Жаңақорған аудандық сәулет және қала құрылысы
бөлімінің 2015 жылы 6 айда атқарған жұмыстары
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағы 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы №425 қаулысына сәйкес 2015 жылы 6 айда құрылыс нысандарына 16 сәулет-жоспарлау тапсырмасы, оның ішінде 10-ы заңды тұлғаға, 6-ы жеке тұлғаға әзірленді. 16 СЖТ-ның 13-і ХҚКО арқылы, 3-і бөлім арқылы берілді. Берілген 16 СЖТ-ның 1-і мектепке дейінгі мекеме, 1-і мектеп, 9-ы кәсіпкерлік саласы, 5-і басқа саладағы құрылыс нысандарына берілді.
|
2014 жылы 6 айда берілген СЖТ саны
|
2015 жылы 6 айда берілген СЖТ саны
|
Барлығы:
|
46 әзірленген
|
16 әзірленген
|
Оның ішінде:
заңды тұлғаға
|
27
|
10
|
жеке тұлғаға
|
19
|
6
|
Соның ішінде, Төменарық ауылында 140 орындық балабақша, Түгіскен ауылында 300 орындық №256 орта мектеп, Бейнеу-Шымкент магистралдық газ құбырынан Жаңақорған кентіне газ құбыры тармағын жүргізу құрылысы, дара кәсіпкер «Бексұлтанның» «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойынан «В» санатты сервистік қызмет көрсету, «Казтуризм» ЖШС-нің «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойынан «А» санатты сервистік қызмет көрсету, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Жаңақорған кентіне газ жеткізу құбыры менкенттегі квартал-ішілік газ тарату жүйелері сияқты маңызды құрылыстардың жоба-сметалық құжаттардың дайындауға СЖТ берілді.
Аудан әкімі жанындағы сәулет-қала құрылысы Кеңесінде 2015 жылғы 6 айда 4 кеңес өткізіліп, салынуы жоспарланған 7 құрылыс объектілерінің жобалары талқыланды. Мысалы, Жаңақорған ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойынан салынуы жоспарланған «Алпамыс батыр» ескерткіші кешені құрылысына әзірленген эскиздік жоба мен бас жоспары және «Жаңақорған кенті Аманкелді Иманов көшесінде салынуы жоспарланған екі қабатты дүкен және асхана құрылысына» әзірленген ғимараттың қасбеті жобасы талқыланып, келісім берілді.
Аудан бойынша 2015 жылдың 6 айда аудан әкімінің 2012 жылы 25 қаңтардағы №938-ө өкімімен құрылған комиссия арқылы анықталған жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерінің бұзылғандығы туралы 57 акті тіркелді. Сондай-ақ, бөлім қызметкерлері аудан бойынша бюджет қаржысына салынып құрылысы аяқталған объектілерге жұмысшы комиссиясы құрамында және аудан көлеміндегі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына ақау актілерін дайындауға комиссия құрамында қатысуда.
Аудан көлемінде тұрғын үй және басқа мақсаттарға байланысты жер телімдерін бөлу бекітілген бас жоспар мен даму сызбаларына сәйкес берілуін қадағалау жұмыстары жүргізіліп, кезекші картаға түсіріп белгілеу жүргізілуде.
Сондай-ақ, сәулет және қала құрылысы бөлімі ауданда салынатын және басқа да объектілер қала құрылыстық регламенттердің (қызыл сызық, басқа да шектеулердің) сақталуын қадағалау жұмыстарын жүргізуде.
2015 жылы 6 айда 16391 шаршы метр болатын, 274 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылдау актісі тіркеліп, бұл туралы ақпараттар облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына, аудандық статистика басқармасына берілуде.
|
2014 жылы
6 айда пайдалануға қабылданған
|
2015 жылы
6 айда пайдалануға қабылданған
|
%
|
Жеке тұрғын үй саны
|
263
|
274
|
104,2
|
Жалпы алаңы
|
17971 м2
|
19110 м2
|
106,3
|
Жаңақорған ауданында мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (МҚҚК ААЖ) құру жұмыстарын жүргізу үшін ақпан айынан бастап «Геоинфо» ЖШС-і ауданымызда бастапқы деректерді жинақтау мақсатында жұмыстар жүргізді. Барлық ауылдық округтер бойынша мәліметтер толық жинақталды. Жаңақорған кенті бойынша мәліметтер жинақтап беру үшін «Геоинфо» ЖШС-і тарапынан космотүсірілімнің планшеттері беріліп, МҚҚК ААЖ құру жұмыстарына қажетті мәліметтерді осы планшеттерге түсіру жұмыстары жүргізілді.
«Мекен-жай тіркелімі» бағдарламасы бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығымен (БТИ) бірлесе отырып «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерек қорынан берілген мекенжайлар мәліметін нақтылау және нақтыланған мекенжайларды «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде өзектендіру жұмыстары жүргізілуде.
Бөлімде 6 айда «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы көрсетілген «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметі – 520. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметі барлығы – 16. Оның 13-і «ХҚКО» арқылы, 3-і бөлім арқылы көрсетілді.
«Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға рұқсат 2 заңды тұлғаға рұқсат берілді. Аудандық салық басқармасына аудан аумағында сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға рұқсат құжаттарын алған мекемелер туралы ай сайын мәліметтер берілуде.
«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы шеңберінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына қарсаңында Жаңақорған кентіндегі Жеңіс саябағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп брусчатка төселініп, абаттандырылды. Елді мекендерде Ұлы Отан Соғысы құрбандарына тағзым етуге ескерткіш белгі орнатуға нобайлық жобалар мен ауылдық округтерге кіре беріс жерлерге арка және паспорттың нобайлық жобалары барлық 26 ауылдық округ әкімгершіліктеріне ұсынылды. Жеңіс саябағын кеңейтіп, ауған соғысы, Чернобыль апаты, Семей полигонына қатысқандарға аллея, сквер жасауға эскиз бен жоба-сметалық құжат жасалды. Аманкелді көшесінің бойынан №3 мектеп-интернаттан құрылысы бітпей тұрған аспалы көпірге дейін көгалдандыру эскизі әзірленді. Жаңақорған кентіне кіре-беріс қақпаларының эскиздері әзірленіп, облыстық сәулет басқармасына ұсынылды. Қазіргі уақытта уақытта жеңімпазы анықталып құрылысы жүргізіліп жатыр. Ескі МАИ бекетінің жанындағы қоршалған жерге демалыс орынын жасауға эскиз және жоба-сметалық құжат әзірленген. Қазіргі уақытта оның да жеңімпазы анықталып, құрылысы жүргізіліп жатыр. Орталық саябақты абаттандыруға жоба-сметалық құжаты әзірленіп, жұмысы аяқталды.
Аудандық сәулет және қала
құрылысы бөлімінің басшысы З. Аширбеков
Достарыңызбен бөлісу: |