Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі0.58 Mb.
#457294
  1   2   3
Электр энергиясын тиімді пайдалану

Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану

 Қазақстанда электр энергиясын өндіру

  • Электр энергиясын үлкенді-кішілі электр станцияларында негізінде электромеханикалық индукциялық генераторлар арқылы өндіріледі. Электр станциясының негізгі екі түрі бар: жылу және гадроэлектр станциялары. Бұл электр станцияларының бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын қозғалтқыштарының әр түрлілігінде.
  • Жылу электр станцияларында энергия көзі ретінде мынадай отындар пайдаланылады: көмір, газ, мұнай, мазут, жанғыш сланец. Электр генераторларының роторын бу және газ турбиналары не іштен жану қозғалтқышы айналдырады. Ең үнемділері жылулық бу турбиналы ірі электр станциялары (қыскаша ЖЭС). Біздің еліміздегі ЖЭС-тің дені отын есебінде көмір тозаңын жұмсайды. Сонда 1 кВт×сағ электр энергиясын өндіру үшін бірнеше жүз грамм көмір шығындалады. Бу қазанында отынның шығаратын энергиясының 90%-тен көбі буға беріледі. Турбинада бу ағынының кинетикалық энергиясы роторға беріледі. Турбина білігі генератор білігімен мықтап жалғастырылған. Бу турбогенераторлары өте шапшаң айналады: айналым саны минутына бірнеше мыңға барады.

Жұмыстық дененің бастапқы температурасының артуымен жылу ПЭК-і өсетін. Сондықтан турбинаға берілетін буды жоғары параметрлерге: температураны - 550°С-қа, қысымды 25 МПа-ға жеткізеді. ЖЭС-тің пайдалы әсер коэффициенті 40%-ке жетеді. Мұнда энергияның көбісі пайдаланылған ыстық бумен шығып кетеді.

  • Жұмыстық дененің бастапқы температурасының артуымен жылу ПЭК-і өсетін. Сондықтан турбинаға берілетін буды жоғары параметрлерге: температураны - 550°С-қа, қысымды 25 МПа-ға жеткізеді. ЖЭС-тің пайдалы әсер коэффициенті 40%-ке жетеді. Мұнда энергияның көбісі пайдаланылған ыстық бумен шығып кетеді.
  • Жылу электр орталығы (ЖЭО) деп аталатын арнаулы жылу электр станциялары пайдаланылған бу энергиясының недәуір бөлігінен өнеркәсіп орындарына және тұрмыс кажетіне (үйді жылытуға керекті, суды ысыту және ыстық сумен қамтамасыз ету) пайдалануға мүмкіндік береді.Нәтижесінде жылу электр орталығының ПЭК-і 60—70%-ке жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет