

Голощекин ұсынған идея - «Кіші Қазан».

Түрксіб жалғастырды – Орта Азия мен Сібірді.

Орталық Қазақстанда шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі - Курнаков.

1939жылы қалаларда тұрған қазақтар саны – 375 мың адам.

Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілген – шикізат көздері.

Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданған әдіс - әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару.

Түрксіб темір жолында жұмысшыдан, “Қазақкөлікқұрылыс” тресінің басшысына дейін көтерілген – Қазыбеков.

Қатардағы жұмысшыдан, Түрксіб темір жолының бастығына дейін көтерілген – Омаров.

Түрксіб темір жолы түйісті – Айнабұлақта(1931).

“Аса ірі бай шаруаларды тәркілеу туралы” декрет – 1928 жылы.

Колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылығы артелі.

МТС-тер құрылды – 1929ж.

150 шақырым жерден жинап әкеліп қала үлгісіндегі поселка жасаған аудан – Шу.

1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазған – Рысқұлов.

Бесеудің хаты жазылды – Голощекинге.

1931-1933ж. аштықтан қырылған адам саны - 2,1 млн.(40 пайыз).

Қазақтан басқа халықтың шығыны – 0,4млн.

Бандит-басмашылардың көтерілісі деп бағаланған көтеріліс – Батпаққара.

Көтерілісшілер басып алған аудан орталығы – Созақ.

Иран, Ауғаныстанға көшіп кеткендер – Маңғыстау мен Ойылдан.

Ұжымдастыру алдындағы мал саны – 40,5млн.

1933 жылы қалғаны – 4,5млн.

1931-1933ж. Шұбартау ауданында барлық малдың етке өткізілгені – 80 пайыз.

1928 жылы Қазақстан шаруашылығының 2 пайызы ұжымдастырылса, 1931 жылы ұжымдастырылды – 65 пайызы.

Ұжымдастыру барысында компартия Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылдады – 1932 жылы.

1938 жылы Қиыр Шығыстан көшіріліп әкелінген – корейлер(100 мыңнан астам) Алматы, Қызылорда, 57 ұжымшар құрылды.

Ұжымдастыру жылдарындағы толқулар мен көтерілістер саны – 372.

Қарақұм көтерілісін, Орынбордан келіп басқан – 8 дивизия.

Торғайлық асыра сілтеушілер “Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” деп млн-ға жуық малдан қалғаны – 98мың.

Ұжымдастыру жылдарында тыс жерге көшіп кеткен адамдар саны – 1 млн-нан аса.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды – 1927 жылы. XVсъезде.

Орталық комитет ҚазАКСР-де ұжымдастыруды негізінен аяқтауды белгіледі – 1932 жылдың көктемінде.

Лаңкестік жаппай сипат алды – 1937-1938 жылдары.

1931 жылы Қарағанды облысы, Осакаров ауданында пайда болған обсервациялар саны – 25 қоныс.

101 мың қазақтар ГУЛАГ азабынан өтіп, оның атылғандары – 27 мыңнан астам.

1930 жылы атылған жазушы – Ж.Аймауытов.

Қазақстан “Қызыл астанасы” салушылардың сатқындығы деп айыпталғандар – Будасси, Голдгор, Тынышпаев.

Тіл білімінің негізін салушы айыпталған – Байтұрсынов.

КСРО конституциясы қабылданды – 1936 жылы.

ҚазКСР конституциясы қабылданды – 1937 жылы.

1938 жылы маусымда Қазақ КСР Жоғары кеңесіне сайланған – 300 депутат.

300 депутаттың қазағы – 152.

1937 жылы желтоқсанда КСРО Жоғары кеңесіне рес-дан сайланған – 44 депутат.

Жазалаудың құрбаны болған, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы – Асфендияров.

АЛЖИР-де әйелі мен қызы азап шеккен мемлекет қайраткері –Т. Рысқұлов.

Сауатсыздықты жою қоғамы ұйымдастырылды – 1924 жылы.

Рес-ның ХКК-і “ҚазАКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын” қабылдады – 1926 жылы.

1931 жылы 15-50 жасқа дейінгілерге енгізілген – жалпыға бірдей міндетті оқу.

Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны ашылды – 1928 жылы Абай атындағы.

Киров атындағы Қазақстан мемлекеттік университеті ашылды – 1934 жылы.

1930 жылдары өзге рес-дың оқу орындарында оқыған қазақстандық жастар – 20 мыңдай.

Отан соғысы қарсаңында Қазақстандағы жоғары оқу орындар саны – 20.

КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды – 1932 жылы.

Тараз қаласы орнында қазба жұмысын жүргізген – Массон.

Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды – 1926 жылы қаңтарда, режиссер – Шанин(“Еңлік - Кебек”).

Театрға қазақ академиялық драма театры атағы берілді – 1937 жылы.

Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры ашылды – 1933 жылы.

Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды – 1934 жылы.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестірін құрған – А.Жұбанов(1934 жылы).

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды – 1936 жылы.

Қазақ кино өнері бастау алған жылдар – 1930 жылдар.

Бірінші дыбысты фильм “Амангелді” түсірілді – 1938 жылы.

“Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” жинақтарын жариялаған – Затаевич.

Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді – 1932 жылы.

1936 жылы КСРО халық әртісі атағын алған – Байсеиітова.

Талантты суретші - Ә. Қастеев.

1930 жылдары орнаған жүйе – социалистік.

1940 жылдары Қазақ кәсіпшілер – 1 млн-дан астам еңбекшілерді біріктірді.

Қ. Сәтпаевқа Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық берілді – 1942 жылы.

Отан соғысы басталды – 1941 жылы.

Ж.Жабаев “Ленинградтық өренім” өлеңін жазды – 1941 жылы.

Германияның қауырт соғыс жоспары аталды – Барбаросса.

Мәскеу түбінде генерал-майор Панфилов қолбасшылық еткен дивизия – 316-шы атқыштар дивизиясы.

“Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ” – Клочков.

Мәскеу үшін шайқаста 316-шы атқыштар дивизиясы марапатталды – Қызыл ту орденімен.

Бородино селосында ерекше ерлік көрсеткен – Тоқтаров.

М. Ғабдуллин, Т.Тоқтаров Кеңес Одағының батыры атағын алды – Мәскеу үшін шайқаста.

Б. Момышұлы – батальон.

Ленинград үшін шайқаста жаудың қорғаныс ұясының аузын кеудесімен жауып, қаза тапқан –С. Баймағамбетов.

Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді – 1942 жылы.

Қазақстанға жақын майдан – Сталинград.

“Павлов үйі” үшін соғыста ерлік көрсеткен – Мырзаев.

Минометші – Сыпатаев.

18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанған – Елеусізов.

2 мәрте Кеңес Одағының батыры ұшқыш – Т.Бигелдинов.

Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген, екі мәрте батыр атағын алған – С. Луганский.

Қарағандының өкілі, ұшқыш – Н. Әбдіров.

Батыр, мерген қыз - Әлия.

Пулеметші – Мәншүк.

Мәншүк шайқасқан бригада – 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасы.

Қазақстан комсомолы қамқорлыққа алған трактор заводы – Сталинград.

Еділ бойынан көшіріліп әкелінгендер – немістер.

Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық – Қошқарбаев.

Соғыс жылдарындағы қазақстандық партизандар саны – 3,5 мың адам(Қ.Қайсенов).

Шетелдегі қарсыласу қозғалыстарына қатысқан қазақтар – Егоров, Құсайынов.

Берлин операциясы басталған уақыт – 1945 жыл 16 сәуір.

Берлинді алды – 2 мамыр.

С.Нұрмағамбетовқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді – Берлин үшін шайқаста.

Соғыс жылдары Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтар саны – 500-ге жуық.

Отан соғысы аяқталды – 1945 жылы.

1998 жылы Назарбаевтің өкімімен, Халық Қаһарманы атағы берілген – Бейсекбаев.

Қазақ ғылым академиясы ашылды – 1946 жылы маусым(Қ. Сәтбаев).

“XIX ғ. 20-40 жылдары Қазақстан” туралы жазған – Бекмаханов.

1947 жылы 21 қаңтарда тыйым салынды – XIX ғ. рухани мұрасын зерттеуге.

1940-1950 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдар – Ысмайылов, Сүлейменов, Кеңесбаев.

1943 жылы ҚазКСР тарихының авторларының бірі - Бекмаханов

1954 ж. орнынан босатылған Шаяхметов

Шаяхметовтың орнына сайланған Пономренко

Биология, медицина, геология ғалымдарына тағылған айып космополит

1950 ж. қазақ жастары оқыған көрші ел Қытай

Минералды шикізаттар кен орындарының картасын жасағандары үшін Қ.Сәтбаев бір топ ғалымдарға Лениндік сыйлық берілді

ҚазКСР ҒА-ның философия және құқық институты құрылған жыл 1958 ж.

Тіл білімі, әдебиет және өнер институттары ашылды 1961 ж.

Қаз КСР тарихының II томдығыжарияланды 1957-59 ж.

М. Әуезов «Абай» романының 2 кітабын жазып бітірді 1947 ж.

М. Әуезовке Лениндік сыйлық берілді 1959 ж.

1950 жылдардағы Ғ. Мүсреповтың романы «Оянған өлке»

Ғ. Мұстафиннің шығармалары «Шығанақ», «Қарағанды», «Миллионер»

«Тың игерушілер» очеркінің авторы И. Шухов

Сталин өлімінен кейін, ХХ съезден кейін ақталғандар Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, Асфендияров, Жандосов, Исаев, Мендешов

1952 ж. КСРО мемлекеттік сыйлығына ұсынылған драма Абай

Карточка жүйесі жойылды, ақша реформасы жүргізілді 1947 ж.

Соғыстан кейінгі жылдарда мектептерге көмек көрсету, қор жасау үшін ұйымдастырылғанжексембіліктер

Соғыстан кейінгі жылдарда малшы балалары үшін салынған мектеп-интернаттар

Жалпыға бірдей 7 жылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынған жыл 1949 ж.

1947 ж. екінші сайланған ҚазКСР Жоғары Кеңесінің құрамы 300 депутат

Үшінші сайланғанның құрамы 400 депутат

1955 ж. төртінші сайланғанның құрамы 450 депутат

1950 ж. республикадағы коммунистердің саны 58 920

1960 ж. республикадағы коммунистердің саны 345 115

Ж. Шаяхметов Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің I-ші хатшысы болып сайланды 1949 ж.

Қазақстан кәсіподақтарының республикалық I конференциясы өтті 1948 ж.

1954-1956 ж. одақтық органдардың қарауынан республиканың қарауына 144 кәсіпорын өтті

Сталин қайтыс болды 1953 ж.

1943 ж. жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің авторларының бірі Е. Бекмаханов

25 жылға сотталып, 1954 жылы ақталып шыққан Бекмаханов

Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді 1947 ж.

Тың игеру жүргізілген облыстар Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Торғай

Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды 1954 ж.

Тың игеру кезінде келген адам саны 2 млн.

483 шақырым Мойынты – Шу темір жолы салынды 1950 ж.

1965 ж. республикада халық шаруашылығында жұмыс істеген дипломды маманның саны 0,5 млн.

ҚазКСР ҒА КСР Одағындағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды 1960-1970 жж.

Катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін көтерген академик Сокольский

Республикадағы гидрогеология, гидрофизика саласында еңбек еткен академик Ахметсафин

Генетика мен микробиологияда табыстарға жеткен, Лениндік сыйлық алған академик Айтхожин

Тоқырау жылдары қазақтар негізінен меңгерген ғылым салалары ауыл шаруашылығы, медициналық-гуманитарлық

Қазақтардың үлесі аз болған ғылым саласы жаратылыстану

Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым қоғамдық ғылымдар

Бұрмаланған ғылым саласы Қазақстан тарихы

Міндетті жалпы орта білім беру енгізілді 1970 ж.

Еңбек ері атағына ие болған жазушы Ғ. Мүсірепов

«Қан мен тер» авторы Нұрпейісов

Ә. Әлімжановтың Әл-Фараби туралы романы «Ұстаздың оралуы» (Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған)

1961 ж. О. Сүлейменовтың шығармасы «Адамға табын, жер енді»

1970 ж. есімі әлемге әйгілі болған әнші Ә. Дінішев

Тоқырау жылдарында өнімді еңбек еткен сазгер Е. Рахмадиев

Этнографиялық оркестр құрған Н. Тілендиев

«Қыз Жібек» фильмінің режиссеры С. Қожықов

1960-70 жылдары республикада пайда болған баспалар «Қайнар», «Жалын», «Өнер»

12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясын» шығару аяқталды 1978 ж.

1978 ж. республикадағы кітапханалар саны 19 мыңнан астам

«Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрылды 1960 ж. (М. Әуезов)

1960 ж. Қаз КП ОК Бірінші хатшысы болып сайланған Д. Қонаев

О. Сүлейменовтың «АЗиЯ» кітабы жарық көрді 1975 ж.

Целиноград оқиғасы болды 1979 ж.

Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық еткен А. Коркин

Неміс автономиясына кейбір аудандары берілмек болған облыстар Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Целиноград

Жамбыл электр станциясы салынды 1960 ж.

Қапшағай электрстанциясы салынды 1972 ж.

Семей облысы Шұбартау аудандық комсомол ұйымы жастарды қой шаруашылығына шақырды 1971 ж.

1980 ж. ортасындағы республикадағы жоғары оқу орындарының саны 55

Орта арнаулы оқу орындарының саны 246

Қаз КСР-нің соңғы конституциясы 1978 ж.

Тоқырау жылдары деп аталған кезең 1960 ж. ортасы – 1980 ж. ортасы

КСРО-ның соңғы конституциясы қабылданды 1977 ж.

1964-1986 жж. ҚазОК-ны басқарған Д. Қонаев

«Жас тұлпар» ұлттық-демократиялық бейресми ұйымының басшысына көмекші болған тұлғалар Қадыржанов, Тайжанов (800 студент)

1970 жылдары «Жас тұлпар» ұйымының ықпалымен құрылған ансамбль «Досмұқасан» («Гүлдер», «Айгүл»)

1975 ж. О. Сүлейменовтың «АЗиЯ» кітабында талданған «Игорь жасағы туралы жыр»

Жеке адамның ырқымен кету волюнтаристік

1965 ж. КОКП-ның қыркүйек пленумында өнеркәсіпті басқару жүйесі өзгертілді министрліктер құру

1970 жылғы жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшкен республика кәсіпорындарының үлесі 80 пайыз

1967 ж. республикада жаңаша жұмыс істей бастаған кәсіпорындар 193 (10 пайыз)

1984 ж. Қазақстанда өндірілген көмір 125,5 млн. т.

1965 ж. алғашқы мұнайын берген кен орны Өзен

1970 жылдарға қарай түсті металлургияның ірі орталығы Шығыс Қазақстан

1960 ж. Өскеменде салынған өнеркәсіп орны титан-магний комбинаты

1960 ж. екінші жартысында салынған химия металлургия зауыты Ертіс химия металлургия зауыты

1960 ж. Павлодардағы машина жасау зауытының негізінде салынған Павлодар трактор зауыты

Қазақстанның нағыз экологиялық апат аймағына айналған кезі 1950 жылдардан бастап

Батыс Қазақстан жеріндегі ядролық полигон Капустин яр

Семей полигонындағы алғашқы сынақ 1949 ж.

1949-63 жылдарға дейін ауада өткізілген жарылыстар саны 113

Кеңес еліндегі ядролық сынақтардың Семей жерінде өткізілгені 70 пайыз

Семей полигонының зардабын шеккен облыстар Семей, Қарағанды, Павлодар, Өскемен

1965 ж. республикадағы кеңшарлардың саны 1521

ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында шаруашылықты жүргізудің қалыптасқан жүйесін өзгертуге тырысқан Алматы облысындағы кеңшар директоры Худенко

1975 ж. Қазақстандағы қой саны 34,6 млн.

1980 жылдардың ортасына қарай жергілікті халықтың үлесі басым болған обылыс

орталықтары – Қызылорда, Атырау.

КСРО-да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам жасалды – 1987 жылы.

Қырық жылдан астам Қазақстан өкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған – Д. Қонаев.

КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыты қабылданды – 1985 жылдың сәуір айы.

1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады – Г. Колбинді.

Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы – М.Шаханов.

“Жасақшы Савицкийді өлтірді” деп айып тағылған, жас демократ, жалынды ақын – Қ. Рысқұлбеков.

Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны – 8500-ге жуық.

Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар - “Бұрқасын-86”.

Желтоқсан оқиғаларына қатысқан жастарға тағылған айдар - “Ұлтшылдық”.

“Қазақ КСР-індегі Тілдер туралы Қазақ КСР-нің Заңы” қабылданды – 1989 жылдың қыркүйегінде.

Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кезінде дені студент және жұмысшы жастар жиналған алаңның қазіргі атауы – Республика алаңы.

Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жігерлі жас, жалынды ақын – Қ. Рысқұлбеков.

1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды – Н. Назарбаев.

1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған көрнекті ақын, философ – Ш. Құдайбердиев.

1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған жазушы әрі ғалым – Ж.Аймауытов.

1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог – М.Жұмабаев.

1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған тіл, әдебиет, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған – А.Байтұрсынов.

Кеңес Одағы Ауғанстандағы басқыншы әскерін алып кетуді аяқтады – 1989 жылы.

1989 жылдың 28 ақпанында бой көтерген антиядролық, экологиялық қозғалыс - “Невада-Семей”.

“Невада-Семей” антиядролық, экологиялық қозғалысының жетекшісі – О. Сүлейменов.

1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғамдық бірлестіктердің саны – Жүзден астам.

1989 жылдың шілдесінде жұмысшылардың баскөтеруі өткен қала – Қарағанды.

1989 жылдың маусымында халық бұқарасының ірі бас көтеруі өткен қала – Жаңаөзен.

1988 жылы республикадан сыртқа шығарылған өнімнің бағасы – 6,7 млрд.сом.

1988 жылы Қазақстанға сырттан әкелінген өнімнің бағасы – 13,8 млрд.сом.

1990 жылдары Қазақстанның сыртқа шығарған өнімінің негізі – Шикізат және жартылай дайын өнім.

1980 жылдардың соңына қарай Қазақстанның сыртқа шығарған өніміндегі шикізаттар мен жартылай дайын өнімдерінің үлесі – 97%.

Қазақстанның Сауд Арабиясымен біріккен “әл-Баракабанк-Қазақстан” банкі құрылды – 1990 жылдың қарашасында.

1991 жылдың қарашасында құрылған Қазақстанның Сауд Арабиясымен біріккен банкі - “әл-Баракабанк-Қазақстан”.

1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ашылған әуе қатынасы – Алматы-Үрімші.

1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ашылған автобус қатынасы –Жаркент-Инин.

1990 жылы Қазақстан байланыс орнатқан Оңтүстік Корея республикасының корпорациясы - “Самсунг”.

1990 жылы қарашада құрылған тұңғыш “әл-Барака-Банк Қазақстан” банкін құруға қатысқан ел - Сауд Арабиясы.

1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда ресми тіркелген, шетелдермен біріккен кәсіпорындардың саны – 35.

1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда ресми тіркелген, біріккен кәсіпорындар ашқан елдің саны – 24.
1990 жылдары Қазақстан шетелдер капиталын әкелу үшін сырттан тартылған инвесторды пайда салығынан босатты – 5 жылға дейін.

1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстан үкіметі қабылдаған заң - “Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақ туралы”.

1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстанда құрылған банк – Сыртқы экономикалық банк.

1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейін бір жылдың ішінде ашылған республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін мектептің саны – 155.

Алғаш рет балама кандидаттардың дауысқа түсу құбылысы көрініс берген, Қазақстанның Жоғары және жергілікті кеңестеріне сайлау өтті – 1989 жылдың күзінде.

1990 жылдың жазында құрылған азаматтық қозғалыс - “Азат”.

“Азат” азаматтық қозғалысын ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы – Қазақстанның егеменді ел болуы.

1989 жылдың шілдесінде Қарағандыдағы кеншілер ереуілін тыныштандыру үшін шұғыл ұшып келген Қазақстанның басшысы – Н.Назарбаев.

Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды – 1989 жылдың маусымында.

Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жоғары оқу орындарынан шығарылды – 246 студент.

Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырауы себептерін талдауға талпыныс жасалды – КСРО халық депутаттарының I съезінде.

Жаңадан сайланған КСРО халық депутаттарының I съезі өтті – 1989 жылы маусымда.

Балтық бойындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойыла бастады – 1988 жылдан бастап.

Семей полигоны жабылды – 1990 жылы.

Алғашқы ғарышкер Т.Әубәкіровтың туған жері – Қарағанды облысы.

Шәкәрім, Мағжан ақталды – 1998 жылы.

1990 жылы кеңестік жүйеге ауыр соққы болып тиген оқиға – Ресей Федерациясының өз тәуелсіздігін жариялауы.

1990 жылы 25 қазанда болған оқиға - “Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация” қабылданды.

25 қазан – Республика күні.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Жоғары Кеңестің ұйғаруымен ҚазақКСР-і Президентінің қызметі тағайындалды – 1991 жылы сәуірде (Н.Назарбаев).

Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді – 1991 жылы тамызда.

1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болған Қазақстан Компартиясының төтенше съезі қабылдаған шешім – Қазақстан Компартиясын тарату.

Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін, оның орнына құрылған жаңа ұйымның атауы - “Социалистік партия”.

КСРО өмір сүрген жылдар – 1922-1991 жылдар.

1991 жылы желтоқсанның 8-күні үш славян мемлекеттерінің басшылары бас қосқан қала – Минск.

1991 жылы желтоқсанның 8-күні үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, күшін жойғанын жариялаған шарт – КСРО-ны құру туралы(ТМД-ны құру туралы шешім қабылданды).

ТМД құрылды – Алматыда 21желтоқсанда.

Тұңғыш рет Қазақ КСР-нің президентіне сайлау өтті – 1991жылдың 1желтоқсанында.

1991 жылы желтоқсанның 13-күні Орта Азия республикалары мен Қазақстанның басшылары бас қосқан қала – Ашхабат.

Қазақстан Республикасы атауы қабылданды – 1991 жылы 10 желтоқсанда Н.Назарбаев.

1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала – Теміртау.

Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында атқарған қызметі – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы

Н. Назарбаевтың 1990 жылдың сәуірінен бастап атқарған қызметі. Қазақ КСР-нің Президенті

1991 жылы Қазақстанда өрекпіген саяси ахуалдың қалыптасуына жел берген дисседент жазушы А.Солженицынның мақаласы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет